Есеп: Квадраттын
қабырғасы а см. Оның
периметрін (Р) табу керек. Мұндағы а=2;
5;7.
Шешуі: егер а=2 болса, Р = 4*2 =8
(см);
а=5 болса, Р = 4*5 =20
(см);
а=7 болса, Р = 4*7 =28
(см).
Р айнымалысының а айнымалысына
тәуелділігін Р = 4а түрінде
жазуға болады. Мұндағы а - тәуелсіз
айнымалы,
ал Р - тәуелді
айнымалы.
Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді
айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функционалдық
тәуелділік немесе функция деп
атайды.
Тәуелсіз айнымалы аргумент деп аталады.
Тәуелді айнымалы – осы аргументтің функциясы немесе функция деп
аталады.Функционалдық тәуелділіктің жазылуының жалпы түрі: y=f(x),
оқылуы “икстен эф”.
Мұндағы x – аргумент, y –
функция.
Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің
жиыны функцияның анықталу аймағы деп
аталады.
1 - мысал: функциясының анықталу аймағы 4 санынан басқа
барлық нақты сандар,
я ғни
2 - мысал: y=x2 немесе f
(x)=x2 функциясының
анықталу аймағы барлық нақты сандар
жиыны.
3 – мысал. y=1/x немесе f (x)=1/x функциясының
анықталу аймағы 0-ден басқа барлық нақты сандар
жиыны.
Егер функцияның анықталу аймағы көрсетілмесе,
оның анықталу аймағы осы формуланың мағынасы болатын аргументтің
барлық мәндерінен тұрады.
1)Функцияның мәндерінің жиыны функцияның
мәндерінің аймағы деп
аталады.
4 - мысал: -1≤ x ≤ 3 +1 функциясының анықталу
аймағы -1≤ x ≤ 3 болғанда функцияның мәндерінің аймағын
табайық.
Санды теңсіздіктердің қасиеттері
бойынша:
-1≤ x ≤ 3; -2≤ 2x ≤ 6; -1≤ 2x +1≤
7.
Мәндерінің аймағы [-1;7] аралығы
болады.
5 – мысал: y=x2 функциясының -4≤ x
≤ 4 анықталу аймағында функцияның мәндерінің аймағы - [0;16]
аралығы болады.
6 – мысал: y= функциясының
анықталу аймағы – барлық нақты сандар жиыны
немесе
) аралығы болса,
функцияның мәндерінің аймағы – барлығы оң сандар.
Демек [0; )аралығы.
А ргументтің
берілген мәніне сәйкес функцияның мәнін табуды
қарастырайық.
Егер х=6 болса, . Жазылуы
f(6)=1.5. Мұндағы 6 аргументтің мәні, ал 1,5 – оған сәйкес
функцияның мәні.
2)Егер функцияның мәні берілсе, аргументтің
мәнін табуды қарастырайық.
7 – мысал. Артументтің қандай
мәнінде y=3x +1 функциясының
мәні 25-ке тең?
Артументтің қандай
мәнінде y=3x +1 функциясының
мәні 25-ке тең болатыны табу үшін y орнына 25-ті қойып теңдеуді
шешу керек.
3x +1=25,
3x =24,
x =8.
x =8 болғанда y=25,
яғни f(8)=25.
Тарихи мәлімет.
«Меркурий»
Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716ж.ж) неміс
философы, математигі, физигі әрі өнертапқыш
тарихшы.
“Функция” сөзі латынның functio сөзінен шыққан,
қазақша орындау, атқару дегенді білдіреді. “Функция” терминін 1694
ж математикаға тұңғыш енгізген неміс физигі, математигі Готфрид
Вильгельм Лейбниц болатын.
ІV.
Бекіту.
Ауызша
есеп. 1255. Тәуелсіз
айнымалыны, тәуелді айнымалыны
атаңдар.
s=50t; S=ab;
p=2(3+b);
y=3x; y=2x+1;
y=1/x.
Оқулықпен
жұмыс. А тобы 1257. №1.1260. 1262. В
тобы 1269. Формуламен
берілген функциялардың әрқайсысының анықталу аймағын таңдап
алыңдар.
Логикалық
есеп.
1275. Ш (х) - баланың шешесі. Ә(х) - баланың
әкесі. Төмендегі функционалдық тәуелділікпен жазылған кісі бала
үшін қандай туысқандық атпен
аталады?
-
Ш (Ә(х));
-
Ш (Ш(х));
-
Ә (Ә(х));
-
Ә(Ш(х)).
|