400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алгоритмді әзірлеу 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
алгоритмді әзірлеу 7 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Бөлім:

Практикалық программалау

Педагогтің аты-жөні

Аманжол Қарақат Аманжолқызы , Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі

Күні:


Сынып:

7 В

7 Ә

7 Б





Сабақтың тақырыбы

Алгоритмді әзірлеу

Оқу мақсаты:

7.3.2.1 Python (пайтон) программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу;

Сабақтың мақсаты:

Алгоритм қасиеттерін біледі

Алгоритмнің сипаттау түрін біледі.

Python (пайтон) программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жаза алады.

Сабақтың кезеңі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

5 минут

-Оқушылармен амандасу

-Оқушыларды түгендеу

-Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақты ашу үшін алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында оқушыларға «Ойлан» әдісі арқылы сұрақтар қойылады:

Ойлан:

  • Алгоритмнің қандай қасиеттерімен таныссың?

  • Қандай дайын алгоритмдерді білесің? Тармақталған алгоритмдерге арналған өзіңе таныс тиімді алгоритмдерді есіңе түсір.



Оқушылар амандасады

Сабақта меңгеретін мақсаттарды білу



https://www.opiq.kz/kit/66/chapter/2667



10 минут




































Сабақтың ортасы

20 минут

Жаңа білім

Алгоритмнің төмендегідей қасиеттері бар:
   
Алгоритмнің дискреттілігі. Бұл қасиет алгоритм түрінде жазылған есеп шешімі жеке қарапайым командаларға бөлініп, орындалу ретіне қарай орналасқанын көрсетеді. Кез келген есепті бөліктерге жіктеп орындауға болады.
  ​
Алгоритмнің анықтылығы. Бұл қасиет алгоритмнің әр командасы орындаушы үшін түсінікті болуын және мәнсіз орындалмауы керегін көрсетеді.
   
Алгоритмнің нәтижелілігі. Бұл қасиет алгоритмнің міндетті түрде белгілі бір қадамдардан кейін аяқталып, нәтижеге жететінін көрсетеді.​
   
​Алгоритмнің жалпылығы. Бұл қасиет есепті шешуге арналған алгоритмнің осы типтес есептердің барлық мүмкін мәні үшін орындалатынын көрсетеді.

«Алгоритм» ұғымы математикада ертеден бері қолданылғанымен, математикалық теория объектісі ретінде кейбір проблеманы зерттеуге байланысты тек ХХ ғасырдың 30-жылдарында қарала бастады.

Алгоритмді сипаттаудың бірнеше түрі бар. Олар:

  1. Алгоритмді сөз бен формулалардың көмегімен сипаттау.
  2. Алгоритмнің графикалық сипатталуы, яғни алгоритмді арнайы графикалық схемалар – блок-схема көмегімен сипаттау.
  ​3. Алгоритмді псевдокод арқылы сипаттау. 
Псевдокод дегеніміз – алгоритм қадамының нақты программалау тілі операторларын қолданбай жай тілмен сипатталуы.


1 Тапсырма:

Белгілі бір алгоритм блок-схема түрінде орындалған (5-сурет). Осы блок-схемада: 

   а) x = 0, y = 1; 

   ә) x = 2, y = 4; 

   б) x = 6, y = 0 мәндері үшін қандай нәтиже алынатынын есепте. 

 

2 тапсырма

 Егер берілген үштаңбалы N саны жұп болса, санның соңғы цифры 5-тен үлкен болса, басынан және соңынан бастап оқығанда бірдей оқылса (палиндром), онда экранға 1-ді, әйтпесе 0-ді шығар.


3-тапсырма

  Бір-біріне тең емес x пен y нақты сандары берілген. Осы екі санның кішісін олардың қосындысының жартысына, ал үлкенін екі санның көбейтіндісінің үш еселенгеніне ауыстыратын алгоритмнің блок-схемасы мен программа кодын құрастыр. Егер сандар бір-біріне тең болса, онда экранға сандардың қосындысын шығар.

№

Мысалы

Нәтиже

1

20    10

200    15

2

20    20

40

Презентация арқылы жаңа білімді біледі.














1 тапсырма

Дескриптор:

  • Берілген мәндер бойынша есептеу жүргізеді

  • Алгоритмнің программа кодын жазады

  • Алынған нәтиже мен программа кодына қарап, бұл алгоритмнің қызметін анықтайды

2 тапсырма

Дескриптор:

  • N Санын енгізеді

  • Палиндром сандарды анықтаудың математикалық моделін құрастырады

  • Алгоритмнің блок схемасын құрады

  • Алгоритмнің программа кодын жазады

3 тапсырма

Дескриптор:

  • x және y сандарын енгізеді

  • ең үлкенін және ең кішісін математикалық моделін құрастырады

  • Алгоритмнің блок схемасын құрады

  • Алгоритмнің программа кодын жазады










































Қб 3 балл






Қб 3 балл
























Презентация (4-слайдтар)
























Презентация (6-слайдтар)



Бекіту

5 минут

Жалпы программа құру қандай кезеңдерден тұрады.? Атап көрсет.

Жаңа білімді осы сұрақтарға жауап бере отырып бекітеді.



Қорытынды

Сабақты қорытындылау, рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем»

Мен білетін едім.......

Мен бүгін білдім.......

Білгім келетіні...................





Үй тапсырмасы






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
14 сәуір
465
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі