400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлеуметтік жұмыс-жүрекке жақын мамандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлеуметтік жұмыс - жүрекке жақын мамандық

Әлеуметтік жұмыс мамандығы – қоғамның ең нәзік тұстарымен жұмыс істейтін, өзгелердің өміріне шынайы жанашырлықпен қарайтын кәсіп. Бұл жай ғана мамандық емес, бұл – адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған жауапты миссия. Әлеуметтік жұмыс арқылы қоғамдағы теңсіздікті жоюға, адамдардың құқықтарын қорғауға және әрбір адамның лайықты өмір сүруіне ықпал етуге болады.

Бұл мамандықтың мәнін алғаш түсінген сәтімді ешқашан ұмытпаймын. Шынын айтсам, мен әлеуметтік жұмыс мамандығына кездейсоқ түстім. Мектепте мен психолог болуды армандадым. Алайда ҰБТ нәтижесінде балым арманымдағы мамандыққа жетпей, грантқа түсуге мүмкіндік бар салалар тізімін жаздым. Бар мақсатым – Астанадан Алматыға көшу еді. Осылайша, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі https://farabi.university/?lang=kz әлеуметтік жұмыс мамандығына тап болдым. Алғашында оның маңызын толық түсінбедім, бірақ уақыт өте келе бұл салаға деген қызығушылығым артты.

Алғашқы лекцияларды тыңдаған сайын, мен өзімді жаңа қырымнан тани бастадым. Әлеуметтік әділеттілік, қоғамның осал топтарына қолдау көрсету, адамдардың өмір сапасын арттыру сынды тақырыптар маған мүлде жаңа көзқарас берді. Әрбір дәрісте бұл мамандықтың тек көмектесу емес, қоғамды жақсартуға бағытталғанын ұқтым. Осы салада жұмыс істеу арқылы мен адамдардың өміріне үміт пен сенім сыйлай алатынымды түсіндім.
Қазір, екінші курс студенті ретінде, менің бұл мамандыққа деген сүйіспеншілігім арта түсті. Әлеуметтік жұмыс тек кәсіби тәжірибе жинау ғана емес, ол – адамдармен жан дүниеңді бөлісу, олардың мәселелерін шешуге шынайы ықыласпен атсалысу.

Әлеуметтік жұмыс маманы болу – өзіңнің адамгершілік қасиеттеріңді шыңдап, әрбір кездескен адамның өміріне өзгеріс әкелу деген сөз.
Мен болашақта осы салада жаңа әдістерді үйреніп, еліміздің әлеуметтік мәселелерін шешуде өз үлесімді қосуды қалаймын. Әлеуметтік жұмыс – бұл тек көмек көрсету емес, адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беру. Осы мамандықты кездейсоқ таңдаған болсам да, мен өз орнымды таптым деп сенімді түрде айта аламын. Әлеуметтік жұмыс – қоғамды жақсырақ, мейірімдірек ететін
мамандық.

Жетекші: Сарыбаева Индира Сарыбайқызы

Әл-Фараби атындағы

Қазақ Ұлттық Университеті

Әлеуметтік жұмыс мамандығы

2 курс студенті

Құтжан Гүлдана Серікқызы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
76
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі