Материалдар / Әлеуметтік педагог мамандығының ерекшеліктері

Әлеуметтік педагог мамандығының ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагог мамандығының ерекшеліктері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2021
268
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлеуметтік педагог мамандығының ерекшеліктері

Әлеуметтік педагогиканың қоғамдық мәні - қиын, қайғылы жағдайларға душар болған адамдарға - отбасыларына, балаларға көмек көрсету; оларға өмірден өз орнын табуға, өз мүмкіндіктері мен қабілет-ынтасы негізінде одан әрі дамуына жәрдем ету.

Әлеуметтік педагогикада ең алдымен «әлеуметтік орта» ұғымын анықтап алу қажет. Бұл біріншіден, кең ұғымдағы әлеуметтік болмыс, яғни, қоғам, мемлекет; екіншіден, баланың қалыптасуына тікелей әсер ететін өзіндік қоршаған ортасы.

Әлеуметтік жұмыс ұғымы - белгілі бір адамға, топқа оның әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында көмек көрсетудегі кәсіби қызметті білдіреді. Енді осы ұзақ та қиын процестің теориясын, әлеуметтік педагогика, яғни, ғалым В.Д.Семеновтың сөзімен айтсақ, «Әлеуметтік ортаның тәрбиелік ықпалы жөніндегі ғылым» ұсынады.

Ғылыми әдебиеттерде тұтастай алғанда педагогика және оның ішінде әлеуметтік педагогика философиялық білімнің шеңберінде дамыды. Дәл осы ғылым әлеуметтік педагогиканың теориялық негіздерінің әдіснамалық базасы болды.

Әлеуметтік педагогика - педагогиканың әлеуметтік, тәрбиелік және білім берушілік тұрғыдан өзіндік ерекше әдістері бар дербес саласы. Әлеуметтік педагогиканың әдістері тұлғаның өзін-өзі жетілуіне, өзін-өзі тәрбиелеуі мен дамуына бағытталған. Бала тәрбиелеу жүйесінің маңызды элементтерінің бірі - бала үшін маңызды мәселелерді шешуге әлеуметтік педагог тарапынан көмек көрсету. Бала тұлғасының дамуына педагогикалық ықпал етуі жетістікке әкелу үшін, педагог проблемалық жағдайды дұрыс шешуге және дер кезінде байқай алу қабілетін иелену керек.

Әлеуметтік педагог проблеманың не екендігі, оның шешілуіне қандай шарттардың әсер ететіні, тәрбиеленушілерге қалай педагогикалық көмек көрсету жайында хабардар болуы және педагог әрекеті балалардың проблемалық жағдайларын нәтижелі шешуіне ықпал етуі тиіс.

Әлеуметтік педагогқа қойылатын негізгі талап - баланы жақсы көру, қайырымдылық, коммуникативтілік, өз көзқарасын қорғай алу және т.б. Ол қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік талаптарын меңгеріп, оларды қолданысқа ендіре алады.

Әлеуметтік педагогикалық қызмет - баланың, жасөспірімнің отбасында, мектепте, қоғамда қалыпты қарым-қатынасқа түсуі үшін өзін-өзі ұйымдастыра білуі, сондай-ақ психологиялық ұстамдылық, сабырлылық сақтай алу үшін көмек көрсетуге бағытталған педагогикалық қызметті де қамтитын әлеуметтік жұмыс.

Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің пайда болуы мен дамуының нақты сипаттамасының негізінде жалпы адамзаттық қажеттілік жатыр.



Әлеуметтік педагог Қоңырбаева Гульзат Ерлановна




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