Материалдар / Әліппе ,саған мың алғыс!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әліппе ,саған мың алғыс!

Материал туралы қысқаша түсінік
Әліппемен қоштасуға арналған сыныптан тыс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2023
415
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Әліппеге мың алғыс! »

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың
алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын арттыру.
Оқушыларды ұқыптылыққа, бірін-бірі сыйлауға, кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын ескере отырып, ана тілін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Безендірілуі: «Әліппеге рахмет! » жазылған плакат, суреттер, шарлар, жалаушалар.
Мұғалім:
- Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Қоңыр күзде қоңырау үнімен алғашқ
ы білім сабағына енген 1 сынып оқушылары бүгін бір асудан асты, Алғаш рет қолдарына ұстап әріп таныған оқулығы Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ана тілінің ғажайып,
әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын, бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол, әлемдік ғылым соқпағының басы - Әліппе оқулығы.
Осы оқулықтан білім
нәрін алған балғын бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.

Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Әріптерді қатар қойып,

Алфавитті құраған.

Оқу, білім өнерді,

Шамшыраққа балаған

Кім екен ол данышпан?

Бәрі: Ұлы Ыбырай атамыз,

Ұстаздардың ұстазы.

Мұғалім
- Балалар мен сендерге сұрақ қоямын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан, Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: - Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен:
Әліппе.

Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыңдар жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық.
Әліппе:

- Осы сендер қандайсындар?
- Талабы биік таудаймыз.
- Біз шеберміз.
- Ақылдымыз.
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
- Көп оқимыз.
Барлығы: Біз – қазақ елінің болашағымыз.

Әліппе: Мен туралы тақпақ білесіңдер ме?

Рамазан:

Үйретіп бізге алғаш әліппені

Ұстазым ғылымға жол салып берді

Адамның ой арманы, мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Ақтілек:

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің ең сүйікті Әліппем

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім

Сауатты адам қатарына кіргенім

Базарғали:

Білімге жолды бастаған

Әліппем саған мың алғыс

Оқы деп ұран тастаған

Әліппем, саған мың алғыс


Ән: Әліппе


Әліппе:

- Балалар, міне төрт айдай оқып, үйреніп білім алып келеміз. Бүгін сол не үйрендіңдер, не білетіндеріңді ортаға саламыз, яғни білім шыңына саяхат жасаймыз.

- Мынау не?

- Сандық.

- Балалар, бұл жай сандық емес сиқырлы сандық. Оның аузы жабық тұр.

- Ал оны немен ашу керек?

- Кілтпен.

- Осы сандықтың аузын тек білім кілтімен ашамыз.

Ал білім кілтін, мен сендерге келе жатқанда жоғалтып алдым? Кілтті табуға көмектесесіңдер ме? Иә!

«Алма жинау» ойыны:
Менің бағымнан алма теріп көрейік, мүмкін мында кілт табылар. сиқырлы алмалардың артында тапсырмалар бар, кім тапсырманы орындайды сол алманы алады. Әр оқушы тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Мұғалім: Балалар, ал енді осы уақытқа дейін не үйреніп, не білдік, қане ортаға салайық.  Балалар мен қазір сендерге сұрақтар қоямын. Сұрақтың жауабын білетін оқушы қол көтеріп жауап береді. 
1. Еліміз қалай аталады? 
(Қазақстан) 
2.
Бір аптада неше күн бар? 7 күн
3. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? 
(Ту, елтаңба, әнұран)
4. Ең алғаш қолыңа алған кітабың? 
(Әліппе)
5. Қазақ тілінде қанша әріп бар? 
(42) 
6. У дыбысы қандай дыбыс? 
(Дауысты да, дауыссыз да) 
7. Қосарлы дыбыстарды ата (ю,я,ё) 
8. Дыбыс бермейтін әріптер 
(ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі) 
9. Сөз неден құралады? 
(Буындардан, дыбыстардан, әріптерден) 
10. Сөйлем туралы не білесің? (Сөйлем сөзден тұрады. Сөйлемнің басы бас әріптен басталып жазылады. Сөйлем соңына нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі деген тыныс белгілері қойылады) 
Мұғалім: 
Міне құрметті қонақтар балалардың қандай білімді болып өсіп келе жатқандығының куәсі болған шығарсыздар. 
- Жарайсындар, балалар, сиқырлы алма ағашының тапсырмасын орындадық.
Әр бала өзінің алғырлығымен, білімдерімен алтын кілтті жеңіп алып сиқырлы сандықты ашты. Сандық ішінен кітап шықты.

Кітап - білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы

Дегендей білім арқылы биік шыңға шығамыз.

Әліппе:
-Балалар,менен алған білімдеріңді одан әрі шыңдай түсетін,өз тілімізді сүюге,қадірлеуге үйрететін кітап – «Ана тілін» ортаға шақырайық.Ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі оқулығы болады.

Ана тілі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар ?

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам,

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Ана тілің – арың бұл –

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

-Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.Енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер,әңгімелер арнаймын.Тек мені таза ұстап,ынта қойып оқыңдар.Менің бір ерекшелігім – қазақ тілін менімен қатар оқитын боласыңдар.

Мұғалім: -Жоғары төрлетіңіз,Ана тілі.

Ән: Оқуда озат боламын

Әліппе:Бүлдіршіндер,сендер мені жақсы игеріпсіңдер.Енді сендермен қоштасатын да уақыт келіп жетті.Көп рахмет,сендерге.

Кір шалмасын беттерің,

Таза болсын оқулық пен дәптерің

Оқығандарың есте болсын

Күнделіктерің беске толсын!

«Ана тілі» оқулығын таза ұстап,жақсы оқыңдар.Сау болыңдар!


Барлығы:«Қош бол сүйікті әліппе »

«Рахмет ,саған әліппе!» әні


Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз! дей келе келесі кезекте балаларыңыздың билерін тамашалайық.

«Алаш » биі


Мұғалім.

Балалар, әліппеден алған білімдеріңді болашақта толықтырып, армандарыңа жетіңдер.
Ана тілі:

Бүгін сендер өз білімдеріңді көрсетіп нақты әліппені меңгергендеріңді көрсеттіңдер және өнерлі екенсіңдер.Осының бәрін үйреткен кім?

Әліппе оқулығын аяқтағаны үшін дипломмен марапаттау.

Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып - оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың!


Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.


Осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Назар аударып қарағандарыңызға рақмет!
















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!