Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлеуметтік орта Өзін-өзі тану Еесектер тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересектер тобына арналған Өзін-өзі тану пәнінен ұйымдастырылған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: « Мен көмекшімін »

Мақсаты: «Көмек, көмектесу» адамгершілік ұғымдарының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Көмек, көмектесу ұғымдары туралы түсінік беру.

  • Бір-біріне көмектесе білу дағдыларын қалыптастыру.

  • Бір-біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, достық.

Сөздік жұмыс: «Бала ата-ананың қол қанаты» деген нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

Қажетті көрнекі-құралдар: Жүрекше, хрестоматия, жұмыс дәптері

Билингвалды сыңары: Көмектесу-помогать,


Әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеттері

Балалардың іс -әрекеттері


Дәлелді –түрткі болатын

5 «Т» ережесін сақтау:

ТӘРТІП

ТАЛАП

ТЫНЫШТЫҚ

ТАЗАЛЫҚ

ТАТУЛЫҚ

Тыныштық сәті

- Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махабатпен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады




Балалар шеңбер бойына отырады.


Ұйымдастыру - іздестіруші



Дәйексөз

«Бала-ата-ананың қолғанаты » деген мақалды бүгінгі оқу қызметінің дәйексөзі ретінде түсіндіру.


Әңгімелесу


  • Балалар, «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхат барысында адамдардың бір-біріне мейірімділікпен, қамқорлықпен қарап, шыншыл бала болу қажеттігін түсіндік. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «көмектесу» жайында айтамыз.

  • Көмектесу дегенді қалай түсінесіңдер?



Әңгімелеу

Педагог «Қолғанат» әңгімесін оқып береді, соңынан балалар сұраққа жауап береді.

  • Жанар анасына қандай көмек көрсеткісі келді?

  • Анасы Жанардың бұл ісін қалай бағалады?

  • Сендер ата-аналарыңа қандай көмек көрсете аласыңдар?



Балалардың жауаптары тыңдалады.





Балалардың жауаптары тыңдалады.



Ойын. «Топтасып көрейік»

Шеңбер бойындағы балалар бір-бірімен төмендегі белгілері бойынша топтасады:

-кімнің мысығы бар...

-ақ көйлектілер...

-тәттіні жақсы көретіндер...

-футболды жақсы көретіндер...


Балалар топтасқаннан соң, жүргізушінің нұсқауы бойынша үнсіз қимылмен төмендегі тапсырмаларды орындайды:

  • Ағаш аралау

  • Алама жинау

  • Суға түсу

  • әткеншек тебу

  • сурет салу

  • би билеу

Дәптермен жұмыс

Сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар.


Ғажайып сөздер


Көмектің үлкен-кішісі жоқ.

Көмек көрсету жақсы қасиет.


Қорытындылау

- Балалар, бүгінгі оқу іс әрекетімізде үлкендерге, өзімізден кішілерге , бір-бірімізге қалай көмектесетініміз туралы әңгімелестік. Сендер кішкентай болсаңдар да үлкендерге көмек беру, қолқанат болудың жақсы қасиет екенін білесіңдер. Көмектің үлкен-кішісі жоқ. Сендердің әрбір көмектерің үлкендерді, ата-аналарыңды қуантады.


Жүректен жүрекке

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.



Балалар өз қалаулары бойынша ойынды жалғастырады.


Балалар дәптермен жұмыс жасайды.


Балалар оқу іс-әрекетінде үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.



























Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, төмендегі өлең жолдарын педагогпен бірігіп қайталайды:


Күтілетін нәтиже: «Көмек, көмектесу» адамгершілік ұғымдары туралы түсініктері қалыптасады.

Біледі: Көмек, көмектесу туралы түсініктер алады.

Білді : Бір-біріне көмектесе білу дағдылары қалыптасты ;

Жасай алады: Бір –біріне көмектесе білуге тәрбиеленді.
















Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: « Мен шыншыл баламын »

Мақсаты: «Шыншылдық» адамгершілік ұғымдарының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Адалдық, шыншылдық қасиеттері туралы түсінік беру.

  • Балалар бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.

  • Шыншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, достық.


Сөздік жұмыс: «Шыншыл бала-батыл бала» деген нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

Билингвалды сыңары: Шыншыл-честный

Қажетті көрнекі-құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.

Әлеуметтік инклюзивтік орта– _____________________________


Әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеттері

Балалардың іс -әрекеттері


Дәлелді –түрткі болатын

5 «Т» ережесін сақтау:

ТӘРТІП

ТАЛАП

ТЫНЫШТЫҚ

ТАЗАЛЫҚ

ТАТУЛЫҚ

Тыныштық сәті

- Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббатпен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.





Балалар шеңбер бойына отырады.


Ұйымдастыру - іздестіруші

Дәйексөз

-Шындықты мойындап, айта білу-батылдық. Сондықтан «Шыншыл бала-батыл бала» деп айтады.

Тәрбиеші «Шыншыл бала-батыл бала» деген мақалды бүгінгі оқу қызметінің дәйексөзі ретінде түсіндіру.

Әңгімелесу


  • Балалар, бүгін біз «шыншылдық» қасиетімен танысамыз.

-«Шыншылдық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Шыншылдық- ол адалдықты , әділдікті білдіретін адамның бойындағы жақсы қасиетердің бірі. Осы қасиеттер жүрегіміз арқылы беріледі. Шыншыл адамның жүрегі жылы, мейірімді болады. Біз бір-бірімізге өтірік айтпауға, ешкімді алдамауға, тек шын сөйлеуге, шыншыл, әділ болуға үйренеміз.


Әңгімелеу

Педагог «Төгілген қаймақ» әңгімесін оқып береді, соңынан балалар сұраққа жауап береді.

  • Мереке мен Дүйсен шындықты айта алды ма?

  • Мереке анасына өтірік айтқаннан кейін қандай сезімде болды?

  • Мереке мен Дүйсен енді өтірік айтады деп ойлайсыңдар ма?


- Балалар, өтірік айтуға болмайды, себебі өтірік ұзаққа бармайды. Адам өтірік айтқанда бір ұялады, өтірігі шыққанда одан қатты қысылып тағы бір ұялады. Өтірік айтқан адам айналасындағыларға сүйкімсіз көрінеді, оған ешкім сенбейді. Шыншыл адам әрқашан әдемі, көрікті, оның досы көп болады.



Балалардың жауаптары тыңдалады.





Балалардың жауаптары тыңдалады.





Ойын. «Айна»

Балалар бір қатарға тұрып, қолдарын алдында тұрған баланың иығына қояды. Ойын ырғақты әуенмен өтеді. Бірінші тұрған бала оң қолы мен сол қолын кезек-кезек көтереді, соңында тұрған балалар қимылды жаңылыспай қайталауы керек, ойын музыка әуені біткенше жалғасады.

Дәптермен жұмыс

Әңгіме мазмұны бойынша сурет

салыңдар. Әңгімелеп беріңдер.


Ғажайып сөздер

Балалар оқу іс-әрекетінде үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Шыншыл бала- батыл бала.

Өтірік өрге аспайды.


Қорытындылау

- Біз бүгінгі оқу қызметімізде өтірік пен шыншылдық жайлы білдік. Өтіріктің жаман қасиет екенін, одан аулақ болуды, өтірікші баланы ешкім де жақсы көрмейтінін білдік. Шындықтың ең жақсы қасиет екенін түсіндік.


Жүректен жүрекке

- Балалар, айналамызда көңіл күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Бір-бірімізге жақсы көңіл күй мен саулық тілеп, төмендегі өлең жолдарын бірігіп айтайық.

Кел, балалар. Күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі-көңіл ажары,

Күліп өмір сүрейік!


Балалар өз қалаулары бойынша ойынды жалғастырады.


















Балалар дәптермен жұмыс жасайды.


Балалар үйренген өнегелі қайталап айтады.











Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, төмендегі өлең жолдарын педагогпен бірігіп қайталайды:


Күтілетін нәтиже: «Шыншылдық» ұғымдары туралы түсініктері қалыптасады.

Біледі: Адалдық, шыншылдық қасиеттері туралы түсініктер алады.

Білді : Балалардың бойында жақсы қасиеттері дамиды.

Жасай алады: Шыншылдыққа, адалдыққа тәрбиеленді.


































Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: « Мен елімнің кішкентай азаматымын! »

Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Отан, туған ел туралы түсініктерін кеңейту.

  • Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

  • Отанын сүюге тәрбиелеу.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, достық.

Сөздік жұмыс: «Отан деп өс, жас қауым, Оны ардақтап сүйе біл!» деген нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

Билингвалды сыңары: Азамат- гражданин.

Қажетті көрнекі -құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.


Әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеттері

Балалардың іс -әрекеттері


Дәлелді –түрткі болатын

5 «Т» ережесін сақтау:

ТӘРТІП

ТАЛАП

ТЫНЫШТЫҚ

ТАЗАЛЫҚ

ТАТУЛЫҚ

Тыныштық сәті

-Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббатпен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.




Балалар шеңбер бойына отырады.


Ұйымдастыру - іздестіруші

Дәйексөз

Педагог Б. Ысқақовтың «Отан деп өс, жас қауым, Оны ардақтап сүйе біл!» деген мақалды бүгінгі оқу қызметінің дәйексөзі ретінде түсіндіру.

Әңгімелеу

Педагог «Менің Отаным» әңгімесін оқып береді, соңынан балалар сұраққа жауап береді.

  • Бекжанның басқа балалардан қандай ерекшелігі бар?

  • Қалай ойлайсыңдар, Бекжанның ерекше сезімге бөленуі неліктен?





Балалардың жауаптары тыңдалады..






Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп, өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.


Дәптермен жұмыс

«Сүйем сені, туған өлкем»

  • Суретке қарап әңгіме құрастырыңдар, бояңдар.

Тыныштық сәті:

-Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббатпен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Ғажайып сөздер

Балалар оқу іс-әрекетінде үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Менің Отаным-Қазақстан.

Мен елімнің азаматымын.


Қорытындылау

- Біз бүгінгі оқу іс -әрекетімізде Отанымыздың кең, байтақ екенін білдік. Біз Қазақстан Республикасының азаматымыз. Біз Отанымызды сүйеміз!


Жүректен жүрекке

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!


Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім,

Туған жерім менің- Қазақстаным.



Балалар өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.





Балалар дәптермен жұмыс жасайды.















Балалар оқу іс-әрекетінде үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.









Балалар шеңберге тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын айтады.


Күтілетін нәтиже: Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиеленеді.

Біледі: Отан, туған ел туралы түсініктер алады.

Білді : Отанға деген сүйіспеншілік сезімдері артты.

Жасай алады: Отанын сүюге тәрбиеленді.





























Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: « Менің отбасым »

Мақсаты: «Отбасы» құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Отбасы туралы түсініктерін кеңейту;

  • Отбасына деген жағымды қарым-қатынастарын дамыту;

  • Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

  • Құндылық: Дұрыс әрекет

  • Қасиеттер: мейірімділік, достық.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, достық.

Сөздік жұмыс: «Адамға ең қымбат-отбасы» деген нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

Билингвалды сыңары: Отбасы- семья

Қажетті көрнекі-құралдар: Өзін-өзі тану пәнінің картасы, дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.


Әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеттері

Балалардың іс -әрекеттері

Дәлелді –түрткі болатын

5 «Т» ережесін сақтау:

ТӘРТІП

ТАЛАП

ТЫНЫШТЫҚ

ТАЗАЛЫҚ

ТАТУЛЫҚ

Тыныштық сәті:

Үн таспадан жағымды табиғат дыбыстары естіледі.

-Балалар, ыңғайлана отырып, көздеріңді жұмыңдар. Әркім өз үйін жақсы көреді, себебі ол сендердің туған үйлерің. Ол үй сендер үшін жайлы да жылы. Онда сендерді жақсы көретін, сендер жақсы көретін адамдар тұрады.

-Енді әрқайсымыз өзіміз тұратын үйімізді, отбасымызды көз алдымызға елестетейік. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.

Бір шаңырақ астындағы туыстарымызды қалай жақсы көретінімізді, сыйлайтынымызды көз алдымызға елестетейік.

Енді көзімізді ашып, сезінген, ойлаған ойларымызбен бөлісейік.





Балалар шеңбер бойына отырады.




Балалар алған сезімдерін бі-бірімен бөліседі

Ұйымдастыру - іздестіруші

Дәйексөз

Педагог «Адамға ең қымбат- отбасы » деген халық даналығын бүгінгі оқу қызметінің дәйексөзі ретінде түсіндіру.

Әңгімелесу

  • Балалар біз бүгін «Өзін-өзі тану әлемінің» «Отбасы» аялдамасына тоқталамыз. «Отбасы» аялдамасындағы суретке назар аударайық. Суреттен не көріп тұрсыңдар?

  • Бұл жерде де бізді қызықты ойындар, тапсырмалар күтіп тұр.

  • Ал біз бүгін өзіміздің туған үйіміз, отбасымыз туралы әңгімелесеміз.

Өзіммен -өзім

Үнтасападан жағымды табиғат дыбыстары естіледі.

-Балалар, ыңғайлана отырып, көздеріңді жұмыңдар. Әркім өз үйін жақсы көреді, себебі ол сендердің туған үйлерің. Ол үй сендер үшін жайлы да жылы. Онда сендерді жақсы көретін, сендер жақсы көретін адамдар тұрады.

-Енді әрқайсымыз өзіміз тұратын үйімізді, отбасымызды көз алдымызға елестетейік. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.

Бір шаңырақ астындағы туыстарымызды қалай жақсы көретінімізді, сыйлайтынымызды көз алдымызға елестетейік.

Енді көзімізді ашып, сезінген, ойлаған ойларымызбен бөлісейік.











Балалардың жауаптары
























Балалардың жауаптары



Әңгімелеу

Педагог балаларға «Жанұя» өлеңін оқып беріп, сұрақтар қояды.


Жанұя

Сенде де бар жанұя,

Менде де бар жанұя.

Үлкенде де, кішіде,

Жанұя бар әрбір кісіде.

Жанұя бары шуақ қой,

Қуаныш пен бақыт қой.

  • «Жанұя» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өз жанұяңда кімдермен тұрасыңдар?

- Адамға ең қымбат-отбасы.Отбасы- бұл сенің ең жақын адамдарың: атаң, әжең, әкең, анаң, бауырың, інің, әпкең, сіңлің. Біз туған үйімізді жақсы көреміз.


Дәптермен жұмыс

- Дәптерде берілген үйдің терезелеріне отбасы мүшелерінің суреттерін салыңдар. /әке, ана, ата, апа, іні, т.б./







Балалардың жауаптары
















Балалар дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлекстік коррекция

«Ғажайып сөздер»

Балалар оқу іс әрекетінде үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

-Адамға ең қымбат- отбасы.

- Отбасы –сенің ең жақын адамдарың.

Қорытындылау:

  • Балалар, бүгін оқу іс әрекетінде біз отбасымызды жақсы көруге, отбасындағы адамдарды сыйлауға, көмектесуге үйрендік. Отбасы –сенің атаң, әжең, әкең, анаң, ағаң, сіңлің, інің. Отбасы бізді жақсылыққа, әдептілікке үйрететінін білдік.


Жүректен –жүрекке

  • Менің отбасым ең тату отбасы.

  • Менің отбасым ең үлкен, бақытты отбасы.

  • Мен атам мен әжемді жақсы көрем.

  • Менің әкем ең мейірімді адам.

  • Менің анам ең ақылды адам.

Балалар оқу қызметінде айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.














Балалар ойыншық жүрекшені бір-біріне ұсына отырып өз отбасына, оның мүше-леріне сүйіспеншіліктері мен тілектерін білдіреді.




Күтілетін нәтиже: «Отбасы» құндылығының маңыздылығы туралы түсініктер беріледі.

Біледі: Отбасы туралы түсініктері кеңейеді;

Білді : Отбасына деген жағымды қарым-қатынастары дамыды.

Жасай алады: Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиеленді.





































Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: « Менің сүйікті балабақшам »

Мақсаты: Құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту;

  • Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

  • Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, достық.


Сөздік жұмыс: «Сәбиіңмін сенің, балабақшам менің» деген нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

Билингвалды сыңары: Балабақша – детский сад.

Қажетті көрнекі-құралдар: дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.


Әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеттері

Балалардың іс -әрекеттері

Дәлелді –түрткі болатын

5 «Т» ережесін сақтау:

ТӘРТІП

ТАЛАП

ТЫНЫШТЫҚ

ТАЗАЛЫҚ

ТАТУЛЫҚ

Тыныштық сәті

- Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махабатпен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.



Балалар шеңбер бойына отырады.

Ұйымдастыру - іздестіруші


Дәйексөз

Педагог «Сәбиіңмін сенің, балабақшам менің» деген Е. Ашықбаевтың өлең жолдарын бүгінгі оқу қызметінің дәйексөзі ретінде түсіндіру.

Әңгімелесу



  • Балалар, бүгін сүйікті балабақша-мыз туралы әңгімелесеміз.

  • Біздер балабақшада әдепті, қамқор, ұқыпты, мейірімді, тату болуға үйреніп, көптеген достар таптық. Тәрбиеші әпкейіміздің көмегімен ән салып, би билеп, сурет салуға үйрендік. Айнала табиғаттың сан алуан сырларымен таныстық. Сондықтан «Балабақша -өз үйіміз» деп біз айта аламыз .

  • Қалай ойлайсыңдар, «Балабақша » деген атау не үшін берілген?

- «Балабақша» бұл -әдемі атау. Бақшада жас жеміс ағаштары өссе, балабақшада Отанымыздың жас ұландары , сендер өсіп, жақсылыққа, достыққа , әдептілікке үйрендіңдер.








Балалардың жауаптары тыңдалады.





Дәлелді түрткі


Әңгімелеу

Балабақшада

Балабақшасында балалар

Іні, әпке, аға бар.

Ойыншықтар мол онда ,

Машина, арба, шана бар.


Жазатұғын тақта бар,

Кісінейтін «ат» та бар.

Үйретеді тақпақ та,

Жаңылыспай жаттап ал.


Айтып ертек, әңгіме,

Үйретеді әнді де,

Беріп кәмпит, тамақ та,

Оқытады сабақ та.


Онда жақсы апа бар,

Киноға да апарар .

Кеште алып қайтады

Үйімізге папалар.


  • Балалар, балабақшада не үйренесіңдер?

  • Сендерге балабақша несімен ұнайды?

Ойын «Балабақша бізді неге үйретеді?».

Күтілетін жауаптар

  • татулыққа;

  • достыққа;

  • мейірімділікке;

  • бірлікке;

  • ұйымшылдыққа;

  • сыйластыққа;

  • сүйіспеншілкке;

  • жауапкершілікке;

  • жақсылыққа.

Дәптермен жұмыс

- Өз балабақшаңның суретін салып, әңгімелеп беріңдер.























Балалардың жауаптары




Балалар шеңбер бойымен тұрып, бастаушы доптыбір балаға лақтырып, «Балабақаш бізді неге үйретеді?» деп сұрақ қояды.

Допты ұстаған бала жауап айтады.




Балалар дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлекстік коррекция

«Ғажайып сөздер»

Мен балабақшамды, өз тобымды, апайымды жақсы көремін.

Балабақша мені жақсылыққа үйретті.


Қорытындылау:

- Балалар, біз балабақшада жақсылыққа, ұйымшылдыққа, сыйластыққа, достыққа, татулыққа үйрендік.


Жүректен –жүрекке

Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз

Балалар оқу қызметінде айтып үйренген сөздерді қайталап айтады.







Балалар шеңберге тұрып төмендегі Н. Айтовтың өлең жолдарын қайталайды:






Күтілетін нәтиже: Балалар құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиеленеді.

Біледі: Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктері кеңейеді.

Білді : Ұжымдық қарым-қатынас дағдылары дамыды.

Жасай алады: Өзара сыйластыққа тәрбиеленді.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: « Табиғат ана »

Мақсаты: «Табиғат» құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру;

  • Табиғатқа деген танымдық қызығушылықтарын дамыту;

  • Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

  • Құндылық: Дұрыс әрекет

  • Қасиеттер: мейірімділік, достық.


Сөздік жұмыс: «Табиғат қорғау – отанды қорғау » деген нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

Билингвалды сыңары: Табиғат –природа, қорғау- беречь.

Қажетті көрнекі-құралдар: Өзін-өзі тану пәнінің картасы, дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.


Әрекеттер кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеттері

Балалардың іс -әрекеттері


Дәлелді –түрткі болатын


5 «Т» ережесін сақтау:

ТӘРТІП

ТАЛАП

ТЫНЫШТЫҚ

ТАЗАЛЫҚ

ТАТУЛЫҚ

Тыныштық сәті:

Үнтасападан жағымды табиғат дыбыстары естіледі.

-Балалар, ыңғайлана отырып, көздеріңді жұмыңдар. Көз алдарыңа туған жерлеріңді, оның әсем табиғатын елестетіңдер.

- Енді көздеріңді ашып, елестеткен, ойланған ойларымызбен бөлісейік.


«Табиғат» дегенді қалай түсінесіңдер.



Балалар шеңбер бойына отырады.













Балалардың жауаптары


Ұйымдастыру - іздестіруші


Дәйексөз

«Табиғат қорғау-Отанды қорғау » деген мақалды бүгінгі оқу қызметінің дәйексөзі ретінде түсіндіру.


Әңгімелесу

-Балалар біз бүгін «Өзін-өзі тану әлемінің» төртінші «Табиғат » атты аялдамасына тоқталамыз. Енді дәптерлеріңді ашып, «табиғат» аялдамасындағы суреттерге назар аударайық.

  • Суреттен не көріп тұрсыңдар?

  • Дұрыс айтасыңдар балалар біз бұл аялдамада табиғаттың жомарттығы мен сұлулығы жайлы біліп, оны қорғау мен аялауды үйренеміз.


Балалардың жауаптары




Дәлелді түрткі


Әңгімелеу

Педагог балаларға «Табиғат – Ана» ертегісін оқып беріп, сұрақтар қояды.

  • Табиғат –Ананың ұлдары адамдарға қандай игілікті істер жасады?

  • Табиғат-Ананың сұлулығын сақтау үшін адамдар не істеуі керек ?

  • Балалар! Табиғат пен Адам бір-бірімен байланыста екен. Адамның табиғатсыз тіршілігі жоқ.

  • Бізді қоршағанның бірі-табиғат, ол жазира дала, биік таулар, көгілдір көлдер, мөлдір өзендер мен бұлақтар, сондай-ақ жан-жануарлар, аңдар, құстар мен жәндіктер...

  • Неліктен табиғатты анаға теңеп «Табиғат -Ана» деп атайды?


Ойын «Табиғатпен сырласу»


Өзеннен өту.

Тауға өрмелеп шығу.

Шалшық сулардан өту.

Ормандағы қалың ағаштардың арасынан өту.

Ашық алаңға жетіп, қуанып, демалады.


Дәптермен жұмыс

- «Табиғат -Ана» ертегісінің мазмұны бойынша сурет салып, әңгімелеп беріңдер.





Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

-Ауаны жұтамыз.

-Күн жылулығын, жарығын береді.

-Жер –Ана бізді азықпен қамтамасыз етеді.

-Сусыз тіршілік жоқ.

-Ағаш айналаға көрік беріп, көлеңкесін тосады.






Балалар арасынан «жолбасшы» тағайындалады. Балалар шеңберге бірінің артынан бірі тұрып, жолбасшының қимылын қайталайды.



Балалар дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлекстік коррекция


«Ғажайып сөздер»


Табиғат –Ана

Табиғатқа қамқорлық жасаймыз.


Қорытындылау:

- Балалар, біз бүгін табиғаттың не екенін білдік. Оны аялаудың, қадірлеудің, қамқорлыққа алудың қажеттігін түсіндік. «Табиғат-Ана» деп халқымыз бекер айтпаған. Сол себепті табиғатты, қоршаған ортаны қорғап, қамқорлық көрсетіп, аяласақ, ол біздің Отанды, елімізді, туған жерімізді қорғағанымыз екен.


Жүректен –жүрекке

Педагог балалармен шеңберге тұрып, төмендегі өлең жолдарын бірге қайталайық.

Күніміз ашық болсын!

Түніміз тыныш болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын!


Балалар оқу іс-әрекетінде айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.


















Күтілетін нәтиже: «Табиғат» құндылығының маңыздылығы туралы түсініктер беріледі.

Біледі: Табиғат пен адамдар арасындағы байланысы туралы түсініктер алады.

Білді : Табиғатқа деген танымдық қызығушылықтары дамыды ;

Жасай алады: Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиеленді.



Білді : Табиғатқа деген танымдық қызығушылықтары дамыды ;

Жасай алады: Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиеленді.
















Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Әлеуметт

Бөлім

Тақырыбы: « Табиғат денсаулық мекені »

Мақсаты: «Табиғат» , «Денсаулық» құндылығының маңыздылығы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Табиғат пен денсаулықтың өзара үйлесімділігі туралы түсініктерін кеңейту.

  • Денсаулықты сақтау дағдыларын дамыту;

  • Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, тазалық.

Сөздік жұмыс: «Тәні саудың-жаны сау » деген нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

Билингвалды сыңары: Табиғат –природа, денсаулық-здоровье.

Қажетті көрнекі-құралдар: Дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.

Әрекеттер кезеңі

Педагогтың іс -әрекеттері

Балалардың іс -әрекеттері


Дәлелді –түрткі болатын

5 «Т» ережесін сақтау:

ТӘРТІП

ТАЛАП

ТЫНЫШТЫҚ

ТАЗАЛЫҚ

ТАТУЛЫҚ

Тыныштық сәті:

Үнтасападан құстардың, сылдырап аққан судың , тербелген ағаштардың сыбдыры, табиғаттың сан алуан құбылысының дыбысы естіледі.Балалар көздерін жұмып, тыңдайды.

  • Қандай дыбыстар естідіңдер?

  • Қандай әсер алдыңдар?

Балалар шеңбер бойына тұрады.


Ұйымдастыру - іздестіруші


Әңгімелесу


  • Балалар , қалай ойлайсыңдар күн бізге не үшін керек?

  • Күн әлемге жарық беріп жылытатын планета.Күн бәріне бірдей мейірін, жылуын төгеді.Бізге күнсіз тіршілік жоқ.

  • Ал ауа не үшін қажет?


-Ауасыз бізге тіршілік жоқ.Ауамен біз дем аламыз.


  • Су бізге не үшін қажет?


- Сусыз тіршілік жоқ.Күн, су, ауа адам үшін өте қажет.Біз оларсыз өмір сүре алмаймыз.Сондықтан ауаны ластамай, суды үнемдеп пайдалануды үйренейік!Сол себепті оларды қорғайық, аялайық!









Балалардың жауаптары





Балалардың жауаптары





Дәлелді түрткі


Ойын. «Не болар еді?»


  • Күн жоқ болса не болар еді....

  • Ауа жоқ болса не болар еді....

  • Су жоқ болса не болар еді....


-Балалар, біз табиғатсыз тіршілік ете алмайды екенбіз.Табиғат бізге күн сияқты мейірімді , ауа сияқты таза, су сияқты сезімдеріміз мөлдір болуды үйретеді.Табиғат бізге қашанда мейіріммен, қамқорлықпен қарап, жомарттық танытады.Біз мейірімдікті , қамқорлықты , жомарттықты табиғаттан үйренейік. Өйткені олар жақсылығын, мейірімін, жылуын барлық адамға бірдей бөлмей-жармай, риясыз істейді.Күн, ауа, су біздің достарымыз.Табиғат анамыз біздің деніміздің сау, денсаулықтарымыздың мықты болуына көмектеседі.


Дәптермен жұмыс

-Суретті әдемілеп бояп, әңгімелеп беріңдер.

Дәйексөз


Педагог «Тәні саудың жаны сау» деген мақалды бүгінгі оқу қызметінің дәйексөзі ретінде түсіндіреді. «Тәні саудың жаны сау» демекші , таза жүретін баланың дені сау, сүйкімді, әдепті болады. Денсаулыққа табиғаттың пайдасы мол.




Балалар шеңберге тұрып, педагогтың қойған сұрағына жауап беріп, сөйлемді аяқтайды.

Күтілетін жауаптар:

-Күн жоқ болса , қараңғы ,суық болып, жаурайтын едік.

-Су жоқ болса шөлдер едік.

-Ауа жоқ болса , дем ала алмай тұншығып қалар едік.










Балалар дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлекстік коррекция

«Ғажайып сөздер»


Күн, су, ауа-біздің достарымыз.

Күн, су, ауа-табиғаттың бізге берген сыйы.

Қорытындылау:

  • Балалар, біз бүгін табиғат және денсаулық туралы әңгімелестік, оның сұлулығына тамсанып, әуендерін тыңдадық.Күн ,су, ауа , жер адамның денсаулығына пайдасын, өзара байланысы мен үндестігін білдік.Табиғат пен адамның өмірінің егіз екендігін түсіндік.

Жүректен –жүрекке

Барлығымыз табиғатты сүйеміз,

Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.

Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз,

Бейбіт өмір баршамызға тілейміз!

Балалар оқу іс-әрекетінде айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.











Балалар педагогпенбірге шеңберге тұрып, төмендегі өлең жолдарын бірге қайталайды.


Күтілетін нәтиже: «Табиғат» , «Денсаулық» құндылығының маңыздылығы

туралы түсініктер беріледі.

Біледі: Табиғат пен денсаулықтың өзара үйлесімділігі туралы түсініктер

алады.

Білді : Денсаулықты сақтау дағдылары дамыды.

Жасай алады: Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиеленді.







Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Өзін –өзі тану

Тақырыбы: « Табиғат және адам »

Мақсаты: Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін бекіту.

Міндеттері:

  • Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін кеңейту;

  • Табиғатқа деген қамқор қарым-қатынас дағдысын дамыту;

  • Тазалыққа ізгілікке тәрбиелеу.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, достық.

Сөздік жұмыс: «Біз табиғатқа жауаптымыз » деген нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

Билингвалды сыңары: Табиғат –природа, Адам-человек.

Заттық дамыту ортасы: Дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.

Әрекеттер кезеңі

Педагогтың іс -әрекеттері

Балалардың іс -әрекеттері


Дәлелді –түрткі болатын

5 «Т» ережесін сақтау:

ТӘРТІП

ТАЛАП

ТЫНЫШТЫҚ

ТАЗАЛЫҚ

ТАТУЛЫҚ

Өзіммен -өзім

-Қане барлығымыз таза шипалы ауамен терең тыныстап дем алып, көк аспанға , айналамызға сүйіспеншілікпен қарап, табиғатқа қандай жақсылық жасай алатындықтарың туралы ойланып көрейікші.








Балалардың жауаптары

Балалар табиғатқа қандай қамқорлық жасағандықтары туралы немесе қалай көмектескісі келетіндіктері жайлы әңгімелейді

Ұйымдастыру - іздестіруші


Дәйексөз

Педагог «Біз табиғатқа жауаптымыз» деген мақалды бүгінгі оқу қызметінің дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

Ойын. «Табиғатқа қалай көмектесе аламын!»


  • Судағы жәндіктерге қалай көмектесе аласың?

  • Ауа таза болу үшін не істеу керек?

  • Су мөлдір болу үшін не істеу керек?

  • Ағаштарға қалай көмектесе аласың?

  • Гүлдергеқалай көмектесе аласың?

-Бүгін біз тек табиғаттың сұлулығын тамашалап қана қоймай, Табиғат-Анамызға көмектесейік.Қояндар, Тиіндер, Түлкілер тобына бөлінейік.Әр топ өзінің ісімен айналысады: айналаны тазалайды, ағаштарды суарады, гүлдердің түбін қопсытады және т.б.

Педагог топтарға құрал-

жабдықтарды таратып береді.


Жұмыс аяқталған соң Табиғат –Анаға көмектескендері үшін педагог балаларға рахмет айтады.


Ғажайып сөздер

Табиғат –айнала қоршаған әлем.

Адамдар –табиғат бөлшегі.

Алаңда балалар тұратын бірнеше шеңберлерсызылады.

Белгі бойынша балалар бірінші шеңберден екінші шеңберег жүгіріп кірулері керек.Ойынды жүргізуші балаларды ұстап алуы

тиіс.Ұсталып қалған бала сұрақтарға жауап береді.

















Балалар оқу қызметінде айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.



Рефлекстік коррекция

Қорытындылау:

-Бүгін біз адамның табиғатқа қамқорлық қатынасы жайлы әңгімеледік.Табиғат-Анаға көмектесуді үйрендік.Табиғат-барлық адамдардың ортақ үйі.Біз табиғатты аялаймыз.Табиғат бізге қуаныш сыйлайды, ал біз болсақ оған ризашылығымызды білдіреміз.Біз табиғатты ластамаймыз, оны күтіп, баптап, сүйіспеншілікпен қараймыз.


Жүректен –жүрекке

-Қанеки, енді табиғатқа ризашылығымызды сөзбен жеткізейік.


Балалар педагогпен бірге шеңберге тұрып, рахметтерін айтады.

  • Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!

  • Таза ауа саған рахмет!

  • Бұлт , жаңбыр сепкенің үшін рахмет!

  • Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!

  • Жер, саған жомарттығың үшін рахмет!

  • Табиғат, сұлулығың үшін рахмет!


Күтілетін нәтиже: Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктер беріледі.

Біледі: Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктері кеңейеді.

Білді : Табиғатқа деген қамқор қарым-қатынас дағдысы дамыды.

Жасай алады: Тазалыққа, ізгілікке тәрбиеленді.









Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: « Мен Отанымды сүйемін »

Мақсаты: «Отан» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Отан туралы түсініктерін кеңейту;

  • Патриоттық сезімдерін дамыту;

  • Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: «Отаншыл болу отбасынан басталады» деген нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

Билингвалды сыңары: Отан-Родина, сүйемін-люблю

Заттық дамыту ортасы: «Өзін-өзі тану» пәнінің картасы, дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше


Әрекеттер кезеңі

Педагогтың іс -әрекеттері

Балалардың іс -әрекеттері

Дәлелді –түрткі болатын

5 «Т» ережесін сақтау:

ТӘРТІП

ТАЛАП

ТЫНЫШТЫҚ

ТАЗАЛЫҚ

ТАТУЛЫҚ

Тыныштық сәті:

- Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдарда болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап , бақытқа , махабатпен тыныштыққа толы таза , шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

!



Балалар шеңбер бойына тұрады.

Ұйымдастыру - іздестіруші

Әңгімелесу

Педагог балаларға А. Ілиясованың «Отан деген...» әңгімесін оқып береді.



  • Балалар, өз Отандарын қалай мақтан етті?

  • Салтанат не себептен өз ауылына риза болмады?

  • Ал сендер «Отан» дегенді қалай түсінесіңдер?


  • Балалар, бүгін біз «Өзін-өзі тану әлемінің» «Отан» атты аялдамасына тоқталамыз.

  • Енді дәптерлеріңді ашып, Отан аялдамасындағы суретке қарап, әңгіме құрастырайық.

  • Балалар, біз бүгінсүйікті Отанымыз, яғни отбасымыз, ауылымыз, өскен ортамыз жайлы әңгімелесеміз.

«Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Әр адамның өз Отаны болады. Отан-ол біздің туған жеріміз, тұратын жеріміз, отбасымыз.

  • Отан- біздің атамекеніміз. Отан біздің табиғатымыз, айнала қоршаған ортамыз.

  • Біздің еліміз өте бай, өте әдемі. Біздің Отанымыз-Қазақстан.



Балалардың жауаптары тыңдалады.







Балалардың жауаптары тыңдалады.




















Дәлелді түрткі


Дәйексөз

Педагог Бауыржан Момышұлының «Отаншыл болу отбасынан басталады» деген қанатты сөзін бүгінгі оқу қызметінің дәйексөзі ретінде түсіндіреді Педагог балаларға Бүркіт Ысқақовтың «Сенің Отаның» өлеңін мәнерлеп оқып береді.

Сенің Отаның

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс, кейпін,

Достым, білгің келе ме?


Отан - сенің ата-анаң,

Отан – досың бауырың,

Отан - өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.


Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз халқың,

Отан -өлкең, Отан –жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.


Ойын «Жылы сөздер»

Балаларшеңберге тұрып Отан туралы жақсы, жағымды сөздер айтады.

Менің Отаным өте сұлу.

Менің Отаным өте әдемі.

Менің Отаным өте бай.

Менің Отанымда өте ақылды адамдар тұрады.

Менің Отанымда өте бауырмал адамдар тұрады.

Менің Отанымда елдер тату тұрады.

Менің Отанымның табиғаты тамаша.

Мен Отанымды мақтан етемін.


Дәптермен жұмыс

- Берілген сурет бойынша әңгіме құрастырып, әңгімелеп беріңдер. Суретті бояңдар.






Балалардың жауаптары тыңдалады.







Балалар дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлекстік коррекция

Ғажайып сөздер

Балалар оқу іс-әреекетінде үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Мен Отанымды сүйемін.

Отаным - мақтанышым.


Қорытындылау:

- Біз бүгін өзіміздің туған жер- Отанымыз туралы әңгімелестік. Біздің Отанымыз – отбасымыз, қаламыз. өз ауылымыз, өз ауылымыз, өзіміз туратын көшеміз екенін түсіндік.

- Біз отбасымызды, елімізді, жерімізді, Отанымызды мақтан тұтып, қадірлеп, құрметтейміз. Ол үшін жақсы оқып, ақылды азамат болуға тырысамыз. Айналамызға бір-бірімізге, туған жеріміздің табиғатына қамқорлық, сүйіспеншілікпен қарап, қорғаймыз. Біз осындай татулықты, бірлікті, бейбітшілікті сүйетін Қазақстан елінде тұратынымызды мақтан етеміз.


Жүректен –жүрекке


Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.

Отанды бәрі анасындай

Қастерлейді бағалап,

Өйткені, Отан баласындай,

Бізді өсірер аялап.




















Күтілетін нәтиже: «Отан» құндылығы туралы түсініктер берілді;

Біледі: Отан туралы түсініктерін кеңейді;

Білді : Патриоттық сезімдері дамыды

Жасай алады: Отанын сүюге тәрбиеленді.





































Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: « Ризамыз, саған, «Өзін-өзі тану» әлемі!»

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» оқу іс-әрекетінен алған білімдерін бекіту.

Міндеттері:

  • «Өзін-өзі тану» оқу іс-әрекетінде алған білімдерін, іскерліктерін қорытындылау;

  • Балалар бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

  • Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Ақылы бар баласың,

Айтқан тілді аласың.

Намысты болып өссең сен,

Нағыз адам боласың! - деген нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

Билингвалды сыңары: Ризамын- спасибо

Заттық дамыту ортасы: «Өзін-өзі тану» пәнінің картасы, дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.

Әрекеттер кезеңі

Педагогтың іс -әрекеттері

Балалардың іс -әрекеттері


Дәлелді –түрткі болатын


5 «Т» ережесін сақтау:

ТӘРТІП

ТАЛАП

ТЫНЫШТЫҚ

ТАЗАЛЫҚ

ТАТУЛЫҚ

Тыныштық сәті:

- Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдарда болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап , бақытқа , махабатпен тыныштыққа толы таза , шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.




Балалар шеңбер бойына тұрады.

Ұйымдастыру - іздестіруші

Әңгімелесу

Педагог өткен оқу қызметтерін еске түсіру үшін, «Өзін-өзі тану әлемінің» картасына балалардың назарын аударады. Балалар картаға қарап аялдамаларды атап шығады. Педагогтың көмегімен әр аялдамада не үйренгендерін еске түсіреді.



Балалардың жауаптары тыңдалады.



Дәлелді түрткі


Дәйексөз

Педагог балаларға

Ақылы бар баласың,

Айтқан тілді аласың.

Намысты болып өссең сен,

Нағыз адам боласың!-

деген қанатты сөзін бүгінгі оқу қызметінің дәйексөзі ретінде түсінді-реді.

Әңгімелеу

Педагог балаларға Ө. Ақыпбековтің «өзіңді тану» өлеңін оқып береді.

Өзіңді тану

Жақсы болу- өзіңнен,

Жаман болу- өзіңнен.

Өзіңді-өзің ая да,

Өзіңнен үйрен, өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын?- деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын ?-деп ойла.

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің ақыл айнасы.

Тиеді саған мәні бар,

«Өзіңді тану» пайдасы.


  • Жақсы, жаман болу өзіңе байланысты деген сөзді қалай түсінесің?

  • Өзіңді қандай баламын деп ойлайсың?

Жыл бойы өткен оқу іс-әрекеттерді еске түсіру үшін төмендегідей сұрақтар қойылады:

  • Біз адамбыз! Сондықтан да біз қандай болуымыз керек деп ойлайсыңдар?

  • Біз доспыз! Біз дос болуымыз үшін қандай болуымыз керек?

  • Біз отбасындағы жақын адамдарды қалай сыйлаймыз?

  • Біз табиғатқа қамқор болу үшін қандай көмек бере аламыз?

  • Біз Отанды сүйеміз. Отанды құрметтеу үшін не істей аламыз?

Педагог балалармен бірге қорытындылайды.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз адамбыз, сондықтан да біз әдепті, қамқор, шыншылмыз. Отбасында үлкенді сыйлап, кішіге қамқор боламыз. Бір-бірімізді ренжітпей, тату ойнаймыз. Табиғатқа әрқашан қамқомыз, Отанымызды құрметтейміз. Айналадағы адамдарды жақсы істерімізбен қуантамыз.

Ойын. «Жақсылық жасау үшін не істеу керек?»

Педагог балаларға адамның адамның, құстардың, жануарлардың, өсімдіктердің суреттерін таратып, сол суретке қарап, олармен дос болу үшін не істейтіні туралы әңгімелеп беруді ұсынады.



Дәптермен жұмыс

- Үлкендердің көмегімен ашық хатты толтырыңдар.


















Балалардың жауаптары тыңдалады.

















Балалардың жауаптары тыңдалады.













Балалардың жауаптары төмендегідей болуы мүмкін:

- Мен құстарға жақсылық жасау үшін, оған су құйып, топырағын қопсытар едім.

- Мен ағашпен /гүлмен/ дос болу үшін, оған су құйып, топырағын қопсытар едім.

- Мен балапанмен дос болу үшін, оған жем, су берер едім.

Балалар дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлекстік коррекция

Ғажайып сөздер

Балалар оқу іс-әреекетінде үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

Мен жақсы баламын.

Мен өз отбачсымды жақсы көремін.

Достарымды сыйлаймын.

Табиғатты қорғаймын.

Менің Отаным – Қазақстан.


Қорытындылау:

- Балалар, міне , біздің «Өзін-өзі тану әлеміндегі» саяхатымыз да аяқталды. Өзін-өзі тану арқылы жан дүниеміз байып, рухани құнды қасиеттерді танып білдік. Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасауды үйрендік. Өзімізді тани бастадық. «Адамгершілік» деген сөздің мағынасын түсіндік. Адамның игі іс-әрекеті, еңбек, достық, татулықтың адамның адамгершілік қасиеттері екенін білдік.

Біз енді өзімізді, отбасымызды, достарымызды, айнала қоршаған табиғатымызды, туған жерімізді, елімізді, Отанымызды сүйіп, аялап, қамқор боп, жақсылық жасай білуге үйрендік.


Жүректен –жүрекке


Балалар шеңберге тұрып Луиза Хейдің «Ризашылық» әнін педагогпен бірге орындайды.

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге! /2рет/

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге! /2 рет/



















Күтілетін нәтиже: «Өзін-өзі тану» оқу іс-әрекетінен алған білімдері бекіді;

Біледі: «Өзін-өзі тану» оқу іс-әрекетінде алған білімдері, іскерліктері қорытындыланды;

Білді : Балалар бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал етілді;

Жасай алады: Адамгершілікке тәрбиеленді.




Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Әлеумет

Бөлімі : «Өзін - өзі тану»
Тақырып:
 «Мейірімді іс - әрекет»

Мақсаты: Балалардың бойындағы дұрыс іс - әрекет құндылығын дамыту.
Міндеттері:
Қоршаған ортаны жағымды жермен қабылдай білу әдетін қалыптастыру,
-Балалардың бойында бауырлары мен жақындарына мейірімді қамқор қарым - қатынас жасау дағдыларын дамыту.
- Балаларға адамдардың игі іс - әрекеті адамгершілік құнды қасиеттердің бірі екенін түсіндіру арқылы балалардың бойына жалпы адамгершілік құндылықтарды сіңіру, игілікті істер жасау арқылы өзіне және өзге адамдарға қуаныш әкелуі деген ынтасын арттыру.
Құндылық: Дұрыс іс - әрекет
Қасиеттер: Жақсылық, қамқорлық, қайырымдылық, мейірімділік.
Заттық дамыту ортасы: «Өзін-өзі тану» пәнінің картасы, дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше.

