Алғашқы әскери дайындық пәнінің патриоттық
тәрбие берудегі ролі
Үштөбе қаласының
гуманитарлық колледжі алғашқы әскери
және
технологиялық дайындық пәнінің
оқытушысы
Мелисов Руслан
Ермекұлы
Алғашқы әскери дайындық
азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында
әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып
табылатындықтан, қазіргі кезеңде «Алғашқы әскери дайындық» пәнін
оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан
Республикасының Әскери доктринасы, «Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштері және Қорғанысы туралы» және «Әскери міндеттілік және
әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының
талаптарына сәйкестікте жүзеге асып
отыр.
Алғашқы әскери дайындық –
Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер
және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк
жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады. Алғашқы әскери дайындық
меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық
типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу
орындарында (колледждерде), кәсіптік- техникалық мектептерде
(кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу
жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып
табылады. Әскери-патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз
ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне,
төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс
пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет. Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс
негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, оқушылардың
өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал
ету. ҚР ҚК туралы Заң қабылдануына байланысты білім беру саласы мен
мектептегі АӘД сабағына мемлекеттік пән мәртебесі беріліп, әскерге
даярлау мен жас жеткіншекке отаншылдық тәрбие беру жұмысына Үкімет
тарапынан көңіл берілуде. Пәннің міндеті – келешекте Отанын, жерін,
елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл, қыз тәрбиелеу,
әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау.
Патриоттар даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар
мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау
үшін АӘД пәні мұғалім-ұйымдастырушыларына үлкен талап қойылады,
сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу жеткіліксіз, сонымен
қатар жан-жақты білімді, тың ақпараттардан хабары мол болуы шарт.
Әскери пәндерді оқыту арқылы Қазақстан Республикасы азаматын
тәрбиелей отырып, оқыту арқылы адамгершілік-рухани тұрғыда егемен
еліміздің ұлттық сана-сезімі мен намысы оянған, рухани ойлау
дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, бойында білімге негізделген
ізгілікті қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеуге болатынына
біздің көзіміз жетіп отыр. Алғашқы әскери дайындық және дене
тәрбиесі пәндері бірін-бірі толықтырып тұрады. Дене шынықтыру
сабақтарын саптық дайындықсыз өткізу мүмкін емес, себебі ол
гимнастиканың негізі болып табылады. Ол өз негізінде өмірдің
қауіпсіздік негіздері пәнімен қосыла, болашақ бастауыш әскери
дайындық пәнінің негізін қалайды. Ал, АӘД пәні жастарды болашақ
Отан қорғауға дайын болуға, патриотизмге тәрбиелейді десек, ол
мақсатқа дене тәрбиесіз жету мүмкін емес. Өскелең ұрпақты осындай
биік мақсаттарға жетелеу үшін 1-сыныптан бастап париотизмге,
Отанын, елін сүюге тәрбиелеу – мектептің негізгі міндеті. Жыл сайын
мектептерде АӘД пәнін бастау жайлы бұйрық жүйелі түрде беріледі,
осы бұйрықта аудандық әскери комиссариаттың ұсынысымен: «Дене
шынықтыру сабақтарындағы саптық пәндер ҚР Әскери жарлықтарының
талаптарына сай берілсін», — деген сөздер айғақтайды, яғни саптық
пәрмендерді, әскери терминологияны жүйелі оқушылар санасына жас
кезінен енгізу болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды: бұл екі пән
егіз және оларды қатар алып жүру мұғалім үшін үлкен парыз.
Жастардың алғашқы әскери дайындығы мынандай мақсатта өткiзiледі:
Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiн, мемлекет
қорғанысының негiзiн жастардың оқып үйренуi; Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерiнiң тағайындалуын, оның сипаты мен ерекшелiктерiн,
Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиеттi борышы ретiндегi
әскери қызмет мәнiн, әскери анттың негiзгi талаптарын, Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жарғыларын жете түсiнуi; әскери
бөлiмдердегi ұрыстық техника және қару- жарақпен, жеке құрамның
тұрмыс-тiршiлiгi және олардың орналастырылуымен танысуы; қажеттi
әскери бiлiм мен практикалық дағдыларға ие болуы; төтенше
жағдайларда адамның тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiздiк негiздерiн
менгеруi оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет
ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері
негізінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери
қызметке шақырылған азаматтар қысқа уақыт ішінде мерзімді әскери
қызмет өтеу шарттарына бейімделіп, сеніп тапсырылған әскери техника
мен қару-жарақты меңгере алатындай жағдайда даярлау; оқушыларды
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас
түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру; оқушыларды қарулы
қорғаныс ролі нақты түрде өсіп отырған Қазақстан Республикасындағы
өмірге даярлау. Алғашқы әскери дайындыққа үйретудің басты
міндеттері негізінде нақты дидактикалық тапсырмалар қарастырылады,
оның ішінде аса маңыздысы оқушылардың сенімділігін, саналы түрде
Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігін, әскери
қызметке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады.
Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша «Алғашқы әскери дайындық»
пәнінің мазмұны пәннің мақсат-міндеттеріне және оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады. Пән бойынша оқу бағдарламасының
мазмұнын іріктеуде жалпыдидактикалық ұстанымдар: табиғи
үйлесімділік, практикаға бағыт ұстану, сабақтастық, саналылық,
көрнекілік, белсенділік, жүйелілік пен бірізділк принциптері
басшылыққа алынды. Үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатылары
арасында әдіснамалық, мазмұндық, оқытудың әдістемесі мен
технологиясы деңгейінде сабақтастықты қамтамасыз етеді. Көрнекілік
ұстанымы нақты жағдайда қарым-қатынастың «болуын» көрсететін барлық
көрнекілік құралдарын (вербалды, иллюстрациялық, сонымен қатар
мұғалім сабақ барысында қолданатын қимыл-қозғалыстар) пайдалану
қарастырылады. ҚР ҚК туралы Заң қабылдануына байланысты білім беру
саласы мен мектептегі АӘД сабағына мемлекеттік пән мәртебесі
беріліп, әскерге даярлау мен жас жеткіншекке отаншылдық тәрбие беру
жұмысына Үкімет тарапынан көңіл берілуде. Пәннің міндеті –
келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол,
жігерлі ұл, қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық
жағынан дайын азамат даярлау. Осылайша, әскери пәндерді оқыту
арқылы Қазақстан Республикасы азаматын тәрбиелей отырып, оқыту
арқылы адамгершілік-рухани тұрғыда егемен еліміздің ұлттық
сана-сезімі мен намысы оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,
мәдениетті, еңбекқор, бойында білімге негізделген ізгілікті
қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеуге болатынына біздің көзіміз
жетіп отыр. Іскер ұстаздың тағы бір жетістігі – пән кабинетін
талапқа сай жабдықтауында. Кабинеттегі Абылай хан, Б. Момышұлы, Т.
Әубәкіров, Т. Бигелдинов, С. Нұрмағанбетов, сол сияқты
жерлестеріміз Қ. Қамзин, С. Мүткенов т.б. туралы деректер
оқушыларға ерлік тағылымымен табындырар ұлы тұлғалар туралы сыр
шертеді. «Алғашқы дәрігерлік көмек», «ҚР Қарулы Күштері рәміздері»,
«Атыс дайындығы», «Саптық дайындық», «Тактикалық дайындық»,
«Әскерге бару – азамат болу», «ҚР Қарулы Күштерінің жарлығы» сияқты
стенділер оқушылардың әскери ережелерді жадында сақтауына әсер
етеді. Кабинетте тәулік кезекшілік бөлмесі және қару-жарақ
сақтайтын бөлме болғаны абзал. Ортада ұрыс алаңы бейнеленген жайма
тақталарын да орналастыруға болады. Осы материалдық база
оқушылардың әскери тәртіпті сақтап, үйренуіне ықпал етеді.
Оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеуде сабақтан тыс шаралардың да
маңызы зор. Жыл сайын 9 сәуір мен 9 мамыр аралығында Жеңіс күні
құрметіне әскери патриоттық айлық өткізіледі. «Рухты әндер –
ерлікке бастар ұлы күн», «Ел тірегі – рухты ән» атты байқауға
оқушылар асқан жауапкершілікпен қатысып, мол әсер алады. Байқауда
«Атамекен, қазағым менің», «Отаным – бақыт ордасы», «Елім менің»,
т.б. әндер орындалып, әр топтың киім үлгісі кештің мәніне әр
береді, жеңімпаздар анықталады. АӘД кабинеті алғашқы әскери
дайындық бағдарламасы бөлімдерін теориялық және практикалық жағынан
оқып үйренуге, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта үйірме жұмыстарын
өткізуге және оқушылардың өз бетінше сынақтарға дайындалуына
арналған.
«Білімденудің ошағы – мектеп.
Тәрбиенің ауданы одан кең, түбі терең. Адамның өсетін, балалық,
жеткіншектік дәуірі түгілі тәрбиенің әсері жігіттік, кекселік кезде
де қалмайды. Тәрбие сәулесі түспейтін адамның ешбір қалтарысы жоқ.
Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір де болмақ емес»
деп Ж. Аймауытов айтқандай, тәрбие беру үздіксіз үдеріс болып
табылады. Осы мақсатта мектептің жылдық жоспарына сәйкес біздің
мектебімізде әскери-патриоттық шаралар өтуде. Олар: 1. Кеңес
Одағының батыры Қ. Камзин, С. Мүткенов жүлделеріне арналған
пневматикалық мылтықтан ату турнирі. 2. Әскери спорттық ойын –
«Алау». 3. «Сапта жүру мен ән айту» байқауы. 4. Ұлы Отан соғысы
және тыл ардагерлерімен, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу. 5.
Әскери-қолданбалы спорт түрінен жарыс. 6. «Ерлік сабақтары». 7.
«Кәнеки, жігіттер» байқауы. 8. «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» 9.
Интеллектуалдық ойындар. 10. Далалық оқу жиындары. Оқушыларды оқыту
мен тәрбиелеудің міндеті олардың бойында іскерлік, білімдік
дағдыларымен қатар туған жерін, елін сүйетін, ел дәстүрін
қастерлейтін мәдени парасаттылық сезімін тәрбиелеумен астасып
жатыр. Оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеуде басқа
пәндермен қатар алғашқы әскери дайындық пәнінің атқаратын жүгі
қомақты. Дені сау, мықты болашақ жауынгерлерді тәрбиелеудің
маңызды- лығын жан жүрегімен түсініп, оқушыларды ерлік дәстүр
рухында тәрбиелеуді мақсат тұтқан ұстаз ғана ел намысын қорғайтын,
пендешілік мүддеден ұлт мүддесін жоғары қоятын шын мәнісіндегі
азаматтарды тәрбиелей алады. Тұлғаны тәрбиелейтін ұстаздың өзі де
тұлға болуы тиіс. Ол өзінің еңбекқорлығымен және әр істі зор
жауапкершілікпен атқаратын іскерлігімен танылады. Әр оқушыны бала
ретінде емес, терезесі тең азамат ретінде, елдің ертеңі ретінде
бағалап, зор сенім артуы арқылы балғын жігіттердің сеніміне ие
болады. Әр шәкірт оны ұстаз-аға, ұстаз-дос ретінде таниды.
«Тәрбиелі – тәртіптің құлы» екенін терең түсінген ұстаз әр
жасөспірімнің сыйлауы азаматтық парасат екенін санаға сіңіреді.
Ата-аналармен тіл табысып, пәнге қажет әскери форманың болуын
түсіндіреді, өз мақсатына қол жеткізеді және бұл міндеттің
маңыздылығын жергілікті басылым арқылы бүкіл аудан мектептеріне
мәлімдейді. Мектеп қабырғасындағы оқушыларға әскери-патриоттық
тәрбие тек қана 10-11 сыныптарда өтілетін алғашқы әскери дайындық
сабағында ғана емес, барлық сынып оқушыларына, сыныпта және
сабақтан тыс өтілетін іс-шаралар арқылы да беріледі. Осы мақсатта
алғашқы әскери дайындықпен жастарды әскери-патриоттық жағынан
тәрбиелеу сапасы көбінесе оқу орындары мен білімді ұйымдастыратын
мекемелердің оқу базасының бар болуы мен жағдайына байланысты
болады.