400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әлеуметтік жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлеуметтік жұмыс мамандығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақстандағы ең үздік жоғары оқу орындарының бірі, онда көптеген мамандықтар бойынша білім алуға болады. Соның ішінде, әлеуметтік жұмыс мамандығы бүгінгі қоғамның сұранысына сай, өзекті сала болып табылады. Әлеуметтік жұмыс- адамға көмек көрсетуді, оның өмір сапасын жақсартуды мақсат ететін қызмет. Бұл мамандық адамдардың түрлі әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған, сондықтан да оны таңдаған студенттер тек кәсіби білім ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік пен адамгершілікке ие болуы тиіс.

Әлеуметтік жұмыс мамандығының қоғам үшін маңызы өте зор. Қазіргі қоғамда кедейлік, жұмыссыздық, отбасылық зорлық-зомбылық, мүгедектер мен қарттардың құқықтары сияқты көптеген әлеуметтік мәселелер бар. Әлеуметтік жұмыс мамандары осы мәселелерді шешуге көмектеседі. Олар әр түрлі қиындықтарға тап болған адамдарға көмек көрсетіп, олардың өмір сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүргізеді. Осы саладағы мамандардың негізгі мақсаты-әлеуметтік теңсіздіктерді төмендету, азаматтардың құқықтарын қорғау және психологиялық қолдау көрсету.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://farabi.university/ әлеуметтік жұмыс мамандығы бағдарламасы студенттерге осы бағытта терең білім беру мақсатында әр түрлі пәндерді оқытады. Студенттер әлеуметтану, психология, құқық, экономика және басқа да ғылым салалары бойынша білім алады, осылайша олардың әлеуметтік мәселелерді шешуге қажетті дағдылары қалыптасады. Университетте оқытылатын пәндердің арасында адам құқықтары мен әлеуметтік қорғау саласында маңызды білімдер беріледі. Әлеуметтік жұмыс мамандығының ерекшелігі - мұнда тек теория ғана емес, практикалық дағдылар да маңызды орын алады.

Әлеуметтік жұмыс мамандығын таңдаған студенттерге көптеген талаптар қойылады. Біріншіден, бұл мамандыққа адамның жеке қасиеттері мен қабілеттері өте маңызды. Әлеуметтік жұмысшы болу үшін адамдарға көмек көрсетуге, олардың мәселелерін тыңдауға және шешуге деген ынта қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс маманында жоғары деңгейде коммуникативті дағдылар мен психологиялық білім болуы тиіс. Әлеуметтік жұмысшының жұмысы көбінесе ауыр әрі эмоционалды тұрғыда қиын болады, сондықтан да оған кәсіби шыдамдылық пен эмоционалдық тұрақтылық қажет.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлеуметтік жұмыс мамандығын таңдаған студенттер жоғары деңгейде оқытылатын практикалық сабақтар мен тәжірибелерге қатысады. Бұл студенттердің әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы шынайы дағдыларды меңгеруге және қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтарға тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олар өздерінің білімдерін әртүрлі әлеуметтік ұйымдарда, мемлекеттік және жеке секторда пайдалана алады.

Қортындылай келсек, әлеуметтік жұмыс мамандығы- бұл тек бір салада ғана емес, бүкіл қоғамды дамытуға бағытталған маңызды мамандық. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осы мамандық бойынша терең білім беріп, студенттерді әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған кәсіби мамандар ретінде даярлайды. Бұл саладағы мамандар тек жеке тұлғаларға ғана емес, тұтас қоғамға көмектесетін маңызды қызмет атқарады. Әлеуметтік жұмысшы болу — бұл жауапкершілік, мейірімділік және қоғамға деген жанашырлық. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осы саладағы білім мен дағдыларды жоғарғы деңгейде меңгерген мамандарды даярлап, еліміздің әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Философия және Саясаттану факультеті

Әлеуметтік жұмыс мамандығының

Студенті: Сарсенгалиев Мейрамбек Маратұлы

Оқытушы: Сарыбаева Индира Сарыбайқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
48
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі