Материалдар / Алғашқы химиялық ұғымдар

Алғашқы химиялық ұғымдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы химиялық ұғымдар
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Бастапқы химиялық ұғымдар» тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі негізінде химиялық алғашқы ұғымдар тарауынан алған білімдерін еске түсіру, білімдерін тиянақтау, қорытындылау

Дамытушылық: оқушылардың химиялық сауаттылығын, химиялық формулалар мен химиялық теңдеулерді құра білу біліктілігін, есеп шығару біліктілігін дамыту.

Тәрбиелік: өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, еңбексүйгіштікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау-пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: білімдерін талдап қорыту және жүйеге келтіру сабағы

Көрнекілігі: Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық кестесі, кестелер, үлестірмелер, тест тапсырмалары, бағалау парағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

а) Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру

ә) Оқушыларды топтарға бөлу (түстерге бөлу: жасыл, сары, қызғылт )

б) Бағалау парағын тарату

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Оқушылардың алдарына үлестірмелер таратылған бетке аты-жөнін жазып, қысқаша жауап беріп, бір-бірінің жауаптарын тексереді. (5 мин)

І топ

1. Физикалық (Ф) және химиялық (Х) ұғым

1. судың булануы

2. көмірқышқыл газы әсерінен ізбес суының лайлануы

3. майшамның жануы

4. металдың балқуы

5. шегенің таттануы

6. көмірдің жануы

Жауабы: ф,х,х,ф,х,х

ІІ топ        

2. Таза (Т) және қоспалар (Қ)

1. дистельденген су

2. мыс

3. топырақ

4. қант

5. ауа

6. фосфор

Жауабы: т,т,қ,қ,қ,т

         ІІІ топ

3. Қай сөйлемде химиялық элемент (Э), қайсысында зат (З)

1. Мыс купоросынның құрамына мыс кіреді

2. балықтар суда еріген оттекпен тыныс алады

3. таттың құрамына темір кіреді

4. темір ылғал ауада таттанады

5. темір мен күкірттің қоспасы

6. мыс оксиді мыс пен оттектен тұрады

Жауабы: э,з,э,з,э,э

«Миға шабуыл» (7 мин)

Оқушылардың білімдерін тексеруге арналған сұрақтар қойылады.

І топ

1. Валенттілік дегеніміз не? ( химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі санын қосып алу қасиеті)

2.Судың салыстырмалы молекулалық массасы  ( 18)

3. Біртекті қоспалардың әртекті қоспалардан айырмашылығы қандай? (Біртекті қоспалардың жеке бөлшектері байқалмайды)

4. Молекуланың құрамына кіретін ең ұсақ бөлінбейтін бөлшек (атом)

5. Авогадро саны нешеге тең? (6,02•10 23)

6. Заттардың бір бірінен айырмашылығын не, олардың өзара ұқсастығын айтатын белгілер (қасиеттері)

7. Химиялық реакциялардың типтерін ата? (қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу)

ІІ топ

1. Химиялық реакцияларының белгілері (тұнбаның түзілуі, газдың бөлінуі, түстің өзгеруі)

2. Құмды судан қандай әдістермен бөлуге болады (тұндыру, сүзу)

3. Таңбалар мен индекстердің көмегімен жазылған шартты белгі

(химиялық формула)

 

4. Денені құраушылар (зат)

5. Заттарды, олардың қасиеттерін және өзара айналуын зерттейтін ғылым (химия)

6. Заттың қасиетін сақтайтын ең ұсақ бөлшек (молекула)

7. Қай химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы 27-ге тең? (Алюминий)

ІІІ топ

1. Қосылу реакциясы дегеніміз не? (Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуы)

2. Темір мен ағаш үгінділерінің қоспасынан темірді қандай әдіспен бөледі?

 ұндыру)

3. Қоспа дегеніміз не? (екі немесе одан да көп заттардан тұрады)

4. Химиялық реакция теңдеуі дегеніміз не? ( Химиялық реакцияны  химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу)

5. Зат массасының сақталу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеген ғалым ( М.В.Ломоносов)

6. Өзгеріске ұшырағанда заттардың өзара айналулары жүрмейтін құбылыс (физикалық)

7. Айырылу реакциясы дегеніміз не?  (Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауы)

Ой қозғау (5 мин)

Оқушылардың валенттілік ұғымын қалай меңгергендігі, химиялық формулалар құрастыру біліктіліктерін тексеріледі

І топ

1.Қосылыстағы элементтің валенттілігін анықта (тапсырма үлестірме ретінде берілген)

 SiH4, CrO3, H2S, CO2

2.Қосылыстардың формулаларын құрастырыңдар:

VI  II                 II     I                III  I              VII   II         

СrO,      BaCl,      AlH,      MnO 

ІІ топ

1.Қосылыстағы элементтің валенттілігін анықта (тапсырма үлестірме ретінде берілген)

                  HBr,   P2O5,   Мn2O7,    РН3,

2.Қосылыстардың формулаларын құрастырыңдар:

                II    I                   III  I            V  II          III  II          

                CaCl     PCl      NO     CrO                  

ІІІ топ

1.Қосылыстағы элементтің валенттілігін анықта (тапсырма үлестірме ретінде берілген)

                       SO3,       Al2O3,      K2O,    CO

2. Қосылыстардың формулаларын құрастырыңдар:

 III II                 IV      II               ІІ    І             VІ ІІ

PO,       MnO,      МgСІ,    SО 

Жауаптары:

І топ

 IV I       VI   II        I  II      IV II         II II      VI II

 SiH4, CrO3, H2S, CO2,  CO,  SO3

 СrO3      BaCl2      AlH3      Mn2O7     P2O3

ІІ топ

  I   I       V    II      VII       II        III I       I     II     III     II

HBr, P2O5,Mn2O7, РН3, K2O, Al2O3

  CaCl2     PCl3       N2O5     Cr2O3    

ІІІ топ       VI II                     III  II            І    ІI         VІ ІІ

 SO3,               Al2O3,         K2O,    CO2

PO,          ClO,      МgСІ,    SО 

Деңгейлік тапсырмалар (10 мин)

Үлестірмелер бойынша  оқушылар келесі тапсырмаларды орындайды. Реакция теңдеуін аяқтап, коэффициенттерін қойыңыз. Реакция типтерін анықтаңыз. Реакция типтерін  дұрыс анықтағанда химиялық элементтің аты шығады.

І топ

Zn + HCl       ZnCl2 + ….

Fe  + …..       FeCl2

AI(OH)3         AI2O3 + …..

ІІ топ

Na +  …..        Na2S  

HgO         …..  +    …..

Mg + HCl      ….. + H2

ІІІ топ

Cu  +  …..       Cu S  

AgO        …..  +    …..

Ca + HCl       ….. + H2     

Тест тапсырмалары (жұптық жұмыс)  (5 мин)

І-нұсқа

  1. Күрделі зат:

    а) Р4               ә)N2           б)O3         в) PH3          

  2.  Химиялық құбылысқа жататыны

а) тамақтың бұзылуы            ә) шынының балқуы              

б) судың қатуы                       в) сүттің қайнауы

  3. Реакция теңдеуіндегі натрийдің алдындағы коэффицент:

                Na+CI2NaCI

    а)1            ә)2       б)3      в)4

  4. Li2O қосылысындағы литийдің валенттігін анықтаңдар:

    а)1       ә)3      б)2      в)4

ІІ-нұсқа

1. Заттардың қайсысы жай  затқа жатады.

    а)PH3               ә)P4              б)P2 O3                в)P2 O5         

  2. Химиялық құбылысқа жататыны:

      а) автомобиль қозғалтқышында бензиннің жануы    

      ә) сүттің ашуы          б) қардың еруі     

      в) судың булануы

  3. MgO қосылысындағы магнийдің валенттігін анықтаңдар?

       а)1           ә)3            б)2           в)4

  4. Берілген реакция теңдеуіндегі фосфордың алдындағы коэффицент:

               P+O2P2O5

       а)1                    ә)2            б)3           в)4

ІІІ-нұсқа

1.Мына берілгендердің ішінде күрделі заттарға жататындары:

а) алтын   ә) күкіртті сутек    б) күкірт    в) темір

2. Химиялық құбылысқа жататыны:

а) от тұтатқанда шырпының жануы

ә) ағашты аралағанда үгіндінің түзілуі

б) аязды күні терезеге қырау тұруы

в) бор кесегіне қышқыл тамызғанда газ түзілуі

3. Al2O3  қосылысындағы алюминийдің валенттілін анықтаңдар:

а) 2                ә) 3              б) 1             в) 4

4. Берілген реакция теңдеуіндегі алдындағы коэффициент:

                   4Na + O2 = 2Na2

а) 1                ә) 2             б) 4              в) 3

Жауабы:                  Жауабы:                 Жауабы:

    І-н                          ІІ-н                        ІІІ-н

  1. В                          1. Ә                       1. Ә

  2. А                          2. А                       2. В

  3. Ә                          3. Б                       3. Ә

  4. А                          4. В                       4. Б 

Білімді сынайтын кез (Есептер шығару) (10 мин)

І топ

1. 5,6 г магнийдің зат мөлшері қанша?

2. Мыс оксидіндегі (СuО) мыстың массалық үлесін тап

3. Мына заттың KCl салыстырмалы молекулалық массасын табыңыз

ІІ топ        

1. 54 г суда қанша моль зат бар

2. Судағы сутектің массалық үлесі қанша

3. Мына заттың Al(OH)3 салыстырмалы молекулалық массасын табыңыз

ІІІ топ

1. Кальций оксидіндегі (СаО) кальцийдің массалық үлесін тап

2. 25 г әктасында (СаСО3) қанша моль зат бар?

3. Мына заттың CaSO4 салыстырмалы молекулалық массасын табыңыз

Үйге тапсырма: қайталау

Бағалау (5 минут)

Бағалау парағы



28 Қараша 2018
1038
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі