×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады. Тәрбиешілерге, ұстаздарға, оқушыларға, студенттерге арналған турнирлер басталды. Толығырақ
Құрметті аттестация тапсыратын ұстаздар аттестацияға арналған сұрақтар мен оның жауаптары дайын болды. Біз оны арнайы кітапша ретінде шығардық. Толығырақ: 8-(707)-358-15-26 осы номерге дәл қазір хабарласыңыз немесе ватсапқа жазыңыз.

Әліпби-жаңарған елдің нышаны .Ғылыми жұмыс

Автор:Әбілдаева Құндызай Пірмағанбетқызы
Бағыты: Мәдениеттану
Бөлімі: Ғылыми жұмыстар
Сыныбы: 8 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-04-29

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Бұл презентатцияда өз оқушымның латын әліпбиіне көзқарасы жазылған.

І. Кіріспе Әліпби-жаңарған елдің нышаныМақсаты: Қазақстанда қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы мәселесі туралы ақпарат беру, бұл тек қана тілдің реформасы ғана емес, жанымыздың жаңғыруы, маңызды стратегиялық бағдарлама екендігін ұғындыру. Елдің дамуы жолында болып жатырған жаңалықтармен ақпараттандыру, Отансүйгіштікке, тіліміз бен тарихымызды құрметтеуге баулу. Ертедегі жазуларды бабалардың қолтаңбасы десек, бүгінгі күні құнды мұра ретінде мұражайларда сақтаулы. Қазақ ұлты да сан ғасырлар бойы алуан жазуды қолданып келгені аян. Соңғы екі ғасырдың өзінде бірнеше жазу үлгісіне ауысыппыз. Латын тіліне көшу – уақыт талабы. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.Бүгінгі қазақ жазуына түбегейлі реформа керек. Отаршылдық саясаттан құтыламыз. Осыдан бес мың жыл бұрын адам баласы жазу үлгісін тауып, ойы мен пікірін хатқа түсіру жүйесін жасаған болатын. Сол кезден бастап әріп пен жазу адамзат баласының өмірінің ажырамас бөлігі болып қана қоймай, оның тыныс-тіршілігі мен өмір сүру механизміне айналды. Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс.   Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеді. Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның он жылында қызу талқыланып келеді. «Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік»- деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін бәріміз де санамызбен түсініп, оның шынында да, қазіргі қоғамға тигізер ықпалы туралы ойлануымыз қажет. Қазіргі таңда елімізде латын әліпбиіне көшу әлі де екі жақты тартыс пен талас тудырып отырған мәселе болып табылады. Халықаралық деңгейде ойлайтын ойшылдарымыз бен ұлттың нағыз жанашырлары латынға көшуді дәріптесе, кейбір зиялылар қауымы тарихтың бұл үрдісіне әліге дейін қарсы болып келеді. Латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз керек. Бүгінде «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген уақыт талабы тудырған сауал алдымыздан көлденең шықты. Латын жазуы қазаққа бейтаныс емес. Бұл әріп Қытай елінде 1961 жылдан 1983 жылға дейін қолданыста болған. Не үшін латын әрпіне көшуіміз керек? Біріншіден, Саяси маңыздылығы жағынан айтқанда, кириллицамен сіңіп кірген отарлық санадан арылу үшін де оның саяси маңызы зор. Екіншіден, латын жазуы қолданысқа оңай, игеруге ыңғайлы. Оған қоса жаратылыс ғылымдары жағында да қолданыста дәлділігі мен ептілігін дүниежүзінің өмір тәжірибесі дәлелдеді. Қазақ мәдениеті дүниежүзінің әдебиетімен, мәдениетімен тезірек қауышу үшін латын әрпіне 10-15 жылдың ішінде біртіндеп көшуге болады. Әрі бұл әлем қазақтары латын әрпі арқылы ала-құлалықтан да арылар еді. Ортақ жазуымыз, ортақ ұлттық мәдениетімізді қалыптастырары анық. Латынға көшу жазу-сызуды өзгерту ғана емес. Бұл тілге реформа жасалады. Оның нәтижесі – білім - ғылым, әлеумет, саясат, яғни, мемлекеттің бар саласын қамтитын күрделі шаруа. Мысалы көрші жатқан Өзбекстан, Түркіменстан елдері КСРО ыдыраған соң XX ғасырдың аяғында сол латын әліпбиіне көшіп үлгерген. Олар қазір өзінің басымдығын сезініп отыр. Дамығандығын көрсетіп отыр. Біз де сол дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат қойып отырмыз. Сол мақсатымызға жетуге септігін тигізер еді. Септігін тигізіп қана қоймайды. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуде қазақтың ережеге бағынбайтын дыбыстық үндес әліпбилерін жаттауда жеңілдей түседі. Сондықтан Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағыты түзілген. Жолдауында латын қарпіне көшудің тиімділіктерін талдап айтып берді. Тіпті тіл ғылымы саласының мамандары бәрін зерттеп-зерделеуі үшін 2025 жылдан бастап нақты іске асырылатынын да нақты шегеледі. Есесіне латын әліпбиіне көшуді қазақ қоғамы қызу қолдап отыр. Ғылыми қауым латын әліппиіне көшкен түркі халықтарының жағдайына жеке зерттеу жүргізіп келеді. Латын әліппиіне көшкен өзбек ағайындарда туындаған бір қиындық- өзбек мектебі латынша жазса, орыс мектептері бұрынғы кирилл жазуында қалып отыр. Себебі өзбек тіліндегі мектепке латын әріптерін меңгерген мұғалім, латынша шыққан оқулықтар, ал орыс мектебіне басқа кітап, басқа мұғалімдер керек екен. Орысша оқитындарға кітап қоры жеткілікті болса, өзбек мектебіндегі латынша оқитындарға ондай мүмкіндік жоқ, орыс әліппиін танымайды. Әрине мұндай кемшіліктер уақытша ғана.  Қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес, неге латын әліпбиін алуымыз керек? Осыған жауап тберіп көрейін: қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес. Бірақ әлем халықтарының көпшілігі латын әліпбиін қолданып отыр. Деректерге сүйенер болсақ, дүние жүзі елдерінің көбі осы әріпті қолдануда. Латын әліпбиін жат санаған елдердің өзі тауар маркалары мен еларалық құнды қағаздарын осы әріппен таңбалап келеді. Қытай халқының бұл әріпке ауысқанына ширек ғасыр болыпты. Олар осылайша өзіне ғана түсінікті жергілікті диалектіде сөйлейтін қытайлықтарды бір жазуға икемдеген екен. Әрине, бір жағынан Қытай мен бізді салыстыруға келмейді. Құмырсқадай қаптаған елдің әр ауданының өзінде бір Қазақстанның халқы тұрып жатыр. Сондықтан әр диалектіде сөйлеп кеткен халықты бір әріпке келтіру мұқтаждықтан жасалған дүние деп қарасақ та болатындай. Ал,біздің елде ондай зәрулік туындап отырған жоқ. Біздің басты бағытымыз – латын әліпбиін қолданысқа енгізу арқылы әлемнің даму көшіне ілесу. Латын әліпбиіне көшу мәселесі өткен ғасырдың 90-жылдары көтерілді де тез басылып қалды.  Тілші ғалымдар латын әліпбиіне көшудің  тиімді жақтарын жан-жақты дәлелдеп берген болатын. Солардың басты-бастыларын атап көрсетейік:шет елдердегі (Қытай, Монғолия, Түркия т.б. ) қазақтармен мәдени, рухани байланысты нығайту үшін қажет;-қазақ тілінің төл дыбыстарын таңбалауда ұтымды мүмкіндіктер туады, ол өз кезегінде тіл -үйренушілерге жеңілдіктер береді;-қазақ тілінің әуезділігі, орфоэпиялық заңдылығы қалпына келеді;-түркі тектес мемлекеттердің интеграциялану үрдісіне оң ықпал етеді;-ағылшын тілін меңгеру оңтайлана түседі; Кеңес заманында жазылған, қазіргі заманға қажетсіз дүниелерден арылу үшін, қажетті рухани жәдігерлерді елеп-екшеп алуға мүмкіндік туады.ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ МӘСЕЛЕСІ 13 Қыркүйек 2017 69091 1 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. ІІ . Негізгі бөлім Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті. Біздің қазіргі кирилл әліпбиіндегі қазақ тіліміз - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, қырым, құмық, татар тілдеріне жақын. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды.Түркітектес халықтар тілінде латын әліпбиі 1926 жылдан бастап қолданылады. Қазақ тіл білімі тарихында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкен. Сонымен қатар, 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болған еді.Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Олар: біріншіден—араб әліпбиі (1929 ж. дейін), екінші—латын әліпбиі(1929-1940 жж.), үшіншісі—кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі (1940жылдардан бүгінге дейінгі қазіргі әліпбиіміз). Латын әліпбиін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі – Түркия мемлекеті. Біздің елде ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерді. Қазақ тілінің табиғатына сай әліпби үлгісін жасап, қолданысқа енгізген болатын. Қазақ тіл білімінің, әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым А.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық», - деген болатын.  Бұл – ХХ ғасырдың басындағы қоғамдағы коммуникациялық үрдістерді зерделеуден туған ой болатын. Қазір адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басып отыр. Жазудың маңызы бұрынғыдан бірнеше есе өскен заман. Сондықтан, әлемдегі елдердің басым бөлігі, соның ішінде туыстас  түркі  халықтары қолданатын латын әліпбиіне көшу – жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы болмақ...









Латын әліпбиіне көшкенімізбен оны қолдану мерзімі ұзақ болмағаны тарихтан белгілі. Бұл – кешегі кеңестік идеологияның салдары еді. Түркітектес ұлттардың түбі бір түркі екенін, тамырын тереңге жайған түбегейлі тарихы мен мәдениеті бар елдер екенін ұмыттыру үшін жасалған сұрқия саясаттың айла-шарғысы болатын. Ал  рухани жаңғыру дәуірінде құлдық санадан арылып, бұрынғы құндылықтарымызды қайта қалпына келтірудің қажетілігі өз-өзінен түсінікті жайт. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Мысалы, айта кетсек, Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында - кирилл жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады.Ахмет Байтұрсынов жасаған төте жазу орыс ғалымдары арқылы әлемге танылып, жоғары бағасын алды. Ғалымның әліпби мен жазу санасында ашқан осы ғылыми жаңалығы, жазу заңдылықтарымыздың негізгі тірегі болып, басқа әліпбиге, латынға, одан кирилицаға көшкенімізбен де қазіргі күнде де жазуымызға қызмет етіп келеді.Төте жазуда болмасақ та, әліпби түзу және жазу заңдылығы Ахмет Байтұрсынов ұстанған қағидаларға негізделген. Ал қазіргі қиындықтарымыз да осы Ахмет Байтұрсынов көрсеткен кейбір ұстанымдардан ауытқып, кірме дыбыстарды әліппеге талғаусыз қабылдап, содан соң кірме сөздерді де өзгеріссіз жазып, өзіміздің төл сөздеріміз бен терминдерімізді де ғалым көрсеткен жолмен қарыштата алмауымыздан туындады. Сондықтан Байтұрсынов ұсынған қағидаларға қайта келу керектігін еріксіз мойындағандықтан да әліпби өзгертіп отырмыз. Ертең латыншаға өткен кезде Ахмет Байтұрсынов ұстанған қағидаларды басшылыққа аламыз, ал неге төте жазу емес, латын әліпбиі дегенге келсек, халық өз еркімен таңдауға мүмкіндігі болып тұрғанда әлемнің озық елдері игілігін көріп, көпшілігі қолдап отырған латын әліпбиіне біздің де көшкеніміз дұрыс болар еді. Егер біз қазір араб әліпбиімен жүрген болсақ, онда латынға көшу туралы әңгіме болмауы мүмкін. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Сондай-ақ графизацияріп таңбалау) заңдылықтары әріптің дыбысты таңбалау, көру, оқу, жазу талаптарына сай келуін қажет етеді. Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда . Бұл дегенімізбілім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білідерді.Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер-барлығы да латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Латын графикасын қолданатын барлық елдердің әліпбиіндегі әріп саны тілдегі фонемалар санынан әлдеқайда аз болуы да оның жетістігі болып табылады. Дегенмен кейбір елдің латын әліпбиінде әртүрлі диакритикалық таңбалардың (нүкте, қос нүкте, сызықша, айшық, дәйекші) көп алынуы да белгілі дәрежеде қиындық келтіреді. Осындай қосымша белгілер арқылы көптеген елдің барлық фонемалары латынның 26 таңбасымен ғана белгіленуі жазу үнемділігін танытатын тиімді әліпби дәрежесіне өткізіп отыр. - Кейбір есептеулерге сүйенсек,кириллицадан латынға қалыпты жағдайда көшу үшін Қазақстанға 300 млн АҚШ доллары және 15 жыл уақыт қажет екен. Әрине, әр істі бастағанда шығын болатыны айдан анық қой. Ағаш ексек те оның жеміс беретінін ойлауымыз керек. Қазір ғалымдарымыз латын әліппиіне көшіру ісін қазақ жазуын реформалау ісімен байланыстыру жұмыстарының ғылыми негіздемесін дайындап жатыр. Бізге қайсы жазу қолайлы , тіліміздің мәртебесін көтеретін, дамуына өзіндік үлесін қосатынын ғалым, лингвистеріміз әбден зерттеп, бағасын берсін. «Халық айтса, қалт айтпайды». Ғалымның келтірген дәлелдерінің бәрі орынды. Ғалымның ойын әрі қарай оқиық: «Кирилл әліпбиімен де отаршылдық саясатты байланыстырудың қисыны бар. 1910 жылы 13-26 маусымда Қазан қаласында өткен миссионерлердің сьезінде орыстар: «Алфавит служит целям государственного обьеденения» деп ашық айтқан. Барлық бодан халықтарды бір тілде, орыс тіліне, бір дінге, бір әліпбиге ауыстыру ХХ ғасырдың басында ойластырылған саясат. Енді бүгін сол саясаттың қасіретін шегіп отырған ұлттың бірібіз, қазақтар. Бір кезде қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берсек, ол тілді ана тілі болғандықтан қазақтар өзінен-өзі меңгеріп кетеді деп есептедік. Дегенмен олай болмады. Бүгін латын алфавитіне көшсек, тілді меңгермегендер біліп кетеді деу өзімізді өзіміз алдау болар.Біріншіден, қазақ тілінің болашағына сенбейтін қазақтар оқулықтары, ғылыми әдебиеттер дайындығы мол мұғалімдері бар орыс мектептеріне балаларын беріп жатса, оған ешкімнің қарсылық жасауы мүмкін емес.Екіншіден, елімізде қаптаған орыс тілді кирилл әлібиіндегі бұқаралық ақпарат құралдарын қазақтардың басым көпшілігі бүгін пайдаланады және пайдалана береді. Бұл айналып келгенде тіл, мәдениет жағынан бөлінген қазақтардың жігін онан әрі тереңдетеді.Үшіншіден, әліпби алмасуы қаншалықты Қазақстан қоғамының басын біріктіреді деген сауал туады. «Халық талабы» «қалауы» деген уәждер толықтай қазақстандықтардың көңіл-күй талабын білдірмесе керек. Сондықтан әліпби ауыстыру ұлтішілік ғана емес, ұлтаралық жікті одан әрі тереңдетеді, әлеуметтік-саяси қайшылықтар туғызады.Төртіншіден, ең үлкен мәселе кирилл әліпбиі тұсындағы маңызды мәдени мұрамыздың тағдыры не болмақ? Ол мұраның қазақ халқының тарихында теңдесі жоқ, орны бөлек. Кирилл әліпбиі негізінде көне мәдени мұра, ауыз әдебиеті, ғылыми еңбектер, көркем әдебиет, оқулықтар жазылды. Араб графикасынан латын графикасына, латын графикасынан кирилл әліпбиіне көшкен тұста қоғамның басым көпшілігі сауатсыз еді, сондықтан ол рефермолар қоғамның біршама бөлігіне және мәдени мұрамыздың да салыстырмалы қарағанда шағын бөлігіне қатысты болды. Бүгін енді халықар түгелдей сол мәдени мұрадан айырылып қалу қаупі бар. Оны түсіну үшін Ұлттық кітапханадағы қазақ тіліндегі каталогтарға көз жіберейік.Бесіншіден, жаһандану, американдану, орыстану үрдістері үлкен қарқынмен жүріп, мәдени экспансия бүгін онсызда қазақ мәдениетіне қауіп төнгізіп тұрғанда, ұлттық тұғырымыз, тіліміз бен мәдениетімізден әліпби ауысқан тұста басқа тілге, мәдениетке өту қатері бар. Отаршылдықтың бір түрінен қашып, екінші отаршылдықтың құшағына енбейміз бе? Бүгін латын әліпбиіне көшу интернетпен байланыстырады. Латын емес, басқа графикада интернет дамып жатырған жоқ па?Сонымен, латын әліпбиіне көшуді біз көбіне көп фонетикалық мәселелермен байланыстырып, мәдени, әлеуметтік-саяси мәселелерге мән бермей жатырмыз [5,10].Дәлелдердің бәрі дұрыс деп отыра бергеніміз дұрыс па? Ақша жоқ, қазақ екіге бөлінеді, қазақ баспасөзі құлдырайды десек, осы «таз қалпымызда» қалмаймыз ба? Өсіп келе жатқан жас ұрпақ осы зиялы қауымның жасына жеткенде қабылдаймыз ба? Кеш қалмаймыз ба? Біз қазақтың екіге жарылуын ХХ ғасырдың басында көргенбіз. Алаш партиясы билікке келгенде тек екі дау болған. Елді кім басқарады және әліпби қандай болады? 1822 жылы Сперанский реформасынан бастап қазақта хандық билік жойылды. Патша отаршылдары, ең бірінші, ханды жоюды мақсат етті, ал, екінші, кирил жазуы арқылы қазақты шоқындырып, жұтып жібергісі келді. Татар, башқұрт, ноғай, қарашай, хақас, саха, тува т.т. ұлттардың басындағы қазіргі жағдай сол саясаттың жемісі. Ал алаш зиялыларының басты мақсаты қалай болғанда да кириллицаға жақындамау болатын. Елді кім басқарады деген мәселе туындағанда баламалы сайлауға басқа оқығандарды қатыстырмай, тек Әлихан Бөкейханов бастаған үш төре тұқымын сайлауға салғанын тарихтан білеміз. 1822 жойылған хандық билікті алаш көрегендері 100 жылдан 1917 жылы қайтадан қазаққа алып келді. Екінші, мәселе: латын не араб графикасы. Алаш зиялыларының өздері әліпби мәселесінде екіге жарылып, бірі латын, бірі араб жазуын қолдағаны тарихтан белгілі. Сол кезде Ахаң латын әліпбиі туралы былай дейді: «Қазіргі қазақ әліппесінен артық әліппеміз тұрғанда, босқа латыншыл болудың қажеті не? Латынның керегі жоқ... Латынды ауызға алу еріккендік... Латынды орыс алмағанда біз неге аламыз? Әріпке қызығып, бүкіл мәдениетімізден айырылып қаламыз ба? (ЕҚ., 1924, 2 шілде)» [6,185].














Қазақ жазуының латын әліпбиіне көшудегі мәселелері5) араб әрпі нотаны жазуға жарамайды;6) араб әрпі баспахана жұмысында көп қиыншылық туғызады: теру, басу, жөнінде қымбатқа түседі» [6,189]. Міне, осы айқастан соң туатын қорытынды алаш зияларының басты мақсаты орыс жазуына жоламау болатын. Екі жақтың да ұстанған ұстанымдары қалай болса да кириллицаға көшпеу болатын. Екі әліпбиді ұстанған екі тараптың басты ұстанымы фонетикалық принципті орфографияға негіздеу болатын.Бұл тәжірибе нені көрсетеді? Бір сөбен айтқанда кирилды қолдайтындар орыс отаршылдарының саясатын сол күйінде қолдап отырғандарын өздері сезіп отырған жоқ. Оларсол саясаттың жемісі. Жазу бойынша сөйлене бастаған, бұзылған тіліміз одан әрі бұзыла бермей ме? ХХ ғасырдың басында жүрөк сөзі бүгінде жүрекке айналдыҚұлұн, тұлұм, жұлұн сөздері құлын, тұлым, жұлын болып жазылғасын, келешекте ерін үндестігін бұзып, құлын, жұлын деп қазақ сөйлей бастаса кімді кінәлаймыз? Әлі күнге дейін, өмір бойы дауыссыз болып келген и, у дыбыстары мектепте біресе дауысты, біресе дауысты болып оқытылуда. Қай ғылымнан біресе деген сөзді көрдіңіз? Екіге екі қосқанда біресе үш, біресе төрт болады десек, математика қалай ғылым болады? Қазақ тілін латын әліпбиіне көшкенде өз тілдерін кириллица бойынша жазып жүрген өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйренуде қиындық тууы мүмкін деп уәж айтушылар болатыны сөзсіз. Алайда, соңғы 15 жылда кириллицадағы мемлекеттік тілді меңгеруге құлықсыз болғандар сол күйінде тілді меңгергісі келмейтіні айдан анық емес пе?Қазан революциясынан кейін де қазақ екіге бөлінген. Бірі елде қалған, аш-жалаңаш, қорлықта, екіншісі шетелге қашқан, яғни қорлықтан қорлыққа. Екеуінің де тілі бұзылды. Бұлдерек. Қазақ айтқандай, «елу жылда – ел жаңа, қырық жылда – қазан жаңа». Латынға көшу керек және Ә. Жүнісбек айтқандай сауат ашып көшу керек. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Cол елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейін өзбек тілі араб әліпбиін қолданған. 1928-40 жылдар аралағында жазулары латын әліпбиі негізінде болған. 1940-1992 жж. кириллица қолданылып. 1993 жылы өзбек тілі қайта латын тіліне көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді. Өзбек латын тілінің ерекшелігі - арнайы символдар мен диакритикалық белгілердің жоқтығы (тек апострофтар бар). Классикалық латын кириллицамен салыстырғанда 7 әріпке кем, сондықтан арнайы белгілер мен символдардың жоқ болу есебінен кейбір әріптерді екі еселеуге тура келеді. Нәтижесінде апострофпен қосқанда 29 әріптен тұратын өзбек латын әліпбиі құрылған. Сол сияқты Әзірбайжанда 1925 жылдарға дейін ресми әліпби рөлін араб тілі атқарды. 1926-39 жылдары латын әліпбиін қолданса, 1940-2001 жылдары кириллица, одан кейін 2001 жылы қайта латын әліпбиіне көшті. Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісітіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Дауысты дыбыстар е әрпі созылыңқы және қысқа айтылуына байланысты мысалы: Liber - тәуелсіз, Liberкітап сөздердің мағыналары өзгереді. Түркияның ғалымы Әбдіуақап Қара өзінің «Латын әліпби қазақ тілін еркіндікке шығарады» атты мақаласында Түркия халқы латынға 1928 жылы өткенімен онда бар-жоғы 29 әріп бар. Олардан бірқатар дауыстылар ескерілмегенін бүгінгі ғалымдар айтып отыр. Негізі түркі тілдерін 34 таңбамен белгілеуге болады. Бүгін түрік латын әліпбиінде 5 әріп кем болып отырғанын айтады. Тіл ғалымдары, солардың ішінде ең ұтымды алфавиттің Қазақстан қолданған кирилл әліпбиі екенін айтуда. Мәселен, түрік ғалымы Хатиже Ширин Ұсер қазақ-кирилл әліпбиі өзге түркі-кирилл алфавитіне қарағанда, таңбаның графикалық және фонетикалық тұрғыдан бір-бірімен байланысты болуы және бір дыбысқа бірден көп таңба берудің болмауына байланысты мұқият дайындалғанын айтады. Бұл тұрғыда қазақ-кирилл әліпбиін дайындаған тіл ғалымы С.А. Аманжоловтың рөлінің зор екендігін атап өтеді.  Бүгінгі күнге дейін Тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда қызу талқылауда ойларын да айтып бөлісті. Айта кетсек, солардың бірі - филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің пікірі: «Латын әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтиды – деп айтты. Әрине, ұлт үшін маңызды өзекті мәселелердің оңды шешілуіне қосып отырған кәсіби білікті мамандардың пікірлері ескеріліп, латын қарпіндегі қазақ әліпбиін жасалу жолдарына қатысты өрбісе және басқа жоғарыда аталған елдердің тәжірибесіне қарап салыстыра отырып жасалса құба-құп болар еді. Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған, бірақ орыс графикасында ғана жасалған, болашақта қазақ графикасында жасалады деген ойдамыз. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып отыр.






Латын әліпбиіне көшудің  тиімді жақтарыҚазақ елінде тарихи оқиға — латын қарпіне көшуге дайындық  басталды. Жазу- ортақ мәдениеттер жалғасы, яғни руханияттың ажырамас бір бөлігі. Елбасының өзі айтқандай, қазақ тілі — ол біздің рухани негізіміз.Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру біздің әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Сонымен бірге, жаңа әліпби бүкіл әлем қазақтарын біріктіретін өте маңызды фактор. Қазіргі таңда әліппемізді латын таңбасына көшіру жайы білім саласында қызу талқылануда. Әліпби ауыстырудың негізгі себебі — таза табиғи қажеттілікке тікелей байланысты туындаған. Осыған орай, латын әліпбиінің бірыңғай стандарты бекітілгеннен кейін оны біртіндеп енгізу шаралары қолға алынады. Ал, білім саласы үшін латын қарпіне көшу — бір күннің шаруасы емес, нақты үш кезең бойынша жүзеге асырылмақ. Ең бастысы, дайындық кезеңі толық аяқталғаннан соң ғана мектептерге жаңа әліпбиді енгізу байыппен іске асырылады. Сондай-ақ, орыс тілі сабағы үшін кириллица қалдырылып, қазақ тілінде оқытылатын сабақтар латын қарпіне ауыстырылатын болады. Нәтижесінде балалар екі алфавитті де еркін меңгеріп шықпақ. Тиісінше, жаңа әліпби ағылшын тілін меңгеруге қаншалық оң ықпал ететін болса, жаратылыстану бағытындағы пәндер үшін де соншалық тиімді болмақ. Себебі, бұл пәндердегі өлшем бірліктің барлығы дерлік латын қарпінде. Осы орайда, тіл — коммуникацияның әмбебап құралы болып саналатындықтан, латын әліпбиін меңгеру бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, мобильді қосымшалар мен ақпараттық бағдарламаларды шығарудың маңыздылығы зор деп санаймын. Яғни, Осы бағдарлама аясында келешек жастар белсене жұмыс жасайды деп ойлаймын. Болашағымыздың тізгінін өз қолымызға алудың, Елбасы сөзімен айтсақ, «болашаққа бағдар», «рухани жаңғырудың» өзегі және Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарында сап түзеуінің жарқын кепілі. Жаңа әліпби жаңарған елдің нышаны ретінде көнені келмеске кетіріп, сананы сілкіндіреді, жадыны жаңғыртып, тілге тәуелсіздік әпереді, мәдени тұтастықты орнықтырып, ақпарат кеңістігін дербестікке жетелейді. Әліппе — мәдениеттің өлшемі, сонымен қатар ол — ұлттың таңбасы, елдіктің айшығы, мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын символдардың бірі. Бұл тұрғыдан алғанда таңба таңдау — өркениет жолын да таңдау деген мағына береді. Сондықтан осы арқылы Мәңгілік ел мұратын тұғырлы ететін тарихи таңдау жасалды деп ойлаймын.








































Қорытынды
Латын әліпбиіне көшу — жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылғымыз келетінін растайды және бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен де байланысты болып тұр. Әліпби қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ. Біз, болашақ ұрпақтар , ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды дәріптейтін, халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан адамгершілік қасиеттеріне сүйенетін рухы биік Мәңгілік елді құру жолындамыз. Бұл жолдағы басты міндетіміз — ұлттық нақышымызды сақтай отыра, заманауи талаптарға сай білімді және өркениетті ел болу. Латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатын даңғыл жол деп айтамын. Қорыта келгенде,латын әліпбиіне көшу-ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып,ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.

























Қазіргі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық - тіл ауыспай, таңбаның ауысуы.Екіншіден, қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз. Ғали Орманов атындағы№7 МГ директоры Ж.Т.Айтова«Тіл – тірі құбылыс. Ол да кәдімгі тірі ағза секілді жаратылады, дамиды, тарайды. Егер қамқорлық болмаса, ол өзінің иммунитетін жоғалтады», – дейді Жетісу мемлекеттік университеті қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, латын әліпбиіне өту жөніндегі сарапшы топтың төрайымы Айна Рахимова.Рауан Бегалиева, ОҚМПИ ғалым хатшысы: – Латын әліпбиіне көшу саясатын Елбасы бекер бастап отырған жоқ. Мұның тиімді жақтары өте көп. Жапон елі мәселен өзінің IT технологиясында және ғылым саласында латын әліпбиін екінші әліппе ретінде қолданады. Қытай елі де өздерінің ироглифтерімен қатар, осы латын әліпбиін пайдаланады.Өтепберген Әлімгереев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы: – Руханияттың барлық саласында біз өзге елдермен, инвесторлармен басқа да шетел азматтарымен жұмыс істеп отырмыз. Шетелдермен жұмыс істеу үшін бұл мәселенің маңызы зор. Біздің жазу-сызу құралдарымыздың, көшедегі жарнамамыздың, маңдайшалардағы жазулардың латын тілінде жазылуың тереземіздің ашылып, жақындай түсуімізге септігін тигізеді.Асанәлі Әшімов,Қазақстан Республикасының актеры,Қайта жаңғыру заманындағы барлық озық технологияның үлгісі болып отырған латын әліпбиіне көшу бұл – еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құбылыс. Латын әліпбиін енгізу – халқымыздың білімі мен мәдениеті, өнерінің дамуына тағы бір серпіліс әкелетін дара жолы деп білемін. Сергей ВИШНЯК,Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Тіл – адамзат қоғамын құру үшін халыққа берілген маңызды құрал. Оны өзге де механизмдер секілді қоғамның дамуы үшін үнемі жетілдіріп, жаңғыртып отыру қажет. Осы орайда әліпби таңдау аса маңызды. Бұл бағыттағы бастамаларға жеңіл қарауға болмайды.
















Ұсыныс:  1 .Әліпбидің ұсынылып отырған нұсқаларының ішінен классикалық 26 таңбалы латын әліпбиін қолданса:  3. Әліпби бекітілген соң мектеп мұғалімдері мен мемлекеттік қызметшілерді, барлық сала кадрларын қысқа мерзімді курстар (он-лайн семинарлар, вебинарлар) ұйымдастырылса;  4. Латын әліпбиіне негізделген орфографиялық сөздіктер құрастырылса; (соның ішінде электронды) 5.Латын әліпбиіне негізделген іс қағаздарының анықтамалығы шығарылса; (соның ішінде электронды) т.б.





















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:3. Әзімбай Ғали. .4. Латын әліпбиіне көшуге қарсымыз. «Жалын» журналы, №3, 2013.5. Айталы А. Қазақ тіліне сұраныс жоқ елде, латын әліпбиіне сұраныс бола ма? «Жалын» журналы, №3, 2013.6. Әбілқасымов Б., Мәжітаева Ш. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. – Астана: Елорда. – 2000.7. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992.8.Зәуре АРЫНОВА, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының кіші ғылыми National Digital History порталына гиперсілтеме kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)




Мазмұны:
І.Кіріспе 1.Латын қарпіне көшу қазақ тілінің келешегі 5-8 2.Қазақ жазуының латын әліпбиіне көшудегі мәселелері 9-103. Латын әліпбиіне көшудің  тиімді жақтары 11ІІІ.Қорытынды 12ІY.Пікірлер 13 Y .Пайдаланылған әдебиеттер 14

















Бұл тақырып біздің келешегіміз үшін өте маңызды тақырып.Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ. Біз, болашақ ұрпақтар , ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды дәріптейтін, халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан адамгершілік қасиеттеріне сүйенетін рухы биік Мәңгілік елді құру жолындамыз.Бұл жолдағы басты міндетіміз — ұлттық нақышымызды сақтай отыра, заманауи талаптарға сай білімді және өркениетті ел болу. Латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатын даңғыл жол деп айтамын.





50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.