Материалдар / "Алғаш домбыра үйренушіге арналған әдіс"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алғаш домбыра үйренушіге арналған әдіс"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Алғаш домбыра үйренушіге арналған әдіс». Бұл мақалада қазақтың ұлттық аспабы домбыраны қалай нотасыз, жылдам әрі жеңіл үйренуге болатыны баяндалады. Домбыраны үйрену арқылы ұлттық рухты бойына сіңіріп өседі. Домбыра үйренудің көптеген әдіс — тәсілі бар. Мен ұсынып отырған әдіс үйренушіге қолайлы жағдай туғызатын болады. Сонымен қатар, домбыра аспаның құрылысын және құпия ережені жаттау арқылы аспапты тез үйрену әдісі көрсетіледі. Домбыра үйренуші нотасыз домбыра үйрену әдісін меңгеріп, оны кез келген адамға үйрете алатындай білімін толықтырады. Домбыраны нотасыз үйрену заманауи және заманның ерекшелігін ескере отырып, жан-жақты тұжырымнан, іс тәжірбиеден сәтті өтіп, өзінің жемісін көрсететін қолайлы әдіс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2024
151
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алғаш домбыра үйренушіге арналған әдіс

Ревшенов Шынгыс Айтбаевич.

Тараз қаласы, №6 орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі.

shyngyssaitbai@mail.ru



Кіріспе

«Алғаш домбыра үйренушіге арналған әдіс». Бұл мақалада қазақтың ұлттық аспабы домбыраны қалай нотасыз, жылдам әрі жеңіл үйренуге болатыны баяндалады. Домбыраны үйрену арқылы ұлттық рухты бойына сіңіріп өседі. Домбыра үйренудің көптеген әдіс — тәсілі бар. Мен ұсынып отырған әдіс үйренушіге қолайлы жағдай туғызатын болады. Сонымен қатар, домбыра аспаның құрылысын және құпия ережені жаттау арқылы аспапты тез үйрену әдісі көрсетіледі. Домбыра үйренуші нотасыз домбыра үйрену әдісін меңгеріп, оны кез келген адамға үйрете алатындай білімін толықтырады. Домбыраны нотасыз үйрену заманауи және заманның ерекшелігін ескере отырып, жан-жақты тұжырымнан, іс тәжірбиеден сәтті өтіп, өзінің жемісін көрсететін қолайлы әдіс.


Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы. Ұлттық мұрамызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу әрбір қазақтың міндеті. Ал бірақ қалай жеткіземіз? Ол үшін өзіміз домбыра тартуды үйреніп, оны болашақ ұрпағымызға үйретіп отырудың өзі жеткілікті. Домбыраны қалай оңай үйренуге болады? Мысалы сіз «Адай» күйін үйренгіңіз келді? Сіздің алдыңызға «Адай» күйінің нотасын берді, әрине, сіз түк түсінбейсіз? Себебі музыка пәні 1-6 сынып аралығында ғана болды және сіз ол уақытта ноталық сауатты толық меңгере алмадыңыз немесе ұмытып қалдыңыз?

Сіз бұл күйді үйрену үшін сізге бірінші нота үйрену қажет болады. Ал нота үйрену екінің бірінің қолынан келмейді немесе шыдамы жетпейді. Суретке қараған оқушы ноталық белгілерді түк түсінбейді.



Осы мақсатта мен «Ноталық білімсіз домбыраны жылдам үйрену әдісі». тақырыбында қарапайым әдісті ұсынуды жөн көрдім. Ол үшін мына қадамдарды орындау қажет:

  1. Домбыра аспабының құрылысымен танысып, жаттау

  2. Құпия ережені жаттау





БАР БОЛҒАНЫ ЕКІ ҚАДАМ.

  1. Домбыраның құрылысы.




























1-сурет

Бұл суреттен бізге маңыздысы: ішектері (үстіңгі және астыңғы); пернелері (19).


  1. Құпия ереже

Оң қолға қатысты:

П – төменгі қағыс (1 саусақ орындайды)

V – жоғары қағыс (бас бармақ орындайды)


Сол қолға қатысты:

п – перне

н – нүкте

о – ашық ойнау



Бұл ереже бойынша домбыра үйренушіге бөлшек түрінде жазу ұсынылады.










1Shape1

0

П

1



-мысал:

үстіне жазылғанды үстіңгі ішекте басамыз

ортасындағы қағысы (оң қолға қатысты)

астына жазылғанды астыңғы ішекте басамыз.



(құпия ережені еске түсіреміз: н-нүкте, п-перне, 0-ашық ойнау, П-төменгі қағыс)


2-мысал:


Shape2

0

П

1п1



0 – ашық ойнау (яғни бұл жерде үстіңгі ішекте перне басылмайды)

П- төменгі қағыс

1п1 – бірінші пернені бірінші саусақпен басу.



1 мен 2 мысалдың айырмашылығы: п мен н әрпінде: н – нүкте, п – перне.

Домбырада нүкте әр жерге қойылған. Ал перне басынан бастап саналады. Сондықтан нүкте мен пернені шатастырмау қажет. Нүкте кейбір пернелерге орналасқан.


3-мысал:


Shape3

б

V

4



б – 2 нүктені бас бармақпен басу

V – жоғары қағыс

4 – 3нүктені 4-ші саусақпен басу.




4-мысал:


Shape4

б

П

4п1



б – 2 нүктені бас бармақпен басу

П – төменгі қағыс

4п1 – 4 пернені 1-ші саусақпен басу.



Осы ережелерді мұқият үйреніп, түсініп, жаттау қажет.

Енді негізгі мақсатымызға оралайық. Біз «Адай» күйін үйренуді жоспарлап едік. Ендеше, «Адай» күйін осы ережемен үйреніп көрейік.


1Shape5

0 0 0 0 0 0 0 0

П V П V П V V V

1 0 1 0 1 1 1 1



)






Бұл үзіндіде үстіңгі ішек бірыңғай ашық ойналады. Ал астыңғы ішекте бірінші нүктені бірінші саусақпен басу және ашық ойнау кездеседі.

Домбыраны әркім әртүрлі үйренеді. Біреу нотамен, біреу сандық әдіспен, біреу көріп, қайталау арқылы. Менің сіздерге ұсынып отырған бұл әдісім сандық әдіске жақын, бірақ біршама ыңғайланып, ерекшеленіп және түсінікті түрде құрастырылған.


Қорытынды.

Қазіргі заманның оқушылары әлеуметтік желілердің жетегінде жүргені рас. Ал әлеуметтік желілер адамды сабырсыздыққа, асығыстыққа жетелеп жатқандай. Өйткені, қысқа-қысқа видеоларды көріп өсіп жатқан жастар ұзақ видеолар көруге сабыры жетпей барады. Тура сол сияқты кез келген істің қысқа-нұсқасын жақсы көреді. Ал домбыраны нотамен үйретуді бастасақ, қазіргі шәкірттер бірден жалығып, домбыраны үйренгісі келмей қалатындау қауіп бар. Сол үшін ең алдымен осындай қарапайым әдістермен домбыраны меңгеріп алған жөн. Ал болашақа музыкалық бағытты таңдайтын оқушылар үшін 2-3 жылдан кейін ноталық сауатты үйретіп бастау қажет.

Бұл әдіспен домбыра үйрену үшін сіз маған бір сағатқа ғана келсеңіз жеткілікті. Бір сағатта осы ережені түсініп, жаттап аламыз. СЕБЕБІ БҰЛ ӘДІСТІ БАСТАПҚЫДА АСПАППЕН КӨРСЕТІП, ТҮСІНДІРУ ҚАЖЕТ! Ал қалған сабақтарда тапсырмаларды осы бөлшек түрінде жазып алып, үйде орындап отырсаңыз жеткілікті.

Әрбір ұстаз өз ісінің жан-жақты шебері болу қажет. Домбыра үйренушіге ұсынылған бұл әдіс домбыра аспабында бір шығарманы бір аптада үйренуге үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!