Алғыс айту

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алғыс айту

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс айту күні туралы түсінік қалыптастыру Адамгершілікке, кішіпейілділікке баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Алакөл ауданы

«Балдырған»шағын орталығы













1наурыз –Алғыс айту күні

«Тәрбие сағаты»













Тәрбиеші:Ережепбаева Г.

2023жыл

Тақырыбы «Ризашылық»

Мақсаты:балалардың «Сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері-ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

-үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін,сыпайлық қарым қатынасын дамыту;

-әдептілікке,кішіпейілділікке,ізеттілікке тірбиелеу.

Көрнекліктері:Ғажайып сөздер,суреттер

Шаттық шеңбері

Ризамын мен бүгінге

Ризамын мен бүгінге

Ризамын мен бүгінге

Ризамын мен қазірге:

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге

Ризамын,ризамын,ризамын қазірге

Балалар тізбектеліп, бір-біріне тілек білдіріп шығад.

Әңгімелесу

-Балалар, сендер кімдерді жақсы көресіңдер?

-Оларды неліктен жақсы көресіңдер?

Ризашылық дегеніміз не?

Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

-Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

-Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

-Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіндер?

Балалардын жауаптары тындалады сонымен,рахметке лайықты кімдер?

Тізімді бірге құрайық!Бастысы алғыс айта білу...

Анаға-өмір сыйлаған үшін,

Әкеге-қорған болған үшін,

Далаға-гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Сөзге-жанды жылытатыны үшін,

Күнге-шуағы мен назары үшін,

Жұлдызға-қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа-құшағы мен иығы үшін,

Әжеге- ыстық алақаны үшін,

Суға-тіршілік көзі болғаны үшін.

Жерге-махаббаты мен бар болғаны үшін.

Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі,көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.

-Алғыс адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіру, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Әнгңімелеу

«Алғыс» М.Төрежанов

Тақпақтар



Аян:

Немере ыстық екен баласынаң,

Аташым, артықсың сен бар асылдан.

Алғысты бір өзіңе жаудырамын,

Көзіңнің санадың артық қарасынан!

Мидина:

Көз ілмей түн ұйқысын төрт бөлген,

Өзіңдей асыл жанды кім көрген.

Алғысым шексіз саған,жаным анам,

Әміре

Әрқашан тілеуімді тілеп жүрген!

Қашанда қарыздармын,әке,саған.

Жүректің арнап ыстық махаббатын,

Әкетай,шексіз алғыс айттым саған

Алмас

Ұстазым-сөзің асыл баға жетпес,

Әр сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Шәкіртін баласындай қадірлеген,

Ұстазыма 1000 алғыс та саған жетпес!

Алия

Күндіз –түні еркелеткен күнім деп,

Әрқашанда мейірім төккен күлімдеп

Ақ жаулығы желібіреген апатай,1000 алғысын айтады күнің кеп!

Балжан

Дос дегенің-бауырың,ол сырласың,

Қиналғанда сырыңды айтар мұндасын.

Шын достыққа тең келмейді ештеңе,

Алғыс айтып, достық жыры жырлансын!

Балаларға өзін жақсы көретін жақын адамдардың қаншалықты қымбат екендерін сезінтіп, қадірін ұғындыра түсу мақсатында балаларға төмендегідей мәтіндерді қосымша айтып беру.

-Сағынышты қандай бала деп айта аламыз.

Дәйексөз

«Адам өз ісіне қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.

Өзіне жасаған жақсылыққа ризашылық білдіру алғыс дейміз»

Балаларға «Алғыспен ел көгерер»деген халық мақалың бүгінгі оқу іс-қызметінде дәйексөзі ретінде түсіндіру.

Үлкендердің айтқан тілін алу,сйыластыққа әкеледі.Сендердің көрсеткен көмектеріңе үлкен кісілер алғыс айтады,ризашылықтарын білдіреді. «Алғыспен ел көгерер» деген сөз осыдан шыққан.

Сергіту сәті:

Ойын: «Сымсыз телефон»

-Балалар ,жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямандар. «РАХМЕТ» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтандар.Өмірдің әрбір сәтін бағалай бәлуге үйреніңдер және табиғат Анаға мейірімді күні үшін,көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін,жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшің алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Бүгінгі оқу іс-қызыметі сендерге ұнады ма?











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2025
171
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі