
Әлеуметтік желі: мүмкіндік пе, әлде тәуелдік пе?
Әлеуметтік желі түсінігі
Әлеуметтік желі қазіргі таңда жастардың ғана емес, ересек буынның өмірінде де
маңызды рөл атқаруда. Әлеуметтік желі- пайдаланушылардың виртуалды ортада өзара
әрекеттесуі, ақпарат алмасуы және қоғамдық пікір қалыптастыруы орын алатын цифрлық
коммуникациялық платформа.
Әлеуметтік желінің адам өміріндегі рөлі
Адамдардың күнделікті онлайн жиналып, сөйлесуі, өз ойын білдіруі, онлайн
сатылымдар жасауы, тіпті, өзінің өмірімен бөлісуі осы әлеуметтік желі арқылы іске асуда.
Қазіргі уақытта мұндай платформалар саны өте көп. Мысалы, көпшілікке танымал
Instagram , Tiktok, WhatsApp, Telegram және тағы басқалары. Сонымен қатар, әлеуметтік
желілер білім алуға, жаңа ақпараттар жинауға, өзін дамытуға және жаңа мүмкіндіктер
табуға жол ашады.
Бүгінде адамдар күнін әлеуметтік желімен бастап, сол арқылы аяқтайды. Күнде
reels көру, stories салу, достармен әлеуметтік желі арқылы сөйлесу- күнделікті өміріміздегі
ритуалымыздың бір маңызды бөлігіне айналды. Бұл кей адамдар үшін үлкен
мүмкіндіктерге жол ашса,енді біреулер үшін тәуелділікке себеп болуы мүмкін.
Тәуелділік және оның салдары
Әлеуметтік желіге тәуелділік – виртуалды әлемге шектен тыс ену, шынайы өмірді
қабылдай алмау немесе одан алшақтау. Бұл жағдайда адам уақытын тиімді пайдалана
алмай, шынайы өмірдегі қарым-қатынасқа, оқуға немесе жұмысқа немқұрайлы қарай
бастайды. Күнделікті өмірдің әлеуметтік желімен тығыз байланысты болуы адамдардың
тәуелділігін арттыратыны анық. Осы тақырып бойынша өткен зерттеулер де әлеуметтік
желіге деген тәуелділіктің қандай қауіпті екендігін дәлелдейді. Мысалы, Chicago
университетінің зерттеуі бойынша әлеуметтік желіге тәуелділік алкоголь мен темекіге
тәуелділіктен де қауіпті әрі онымен күресу өте қиын екені анықталған. Яғни, тәуелділіктің
бұл түрінің дереу кезде алдын алмаса берер салдары күрделі болуы мүмкін.
Виртуалды өмірге тәуелділіктің салдары қандай? Ең алдымен,адамның өзін өзгемен
салыстыруы артады. Әлеуметтік желілерде адамдар көбіне тек әдемі картинаны ғана
көрсетіп, « бәрі керемет» деген кейіпте көрінеді.Соныі салдарынан кей адамдарда «бәрі
шетелде қыдырып жүр, бәрі миллиондап ақша тауып жүр, бәрі бақытты , менде ғана
қиындықтар бар» деген ойлар туындайды. Бірақ, ол бақыттың артында не жатқанын ешкім
білмейді. Мұндай салыстырулар ақыр соңында күйзеліске, өзін-өзі бағалаудың
төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Сонымен қатар тәуеліділік «Time management» құртылуына, яғни адамның уақытты
емес, уақыттың адамды басқаруына себеп болады. Күні бойы әлеуметтік желіде отыру-
уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалу және уақытты босқа құрту деп ойлаймын.
Уақыт пен энергия тиімсіз пайдаланылған жағдайда, негізгі мақсаттарға күш пен
ресурстар жетпей, жауапкершіліктің төмендеуі мен еріншектіктің артуы мүмкін.

Әлеуметтік желінің пайдасы
Дегенмен, әлеуметтік желінің бізге беретін мүмкіндіктерінің көп екендігін және кей
адамдар үшін негізгі табыс көзіне айналғанын ұмытпауымыз қажет. Қазіргі таңда көптеген
мамандықтар әлеуметтік желімен тығыз байланысты. Мысалы, таргетинг, менеджмент,
SMM салалары, сондай-ақ онлайн дүкендер ашып, әлеуметтік желі арқылы сауда жүргізу
кең таралған.
Әлеуметтік желімен қарым қатынас жасау- ең тиімді әріқолжетімді тәсілдердің бірі.
Ол бізге Қазақстанда отырып-ақ әлемнің кез келген түкпіріндегі адамдармен
коммуникация жасауға мүмкіндік береді.
Білім саласында да әлеуметтік желінің оң әсері мол. Қазіргі кезде әлеуметтік
желілер жаңа ақпараттың негізгі көздерінің біріне айналуда. Себебі мотивациялық
бейнероликтер арқылы жастарды білім алуға, дамуға ынталандыратын адамдардың саны
көбеюде. Әлеуметтік желі арқылы ортақ қызығушылықтағы дамушы адамдарды тауып,
тәжірибе және идея алмасуға болады.Сонымен қатар, онлайн форматтағы оқу кейбір
адамдар үшін ыңғайлы болғандықтан, білім орталықтары әлеуметтік желі арқылы өздеріне
жарнама жасап, өздерін білім сүйер қауымға ұсынады. Олар өз платформаларын ашып, сол
арқылы білімдерімен бөліседі.
Әлеуметтік платформалар мансап құруда да маңызды құралға айналды. Қазіргі
таңда барлық компаниялар мен бизнес саласындағы адамдар міндетті түрде әлеуметтік
желілерде өз аккаунттарын жүргізіп, сол арқылы өз қызметтерін таныстырады.
Шығармашыл адамдар үшін де әлеуметтік желіде блог жүргізіп, танымал болу үлкен
пайда. Осы арқылы мансабтың іргетасын қалап, өзіңді күллі әлемге танытуға болады.
Қазіргі таңда блог жүргізу арқылы миллиондаған табысқа қол жеткізіп отырған танымал
блогерлер көп. Сонымен бірге, блог жүргізу- қоғамдық мәселелерді шешіп, волонтерлік
белсенділіктерді насихаттауға мүмкіндік береді.
Қорытынды
Қорытындылай келе, әлеуметтік желіні шектен тыс пайдалану және оны тек көңіл
көтеру құралы ретінде қарастыру тәуелділікке әкелуі мүмкін. Алайда, әлеуметтік желінің
мүмкіндіктерін орынды әрі саналы түрде қолдану арқылы дамуға және дамушы орта
қалыптастыруға болады.