«Құрметті оқушылар, бүгін біз Алғыс айту күнін атап өтеміз.
Бұл күннің біз үшін маңызы зор, себебі алғыс айту — ол біздің ішкі
дүниеміздегі ізгілік пен адалдықтың белгісі. Алғыс айту арқылы біз
бір-бірімізге жақсылық жасауға ұмтыламыз. Бүгінгі сабағымызда алғыс
айту мәдениетін үйреніп, оны өмірде қалай қолданатынымызды
түсінеміз.»
Алғыс айту дегеніміз не?
Мұғалім алғыс айту деген ұғымды
түсіндіреді:
Алғыс айту — ол адамның өз ризашылығын білдіруі, жақсылық
жасаған адамдарға құрмет көрсетуі.
Бұл — қарым-қатынастың негізгі құндылықтарының бірі,
қоғамда өзара сыйластық пен түсіністік орнатуға
көмектеседі.
Алғыс айту не үшін қажет?
Оқушылармен сұхбат жүргізіп, алғыс айтудың себептері мен
пайдасы туралы ой қозғайды.
Қиын кезеңде көмектескендерге алғыс айту, бір-бірін
қолдау.
Алғыс айту арқылы адамдардың арасында түсіністік, сенім
пайда болады.
Әдептілік, рухани
байлық, қоғамда үйлесімділік орнату.
|