Әрекеттер кезеңі

Педагогтың іс -әрекеттері

Балалардың іс -әрекеттері

Дәлелді –түрткі болатын

5 «Т» ережесін сақтау:

ТӘРТІП

ТАЛАП

ТЫНЫШТЫҚ

ТАЗАЛЫҚ

ТАТУЛЫҚ

Тыныштық сәті:

- Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдарда болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап , бақытқа , махабатпен тыныштыққа толы таза , шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.




Балалар шеңбер бойына тұрады.

Ұйымдастыру - іздестіруші

Балалар «өзін - өзі тану» әлемінде адамдар бір - біріне жақсы, жағымды сөздер мейірімді тілектерді шеңберде тұрып айтқанды не себепті жақсы көреді деп ойлайсыңдар?
- Өйткені шеңберде бұрыш болмайды, сондықтан жақсы тілектер өздерін күтуші барлық адамдарға келеді.


Балалардың жауаптары тыңдалады.



Дәлелді түрткі


Дәйексөз
біз бүгінгі оқу қызметімізде де жақсы игілікті істер туралы ой бөлісеміз. Игілікті істер дегеніміз бұл біздің біреуге жақсылық, қамқорлық, қайырымдылық, мейірімділік жасауымыз үлкенге, достарымызға, кішкентай бөпелерімізге көмектесуіміз - яғни бөгде адамдарға жасаған жақсылықтарымыздың барлығы игілікті істер деп аталады.

Әңгімелеу


- Енді балалар, мен сендерге игілікті істердің бірі мейірімділік дегеннің не екенін түсіну үшін «Мазасыз балапан» әңгімесі бойынша дайындалған қойылымды тамашалауға шақырамын.

Әңгіме:
Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Бір күні ол анасынан «мейірімділік деген не?»- деп сұрайды. Сен әлі кішкентайсың, өскеннен кейін түсінесің – дейді анасы.
- Бірақ балапан мазасыз еді. Ол мейірімділіктің не екенін тезірек білгісі кеп, жолға шығады. Жолда келе жатып жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып беруге көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»- дейді. Мен мейірімділік дегеннің не екенін білуім керек – дейді де ұшып кетеді. Алдынан бір қыз кездеседі, ол ағашқа ілініп қалған шарын ала алмай жүр екен. «Балапан, балапан маған шарды алуға көмектесші»- дейді. «Менде уақыт жоқ мейірімділік дегеннің не екенін білуім керек»,- дейді
- Бірінші сен шарды алып бер – дейді қыз.
Балапан ұшып барып шарды алып береді. «Мінекей сен қайырымды іс істедің, мейірімділік деген осы» - дейді.
«Қандай оп - оңай» - деп таң қалады балапан.
- Міне осылайша мазасыз балапан мейірімділік не екенін түсінген екен.

1. Бұл көрсетілімде алдымен балапанға кім кездеседі?
2. Балапан ешкіге көмектесті ме?
Оған кездесті?. Мен білемін, маған күнде анам қайырымды іс туралы әңгіме айтып береді дейді.
3. Маған да айтшы - деді балапан.
4. Балапан қызға көмектесті ме?
5. Қыз балапанға мейірімділікті қалай түсіндірді?
Мінекей, сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы деді. Ия, балалар, қарапайым нәрсемен де біреуге мейірімділік жасауға болады екен.
Ойын: «Игілікті істер» деп аталады.
Мына үстел үстіндегі жүрек бірнеше пішіндерге қиылып бөлінген. Әрбір ойынға қатысушы бала адамның игі істері туралы сөздерді айта отырып, соңынан осы бөлек пішіндерден бір бүтін жүрек құрастырады. Қанекей, балалар, ойынды бастайық.
Жақсылық, қамқорлық, қайырымдылық, мейірімділік, көмектесу.
Жарайсыңдар, қандай әдемі, мейірімді, қайырымды жүрек құрастырдыңдар. Сендердің жүректеріңде осындай жақсылық қасиеттер табыла берсін.
Ал енді балалар біз өзіміздің қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып, дүрсіліне құлақ салайықшы. Жүрегіміз бізге не дейді екен?
Қамқоршы, мейірімді бол - дейді.
Ия, балалар, ол сендерге жақсы адам әрқашан туыстарымен, жақындарына қамқоршы, мейірімді болатынын түсіндіреді.

Топпен ән айту:
Жай әуен қойып, «Игілікті істер» өлеңін айту.
Мен бәріңе әрқашан көмектесуге дайынмын.
Осындай іс болғанда мен әрқашан ия, ия, ия деймін.
Үлкендерді сыйлаймыз ба?
- Иә!
Ағаш отырғызамыз ба?
- Иә!
Анамызға көмектесеміз бе?
- Иә!
Інімізді киіндіреміз бе?
- Иә!
Досты құрметтейміз бе?
- Иә!
Иә, иә, иә, - деген адамға әрқашан қайырымды боламыз ба?
- Иә!


















Балалардың жауаптары тыңдалады.

















Балалардың жауаптары тыңдалады.













Балалардың жауаптары

- Мен балапанмен дос болу үшін, оған жем, су берер едім.


Балалардың жауаптары тыңдалады.



Рефлекстік коррекция

Қорытындылау:

- Біз бүгінгі оқу қызметімізде игі -істер жайлы білдік. Ия, балалар, ол сендерге жақсы адам әрқашан туыстарымен, жақындарына қамқоршы, мейірімді болатынын түсіндік

Жүректен –жүрекке

Топпен ән айту:
Жай әуен қойып, «Игілікті істер» өлеңін айту.
Мен бәріңе әрқашан көмектесуге дайынмын.
Осындай іс болғанда мен әрқашан ия, ия, ия деймін.
Үлкендерді сыйлаймыз ба?
- Иә!
Ағаш отырғызамыз ба?
- Иә!
Анамызға көмектесеміз бе?
- Иә!
Інімізді киіндіреміз бе?
- Иә!
Досты құрметтейміз бе?
- Иә!
Иә, иә, иә, - деген адамға әрқашан қайырымды боламыз ба?
- Иә!




















Күтілетін нәтиже: «Өзін-өзі тану» оқу іс-әрекетінен алған білімдері бекіді;

Біледі: «Өзін-өзі тану» оқу іс-әрекетінде алған білімдері, іскерліктері қорытындыланды;

Білді : Балалар бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал етілді;

Жасай алады: Адамгершілікке тәрбиеленді.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2018
2033
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі