ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – ҰЛТ КӨСЕМІ

Тақырып бойынша 13 материал табылды

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – ҰЛТ КӨСЕМІ

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі, Демейді қандай қазақ оны оң көзі. Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан, Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі.», - Сұлтанмахмұт Торайғыров Жиырмасыншы ғасырдың басында орын алған түрлі әлеуметтік толқулар мен саяси төңкерістер оқымаған, қараңғы қазақ даласына күн секілді азаттықтың үміт сәулесін сыйлағандай болды
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қарағанды қаласы Бұқар-Жырау ауданы,

«Байқадам ЖББМ» КММ-нің

тарих пәні мұғалімі Рымбек Серікбол Амангелдіұлы





ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – ҰЛТ КӨСЕМІ



«Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі, Демейді қандай қазақ оны оң көзі. Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан, Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі.», - Сұлтанмахмұт Торайғыров Жиырмасыншы ғасырдың басында орын алған түрлі әлеуметтік толқулар мен саяси төңкерістер оқымаған, қараңғы қазақ даласына күн секілді азаттықтың үміт сәулесін сыйлағандай болды. Осы тұста Алаш туының астына қазақтың біртуар азаматтары бірігіп, «Оян, қазақ!» деп ұрандата отырып, жаңа қазақ қоғамын құруға бірлесе, иық тіресе кіріскен еді. Осы қоғамды құруда ұлт қамын ойлаған, қазақтың маңдайына біткен біртуар азамат Әлихан Бөкейханның еңбегі зор еді. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан кім? Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан сол кездегі Семей облысы, Қарқаралы уезінде, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында 1866 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Әлихан Бөкейхан он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басында қоғам мен мемлекет қайраткерінің қатарындағы ерекше тұлғалардың бірі болған. Сонымен қатар Алаш жетекшісі, Алашорда автономиясының төрағасы, публицист, ғалым әрі аудармашы. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымынан шыққан. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ болған. Әлихан жасынан білімге құштар болып өскен. Оны әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып ауыл молдасының қолына оқуға береді. Бірақ Әлихан молдадан білім алғаннан ауыл мектебінен білім алғанды жөн санайды. Осы білімге құштарлығының арқасында ол сол қаладағы үш кластық бастауыш мектепті, сосын қазақ балаларына арналған мектепті және Омбыдағы техникалық училищеде оқып, «техник» мамандығын меңгеріп шығады. Үздік әрі алғыр Әлихан жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом степендиясын алып, Ресей 40 империясының елордасы Санкт-Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтына оқуға түседі. Әлихан студент кезінде саяси, экономикалық және әдеби үйірме жұмыстарына белсене араласа жүріп, студенттік толқуларға да қатысады. Оны Ресей империясының құрсауында отырған қара халықтың ауыр тағдыры толғандырып, түрлі ой сала бастайды. Надандық пен қараңғылықтың боданында отырған қара халықтың тіршілігін көре отырып, халыққа мәдениет, жаңашылдық, білім мен тың өзгеріс керек екенін ұғынады. «Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ер құлдықтан, әйел күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды!», - деген екен Әлихан Бөкейхан. Ол болашақта қара халықтың игілігі үшін жұмыс істеуді өз алдына мақсат етіп қояды. Әлиханның саяси көзқарасының жетілуіне, қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы ретінде қазақ даласына танылуына, саяси күрескер болып шыңдалуына Омбыдағы өмірі ерекше әсер етті. Әлихан Бөкейхан оқуын бітіріп Омбыға қайта келгенде Ресей империясының қазақ халқына жүргізген отаршылдық саясатына деген өз көзқарасы қалыптасқан, саяси астыртын күрестің әдістері мен түрлерін үйренген, күрес жолында біршама тәжірибе жинаған күрескер болып оралды. Ол Омбыға оралысымен қаланың саяси өміріне, қоғамдық жұмыстарына белсене араласып кетті. Әлихан «Народная свабода» партиясының қатарына өтіп, саяси белсенділердің арасында осы партияның шағын тобын құра бастады. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұхара мен Түркістанға бет бұрған панисламшыл, дәстүршіл ағым болса, екіншісі Батыс өркениетін үлгі тұтатын пантүркішіл, жаңашыл ағым болды. Осы екінші негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтатын жаңашыл, пантүркішіл ағым басында Әлихан бастаған орыс мектептерін тәмәмдаған озық ойлы, білімді, жаңашыл қазақ зиялы қауымының өкілдері болды. Бұл ұйым әзірге Ресей империясына қарсы шығып, ашық күрес жариялау бос әурешілік екенін түсініп, ұстамдылық танытты. Сондықтан олар, бірінші қара халықтың санасын ояту үшін жағдай жасау керек екенін ұғынды. «Қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп, пайдамызды тигіземіз?!», - деген Әлиханның жүрек түбіндегі жанайқай оны үнемі мазалайтын еді. Осы негізде Әлихан бастаған қазақ зиялылары бар күш - қуатын осы мақсатты жүзеге асыруға жұмсады. Әлихан Бөкейханның өмірде бес ұстанымы болды. Бірінші ұстанымы халықта «жер» болуы тиіс. Жерсіз Отанды елестету мүмкін емес. Әлиханның ұйғарымы бойынша қазақтың жерін ғылым мен техникаға сүйене отырып, толық игерілмейінше, жер ешкімге берілмеуі тиіс. Екінші ұстанымы қазақ даласының қойнауындағы барлық байлық тек қазақ халқына ғана қызмет етуі тиіс. Бөкейханның тілімен сөйлесек, «қазақтың әрбір тасы қазақтың өңіріне түйме болып тағылуы тиіс». Үшінші ұстанымы қазақ жерінде өндірілген әрбір зат, ол бір уыс жүн болса да сол халықтың үстіне киім болып киілуі тиіс деп санаған. Яғни, қазақ халқы толық экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі тиіс. Төртінші ұстанымы бойынша қазақ ұлтының өзінің тілі, діні, әдет - ғұрпы өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек деп санады. Ал бесінші ұстанымы ең негізгі ұстаным болып саналды. Ол ұлттық дәстүр негізінде ұлттық демократиялық мемлекет құрылу керек деп санады. Осы ұстанымдардың негізінде қазақ халқының тәуелсіз мемлекетте өмір сүруін армандаған Әлихан Бөкейхан қазақ тарихындағы ең алғашқы ұйым «Алаш» партиясын құруды көздеді. «Алаш» партиясының құрылуы қазіргі замандағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына зор үлесін қосты деп санауымызға болады. Бұл қараңғы түнекте ұйықтап жатқан қара халықты оятуға және тәуелсіздігімізді алуға деген алғашқы баспалдақ болып табылды. Патша үкіметінің отаршылдық езгісінен құтылуға бастау болатын алғашқы қадамдардың бірі болды. Әлихан Бөкейхан соңғы демі біткенше барлық мағыналы ғұмырын қара халықтың азаттық алып, тәуелсіз халық болуына арнап, сол мақсатты жүзеге асыру жолында жасаған еңбегі сан түрлі. 41 1917 жылы қазақтың демократиялық қозғалыс жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімдері азая бастады. Өйткені Уақытша үкімет патша үкіметінің саясатын жүргізумен айналысты. Уақытша үкімет қазақ халқына билікті беруге, өз алдына ұлттық - демократиялық үкімет құруына кедергі келтіріп отырды. Осы тұста Әлихан Бөкейханның да Уақытша үкіметке деген көзқарасы өзгере бастады. Ол Уақытша үкімет құрамындағы кадет партиясынан шығуға бел буды. Әлихан Бөкейхан кадет партиясынан шыққан соң, тәуелсіз қазақ автономиясын құруға мүмкіндік беретін ұлттық - саяси партия ұйымдастыруға алғашқы қадамдарын жасай бастады. Алғашқы бүкілқазақтық съезд 1917 жылы Орынбор қаласында өтті. Оған Алматы, Семей, Торғай, Орал, Сырдария, Жетісу облыстары мен Бөкей ордасынан, Ферғана облысынан қазақтар қоныстанған аудандардың өкілдері қатысты. Съезде қазақ даласының экономикалық және саяси өміріне тікелей байланысы бар мәселелер қаралды. Басты назарда жер, автономия, құрылтайға дайындық және қазақтың саяси партиясын құру тұрды. Солардың бірі «Алаш» саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын әзірлеу болып табылды. Құрылтай жиналысының шешімі бойынша жаңадан құрылған партия «Алаш» деп аталды. Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы басқарған «Алаш» партиясының құрамына жүрегі «қазақ» деп соққан М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Х.Ғаббасов, М.Дулатов, С.Торайғыров, Ж.Досмұхамедов сынды қазақ зиялылары кірді. Алаш көсемдері қанау мен теңсіздікте болған, жерде езілген қара халықты «қазақ халқын отарлық езгіден құтқару үшін» деген ұранмен біріктіруге бағыт алды. «Алаш» партиясының басты мақсаты - қазақ халқына өзін – өзі басқару құқығын беретін мемлекеттің жүйе құру, дербес мемлекет болуға қол жеткізу, қазақ жеріне Ресейден қоныс аударушылар легін тоқтату, білім мен жаңашылдыққа жол ашу болып табылды. «Алаш» партиясының басты басты бағыты: соғысты болдырмау, демократиялық республика құру, әйел құқығын қорғау, тіл мәселесін оң жолға қою, көп әйел алу мен қалыңмалға қарсылық білдіру. Ұлт бостандығы жолындағы күресте Әлихан Бөкейхан 1917 жылғы төңкеріске дейін де және одан кейін де жеті рет тұтқындалып, бірнеше ай түрмеде отырып, екі рет айдауда болды. Айдауда жүріп басынан небір шым - шытырық оқиғалар мен күреске толық күндер өтті. «Алаш» партиясын басқара жүріп, ол қазақ халқының тарихын зерттеді. Ұлтының тарихын зерттей келе соңында саяси қорытынды шығарды. «Қазақ» газетінде шыққан мақаласында «хан-сұлтандар күш-қуаттарын тиісті орынға жұмсамай, бірінің көзін бірі шұқудан уақыты артылмады, істегенінің бәрі жәбір, залым болды, қылғанының бәрі зорлық - зомбылық еді», деген екен. Қазақ даласында емін – еркін көшіп ғұмыр кешкен, ерекше салт - дәстүрі, мәдениеті бар халқын бодандыққа жегіп берген сұлтандарды жазғыра отырып, халқының болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға бел буды. Әлихан Бөкейханның күреске толы өмір жолы кейінгі ұрпаққа мәңгілікке үлгі болып қалады. «Хан баласында қазақтың хақы бар еді, тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын», - деген біртуар ұлт көсемінің намысшыл, ұлтжандылық секілді асыл қасиеттері әр қазақ баласына үлгі болуы тиіс. Әлихан Бөкейхан – Абайдай дара тұлға айтқандай «Құйрықты жұлдыз секілді, туды да көп тұрмады» деген сөзбен айтатын болсақ, бір сәтте жарқ етіп жанып, сәулесі әлі күнге дейін жер жаһанға төгіліп тұрған жарық сәуледей.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.05.2025
180
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі