Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әліппеге мың алғыс!

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

СУЛТАНКУЛОВА ГАУҺАР БАХЫТБЕКҚЫЗЫ

Алматы қ. Бесағаш «АйЯ line» балабақшасының ересектер тобының тәрбиешісі

Әліппеге мың алғыс!

Тақырыбы:   Әліппеге мың алғыс!

Мақсаты:Оқушыларды алғашқы оқулығы «Әліппе» салтанатын ұйымдастыру. Сөздік қорын, ой-өрісін, тілін дамыту. Оқу-білімге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Формасы: Ашық сабақ

Көрнекілігі:Суреттер, слайдтар, мақал-мәтелдер,«Әліппе»,«Ана тілі», «Математика»  оқулықтары т.б.

Барысы:

 I. Ұйымдастыру кезеңі II. Негізгі бөлім. Мұғалім:- Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар! « Әліппеге мың алғыс!» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Қаһарман қажыр, қайратым,
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой, толғаныс-
Айтылатын ар, затым.

Балалардың орындауында: Қазақстан Республикасының әнұраны

Мұғалім:  - Бала  деген  шіркін-ай  балдай  екен,

                    Тәттілігі  жая  мен  жалдай  екен.

                    Арып-ашып  даладан  келгеніңде,

                    Бал  иісін  таттырып  алдайды  екен, - деп  Кенен  атамыз  айтқандай, кішкене  бүлдіршіндердің  өнерін тамашалайық.

Ғибрат А-әріпі
Толқыны өбіп жағаны,
Өзен баяу ағады.
Айдынында қалықтап
Аққу жүзіп барады.
Білесің бе араны?
Жолай көрме жанына –
жақындасаң шағады!

Асылжан Ә-әріпі
Әтеш әнге басады,
Таңғы ұйқыңды ашады.
Жетіп келсең жанына,
Тырағайлап қашады.

Ғибрат Б-әріпі
Жағалаудың көгі еді –
Мама қаздың жегені.
Балпаң - балпаң соңынан
Балапаны ереді.

Мейіржан Г-әріпі
Күн шуағын төккенде,
Жаңбыр сеуіп өткенде,
Қызыл - жасыл далада
Гүл тереміз көктемде.

Асылжан Ғ-әріпі
Ғарыш деген – көк аспан,
Ай, жұлдызы жарасқан.
Мен ғарышкер боламын –
Айға барып қонамын!

Мейіржан Д-әріпі
Дуадақ құс далада,
Жоламайды қалаға.
Дельфин жүзер теңізде,
Ол теңізбен егіз бе?!

Дамеля Е-әріпі
Нәр алатын жауыннан,
Қорықпайтын дауылдан
Емен деген ағаш бар
жапырағы жайылған.
Дамеля Ё-әріпі
Шам сөнді де қалды –
Үйді түнек жапты.
Монтёр келіп, шамды
Жарқ еткізіп жақты.

Дамир Ж-әріпі
Жалп - жалп ұшып ол кейде
Түнде адамды жасқайды.
Күндіз түк те көрмей ме –
Қалғып көзін ашпайды. (Жарқанат)
Дамир 3-әріпі
Зебр деген жануар
Жылқыға ұқсас күші оның.
Сала құлаш жалы бар,
Жолақ - жолақ түсі оның.

Риана И-әріпі
Самолетке ұқсаған
Инелікті ұстағам.
Қойсаң болды қамалап,
Ит үреді абалап.

Риана К-әріпі
Күн – әлемнің шырағы,
төгіледі шуағы.
Көбелектер қуанып,
бірін - бірі қуады.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Ендеше тақпақ айтқан әріптерімізді жазып көрсетейікші. Әр бала жазған әріптерін көрсетіп, дауысты-дауыссыз екенін ажыратады.

Мұғалім: Жазуларың неткен әдемі! Балалар, орнымыздан тұрып, біраз сергіп алайықшы.

Балалар: Орнымыздан тұрамыз, Сергіп, сергіп аламыз! Мынау менің жүрегім, Бәрін осы басқарған. Мына басым ақылды, Бәрін осы бастаған. Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым Бәрін осы атқарған.

Мұғалім:Жарайсыңдар, балалар! Орындарыңа отыра қойыңдар!

- Балалар,  мына  сұраққа  жауап беріңдерші

                   Іші  толған  әріпке,

                   Білімдегі  жарық  не?

Оқушылар: - Болашаққа  жол  ашқан,

                       Ол  сүйікті Әліппе.

 Мұғалім: - Олай  болса, бәрімізге  қымбатты  дос  «Әліппені»  ортаға  шақырайық.

Таудай  болса  талабың,

              Айтары  көп  әріптің.

              Қуанышы  баланың-

              Қуанышы  халықтың.

              Жақсы  білім  көрімдік,

              Болсын  бізге  халайық.

              Не  үйреніп, не  білдік,

              Қане  ортаға  салайық.


Интерактивті тақтадан әліппе оқулығының суреті шығады.

Балалар, тақтадан нені көріп тұрсыңдар? Бұл қандай кітап? Бұл кітаптан нені үйрендіңдер?

Балалар: Әліппе кітабы. Біз әліппе кітабынан әріптерді үйрендік, оқуды, буынға бөліп айтуды үйрендік. Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, ендеше тақтаға қарайықшы. Бұл кім екен? Балалар: Алдар көсе Мұғалім: Қанекей, Алдар көсенің қоржынын жинауға көмектесейікші. Балалар мынау қандай түсті қоржын? Балалар: Қызыл Мұғалім: Ал мынау қандай түсті қоржын екен? Балалар: Көк Мұғалім: Жарайсыңдар, менің акылды балаларым! Біз әліппе кітабынан дауысты, дауыссыз әріптер өттік. Олай болса, дауысты әріптерді қызыл қоржынға ал, дауыссыз әріптерді көк түсті қоржынға жинап берейік. Балалар: Екі түсті қоржынға дауысты, дауыссыз әріптерді жинайды. Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! - Алфавиттің «А» тұрады басында, Әрқашан да «Ә» тұрады қасында. Байқадың ба «Б» тұрады үшінші, Ал осының сыры неде, түсінші! Балалар: «А» деген ол — аналар ғой ардақты, «Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты, «Б» деген ол-балалар ғой әдемі,

Мұғалім:Біздің елде үшеуі де кәделі. Сондықтан да алшақ кетпей расында Тұрады олар алфавиттің басында. Мұғалім: Ал ендеше, балаларымыздың орындауында «әліппе» әні!

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар! Ендеше тақтадағы суреттерге қарап, буынға бөліп айтайықшы!

Буынға бөлу ойыны: Сыз-ғыш, кі-тап, ә-теш, жү-ге-рі, жыл-қы, е-сік, жа-па-лақ, ба-лық-шы, те-ле-фон, ба-лық, піл, са-ғат, құ-лып, ма-ши-на, сә-біз, гүл, а-рыс-тан.

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар! Ендеше, мен сендерге жұмбақ жасырамын ,сендер жұмбақтын жауабын қандай әріп екенін тауып, айтыңдар!

Жұмбақтар: Иекте бар, Бетте жоқ. Сүйекте бар, Етте жоқ. Бұл қандай әріп екен? (К)

Тазыда бар, Итте жоқ. Қазыда бар, Сүтте жоқ. Бұл қандай әріп екен? (3)

Әкеңде бар, Атаңда жоқ. Тәтеңде бар, Апаңда жоқ. Бұл қандай әріп екен? (Ә)

Іледе бар, Жайықта жоқ. Түйеде бар, Балықта жоқ. Бұл қандай әріп екен?(Е)

«А»-ны керген ер таяқ Шығып кетті бүйірлеп. Екі жақта екі аяқ Қамыт болып иілмек. Бұл қандай әріп екен?( Д )

 Мұғалім: Жарайсыңдар балалар!

Қорытынды: Құрметті қонақтар, ата аналар, оқушылар, осымен бүгінгі «Әліппеге мың алғыс!» атты ашық сабағымыз аяқталды. Әрқашанда әріптерді әдемі, сауатты жазып, қазақ тілінде , ана тілімізде сөйлейік. Қазақстанымыздың үлкен,білімді ұл-қыздары болып жүре беріңдер! Кездескенше күн жақсы, сау- саламат болайық. Сау болыңдар балалар!

 



 

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2021
531
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі