Алғашқы қоңырау сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алғашқы қоңырау сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
білім күніне арналған жиынның сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«М.Сералин атындағы орта мектебі» ММ













«Сыңғырла, алғашқы қоңырау!»











Қарабалық кенті


«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі
Жоспары:
1. Сапқа тұрғызу
2. Қонақтармен таныстыру
3. ҚР мемлекеттік туын енгізу, ҚР әнұраны
4. Мектеп директорының құттықтауы
5. Қонақтардың құттықтауы

6.1 - сынып оқушыларының тақпақтары
7. Алғашқы қоңырау салтанаты
8. 1 сынып жетекшісінің құттықтауы
9.ҚР мемлекеттік туын шығару
10.Қорытынды сөз 
11.Оқушыларды мектепке кіргізу
Өтетін күні: 01.09.2018 Уақыты: 10.00
Сыныптар: 1-11 сыныптар
9.30 – Музыка жіберу
9.50 – Сапқа тұрғызу
10.00 – фанфар жіберу
Мектеп алаңын дайындау, шарлар, жалаушалар ілу
Диктор 1

Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
Диктор 2

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем

 Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!

Фанфары қосылады

 1 -Жүргізуші:

-Қайырлы күн құметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!  Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы Алғашқы қоңырау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

2 -Жүргізуші:
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің арқасында гүлденіп келеді. Тәуелсіз Қазақстанымыздың мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндері үшін бүгін ерекше күн болмақ. 

2-жүргізуші:     Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

                            Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

                            Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,   

                            Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп 

                            табалдырығын аттайын деп отырған 1-сынып бүлдіршіндеріне  

                            арналады.

 Музыка ойнайды.

1-жүргізуші:           Біраз жылын осында өткізген,

                                 Ұстаздар – ізгі пәк жандар.

                                 Қуана шәкірт қабылдап,

                                 Білімнің көшін жалғаңдар.

                                 Алғашқы әріп үйретер,

                                 Тоқсұлу Ақатайқызын шәкірттерімен 

                                 қарсы алыңыздар!

(Музыка ырғағымен 1-сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)

Мектебіміз 11- рет шәкірт қабылдап, 11-рет шәкірттерін ұшырғалы отыр, олай болса 2018-2019 оқу жылының түлектерін қарсы алайық. (11 сынып музыкамен шығады)
2-Жүргізуші:
Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

АӘД ұйымдастырушы:
Мектеп, сап түзе! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!
Музыка «Барабан»
Әнұран

1-жүргізуші:           Бүгін қандай шаттық тола күн еді,

                                  Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

                                  Балапанын жетектеген ата-ана,

                                  Қуаныштан жарылардай жүрегі,

                                  Білім көзін ашатынын біледі, -  деп балаларын мектепке 

                                  алғаш жетектеп келіп отырған ата-аналарға

                                  қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға  

                                  нұр бітсін демекпіз.

 

2-жүргізуші:  Бүгінгі салтанатты мерекеге құрметті қонақтарымыз қатысып отыр: Маслихат бөлімінің хатшысы Тюлюбаев Аманғали Тынышбайұлы және Білім бөлімі басшысысның орынбасары Хасанова Сәуле Бақытқызы.

1-жүргізуші: Қазағым қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.

Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген,
Өзімен ала келер несібені-деп Маслихат бөлімінің хатшысы Тюлюбаев Аманғали Тынышбайұлына сөз кезегін береміз.


2-жүргізуші: 2018-2019 жаңа оқу жылының басталуымен құттықтау үшін,сөз мектеп директоры Бисенов Асқар Көшербайұлына беріледі.

1-жүргізуші: 1-сынып бүлдіршендірінің мектепке арнауларын айту үшін ортаға шақырамыз

2-жүргізуші:  Квартеттің орындауында «Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:
Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биiк шың басына.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына
2- жүргізуші:
Алғашқы қоңырау соғу салтанатына халықаралық республикалық облыстық олимпиадаларының жеңімпазы 11 сынып оқушысы Ержанова Гүлдана мен 1 сынып оқушысы ие болып отыр.
Музыка ойнап тұрады. Қоңырау соғылып жатады
1-жүргізуші:

-Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғыссын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.

2- жүргізуші:      Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

                             Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.

                             Адам жанын тәрбиелеп аялар,

                   Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – деп сөз кезегін 1сыныпқа  шәкірттерін қабылдап отырған ұстаз Бекмурзина Токслу Ақатайқызына сөз береміз.

«Ару» триосы «Даридай» әнімен

1-жүргізуші:   Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

                          Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

                          Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

                          Жетелейді армандарға бұл мектеп, - деп бүгінгі «Білім күніне»   

                          арналған  мерекемізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

2-ші жүргізуші: Мектеп, сап түзе! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!

1-жүргізуші:    Бірінші қыркүйек күнімен

                                Аңқыған жұпар гүлімен

                                Келіп ең, қарсы алды мектебің,

                                Сүйкімді қоңырау үнімен.-деп мектебіміздің табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді қошеметпен мектеппке шақырамыз.   
(Музыкамен мектепке кіреді) 









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2019
1609
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі