Жүргізуші: Елімізде 1 наурыз - «Алғыс
айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2016 жылғы 14
қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде
«Алғыс айту күні» деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған
болатын.
І
оқушы: Алғыс айту күнін мерекелеудің
жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана
негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық
құндылықтарды бейнелейді. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен
елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық
қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған
Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты
күні.
ІІ
оқушы: Бұл – тағдыр тәлкегімен
Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың
миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ
жерімен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы
қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай
бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт
өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі
өлшеміне айналды.
ІІІ
оқушы: «Алғыс айту күні» – Қазақстан
халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық
патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы –
еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын
Қазақстан халқы Ассамблеясының
күні.
ІV
оқушы: «Рахмет!» сөзі Испания тілінде
«gracias», Украина тілінде «спасибі», Қырғыз тілінде
«ыракмат»,Француз тілінде «merci», Африка тілі бойынша «dankie» -
деп аударылады екен.
Бейнеролик
көрсетіледі.
Жүргізуші: Оқушыларға өздерінің алғысын
білдірген өлеңдеріне кезек береміз.
Жүргізуші: Үлкенге құрмет, кішіге
ізет!
Ата - әжелеріміз, ата -
аналарымыз бар, біздер бақыттымыз. Бүгінгідей тәуелсіз егемен елде
қайғы - қасіретсіз, еркін, бейбіт өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы
қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек. Үнемі алғысымызды
айтып жүруіміз қажет.
V
оқушы: Адам өміріндегі ең игі
істердің бірі үлкен кісілерге қамқорлық, мейірімділік,
сүйіспеншілік пен құрмет, сыйластық таныта білу
екен.
Жасы үлкен кісілерге құрмет
көрсету, сыйлау, біздің міндетіміз. Өйткені үлкендер бізге өнеге
көрсетеді, жақсы сөздер өсиет айтып тәрбиелеп
өсіреді.
Үлкендерді сыйлау, құрметтеу,
кішіге ізеттілік, көмек көрсету - әдептілікке жатады. Сондықтан да,
"Сіз деген әдеп, біз деген көмек" - деп тегін
айтылмаған.
VІ
оқушы: Тілін алып, кішінің де
кәрінің
Көңілінен шығып жүрмін
бәрінің
Үлкендердің айтқан сөзін
тыңдауды
Әдептілік белгісі деп
таныдым.
Сыйластықты
іздеген
Әдеп сақтар ізгі
өрен
Сыпайылық
белгісі
Үлкендерге сіз
деген
Алдын үлкен
кісінің
Кесіп өтпей
көлденең
Әдеппенен
үлкенге
Сәлемдесіп жол
берем.
VІІ
оқушы: Жасы үлкенге құрмет көрсету
біздің ата - дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтіріп, аялап өсірген ата
- ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - болашағымызды сақтау
мен бірдей. Сондықтан үлкенді сыйлап, құрметтеу
керек.
Жүргізуші: Келесі кезеңде
бүгінгі «Алғыс айту күні» тақырыбы бойынша
оқушыларға газет шығару тапсырмасы
беріледі.
/Екі топ газет шығарады,
түсіндіріп, пікірлерін ортаға салады,
талдайды/
Жүргізуші: Келесі «Кім
жүйрік?» атты сұрақтар айдарына
берейік.
Сұрақтар:
1. Қазақстанда қанша ұлттар
мен ұлыстар тұрады?
130-дан астам ұлт өкілдері
тұрады.
2.Біздің мемлекетіміз қандай
мемлекет?
Тәуелсіз, зайырлы, көпұлтты
мемлекет.
3.Алғыс айту күні қай кезден бастап тойланып
келеді?
2016 жылы 1-наурыз Алғыс айту күні
болды.
|