Алғыс айту күніне СЦЕНАРИЙ 2024

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алғыс айту күніне СЦЕНАРИЙ 2024

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс айту күніне СЦЕНАРИЙ 2024
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтынай тәрбие саласы құжаттары













1 наурыз алғыс айту күні



«АЛҒЫС АЙТУ ПАРЫЗЫМ!»





















2024

Ж. Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!
"Алғыс айту - парызым!" атты ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!


2016 жылғы 14 қаңтарда 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жарияланды. Тұңғыш рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы № 173 Жарлыққа қол қойды.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым - қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Бүгінгі шарамызды ашып беру үшін мектеп директорына сөз кезегі беріледі.


Ж. 1 сынып оқушылары Алғысқа, рахметке кімдер және нелер лайықты деп ойлайсың? (ЖУРЕКШЕЛЕРМЕН алғыс білдереді)

Тізімді бірге құрайық!
Бастысы – алғыс айта білу...

1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
2. Әкеге – қорған болғаны үшін,
3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5. Күнге – шуағы мен назары үшін,
6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
11. Отқа – жылулығы үшін..

Бірге: Рахмет айтамыз!




Ж.Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.

Иә, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап білімнің кәусар бұлағынан сусындататын асыл жандар - аяулы ұстаздар туралы қанша мақтау сөздер айтсақ та тауыса алмаспыз.

2-3 сынып оқушылары ұстаздарға әдемі гүлдер ұсынады

Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.

Ана - әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.


Жоғарғы сынып оқушылары: Қолдан жасалған жүрек киіп ұстаздарға,оқушыларға аналарға кекстер тарату арқылы жылы лебіздерін білдіреді.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызға айтарым, қашанда жүзіміз жарқын, көңіліміз шат болып тұру үшін ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту, жалған айтпай, берген уәдені орындау басты парызымыз екенін ұмытпайық. Біз қазақстандықтар бейбіт өмірде, жақсы тұрмыста адамша өмір сүргенді қалаймыз. Ешкім де, ешқашан да ұрыс - керіс, жанжал, айқай шумен жақсы тұрмыс жасай алмайды. Жасасын достықты жақтаған Қазақ елі!

Оқушылардың кезекті мерекелік концертіне кезек беріледі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2024
1088
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі