
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Алғашқы ғарышкерлер. Сын есімнің шырайлары
Қысқа мерзімді сабақ жоспары |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы |
5.9. 4. Аспан әлемінің құпиялары |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ: Қазақ тілі |
Мектеп: С.Лапин атындағы №261 орта мектеп |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 9.04.2018 жыл |
Мұғалімнің аты-жөні: Дүйсенбаева Г. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 |
Қатысқандар: 20 Қатыспағандар: 0 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Алғашқы ғарышкерлер. Сын есімнің шырайлары |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.Т/А4.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. 5.ӘТН4.3.Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: - Мәтінді оқу түсініп оқып, тірек сөздерді табады; - Жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды; - Сапалық сын есімдерді салыстырмалы, күшейтпелі шырайға айналдырады; - Заттанған сын есімдерді дұрыс қолданып, сөйлемді толықтырады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: - Оқылым және тыңдалым мәтініндегі ортақ ойды шырай түрлерін қолдана отырып табады; - Тақырыпқа қатысты аяқталмаған сөйлемді жалғастыруда зеректік танытады. Кейбір оқушылар орындай алады: - Мәтіндегі ойды өмірмен байланыстырып, сыни тұрғыдан шығармашылықпен дәлелдейді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Алғашқы ғарышкерлердің ғарыштағы сапарын баяндайды. Шырай түрлерінің жасалу жолдарын біледі. Сын есімдерді зат есімдердің орнына қолданады.
Пәнге қатысты сөздік қор
мен терминдер: Ғарышқа ұшырылған жануарлар,тұңғыш ғарышкерлер, қазақ ғарышкерлері, Лайка, Белка, Стерелка, І Альберт, ІІ Альберт, VI Альберт есімді маймылдар, Ю. Гагарин, В.Терешкова, Т.Әубәкіров. Талқылауға арналған сұрақтар:
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Астрономия, Тарих |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Аспан әлемінің құпиялары туралы зерттеулер Сапалық, қатыстық сын есімдер |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
- өмір бойы оқуға дайын болу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1 минут 1 минут 2 минут 1 минут 1 минут Сабақтың ортасы 5 минут
1 минут
10 минут
4 минут
5минут
7 минут
|
І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, «Гүл шоғындағы ыстық лебіз» тренингі арқылы сыныпта жағымды ынтымақтастық ахуал туғызуға бағыттаймын. «Ең, ең» сөзін қолдана отырып, аспан әлеміндегі ғаламшарлар бойынша топқа біріктіремін. 1-топ: Ай - Жерге ең жақын аспан денесі. 2-топ: Юпитер - ең алып ғаламшар. 3-топ: Плутон – ғаламшарлардың ішіндегі ең кішісі. ІІ Үй тапсырмасын сұрау. 4-тапсырма. Мәтінді оқып, сын есімдерді табыңдар. Өздерің тапқан сын есімдерді сапалық және қатыстық деп ажыратыңдар. «Қос шеңбер» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. «Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы оқушылардың үй тапсырмасы тексеріледі. Қалыптастырушы бағалау: «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін өзара бағалайды. Кері байланыс: «Ауа райы» әдісі бойынша таратылған күн белгісіне тапсырманы орындаудағы жетістіктерін, бұлт белгісіне түсініксіз немесе орындауда қиындық тудырған тұстарын жазады
«Мозаика» әдісімен қима қағаздағы сөздерді құрастырып, жаңа тақырыпты табады. ІІІ Жаңа тақырып. Алғашқы ғарышкерлер. Сын есімнің шырайлары Мұғалім түсіндірмесі Слайдта көрсетілген үйлердің көлемін сын есіммен айтқызу. Бағыттаушы сұрақ: Үйлердің биіктігі бірі екіншісіне қарағанда қандай? Биік- биігірек- тым биік. Бір тектес сапалық сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп атайды. Мысалы: қызыл-ырақ сөзі заттың сынын салыстырмалы түрде көрсетіп тұрса, қып-қызыл сөзі бір заттың сынын екінші заттың сынына қарағанда күшейтіп көрсетіп тұр. Шырай жасауға негіз болатын тұлға- сапалық сын есімдер. Сын есімнің екі түрлі шырайы бар. 1. Салыстырмалы шырай - бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстыру арқылы оның артық немесе кем екендігін білдіретін шырайдың түрі. Салыстырмалы шырайдың жасалуы: -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: үлкен – үлкенірек, қызыл – қызылдау. 2. Күшейтпелі шырай – біркелкі сындық белгінің бірі екіншісінен өте артық немесе өте кем екендігін білдіретін шырайдың түрі. Жасалуы: 1) сын есімге күшейткіш буын қосарлануы арқылы жасалады: үп-үлкен, қып-қызыл; 2) өте, аса, тым, ең, тіпті, орасан, кілең және тағы басқа күшейткіш сөздердің сын есімдермен тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: өте үлкен, тым қызыл, аса үлкен, орасан зор. Сын есімнің заттануы
жалғанса, сын есім зат есімнің орнына жүреді. Сын есімнің зат есім орнына жұмсалуы сын есімнің заттануы деп аталады. Мысалы: Ақылды (кім?) байқап сөйлейді, ақымақ (кім?) шайқап сөйлейді. Ақылды, ақымақ (адам) – бастауыш. Еріншектің (кімнің?) ертеңі бітпес. Еріншек тің (адамның?) – анықтауыш. 2. Сын есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің жалғауын меңгеріп, заттанады. Мысалы: Білімдіден (кімнен?) шыққан сөз, талаптыға болсын кез. (Абай.) Үлкенге (кімге?) құрмет, кішіге (кімге?) ізет. Жасы кіші болса да, ақылдыны (кімді?) аға тұт. Жақсыда (кімде?) жаттық жоқ. Оқылым/айтылым. Топтық жұмыс. Оқылым алды тапсырма. Ой қозғау. Аспан әлемін сын есімдерді қатыстырып сипаттау.
б
қызықты ғаламшарлар Оқылым тапсырмасы. 1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтінді жеке түсініп оқып, «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша берілген топтық тапсырманы орындайды. 1-топ: «Кластер» әдісі арқылы мәтіндегі тірек сөздерді жазады. 2- топ: «Кафель» әдісі арқылы суреттерді ретімен орналастырып, мәтін мазмұнын баяндайды. 3- топ: Тұжырым кестесін толтырады.
Бағалау критерийлері:
Дескрипторлар: - Мәтін мазмұнын ашатын тірек ұғымдарды кестеге жазады. - Мәтін мазмұнын өз сөзімен әңгімелейді. - Сын есім шырайларын, заттанған сын есімдерді қолдана отырып, мәтіндегі негізгі ойға байланысты өз пікірін білдіреді. Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша топтық бағалау жүргізіледі. Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі арқылы тақырыпты қаншалықты дәрежеде түсінгенін анықтаймын. Қызыл түс- мен тығырыққа тірелдім, ештеңе түсінбей қалдым. Сары түс- мен түсінемін, бірақ барлығын емес. Жасыл түс – мен жақсы түсіндім және басқаға да түсіндіре аламын. Оқылымнан кейінгі тапсыма. «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы жетекші сұрақтарға жауап береді. Мұғалімнің жетекшілігімен сұрақ қоюды өздері жалғастырады.
Тыңдалым∕жазылым. Жұптық жұмыс 4-тапсырма. №45-аудионы тыңдаңдар. Оқылым мен тыңдалым мәтіндері негізінде сын есім шырайларын қолдана отырып, Венн диаграммасын толтырыңдар.
Дескрипторлар:
«Орындықтағы стикер» әдісі арқылы сұралады. Қалыптастырушы бағалау: «Бағалау сэндвичі» арқылы бағалау. 1-қабат – тапсырманы орындағаны туралы оң пікір. 2-қабат – толықтыруды қажет ететін түзетулер енгізу. 3-қабат – алдағы оқуына бағдар беру. Кері байланыс: «Архиватор 3-2-1» әдісі бойынша Тапсырма орындаудағы 3 маңызды ақпарат. Тапсырманы орындаудың 2 қиын тұсы. Мұғалімге немесе сыныптасына 1 ұсыныс. Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар 1-деңгей. Сөздерді сәйкестендір.
2-деңгей. Кестенің екінші бағанын толтыр.
3-деңгей. Адамзаттың ғарышты игерудегі жетістіктерін бүгінгі өмірмен байланыстырып, пирамидаға орналастыр.
Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау. Кері байланыс: «Табыс сатысы» әдісі. 1-саты: Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндім. 2-саты: Алған білімімді пайдаландым. 3-саты: Тапсырманы орындай алдым. |
Гүл шоғы Топ аты жазылған суретті таратпалар Қима қағаздар АКТ, слайдтар Кестелер Интербелсенді тақта, флипчарт. маркер «Қазақ тілі» оқулығы, 181-бет Плакат, маркер Плакат, суреттер Плакат, маркер АКТ, электронды оқулық Венн диаграммасы, маркер Таратпалар Конверттегі деңгейлік тапсырмалар |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут |
Үйге тапсырма 8-тапсырма. Сөйлемдерден сын есімдерді тауып, талдау жасаңдар. Сапалық сын есімдерден шырай жасаңдар. «Айрықша тапсырма» Барлық оқушылар: ғарыш туралы қызықты мәліметтер жинақтайды. Қабілеті жоғары деңгейдегі оқушылар: https://www.youtube.com/results?search_query=ғарыш+туралы+қызықты+мәліметтер сілтемесі бойынша, терминдердің мағынасын түсіндіре отырып, эссе жазу немесе таныстырылым дайындайды. Кері байланыс: |
Таратпалар |
Қосымша ақпарат |
|||
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, денсаулық сақтау. АКТ-мен байланыс. |
|
Топтық жұмыстың орындалу барысында бірлескен әрекетін бақылап, тыңдаймын. Білім алушылардың тапсырманы орындауына жетекші сұрақтар қою арқылы бағдар беремін. Тапсырманы орындауға барлығының қатысуын қадағалаймын. Бірлескен оқуда бір-бірімен ынтымақтасып, өзін-өзі реттеуін, өзгелерден үйренуін, негізгі ойды табуда ортақ тұжырым жасауын «Кластер», «Кафель», «Тұжырым кестесі» әдістерін қолдану арқылы жетілдіремін. Бұл әдістермен берілген топтық тапсырмалар оқушының өзіндік оқуын қалыптастырады. Оқудағы кедергілерін жеңу, өзгелердің пікіріне құрметпен қарау, топта, жұпта өзін таныта білуі үшін топтық, жұптық жұмыстар жүйелі жоспарланды. Оқылған, тыңдалған ақпаратты салыстырып, ортақ сөздерді, негізгі ойды тереңдету графикалық органайзермен жүргізіледі. Венн диаграмммасы арқылы оқылым, тыңдалым мәтінін салыстыру оқу мақсатына сәйкес сөйлеу әрекетінің дамуын көздейді. Қосымша көмекті қажет ететін және қабілеті жоғары оқушылардың оқуға деген қажеттіліктерін, қызығушылығын арттыру үшін деңгейлік тапсырмалар сараланып берілді. Деңгейлік тапсырмалардың 3-деңгейінде ғарыштың адамзат үшін маңызы мен жетістіктерін шығармашылық-зерттеу тұрғысынан өмірмен байланыстырып дәлелдейді. Сараланған тапсырмалар әрбір оқушының оқу қажеттіліктері мен қабілеттеріне қарай тапсырмаларды таңдай отырып, тілдік бірліктерді орынды қолданады. Оқу мақсаты бойынша оқытудың күтілетін нәтижесін анықтайды, Үй тапсырмасына «Айрықша тапсырма» әдісімен АКТ сауаттылығын дамыта отырып, ізденіс жұмыстарын жүргізуге бағыттаймын. |
1. Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданылады. Оқу мақсатына сәйкес ұсынылған тапсырмалардағы дескрипторлар оны қалай орындау керектігін нақты, түсінікті жеткізеді. 2. «Соңғы сөзді мен айтайын», «Архиватор 3-2-1», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Бағалау сэндвичі» әдістері арқылы оқушылардың оқыту мен оқу үдерісінде қай деңгейде тұрғанын, уәжін арттыруға, өз оқуына жауапкершілік алуына оң ықпал етеді. Оқыту мен оқу үдерісіне қатысушыларға оқушының нақты оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу мүмкіндігі туады. |
Жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Гүл шоғындағы ыстық лебіз» тренингі арқылы бір-біріне жылы лебіздерін, құрметін білдіреді. АКТ- мен жұмыс жүргізу кезінде адам өмірінің қауіпсіздігі басшылыққа алынады. Ұсынылған тапсырмалар білім алушының санасына, сезіміне оң әсер ететін және жалықтырмайтын болуы басшылыққа алынды. |
|
Рефлексия |
|||
1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? |
Орта мерзімді жоспарда көрсетілген оқу мақсаты бойынша ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты құрылған сабақ мақсаттары уақытпен белгіленген деңгейде жүзеге асырылды. Сабақ мақсатымен тығыз байланысты бағалау критерийі бойынша берілген тапсырмаларды оқушылар бірлесе және өз оқуына дербестік ала отырып, белсенді түрде орындап отырды. Оқылым, тыңдалым мәтініндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтады, бір-бірінің пікірін толықтырып, ортақ тұжырымға келді. |
||
2.Бүгін оқушылар не үйренді? |
Алғашқы ғарышкерлердің ғарышқа сапары және мақсаты туралы қызықты танымдық ақпаратпен танысты. Тірек сөздер арқылы жетекші сұраққа жауап беруге, өздері сұрақ құрастыруға дағдыланып, негізгі ойды анықтауды білді. Сын есім шырайлар қажетіне қарай қолдану жолдарын үйренді. Сын тұрғысынан ойлауды, топтық жұмыс барысында жауапкершілікпен бірлесе жұмыс жасауды, өмір бойы оқуға дайын болуды, мұқият тыңдауға, байланыстыра сөйлеуге, бірін-бірі әділ бағалауға дағдыланды. |
||
3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? |
Сабақтың оқу мақсатына, ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес жоспарланған тапсырмалар жүйелі орындалды. Топтық, жұптық, жеке тапсырмалар үшін қолданылған әдіс-тәсілдер белсенді оқу ортасының қалыптасуында, өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуда тиімділігін көрсетті. Жеке және топпен бірлесе жұмыс істеу қабілеті, сын тұрғысынан ойлау дағдылары, сөйлеу мәдениеті қалыптасты. |
||
4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) |
Білім алушының жеке қажеттіліктері мен сөйлеу әрекеттеріне негізделген топтық, жұптық, жеке тапсырмалар танымдық тұрғыдан нақты, жүйелі, қызықты болды. Белсенді әдістермен ұсынылған тапсырмалар арқылы оқушының оқыту мен оқу үдерісінде өзін-өзі реттеуіне, уәжінің артуына қолдау көрсетілді. Деңгейлік тапсырмаларды таңдау еркіндігі, қабілетін таныту құзыреттілігі, оқуын ілгелірету |
||
5.Уақытты қалай пайдаландым? |
Топтық, жұптық, жеке жұмысқа бөлінген уақыт тиімділігі сақталды. Сабақтың әрбір кезеңіне жоспарланған уақыт бағалау құралдарының күрделілігіне қарай белгіленді. |
||
6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
Жетекші сұрақтарды мұғалім жетекшілігімен жүргізе отырып, білім алушылардың бір-біріне сұрақ қоюына мүмкіндік жасадым. |
||
Қорытынды бағалау Қандай екі нәрсе ойдағыдай сәтті шықты. (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз) 1. «Венн диаграммасы» әдісімен жүргізілген жұптық жұмыс. 2. Әр түрлі әдіспен берілген топтық тапсырмалардың бірін-бірі толықтыруы. Қандай екі нәрсені жетілдіру сабақты жақсартар еді? (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз) 1. Сараланған тапсырмаларды әр түрлі әдіспен беру; 2. Оқу қажеттілігін ескеріп, жүйелі түрде сөйлеу дағдыларын жетілдіру үшін тапсырмаларды іріктеп ұсыну. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1. Оқушының жеке қабілеттеріне негізделген сараланған тапсырмалар түрін жетілдіру; 2. Топтық, жұптық бағалауды критерийлер бойынша ашық, сенімді жүргізу. |
Бағалау парағы
Бағалау критерийі |
Дескрипторлар |
1. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. |
1. Мәтінді оқып, тірек сөздерді табады. 2. Жетекші сұрақтарға тірек сөздерді қолданып жауап береді. 3. Мәтін мазмұнын өз сөзімен баяндайды. |
2.Сын есімнің шырай түрлерін ажыратады, заттанған сын есімдерді сөйлемде орынды қолданады. |
1. Сын есімдерді салыстырмалы және күшейтпелі шырайға жасалуына сүйеніп, айналдырады. 2. Сұраққа жауап беруде өз ойын ауызша және жазбаша жеткізуде шырай түрлерін қолданады. 3. Заттанған сын есімдерді қойылған сұрағына қарап, орынды қолданады. |

