400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алғашқы қоңырау

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал Білім күніне байланысыты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алғашқы қоңырау 1 - қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер

Барысы:

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, оқушылар. Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз.

Мектеп деген білім күні, жыр күні

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені



2 - жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің»- мерекең!



Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!





Бүгін біздің мерекемізге құрметті қонақтар келді:

_________________________________

_________________________________

________________________________



1 - жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Мерекеңіз құтты болсын ата - ана,

Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп табалдырығын аттайын деп отырған 1 - сынып бүлдіршіндеріне арналады.



2 - жүргізуші: Біраз жылын осында өткізген,

Ұстаздар – ізгі пәк жандар.

Қуана шәкірт қабылдап,

Білімнің көшін жалғаңдар.

Алғашқы әріп үйретер,

( 1 сынып окушылары шәкірттерімен қарсы алыңыздар!)

(Музыка ырғағымен 1 - сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)

1 - жүргізуші:

Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,- дей отырып, салтанатты жиынымызға мемлекеттік туымызды ендіреміз.

2 - жүргізуші: Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін.

Күй «нәр ағашы

1 - жүргізуші:

Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиылысымызды ашық деп жариялаймыз!

(әнұран ойналады)

3 a сынып окушысы Оразбай Нұрлыайым «Оқу жылы басталды» мәнерлеп оқу

2 - жүргізуші: Жаңа оқу жылымен сіздерді «САНА» мектебінің директоры Өрғараев Мұхтар ағайға сөз кезегі беріледі

1 - жүргізуші: Бүгінгі мерекемізге құттықтау әнін арнайтын

2 а сынып окушысы Турғанбекова Аяна «Аяулы мектебім» әні

2023 - 2024 оқу жылына арналған мектеп басшысының бұйрығын таныстыру үшін сөз оқу ісінің меңгерушісі Мадиева Мөлдір апайға сөз беріледі.

1 - жүргізуші: Бүгін қандай шаттық тола күн еді,

Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

Балдырған жетектеген ата - ана,

Қуаныштан жарылардай жүрегі,



Білім көзін ашатынын біледі, — деп балаларын мектепке алғаш жетектеп келіп отырған ата - аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға нұр бітсін демекпіз.

2 - жүргізуші: Бүгінгі салтанатты мерекеміздің мәртебелі қонақтарына сөз береміз.

1 - жүргізуші: 1- а сынып оқушысы Жанұзақ Жансұлтан орындауында керемет ән « Оқуда озат боламын»

2 - жүргізуші: Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,

Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.

1 - жүргізуші:

Ортаға 1 - сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,

Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.

Тақпақтар



2 - жүргізуші: Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдың, қарағым,

Білімнің кілтін ашатын, — деп сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата - аналарымызға береміз.

4 б сынып оқушысы Оразбек Сая « Кітап әлемі» ән

1 - жүргізуші: Қағылмақ, міне, әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау,

Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау.

Хор: Сыңғырла қоңырау

2 - жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу рәсімі

Алғашқы қоңырау соғылады





Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын.



1 - жүргізуші: Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп, — деп бүгінгі «Білім күніне» арналған мерекемізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Шәкірттеріміз бен ата - аналар мектепке кіріп, сынып бөлмелері мен мектеппен танысу сәттеріне жол берелік.

(Музыкамен мектепке кіреді)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
03.10.2023
191
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі