С.Сатыбалдин атындағы орта
мектебі
Алғырлар
мен
Тапқырлар
(сайысы)
Өткізген: Бастауыш сынып
мұғалімдері
Агинбаева Раиса
Дуйсенбаевна
Шакенова Шынар
Калиакпаровна
Шакилова Айнур
Гафуровна
2017-2018 оқу
жылы.
Ебасының сөзі: Еліміздің
болашағы білімді ұрпақ қолында.
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін
анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын
дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын
арттыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін
айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Сайыс.
Ойынның
шарттары:
1. ТАНЫСТЫРУ (топтың атын,
ұранын айту);
2. «Блиц-турнир» (ұяшықтан сұрақ таңдау);
3. “Кім жылдам?”(логикалық тапсырмалар.Әр топқа 15- сұрақтан
қойылады);
4. «ОЙЛАН ТАП!» (сөзжұмбақтар шешу);
5. «ДОМИНО» (суреттегі заттарды рет –ретімен
орналастыру);
Қазылар орнықтырар
әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты
Қазылар алқасын
сайлау.
Топтар өздерін таныстырып
ұрандарын айтады.
Блиц-
турнир
Қазақ
тілі
|
10
|
20
|
30
|
Жалпы
сұрақтар
|
10
|
20
|
30
|
Танымал
тұлғалар
|
10
|
20
|
30
|
“Ән- көңілдің
ажары
|
10
|
20
|
30
|
Қазақ тілі
бойынша:
1. Қазақ тілінде неше септік
бар? 30
Қазақ тілінде жеті септік бар.
Олар:Атау септік,
Ілік септік, Барыс
септік,
Табыс септік, Жатыс септік,
Шығыс септік,
Көмектес
септік.
2. Зат есім қандай сұрақтарға
жауап береді? Мысал келтір.20
Зат есім кім? не? деген
сұрақтарға жауап береді.
3.
“ Азамат” сөзін жекеше , көпше
түрде жікте. 10
Жекеше
Көпше
1 Мен азаматпын Біз
азаматпыз
׀׀
Сен азаматсың Сендер
азаматсыңдар
Сіз азаматсыз Сіздер
азаматсыздар
׀׀׀
Ол азамат Олар
азамат
Жалпы
сұрақтар
1.Қазақстан Республикасының
рәміздерін ата.30
2. Қазақтың ұлттық аспаптарын
атаңдар.20
3. Қазақтың атақты боқсшылары
кімдер?10
Танымал
тұлғалар
1.Суреттегі адамның аты- жөнін ,
туған жылын кім біледі? 30
2.Абайдың анасының есімі
кім? 20
3. Желтоқсан оқиғасына
қатысқан адамдар.
Қайрат Рысқұлбеков, Сабира
Асанова, Ербол Сыпатаев.Ляззат
Мұхамеджанова
Ән- көңілдің
ажары
1.Мына суреттегі Қазақтың
атақты әнші қызының есімі
кім?30
2 .Мына суреттегі әнші аты –жөні
кім?20
3.Қазақтың атақты биші қызы
атаңдар. (Шара Жиенқұлова)
3. Кезең “Кім
жылдам?”(логикалық тапсырмалар.Әр топқа 15- сұрақтан
қойылады);
4. «ОЙЛАН ТАП!»
(сөзжұмбақтар шешу);
Жемістердің атын жазыңдар
Ұяшықтағы сөзді табыңдар
Сандардың орнына
әріптерін қойып,
білім туралы нақыл
сөзді іздеп табыңдар. Ұяшықтарға әріптер
орналастырылған,
сол әріптерді сан
орнына қойып
достық туралы мақал
сөзді табыңдар
5 кезең
ДОМИНО
“Мақта қыз бен мысық”
ертегісінен кейін, суреттерді рет – ретімен атап
шығыңдар.
Оқушыларды
марапаттау
Тақырыбы: "Алғырлар мен
Тапқырлар."
Мақсаты:
Оқушылардың ойлау,
сөйлеу,
математикалық білім қабілеттерін арттыру.
Қызықты ойындар,
сұрақтар арқылы логикалық ойлау,
есте сақтау қабілетін дамыту.
Оқушылардың өз ойларын еркін айта білуге қалыптастыру.
Оқушыларды ойната отырып,
өзінің жауапкершілігін сезіне білуге және ұжымдасып жұмыс істеуге жұмылдыру.
Оқушыларды ауызбіршілікке,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Сайыс.
Сабақ әдісі:
Сұрақ-жауап,
ойындар,
логикалық есептер т.б.
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта,
әртүрлі суреттер,
карточкалар,т.б
Ұйымдастыру
бөлімі:
- Құрметті ұстаздар,
оқушылар бүгінгі өтетін «Алғырлар мен Тапқырлар»
атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Уа,
халайық,
халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып,
шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық,
Мұнда қызық табылар.
Жұмбақ,
есеп бәрі бар,
Ал,
сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. -
деп
бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
1-топ: «Алғырлар» 2-топ
«Тапқырлар»
Оқушылар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды
көрсетуге.
Тыңдаңыздар, халайық,
балалардың,
Өздерінің таныстыру кезеңдерін.
Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.
«Алғырлар» тобы:
Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғырлар»
тобы атанып
Бізде ғалым боламыз.
«Тапқырлар» тобы:
Мақтанбаймыз «тапқырмыз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Тапқырлар»
тобы атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
Ей, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық. Кезеңдермен таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жұптаспай,
Тәлім-тәрбие алар ма?
Бұл сайыс ойдың белгісі,
Кім зерек болса сол алда дей - отырып 1-ші
кезеңімізді әзіл сұрақтарынан бастайық.
1- кезең: Әзіл сұрақтар.
"Алғырлар" тобы
1. Қар қашан жауады?
2. Қыстың соңғы айы?
3. Қар жана ма?
4. Мақта қыздың досы?
5. Есік пен терезенің арасында не
тұр?
6. Тауық өзін құспын деп айта
алама?
7. Нені дайындауға болады, бірақ жеуге
болмайды?
8. Барар жеріңе қалай жетесің?
9. Қорадағы тауықты кім алып
кетеді?
10. Түнгі 12 де кім екен есікті
қаққан?
"Тапқырлар" тобы
1. Көрмес кімді көрмейді?
2. Доп суға құласа не болады?
3. Оқи берсең, кім боласың?
4. Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен
атса, көлде неше үйрек қалады?
5. Қай қолмен шайды араластырған
дұрыс?
6. 10 жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп
алса нешеуі қалады?
7. Басты байлық не?
8. Есту мүшесі не?
9. Үш арсызды ата?
10. Жыл басы не?
2- кезең: "Кім шапшаң?" Құстар мен аңдардың
суреттерін жинау.
3-кезең: "Орнын тап", орны ауысқан әріптерден
сөз құрау.
1-ші топ:
1. л, а, қ, б, ы (балық)
2. ғ, а, а, ш (ағаш)
3. а, ғ, а, з, қ (қағаз)
2-ші топ:
1. і, і, м, л, б (білім)
2. б, а, а, қ, с (сабақ)
3. қ, а, а, б (бақа)
Қайсысы білгір, білімді,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық - деп сөз сайысына кезек
берейік.
4-кезең: "Сөз сайысы"
Есептеуге жүйрік болсаң
жасыңнан,
Математикадан орың берсең
басыңнан,
Барлық ғылым соған үйір болады,
Досың олар табылатын қасыңнан - дей отырып,
келесі кезеңімізді бастайық.
5-кезең: "Ертегі есеп"
«Алғырлар» тобы
«Ұрылар мен кемпір»
ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз
кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ
кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар
менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды
алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалма –жан бір шелек суды сапырып
отырып, мынадай өлең айтыпты:
Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой
мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», -
деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.
Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.
«Тапқырлар»
тобы
Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың 8
құлағы көрінеді. Қояндар саны нешеу?
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін
көрсетсін,
Біз айталық төрелігін соңынан. Келесі кезеңімізді
бастайық.
6- кезең Шығармашылық жұмыс: "Гүл
құрастыру"
Сергіту сәті: "Көңілді
маймылдар"
Жүргізуші- «Маймылдардың апасы»:
Біз – көңілді маймылдар,
Өте қатты шулаймыз,
Алақанды соғамыз,
Еденді де таптаймыз.
Ұртымызды үрлеп,
Әндетеміз гулеп.
Төбеге де секірдік,
Маңдайға саусақ келтірдік.
Құлағымыз – қалқан,
Құйрығымыз – салпаң.
Бірақ тәртіп – қатаң,
«Үш» дегенде апаң-
Бәрің тілді алыңдар,
Қозғалмай, қатып қалыңдар!
Ойынға қатысушылар тақпақты жүргізушімен бірге қайталап, әр түрлі
қимылдар жасап, әбден еркінсиді. Бірақ «үш» деген сөзден кейін
қозғалмай бір орында қатып қалады. Бірінші қозғалып қойғандар, өз
өнерлерін көрсетеді.
6-кезең: Тапқыр болсаң, тауып көр, "Ұйқасын
тап"
1. Жазу үшін саған... ,қажет саған
(қалам)
2. Дауысына құлақ түр, жер жыртып
жүр...(трактор)
3 Қарды қояр күреп, керек
жалпақ...(күрек)
4. Өзінше ноян, қорқақ кім?
(қоян)
5. Бата алмас түлкі, үсті
тікен...(кірпі)
6. Айбат шегер алыстан, аң
патшасы...(арыстан)
7. Алмастан тыным,
шабады...(құлын)
Қорытынды:
1. Біз
балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын кең аспан.
Мықты болсын іргеміз,
Бәрімізде біргеміз.
Жеңістермен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес жеткіземе мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме,
Қатысуда бір жеңіс,
Жан болсаң сен ұғатын.
2. Білім-теңіз,мектепті кеме
дейміз,
Білім мен тәрбие егіз, неге
дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа еге дейміз.
Қош дейміз,әлі талай сайыстар
бар,
Өнерлерің өрлей берсін,
қайыспаңдар.
Ойлы орта кеңейсін күннен
күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-дей отырып
бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Тақырыбы: Алғырлар мен тапқырлар
ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой
ұшқырлығын арттыру, оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге
қызығушылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, ұйымдастырушылық
қабілетін дамыту
Сабақтың түрі: Сайыс
сабақ
Сабақтың барысы: Оқушыларды сайыстың
кезеңдерімен таныстыру
I Ширату Таныстыру ұраны
II Кім жылдам? Сұрақ-жауап
III Егерде сен
IV Бұл кім?
V Жалғасын тап
Бүгінгі сайысымызға әділ бағасын беретін
әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
(таныстырылады)
Ойыншыларымыз дайын болса I-кезең Ширатуға
кезек берсек Әр топ өз топтарының атын,ұранын
таныстырады
Тамаша олай болса қатысушыларға сәттілік тілей
отырып, II-кезеңге көшсек. Бұл кезең “Кім жылдам?”
деп аталады Әртопқа жеке-жеке он сұрақтан қойылады Топ ойыншылары
сұрақтарға мейлінше, тез әрі дұрыс жауап беруге тырысуы керек Әр
дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады
Алғырлар тобына:
-
Кез келген санды 1-ге көбейтсе қандай сан шығады?
(сол санның өзі шығады)
-
300
бен 10-ның бөліндісі нешеге тең? (30)
-
Кім? Не? Деген сұраққа жауап беретін сөйлем
мүшесін ата (Бастауыш)
-
Қазақстан Республикасының астанасын ата?
(Астана)
-
Көру мүшесі не? (Көз)
-
“Ғылым таппай мақтанба” өлеңінен үзінді
оқы
-
Мақалды жалғастыр: Батыр туса – ел ырысы,
………..
-
Қазақстан атақты серісі? (Ақан
сері)
-
Қазақ тілінде неше септік бар?
(7)
“Өнер жолында” әңгімесінде кім туралы
айтылған?
(Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек
Елебеков)
Тапқырлар тобына:
-
Кез келген санды 0-ге көбейтсе қандай сан
шығады?(санды нөлге көбейтуге болмайды,нөл
шығады)
-
500
бен 10-ның бөліндісінешеге тең? (50)
-
Қандай? Қай? деген сұраққа жауап беретін сөз
табын ата? (Сын есім)
-
“Оқы” деген болымды етістікті, болымсыз етістікке
айналдыр (Оқыма)
-
Қазақстан Республикасының президентін ата?
(Н.Назабаев)
-
Адамның есту мүшесін ата?
(құлақ)
-
Үш
биді ата? (Төле би, Қазбек би, Әйтеке би)
-
Мақалды жалғастыр: Еңбек етсең ерінбей
………….
-
Ілік септігінің сұрақтары? (Кімнің?
Ненің?)
-
Ақан серінің тұлпары? (Құлагер)
ІІІ-кезең. “Егер де
мен……..”
Бұл кезеңде әр топқа жағдаяттық сұрақтар
беріледі
Әр топ аталған жағдаяттарға б/ты өз пікірін
білдіреді.
Алғырлар тобына:
“Сен анаңның жақсы көретін затын байқамай сындырып
алған жағдайда не істер едің?”
Тапқырлар тобына:
“Әрқашан қасында күліп ойнап жүрген адам досың
сені қатты ренжітті. Осы жағдайда сен оны кешіресің
бе?”
IV-кезең. Бұл кім?
Әр топқа атақты адамдардың суреттері беріледі сол
суреттерге қарап отырып, кім екенін табу керек.
Сонымен қатар, екі топқа да белгілі ақынжазушы
туралы мәлімет айтылады. Кім туралы айтылғанын табу
керек.
Алғырлар тобына:
Қазақтың аса көрнекті ақыны, ірі қоғам
қайраткері, өте білімдар ғылымы,Торғай өңірінде туған, балаларға
арнап тұнғыш қазақ “әліппесің” жазған. Оның “Оқуға шақыру”,
“Әліппенің атасы” т.б. шығармалармен таңызпыз. Бұл кім туралы
айтылған?
Тапқырлар тобына:
Қазақстан ұлы ақыны,Шығыс Қазакстан облысы,Шығыс
тауында дуниеге келген ,бірнеше дастандардың авторы, жылдың төрт
мезгілін жырлаған лирик ақын?
V Жалғасын тап…
Әр топқа мақалдар беріледі, сол мақалдарды
жалғастыру керек.
Қатысушыларымыз дайын болса, кезеңімізді
бастайық.
Алғырлар командасына Тапқырлар
командасына:
Окусыз білім жоқ................................
Не ексең...................................
Ер туған жеріне........................ Ер
қанаты.............................
Жақсыдан үйрен........................ Тіл тас
жарады.............
Отан от………. Туған жердей жер
болмас..................
Төртеу түгел болса.......................... Өнер
алды.............................
Жері байдың............................... Ас
адамның...................................
Қорытынды: Жеңіске жеткен топты
марапаттау
Ұ йымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топқа бөлу Топтардың ұрандарын қорғап,
айтуы
Сөзжұмбақтар
шешу.
Қызықты сұрақтарға жауап беру
«Домино» кезеңі “Мақта қыз бен
мысық”
ертегісін ретімен
айту
О қу ісінің
ұйымдастырушысы жумаханова Ш.Қ. қорытынды
сөзі
С.Сатыбалдин атындағы жалпы
орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныптардың өткізілген іс
шарасы туралы анықтама
Мерзімі: 7.12.
2017жыл
Өткізілген орны: Мультемедиа
бөлмесі.
Жауапты: Шакенова Ш.Қ.
Агинбаева Р.Д. Шакилова А.Г.
Сынып: 1-4
сыныптар
Қатысқан оқушылар саны: 12
бала
Өткізілу түрі:
Сайыс
Безендіру: Тақырып,
слайд,Сөзжұмбақтар.
Тақырыбы: «Туған жер
бағдарламасы бойынша Алғырлар мен тапқырлар»
сайысы
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін
анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын
дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын
арттыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін
айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Іс-шараның өткізілу барысы:
Жүргізуші бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Ш.К.. алдымен оқушыларды
екі топқа бөліп сайыстың мақсаты және кезеңдеріңмен таныстырып
өтті.
Сайыс бес бөліммен
тұрды:
1. ТАНЫСТЫРУ (топтың атын,
ұранын айту);
2. «Блиц-турнир» (ұяшықтан сұрақ таңдау);
3. “Кім жылдам?”(логикалық тапсырмалар.Әр топқа 15- сұрақтан
қойылады);
4. «ОЙЛАН ТАП!» (сөзжұмбақтар шешу);
5. «ДОМИНО» (суреттегі заттарды рет –ретімен
орналастыру);
Қорытынды: Сайыстың барысында
оқушылар бір және екі сандарына саналып екі топқа бөлінді
«Қырандар» және «Болашақ». Бірінші кезеңде топтар ұрандарын айтып
қорғады. Екінші кезенде «Блиц-турнир» сайысында топтар
ұяшықтан сұрақ таңдау арқылы өздеріне ұпайлар жинады. 3 кезеңде
“Кім жылдам?” ойынында. Әр топқа 15- сұрақтан қойылды топтар бұл
кезеңде өздерінің білімдерін көрсетті. 4 кезеңде топтар сөзжұмбақ
шешіп жарысты. 5 кезеңде Домино сайысында топтар «Мақта қыз бен
мысық» ертегісін ретімен дұрыс айтып
берді.
Аталған шара оқушылардың
белсенділіктерін, жауапкершіліктерін, ынтымақтарын ашты. Топтар
білмдерін көрсете білді. Сайыстың қорытындысы бойынша «Болашақ»
тобы 1 орын иеленіп жеңімпаз атанды. «Қырандар» тобы 2 орынды
иеленді. Іс шара өз мақсатына жетіп, қызықты әрі тартымды
өтті.