Материалдар / "Альфа - балалар болашағымыз!"

"Альфа - балалар болашағымыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Альфа - балалар, бұлар кімдер? Балабақша педагогтары Альфа - балалрмен жұмыс жасау жолдарын меңгереді.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

IMG20191206140816.jpg
Жамбыл облысы Тараз қаласы
№13 бөбекжай- бақша
әдіскер тәрбиеші
Бахтыбаева Жадыра Төлеухановна Мирзахмедова Гүлсара Абдухакимқызы


«Альфа- балалар болашағымыз»


Альфа ұрпағы. ХХІ ғасыр балалары - олар кімдер?
Осы сұрақ мені көп ойландырды, себебі ол балалардың басым көпшілігі балалақшада. Барлық ақпараттарды жинақтап, әдістемелік отырыста ортаға салдым.
Ғалымдар оларды «Мыңжылдықтардың» балалары деп атаған. «Мыңжылдықтар» дегендер - жаңа мыңжылдықты жасөспірім жаста қарсы алған адамдар. 1980 жылдан 2000 жылға дейін туылған балалар.
2010 жылдан 2025 жылға дейін туылған балалар.
1991 жылы екі кісі, дәлірек айтсақ, екі американдық ғалым Нил Хоу мен Уильям Стросс ұрпақ теориясын жасады. Бұл теорияға сәйкес, әрбір 15-25 жыл сайын қоғамдағы құндылықтары мен мінез-құлық жүйесі ұқсас ұрпақ туылып өседі екен.
Салыстырмалы түрде қазіргі 50-70 жастағы адамдарды алайық. Бұл Бэби Бумер ұрпағы. Олардың құндылықтары соғыстан кейінгі кезеңде КСРО-ның гүлденуі аясында қалыптасты. Бұл адамдарға оптимизм, ұжымдық рух, төзімділік және денсаулық тән. Олар білгіш, патриот, еңбекқор және бәрін өз қолдарымен жасай біледі.
Aльфа ұрпағы үшін смартфондар мен планшеттерді пайдалану - бұл қалыпты жәйт. Олар iPhone, iPad, мобильді қосымшалар дәуірінде дүниеге келді және әлемді осы компоненттерсіз елестете алмайды. Олар жаңа технологиядан қолданудан және не үшін жасалғанын білу үшін «батырмаларды басудан» қорықпайды.

Альфа балалар әлемінде Сира, Aлиса, Aлексa және Гугл виртуалды көмекшілерінің дауыстарын есту қалыпты жағдай. Олар үшін жасанды интеллектпен «ынтымақтастық» таңқаларлық емес.

Ғалымдар Альфа балаларын оқыту туралы не айтады?
1. Балаларға алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік туғызатын практикалық тәсілмен қатар, ең жаңа технологияларды қолданатын әдістеме ең тиімді оқыту болады.
2. Сыни тұрғыдан ойлау және мақсаттарды / мәселелерді шешу болашақ балалар үшін өте маңызды дағдыларға айналады. Бұл дағдыларды дамытуға бала кезінен айналысу керек.
3. Топта жұмыс істеу қабілеті олардың қандай да бір мәселелерді шешу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді, өйткені бұл мәселені әр қырынан қарастыруға мүмкіндіктері бар.
4. Aльфа-балалары жасанды интеллектпен қоғамдастықта өмір сүретін болғандықтан, оларға шығармашыл болып қана қоймай, ұшқыр ой қажет.
5. Ғалымдар дәл осы Альфа ұрпағы - Марс пен Айдың қоныстануын бастайтын ұрпақ болады дейді. Олар бүкіл адамзат тарихында ешкім өздерінен бұрын жасамаған нәрсені жасайды.
Альфа ұрпағының өкілдері - жазу мен оқуды үйренуден бұрын Youtube-ты қалай қолдануды білетін бала. Ол үшін бос уақыттың ең қолайлы түрі - Интернетте, әлеуметтік желілерде серуендеу және бейнежазбаларды қарау. Жалпы, олардың өмірінде видео басым рөл атқарады. Қазірдің өзінде олар интернеттен ақпарат алады, оқиды, бос уақытын сонда өткізеді, видео арқылы байланысады. Яғни,Youtube альфа ұрпағын уысында ұстайтын құралдың өзі.
Соңғы кезге дейін осындай жас ұрпақ өкілдерімен қарым-қатынас көбінесе олардың ата-аналары арқылы жүрді. Бірақ бұл тенденция біртіндеп өзектілігін жоғалтады. Бұрын балалар өздерін қызықтыратын мазмұнды жазуды және оқуды үйренгенде ғана өздігінен таба алатын. Енді, дауыстық теру функциясының арқасында бұл мәселе жеңілдеді. Бала сөйлеуді үйрене салысымен Интернет-қоғамдастықтың дербес субъектісіне айналады. Дауыстық бұйрық арқылы қалаған желісіне кіреді.Бұл үшін оған енді ата-анасының көмегі қажет емес. Альфа ұрпағының өкілдері бесіктен белі шықпай жатып озық қолданушыларға айналады. Бірақ бұл мәселенің екінші жағы да бар - австралиялық ғалымдардың болжамдары бойынша семіздік проблемасы бұрын-соңды болмаған ауқымға дейін өседі, өйткені компьютердің алдында қозғалмай отырып, тамақты да сол жерде жеген баланың тағдыры не болмақ?

Альфа ұрпағы қандай болады?
Демографтар прогрестің қозғаушы күші Альфа ұрпағының балалары болады деп санайды. Олар алдыңғы буын өкілдеріне қарағанда салмақты, позитивті, агрессивті емес. Әрбір жаңа ұрпақ алдыңғы ұрпаққа қарағанда еркінірек. Олар сондай-ақ сауатты, білімді болады, өйткені олардың білімі ертерек басталады (іс жүзінде бала сөйлеуді үйреніп, планшет немесе смартфон алған кезден бастап) және өмір бойы жалғасады.
Альфа ұрпағының балалары сырттай тәрбиеден гөрі өзін-өзі тәртіпті ұстауға бейім. Олар құрылымдар мен ұйымдарды емес, өмір салты мен ойларын ұстануға тырысады. Олар технологияға тәуелді және көп тапсырманы ұстанушылар. Бір қызығы, Альфа ұрпағының өкілдері енді виртуалды шындықсыз, смартфондарсыз, электронды кітаптарсыз, мобильді құрылғыларсыз әлемді елестете алмайтын, олардың өмірі Интернетпен тығыз байланысты болады.
Сол себекпті балалардың смартфондар мен планшеттерді, интернет желісін денсаулықтарына күш түсірмей, дұрыс әрі тиімді қолдану жолдарын жүйелеп іс-тәжірибеге енгізу мақсатында тәрбиеші Мирзахметова Гулсараға «Альфа- балалар әлемі» атты жоба жүргізуді міндеттедім.

Тақырыбы: «Альфа- балалар әлемі»
Мақсаты: Aльфа -балалары жасанды интеллектпен қоғамдастықта өмір сүретін болғандықтан, олардың креативтілігін және ұшқыр ой қабілеттерін қалыптастыру. Балалардың жан- жақты дамуына, жақсы нәтиже, оң ықпалын тигізу үшін, заман талабын ескеріп, гаджеттерді тиімді пайдалану. Денсаулығына зиян келтірмеу.
Күтілетін нәтиже: Aльфа -балалары жасанды интеллектпен қоғамдастықта өмір сүре алады, олардың креативтілігі мен ұшқыр ойы қабілеттері қалыптасады. Балалардың жан- жақты дамыды, жақсы нәтиже, оң ықпалын тигізе алды, заман талабын ескерілді, гаджеттерді тиімді пайдаланды. Денсаулығына зиян келтірмеді.



балалардың креативтілігі мен сыни ойлауын дамыту үшін, оқу қызметтерінде гаджеттерді тиімді пайдалана білгенде балалардың қызығушылығы артып оқуды жақты меңгеретіндіктері байқалды, белсенділіктері артты. Гаджеттерді пайдалану 10 минуттан аспауын қадағалаймыз.

Қорытынды:
Альфа буыны мен Интернет бір-бірімен тығыз байланысты. Өсіп келе жатқан болашақтың мобильді қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін біз қазірден өзгеруіміз керек. Әрине, альфа буынының ерекшеліктері туралы 10 жылдан кейін, оның өкілдері өскен кезде, толық сеніммен айтуға болады. Бірақ содан кейін олардың сұраныстарына бейімделуге тырысу өте кеш болады, өйткені көпфункционалды және шыдамсыз Альфа балалар тышқанды бірінші шерту арқылы қалағанын алуы керек. Олар кешігуді кешірмейді.
Сол себепті, біз педагогтар ата- аналармен бірлесе отырып балаларды жақсы түсінуге, бақытты болып өмір сүруіне өз орындарын табуына көмектесуіміз керек.



ЖИ арқылы жасау
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі