Материалдар / ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУДАҒЫ ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУДАҒЫ ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагог жұмысының міндеті – күйзеліс жағдайларын шешу, баланың тұлғалық дамуы үшін қолайлы жағдай жасау (физикалық, әлеуметтік, рухани-адамгершілік, интеллектуалдық), оған кешенді әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, оның өмірлік кеңістігін қорғау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Сәуір 2022
731
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУДАҒЫ ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ.


Абдуллаева Маруа Абилбековна

Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің

әлеуметтік педагогы.

Баланың дамуында кездесетін кейбір ауытқушылықтармен дүниеге келуі көп жағдайда отбасын күйзеліске ұшыратады.Ерекше білімді қажет ететін баланы тәрбиелеу мен дамыту проблемасы барлық отбасы мүшелерінің ұзақ та терең әлеуметтік бейімсізденуінің себебіне айналады.

Әлеуметтік педагог жұмысының міндеті – күйзеліс жағдайларын шешу, баланың тұлғалық дамуы үшін қолайлы жағдай жасау (физикалық, әлеуметтік, рухани-адамгершілік, интеллектуалдық), оған кешенді әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, оның өмірлік кеңістігін қорғау.

Әлеуметтік педагог бала мен ересек адам арасындағы, бала мен оның айналасындағылар арасындағы дәнекер, сондай-ақ тікелей баламен немесе оның айналасымен қарым-қатынаста тәлімгер рөлінде көрінеді.

Әлеуметтік педагогтың баланың үйіне баруы оның тұратын жағдайымен, үйдегі жалпы ахуалымен танысуға септігін тигізеді. Бұдан бөлек, жұмыстың мұндай нысаны әке-шешесімен ғана емес, баланың тәрбиесіне қатысы бар отбасының басқа да мүшелерімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Кейінгі жылдары бұл ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау қазіргі күннің көкейтесті мәселелерінің біріне айнала бастағаны да белгілі болды.

Өмірлік қиын жағдайға душар болған балалар қатарына әлеуметтік аз қорғалған және жағдайы төмен отбасылардан шыққан, ата-аналарының қамқорлығынан айрылған, ерекше білімді қажет ететін және дамуында бұзылыстары бар, оқыс жағдайларға тап болған, зорлық-зомбылық көрген және де бұл қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар жатады. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымына толық түсінік бере отырып, бұл балалардың әлеуметтік-педагогикалық сипаттамасын берудің маңызы бар.

Әлеуметтік қызметкер ретінде ерекше білімді қажет ететін балалардың ата-аналарына оларды дұрыс дамыту және тәрбиелеу мақсатында төмендегідей ұсыныстар береміз:

1.Баланың ерекшелігін дұрыс түсініп, қабылдаңыз.

2.Балаңызға үнемі шыдамдылық пен сүйіспеншілік танытыңыз.

3.Әрқашан өз-өзіңізге сенімді болып, балаңызға ішкі жағымсыз қобалжуларыңызды көрсете бермеңіз.

4.Үй тұрмысына байланысты жұмыстарды балаңызбен бірге атқаруға тырысыңыз.

5.Баланың өз құрдастарымен жиі қарым-қатынаста болуына ықпал жасаңыз. Қоршаған ортамен қарым-қатынасыңызды үзбеңіз.

6.Егер балаңыздан ойыңдағыңыздай нәтиже шықпаса ренжіп,өкінбеңіз. Нәтиже міндетті түрде болады.

7. Балаңызға көмек беретін арнайы мамандармен тығыз байланыста болыңыз.

Атап айтсақ біздің мектебімізде ерекше білімді қажет ететін балалардың психологиялық-педагогикалық түзелуіне, медициналық оңалтуға бала тағдырына жауапты ұстаздар, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер бірлесіп ата-анамен тығыз байланыста жұмыс атқаруда.Олар өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуде.




«Жүрек жылуы» атты қайырымдылық іс- шара аясында мектепте ұжыммен бірлесіп аталған оқушыларға мектеп формасымен,оқу-құрал жабдығымен басқада көмек түрлерімен қамтамасыз етілді.








Ерекше білімді қажет ететін үйден оқитын оқушыларға техникалық құрал жабдықпен қолдау көрсетілді.




Сондай-ақ «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәкес ыстық тамақпен қамтылып отыр.





Егер әлеуметтік педагогикалық іс-тәжірибесінде ерекше білімді қажет ететін балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттеп, талдай алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады.

Әлеуметтік бейімдеудегі, тәрбиелеудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата- аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады.





















Shape1








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!