Алғыс айту парызым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алғыс айту парызым

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы, қазақ халқы алғысқа өзінің байырғы мән- мағынасына терең ой беріп, бойына сіңіргендігі анық. Оның себебі көп: біріншіден ислам дінін ертерек қабылдаған қазақ халқы алғыс айтуды әуел бастан әдетке айналдырған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алғыс айту-парызым!» – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт жоспары


Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, құрметті қонақтар және ұстаздар!

«Алғыс айту-парызым!» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

І жүргізуші: Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде Алғыс айту күнін мерекелеу туралы айтқан болатын.Қазақ елінде өмір сүріп жатқан кез-келген ұлт қазақты өз бауырындай көреді. Сондықтан, оларға алғыстан басқа айтары жоқ.

1 Наурыз Елбасының бастамасымен «Алғыс айту күні болып бекітілді» .   Жалпы, қазақ халқы алғысқа өзінің байырғы мән- мағынасына терең ой беріп, бойына сіңіргендігі анық. Оның себебі көп: біріншіден ислам дінін ертерек қабылдаған қазақ халқы алғыс айтуды әуел бастан әдетке айналдырған. Біз осы Алғыс айту күнінің мереке есебінде күнтізбемізге енгеніне өте қуаныштымыз.


Біріншіден Елбасымызға алғыс айтқымыз келеді. Халқымыз бүгінгі таңда Тәуелсіздігін алып, бақытты өмірге келіп отыр, осының бәрі өткен күрестің жемісі. Бұл жерде Елбасының елімізде мызғымас татулық орнатып, бүлдіршіндерімізді бейбіт күннің астында өмір сүруіне жағдай жасап отырғандығы ақиқат.

1 - наурыз Алғыс айту күніне арналған кешіміздегі сөз кезегін мектебіміздің директоры Нұрлан Жанарыстанұлына сөз кезегін береміз.

 Жүргізуші:  Қымбатты  балалар! Біздің арамызда күнбе-күн сұхбаттасатын, сұрақтар қойып, жетістіктер мен армандар жәйлі ойларыңызбен бөлісетін қонақтар бар. Ендеше мектебіміздің ардагер ұстаздарына қошемет көрсетіп,бас иеміз.

Ән:Армысың халқым

Әдеби монтаж

Жүргізуші

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін

Бүгінгі  қүн  —  нұрлы  күн

Жарық  шашқан  әлемге

Ескеретін  күн  бүгін

Ризашылық  қой  әр  елде

4 б сынып оқушыларының орындауында «Вальс биі»

Әрбір табиғат құбылысына алғыс айту парызымыз.

Анаға – өмір сыйлағаны үшін, 
Әкеге – қорған болғаны үшін, 
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, 
Сөзге – жанды жылытатыны үшін, 
Күнге – шуағы мен назары үшін, 
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін, 
Досқа – құшағы мен иығы үшін, 
Әжеге – ыстық алақаны үшін, 
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, 
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін, 
Отқа – жылулығы үшін


Ән:Бір жұлдызың боламын менде



Жүргізуші:   Құрметті  қонақтар, сіздерді  бүкіл  мектеп  ұжымы  атынан, мектеп  оқушыларының  атынан  көрсеткен  қамқорлықтарыңыз  бен  аялы  алақан, жылы  лебіздеріңіз   үшін  басымызды  иіп, рахметімізді  айтамыз. Еңбектеріңізге  жеміс, отбасыларыңызға  бақыт  тілейміз.

Құтықтау үшін сөз мектебіміздің ата- анасына беріледі.

Өзбек биі: 4 б сынып оқушылары

Ән: Көңілді күн

2 -жүргізуші:  Бүгінгі мерекелік шарамызды  Н.Ә.Назарбаевтың  сөзімен қорытындылайық:

Дүниеде  тәуелсіз  қазақ  елі  бар;

Әлемде  Егемен  Қазақстан  бар;

Оның  көп  ұлтты, тату, ынтымақшыл  халқы  бар;

Қуатты  экономикасы, сенімді  саяси  жүйесі  бар;

Ең  бастысы —  бүгіннен  нұрлы, бүгіннен  кемел  болашағы  бар.

Сол  күнге  берік  сенім  бар!

Ән: Тұлпарым

Осымен «Алғыс айту-парызым!» атты мерекелік кешіміз аяқталды.


















98 орта мектеп











Тақырыбы:

Shape1



Өткізген:М.Боранқұлова

Сыныбы: 4 «Б»

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.10.2020
672
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі