400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлеуметтік желілер және Қазақстан:заманауи әлек пен жаңа мүмкіндіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік желілер бүгінгі таңда қоғамның ажырамас бөлігіне айналып отыр. Әлем бойынша миллиондаған адам осы платформалар арқылы ақпарат алмасып, пікір білдіріп, күнделікті өмірін бөлісуде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлеуметтік желілер және Қазақстан: заманауи әлек пен жаңа мүмкіндіктер



Әлеуметтік желілер бүгінгі таңда қоғамның ажырамас бөлігіне айналып отыр. Әлем бойынша миллиондаған адам осы платформалар арқылы ақпарат алмасып, пікір білдіріп, күнделікті өмірін бөлісуде. Алайда, олардың ықпалы тек оң нәтижелермен шектелмей, белгілі бір мәселелер туғызатыны анық. Қазақстан да бұл үдерістен тыс қалмай, әлеуметтік желілердің пайдасы мен зиянына байланысты түрлі жағдайларды бастан өткеріп жатыр.

Ендігі кезекте әлеуметтік желілердің Қазақстандағы оң әсеріне тоқталайық:

Бірінші кезектегі оң әсері ақпарат алмасу және қоңамның белсенділігі. Яғни, Әлеуметтік желілер қоғамның түрлі мәселелерін көтеруге және оларға жылдам назар аударуға мүмкіндік береді. Мысалы, Instagram және Facebook платформаларында экологиялық, әлеуметтік, саяси мәселелерді қозғаған белсенділердің арқасында көптеген проблемалар шешімін тауып жатады. Арыстағы жарылыс, Жамбылдағы өрт, Қаңтар оқиғасы сияқты жағдайларда ақпаратты жедел таратуда әлеуметтік желілердің маңызы зор болды.

Екінші кезекте бизнестің дамуы. Кәсіпкерлер үшін әлеуметтік желілер маркетингтің тиімді құралына айналды. Қазақстанда шағын және орта бизнес иелері Instagram, TikTok, және Telegram арқылы өз өнімдері мен қызметтерін жарнамалап, кең аудиторияға қол жеткізуде. Әсіресе, ауылдық жерлердегі шеберлер мен қолөнершілер өз тауарларын әлеуметтік желілер арқылы бүкіл елге танытып жатыр.

Үшінші кезекте жастардың мүмкіндіктері. Нақтырақ айтқанда, Қазақстанның жастары әлеуметтік желілерді өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсету үшін тиімді пайдалануда. TikTok пен YouTube-тағы қазақстандық контент жасаушылардың танымалдығы артып, олардың кейбірі халықаралық деңгейде мойындалуда. Бұл еліміздің мәдениеті мен дәстүрлерін әлемге танытуға үлкен мүмкіндік береді.

Бұлардың барлығы әлеуметтік желілердің Қазақстанға тигізген оң әсерлері. Енді кері әсерлерін де атап өте кетейік.

Ең бірінші кері әсері, жалған ақпараттың тарауы. Әлеуметтік желілерде таралатын жалған ақпарат үлкен мәселеге айналды. Қаңтар оқиғалары кезінде дезинформацияның салдары қоғамда дүрбелең тудырып, жағдайды ушықтырды. Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанымен, бұл мәселе толық шешілген жоқ.

Екінші кибербуллинг және психологиялық мәселелер. Жастар арасындағы кибербуллинг – үлкен проблема. Зорлық-зомбылыққа немесе қудалауға тап болған жасөспірімдер психологиялық қиындықтарды бастан кешуде. Әлеуметтік желілерде өзін-өзі салыстыру мәселесі де кең тараған. Бұл өз кезегінде төмен өзіндік баға мен депрессияға әкеледі.

Үшінші кері әсері ретінде жеке мәліметтердің қауыіпсіздігін атап өтуге болады. Әлеуметтік желілерде жеке ақпараттардың таралу қаупі жоғары. Қазақстанда көптеген азаматтар алаяқтық құрбаны болуда. Қауіпсіздік мәдениетінің төмендігі, жеке мәліметтерді қорғау ережелерін білмеу – осы мәселелердің негізгі себептері.

Осы әсерлерден «Сонда Қазақстанға бұл нәрсені ретке келтіру үшін қандай қадамдар қажет?» деген заңды сұрақ туындайды. Меніңше, әлеуметтік желілердің қоғам өміріне ықпалын реттеу үшін Қазақстанда бірқатар шаралар қолға алынуы қажет:

1) Ақпараттық сауаттылықты арттыру. Яғни, Мектептер мен университеттерде ақпаратты сүзгіден өткізу, жалған ақпаратты анықтау дағдыларын үйрететін бағдарламаларды енгізу керек.

2) Жеке дректердің қорғалуын қамтамасыз ету. Бұл дегеніміз киберқауіпсіздік саласында халықаралық тәжірибені қолдана отырып, азаматтардың жеке мәліметтерін қорғау механизмдерін жетілдіру қажеттілігі.

3) Балалар мен жастарды қорғау. Яғни, кибербуллингке қарсы арнайы бағдарламалар жасап, психологтар мен мұғалімдер арасында оқыту жүргізу маңызды.

4) Көпшілікке ортақ платформаларды дамыту. Бұл шетелдік әлеуметтік желілерге тәуелділікті азайту үшін отандық платформаларды дамыту маңызды. Бұл тек экономикалық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік үшін де пайдалы.

Қорытындылай келе, әлеуметтік желілер – бүгінгі заманның ажырамас бөлігі, олардың қоғамға тигізетін ықпалы зор. Қазақстан үшін әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану маңызды стратегиялық қадамдардың бірі болмақ. Ол үшін мемлекет, қоғам, және әрбір азамат бірігіп, желілердің пайдалы жақтарын дамытып, зиянды әсерлерін азайтуға ұмтылуы қажет. Тек осылайша біз ақпараттық заманда дамыған, саналы және қауіпсіз қоғам құра аламыз деп ойлаймын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 желтоқсан
246
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі