Материалдар / Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың түрі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың түрі

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖОО білім алушыларға, әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың түрлеріне қысқаша түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2020
986
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың түрі



1. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың мәні, зерттелуі мен түрлері.

2. Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың түрі


Педагогикалық жобалаудың пайда болуы. Зерттеушілікке бағытталған жобалау әрекеттері педагогикалық белсенділіктің қайнар көзі ретінде мәдениет тарихында ұзақ жылдар бойы қалыптасып келді. Педагогикалық теорияның негізін қалаушы Я.А.Коменский мұғалім әрекетінде зерттеушілік бағыттар болуы оқытудың табысты болуына ықпал ететіні туралы былай дейді: «адамдарды оқытқанда олардың кітаби білімді алуына емес, олардың өздеріне аспан мен жерді, түрлі ағаштарды бақылап, заттарды зерттеу мен тануға үйреткен жөн, сонда олар біреулердің бақылағаны мен түсіндіргенін ғана есте сақтап отырмайды».

Осы идея кейін көптеген белгілі философтар мен педагогтардың еңбектерінде одан әрі жалғастырылды. Мысалы, француз философы Ж.Ж.Руссо баламен қарым –қатынаста оның шамасы жететін мәселелерді қойып, оны өз бетімен шеше білуге үйретудің маңызын айтады, ол туралы «бала үлкендердің айтуымен емес, өзі түсінуіне, білімді жаттап алу емес, өзі ойлап шығаруға» мүмкіндік жасалуын қолдайды.

Оқушының зерттеушілік ойлау әрекеттері арқылы айналадағы құбылыстарды танып білуінің маңыздылығын швейцар ғалымы И.Г.Песталлоци да атап өткен. Оның айтуынша, адамның ақыл –ойы әрекет барысында дамиды, өйткені, тәжірибеде қателіктер мен олқылықтар оңай байқалады деп, оқытудағы көрнекілік пен тәжірибенің ролін негізгі талаптар ретінде қарастырған.

Педагогикалық идеялар мен тәжірибенің даму барысында Сократтың әңгімелесу әдісі мен Ф.Динтердің дамытушы катехизация әдісіне, одан А.Дистервегтің эвристикалық әдісіне қарай жүретін бағдарлар да болғаны белгілі.

Өткен ғасырдың екінші жартысында жобалау әрекетін әлеуметтік және білім саларында ғылыми – әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге ғылымның әртүрлі салалары өкілдері үлес қосты. Олардың ішінде Дж.Дьюи, К.Поппер, Г.Саймон, В.Х.Килпатрик және т.б. бар. Атап айтқанда, Д.Дьюи еңбектерінде педагогикада «жобалау» әдіс түсінігінде қолданылса, В.Килпатрик «жоба» түсінігін әрекет нәтижесі ретінде қарастырған.

В.Килпатриктің айтуынша, кез - келген әрекет, егер ол белгілі бір мүддені көздей отырып бірлескен және жоғары деңгейдегі өз бетіндік жұмыс ретінде орындалған білім алушылар тобының әрекеті болса, онда ол жоба болып есептеледі. Килпатрик жобаның үш негізгі компоненттерін бөліп көрсетті. Олар:

Оқушылардың табиғаты мен қызығушылығына құрылған оқу материалдары;

Мақсатқа бағытталған әрекет;

Оқытуды – өмірді үздіксіз жаңғырту және одан жоғары сатыларға көтеру құралы ретінде қарастыру.

Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табады. Осыдан шығатын оқыту мақсаты – оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс–зерттеулердің әдіс–тәсілдерімен қаруландыру. В.Х.Килпатрик еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген:

1) өндірістік, немесе жасампаздық;

2) тұтынушылық;

3) интеллектуалдық, немесе басқа да проблемаларды шешуге бағытталған;

4) жоба–жаттығулар.

3. Әлеуметтік-педагогикалық жобалардың түрлері

Бүгінгі педагогикалық жүйелерде жаңарту нысанына, мақсаттық бағыттарына және нәтижелеріне байланысты жобалаудың негізгі үш түрі белсенді дамып келеді, олар:

әлеуметтік - педагогикалық жобалау, олар әлеуметтік ортаны өзгертуге немесе педагогикалық құралдар мен әдістер арқылы әлеуметтік проблемаларды шешуді бағытталады;

психологиялық - педагогикалық жобалау, оның мақсаты адамдар мен олардың қарым –қатынастарын білім беру үрдісі барысында жаңарту;

білім беруді жобалау, ол білім сапасы мен нәтижелерін, білім беру жүйесі мен оның институттарын инновациялық өзгертуді жобалау.

Педагогикалық жобалаудың деңгейлері

Педагогикалық жобалау – педагогтар мен оқушылардың, педагогикалық қоғамның қарым қатынасының жаңа түрін, білім берудің жаңа мазмұны мен жаңа технологияларын, педагогикалық әрекеттің жаңа амалдары мен түрлерін қалыптастыру үрдісі деп анықталады.

Педагогикалық жобалау бірнеше деңгейлерде жүзеге асырылады. Нақтырақ айтқанда, жобалау әрекеті негізінде пайда болатын өнімнің, нысанның нәтижесіне, қолданылуына байланысты қойылатын талаптарға орай білім беру жобалары тұжырымдамалық, мазмұндық, технологиялық және процессуалдық (үрдістік) деңгейлерде жүзеге асырылады.

Жобалаудың тұжырымдамалық деңгейі жобалау нысанының тұжырымдамасын, немесе оның болжамдық нобайын, моделін құрастыруға бағытталады. Мысалы, білім стандартының моделі, бағдарлама тұжырымдамасы, оқу жоспары жобасы, т.б. бұл деңгейдегі жоба нәтижесі универсалдық сипатта болып, келесі деңгейлердегі осыған ұқсас өнімдерді құрастырудың әдіснамалық негізі бола алады.

Жобалаудың мазмұндық деңгейі нәтиженің өзін ғана алу емес, оны пайдалану диапазондарына, қызмет ету бағытына қарай нақты сапаларын да құрастыруды көздейді, мысалы, бастауыш білім стандартын жасау, лигвистикалық гимназияны дамыту бағдарламасы, әлеуметтік педагогтар мамандығының оқу бағдарламасы, т.б.

Жобалаудың технологиялық деңгейіберілген контексте қолданылатын тәсілдердің алгоритмдік сипаттамасын беруді көздейді, мысалы, тұлғалық – бағдарлы оқыту технологиясы бойынша сабақ жоспарын құру, топтық әрекеттер әдістемесінің алгоритмі, т.б.

Процессуалдық, үрдістік деңгейжобаның тәжірибеде қолдануға дайын түрін сипаттайды, мысалы, сабақтардың әдістемелік жоспары, шараларды өткізу сценарийлері, тәрбие жұмысының әдістемесі, т.б.

В.И.Слободчиков бойынша педагогикалық жобалаудың түрлері.

В.И.Слободчиков педагогикалық жобалаудың екі түрін ажыратады, олар:

Біріншіден, оқытуды әрекеттердің тәсілдерін игеру ретінде қарастыра отырып, білім беру үрдісін педагогикалық – психологиялық жобалау;

Екіншіден, білім беру үрдістері жүргізілетін институционалдық құрылымдар мен білім беру ортасын әлеуметтік –педагогикалық жобалау;

В.И.Загвязинскийдің теориялық еңбектерінде педагогикалық жобалау мәселелері

В.И.Загвязинскийдің теориялық еңбектерінде педагогикалық жобалау мәселелері педагогикалық болжам жасауға, мұғалімнің жобалаудағы роліне негізделген. Ол білім беру үрдісінің тұтастығын төмендегі феномендермен белгілейді: «бірлескен әрекеттер», «субъектілердің теңдік қатынасы», т.б. білім берудегі жобалау әрекетінің негіздемелері болып табылдады.

Сонымен қатар, «жаратылыстану ғылымындағы «адам» туралы ғылым қай жағынан қарастырылса да, қаншалықты күрделі синтездерден құрастырылса да «адамның» педагогикалық жобалауын алмастыра алмайды. Сондықтан, бұған дейін өмір сүрген, немесе қазіргі күні өмір сүріп жатқан зерттеулерімен қатар педагогикалық жобалаудың арнайы әрекеттері қала бермек». Осы айтылған пікірден жобалаудың қайта құрушылық сипаты – жобаның және жобалау арқылы жүргізілетін әрекеттердің болашақта қайта жаңғыртуға, жаңартуға бағытталған үрдіс екені көрінеді.

Жобалау әдіснамасын білім беру саласында қарастыруға ықпал еткен Ю.В.Громыко, В.И.Борзенков, О.Г.Прикот, В.И.Слободчиков, Н.А.Масюкова еңбектерін атауға болады. Педагогикалық ғылым саласында жобалау туралы толық әрі тұтас түсінік қалыптастырған, соның ішінде, оны педагогикалық жүйелерге қатысты қолданған В.П.Беспалько болып табылады. Ол А.С.Макаренко еңбектеріне сүйене отырып, ғылыми–педагогикалық контестке «педагогикалық технология» ұғымын ендірді. Педагогикалық жобалаудың базалық компоненті ретінде қарастыра отырып «тұжырымдама» түсінігіне қосымша мазмұн берді, оқыту мен тәжірибе үрдісіне қатысты жобалау әрекетінің мәнін ашып көрсетті. Автор, сонымен қатар, жобалау қызметінің басты компоненті ретінде болашақ педагогикалық жүйенің мақсатын айқындау және қою, аралық мақсаттарды белгілей отырып, дидактикалық үрдісті жоспарлау, оқыту мен тәрбиенің мазмұны мен технологиясын таңдау, бақылау- бағалау әдістемесін жасау және оны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық шарттарын белгілеу қажеттігіне назар аударды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!