Материалдар / Алгоритм және визуалды программалу технологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алгоритм және визуалды программалу технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Алгоритмдеу және программалауға, алгоритм түрлеріне түсініктеме беру.VB тілінің ерекшеліктерін, нысанаға бағытталған программа технологиясын түсіндіру.Нысан туралы түсінікпен, нысанға бағытталған программалаудың негізгі түсініктерімен таныстыру.Ныcанның қасиеттеріне мысалдар келтіру арқылы ойлау өрістерін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
616
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспар. 10-сынып.

Күні: 07.10.15

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

М.Т.Тиштенова

Абай атындағы ЖОББМ


Сынып: 10

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және визуалды программалу технологиясы


Сілтеме:

  • 10-сынып оқулығы;

  • Слайд

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні:

Алгоритмдеу және программалауға, алгоритм түрлеріне түсініктеме беру.VB тілінің ерекшеліктерін, нысанаға бағытталған программа технологиясын түсіндіру.Нысан туралы түсінікпен, нысанға бағытталған программалаудың негізгі түсініктерімен таныстыру.Ныcанның қасиеттеріне мысалдар келтіру арқылы ойлау өрістерін қалыптастыру.


Дамытушылық мәні:

икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру


Тәрбиелік мәні:

оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Нәтиже:

  • VB тілінің ерекшеліктерін, нысанаға бағытталған программа технологиясымен танысады

  • Нысан туралы түсінікпен, нысанға бағытталған программалаудың негізгі түсініктерін меңгереді

  • Ныcанның қасиеттеріне мысалдар келтіру арқылы ойлау өрістерін қалыптастырады.

Түйінді идеялар:

  • Алгоритм және оның атқарушылары

  • Алгоритм түрлері, қасиеттері

  • Программаны құру кезеңдері

  • Алгоритм тілдері

  • Нысанаға бағытталған программа

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері:

сөздік, көрнекі, практикалық

Пәнаралық байланыс:


Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу.

  4. Сабақ барысымен таныстыру.

  5. Бағалау парағын таныстыру.

  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

  • Осыған дейін қандай программаларды оқыдыңдар?

  • Нысанаға бағытталған программаны қай сыныпта оқыдыңдар?

  • Нысан деген не?

  • Қандай түрлерін білесіңдер?

  • Қандай мысалдар келтіре аласыңдар?


Қызығушылықты ояту (2 мин.)

Қазіргі заман талабына сай адамдар атқаратын жұмыстарын компьютерді пайдалану арқылы орындайды.Сондықтан кез келген атқаратын жұмыстың алдын ала жазылған алгоритмі болуы керек. Алгоритм арқылы істің нәтижесіне жетуге болады және алгоритмнің негізінде программа құрылады.Программаулаушылар программаны орындау кезінде, алдын ала алгоритмді ойластырып алады.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды



Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

ББҮ (2 мин.)

ББҮ-ны толтыру

ББ бойынша флипчартта жазу

Білемін?

Білгім келеді?

Үйрендім?

Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Орындалатын іс-әрекеттің немесе алға қойылған мақсаттың нәтижеге жету жолын реттелген тізбектер түріне орындау алгоритм деп аталады.

Алгоритм орындаушысы дегеніміз- құрасытырлған алгоритмді басқарушы адам немесе машина.

Программа- алгоритм, ол арнайы программалау тіліне негізделіп жазылады.

Программалау тілі- алгоримтмдерді және алгоритмдік тілде жазылған амалдар тізбегін орныдау үшін қолданылаты, компьютерге түсінікті арнайы тілі.

Алгоритм қасиеттері:

1. Түсініктілігі – атқарушыға алгоритмнің орындау жолы түсінікті болатындай, алгоритмнің жазылу түрі дәл және толық болуы тиіс.

2. Дискреттілігі немесе үзіктілігі – алгоритм тізбектеп орындалатын қарапайым қадамдарға бөлінуі тиіс. Келесі қадамға көшу алдыңғы қадам аяқталған соң ғана мүмкін болады.

