ІІІ БӨЛІМ
Әлеуметтік педагогтің өз жұмысын ұйымдастырудағы іс-қағаздары
Әлеуметтік педагог – жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік мектептерде, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда, үйлестіру мектептерінде қызмет көрсетеді. Өз жұмысын ұйымдастыруда әлеуметтік педагог ұжымда позитивті микроклиматтың қалыптасуына, тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіруге басымдық бере отырып, әр респонденттің қабілеттілігін жүзеге асыруына, тұлғалық қызығушылығын қорғауына, бос уақытын ұйымдастыруына, әлеуметтік пайдалы әрекетке жұмылуына ықпал етеді, оқушылар мен мұғалімдердің арнайы мәселелерін зерттейді, оларды шешу шараларын қарастырады. Әлеуметтік педагог оқушылардың отбасымен үздіксіз байланыста болады. Ол балаларды ата-аналардың қатігездігінен, менмендігінен, баланы басынуы сияқты проблемаларға ерекше назар аударады, балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді;
Әлеуметтік көмекке зәру отбасыларына материалдық көмек көрсету (отбасы типтеріне орай қаражаттық, патронат, әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктер, тұрмыстық көмек көрсетулер), әлеуметтік қамқорлықты ұйымдастыру (адамдармен жұмыс жасау, қызметкерлерді таңдау, озық тәжірибелерді анықтау мен тарату), адамдарға әсер ету арқылы іс-құжаттар номенклатурасын түзеді.
Әлеуметтік педагогтің іс-құжаттар номенклатурасы
-
Әлеуметтік педагогтің іс-қағаздары және нормативтік құқықтық актілер.
-
Әлеуметтік педагогтің жеке қолдану папкасы (лауазымдық міндеттері).
-
Әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары, жылдық есебі және әлеуметтік зерттеу жұмыстары.
-
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды есепке алу журналы.
-
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың картотекасы.
-
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың жеке іс-қағаздары
-
Сыныптың әлеуметтік паспорты (куәлігі)
-
Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар тізімі (жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балалары, мүгедек балалар және оралман оқушылар тізімі)
-
Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
-
Қиын балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар.
-
Оқушылардың жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастыру.
-
Әлеуметтік зерттеу жұмыстары (сауалнамалар, тест , семинар-тренингтар тағы басқа)
Әлеуметтік педагогтің жеке қолдану папкасы
(лауазымдық міндеттер)
Әлеуметтік педагогтің жеке қолдану папкасында мынадай құжаттар болуы тиіс:
-
Лауазымдық міндеттері (анкета, ереже, бұйрық, форма-2);
-
Мектептің жарғысы; лицензиясы;
-
Мектептің жылдық жоспары, педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес жоспары, тәрбие жұмысының жоспары;
-
Мектептің даму бағдарламасы;
-
Әлеуметтік педагогтің байланыс жасайтын мекемелері, мектеп әкімшілігі, мұғалімдері туралы мәлімет (мекен-жайы, сымтетігі).
Әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары, жылдық есебі
-
оқу жылына құрылған жылдық, айлық және апталық жоспар;
-
жартыжылдық және жылдық есеп (атқарылған жұмыс туралы мәлімет).
Әлеуметтік педагогтің жылдық есебі
-
Мектептегі оқушылардың әлеуметтік топтамасы (мәртебесі, категориясы);
-
«Қамқоршылық» кеңесінің жұмысы: көрсетілген әлеуметтік көмектер, «Міндетті білім қорынан» бөлінген қаржы, жаңа жыл және т.б.
-
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылармен жүргізілген әлеуметтік жұмыс
-
Оқушыларға жүргізілген зерттеу жұмыстары.
-
Жоспар бойынша атқарылған жұмыстардың жалпы қорытындысы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әлеуметтік педагогтің өз жұмысын ұйымдастырудағы іс-қағаздары
Әлеуметтік педагогтің өз жұмысын ұйымдастырудағы іс-қағаздары
ІІІ БӨЛІМ
Әлеуметтік педагогтің өз жұмысын ұйымдастырудағы іс-қағаздары
Әлеуметтік педагог – жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік мектептерде, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда, үйлестіру мектептерінде қызмет көрсетеді. Өз жұмысын ұйымдастыруда әлеуметтік педагог ұжымда позитивті микроклиматтың қалыптасуына, тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіруге басымдық бере отырып, әр респонденттің қабілеттілігін жүзеге асыруына, тұлғалық қызығушылығын қорғауына, бос уақытын ұйымдастыруына, әлеуметтік пайдалы әрекетке жұмылуына ықпал етеді, оқушылар мен мұғалімдердің арнайы мәселелерін зерттейді, оларды шешу шараларын қарастырады. Әлеуметтік педагог оқушылардың отбасымен үздіксіз байланыста болады. Ол балаларды ата-аналардың қатігездігінен, менмендігінен, баланы басынуы сияқты проблемаларға ерекше назар аударады, балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді;
Әлеуметтік көмекке зәру отбасыларына материалдық көмек көрсету (отбасы типтеріне орай қаражаттық, патронат, әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктер, тұрмыстық көмек көрсетулер), әлеуметтік қамқорлықты ұйымдастыру (адамдармен жұмыс жасау, қызметкерлерді таңдау, озық тәжірибелерді анықтау мен тарату), адамдарға әсер ету арқылы іс-құжаттар номенклатурасын түзеді.
Әлеуметтік педагогтің іс-құжаттар номенклатурасы
-
Әлеуметтік педагогтің іс-қағаздары және нормативтік құқықтық актілер.
-
Әлеуметтік педагогтің жеке қолдану папкасы (лауазымдық міндеттері).
-
Әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары, жылдық есебі және әлеуметтік зерттеу жұмыстары.
-
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды есепке алу журналы.
-
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың картотекасы.
-
Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың жеке іс-қағаздары
-
Сыныптың әлеуметтік паспорты (куәлігі)
-
Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар тізімі (жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балалары, мүгедек балалар және оралман оқушылар тізімі)
-
Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
-
Қиын балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар.
-
Оқушылардың жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастыру.
-
Әлеуметтік зерттеу жұмыстары (сауалнамалар, тест , семинар-тренингтар тағы басқа)
Әлеуметтік педагогтің жеке қолдану папкасы
(лауазымдық міндеттер)
Әлеуметтік педагогтің жеке қолдану папкасында мынадай құжаттар болуы тиіс:
-
Лауазымдық міндеттері (анкета, ереже, бұйрық, форма-2);
-
Мектептің жарғысы; лицензиясы;
-
Мектептің жылдық жоспары, педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес жоспары, тәрбие жұмысының жоспары;
-
Мектептің даму бағдарламасы;
-
Әлеуметтік педагогтің байланыс жасайтын мекемелері, мектеп әкімшілігі, мұғалімдері туралы мәлімет (мекен-жайы, сымтетігі).
Әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары, жылдық есебі
-
оқу жылына құрылған жылдық, айлық және апталық жоспар;
-
жартыжылдық және жылдық есеп (атқарылған жұмыс туралы мәлімет).
Әлеуметтік педагогтің жылдық есебі
-
Мектептегі оқушылардың әлеуметтік топтамасы (мәртебесі, категориясы);
-
«Қамқоршылық» кеңесінің жұмысы: көрсетілген әлеуметтік көмектер, «Міндетті білім қорынан» бөлінген қаржы, жаңа жыл және т.б.
-
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылармен жүргізілген әлеуметтік жұмыс
-
Оқушыларға жүргізілген зерттеу жұмыстары.
-
Жоспар бойынша атқарылған жұмыстардың жалпы қорытындысы.
шағым қалдыра аласыз