3. Анықтылығы – алгоритмнің әрбір қадамы бірнеше болмай, дәл және бір мағыналы болуы керек.

4. Нәтижелігі – алгоритмнің барлық қадамдары орындалғаннан кейін ол дұрыс шешім әкелуі тиіс.

5. Жан - жақтылығы немесе жалпылылығы – алгоритм, ұқсас есептерді шешекенде кез - келген адам қолдана алатындай етіп жалпы түрде жазлады.

Алгоритм тілдері:

1. Табиғи тіл- алгоритмді сөз тіркестері арқылы қарапайым тілде жазу(орындаушысы адам)

2. Графикалық тіл- алгоритмді блок-схема түрінде көрсету (орындаушысы адам)

3. Алгоритмдік тіл- табиғи тіл арқылы берілген әмірлік сөздер арқылы беріледі(орындаушысы адам)

4. Программалу тілі- программа тілінің әмірі(орындаушысы компьютер)

Алгоритм түрлері

1. Сызықтық алгоритм. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.

2. Тармақталу алгоритмдері. Алгоритмдердің есептегі белгілі бір шартқа тәуелді тармақталып бірнеше жолдарға бөліну тобы тармақталу алгоритмдері деп аталады. Тармақталу алгоритмі. схемасының бұл түріне міндетті түрде шартты тексеру блогы кіреді. Ол ромб түрінде кескінделіп, басқа блоктармен 1 және 2 сызықтары арқылы байланысады.Тармақталу алгоритмдерінің толымды түрі екі серияның бірін ғана таңдауды іске асырады, мұнда берілген шарт тексеріледі, егер ол шарт орындалса, онда 1-серия жүзеге асырылып, содан кейін келесі амалдарға көшеді. Ал, кері жағдайда 2- серия атқарылып, содан кейін ғана алгоритм ары қарай орындалады.

3. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегібірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада, экономикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалының өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келетін сәттер жиі кездеседі. Осындай есептеу процесінің бөліктерінің қайталап орындалуын цикл деп атаймыз,ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер ьобы циклдік алгоритмдерге жатады.

Программа құру кезеңдері:

1. Берілген тапсырманың орындалуы (жоспар құру)

2. Интерфейс құру(безендіру)

3. Берілген тапсырмаға алгоритм құру

4. Программалау тіліне аудару

5. Қатені тексеру(қадамдық шегініс)

6. Программаны тестілеу

7. Құжат құру

Визуалды программа технологиясы нысанаға бағытталған программа ортасында жұмыс істеуден басталады.

Windows амалдық жүйесінде программалар пайдаланушыларға өздерінің графикалық интерфейстерімен таныс.1991 жылы Стивен Гибсонның прпограмма жазуы бойынша VB тілі пайда болдды.Ол нысанаға бағытталған программа.

Оқушылар белсене қатысады. Мұғалімді мұқият тыңдап , кітапқа назар аударады. Кітапта берілген ережелерді дәптерлеріне жазып алады. Алгоритм түрлеріне қатысты мысалдар келтіріп өтеді.Алгоритм қасиеттерін қайталап оның қай кезде орындалатынын айтып кетеді. Дәптерлеріне слайдта көрсетілген кестені сызып , анықтамаларды қайталап айтып шығады.


Ой толғаныс (4 мин.)

Бірнеше нысандарды қарастырып, олардың қасиеттерін, әдістерін сипаттайды, анықтамаларды қысқаша айтып өтеді.


Бірнеше нысандарды қарастырып, олардың қасиеттерін, әдістерін сипаттайды, анықтамаларды қысқаша айтып өтеді.

Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс сұрақ-жауап:тест

тестке жауап береді.

Бағалау (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Алгоритм және визуалды программалу технологиясы

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын айту

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын ауызша жеткізеді









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!