|
Тәрбие сағатының тақырыбы :
Қош бол, сүйікті Әліппем. Мақсаты;
1. Оқушылардың әліппеден алған
білімдерін тексеру 4 айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген
өнерлерімен жан - жақты білімдерін ата - аналарға көрсету.
2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау
қабілеттерін, тіл байлығын дамыту.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бір - бірін сыйлауға, өзін - өзі
дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, ана тілін сүйіп, қастерлеуге
тәрбиелеу.
Безендірілуі:
Тақырып жазылған, мазмұнды суреттер, әліппе туралы тақпақтар
жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе
әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының макеттері,
слайдтар.
Мұғалімнің құттықтау сөзі:
1 слайд. Музыка қосылып тұрады. (Асылбек Енсепов.)
-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларыңыздың
білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! «Әліппе
бітіру»мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат
етіңіздер!
2 слайд
Өсті міне бойларың
Өсті,міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді.
Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал
күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер
өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше
қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан,
өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына
өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса оқушыларымызды ортаға
шақырайық!
1-оқушы Санжар: Ассалаумағалейкум, уа халайық!
2-оқушы Айгерім: Армысыздар, ардақты
ұстаздар.
3-оқушыӘли: Армысыздар,
қымбатты бізге ата-аналар
4-оқушы Диана:
Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
І бөлім. Осы біздер қандаймыз? Әли
2 – оқушы: Мың бұралған бишіміз Айгерім
3 – оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз.
Сәл еркелеу бұзықпыз. Санжар
4-0 Біз шеберміз
Ақылдымыз Диана
Үлкенге ізеттіміз Әли
Кішіге қамқоршымыз Санжар
Көп оқимыз
Терең оқимыз Диана
. Өнерліміз
Жанып тұрған шырақпыз Айгерім
Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»
1-оқушы: Санжар
-Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып,
сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.
2-оқушы:Айгерім
-Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз
бетімше оқи аламын.
3-оқушы: Диана
-Біз көп нәрсені-кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән
айтуды үйрендік.
4 слайд
Мұғалім сөзі:
-Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар хормен:
5 слайд
Болашаққа жол ашар,
Ол -сүйікті Әліппе,
Ол-сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға
шақырайық!
Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе
6 слайд
Әліппе ортаға шығады:
-Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Мұғалім:
-Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз
әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін:
«Отан. Ата-ана, Мектеп, Әліппе» сөздерімен таныстық
-Біздің білім алатын ордамыз- мектеп.
-«Мектеп-кеме, білім-теңіз». Мектеп –екінші үйіміз, себебі, біздің
бір күніміздің жартысы мектепте өтеді, бір аптаның алты күні
мектепте өтеді.
-Біз мектепке не үшін келеміз?
-Оқумен қоса ән-би үйренеміз, ойын ойнаймыз
-МЕКТЕП сөзіне арналған тақпақтар тыңдайық:
1оқушыДиана:
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
2оқушыӘли:
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулисын 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
3 оқушы Айгерім:
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
4 оқушыСанжар:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Бәрі бірге:
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл биім!
Оқушылар биі
Әліппе сөйлейді:
-Әліппеде тізілген
42 әріп бар,
Тізілген соң ізімен,
Өз кезінде танып қал.
1оқушыАйгерім:
Әке, шеше, атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе
Бізге жақын нағыз сен,
Сенен білдік әріп ті
2оқушыСанжар:
Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын.
Әліппе атты кемемен,
Кеземін Білім мұхитын.
3оқушыӘли:
Үйретті бізді әліппе,
42 дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен,
Лайық болдық дәріпке
4-оқушыДиана:
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды, қолдайды.
Мұғалім:
-Балалар, біз әліппеден әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген
ұғымдармен таныстық
-Әріп пен дыбысты қалай ажыратамыз?
-Әріпті-көреміз, жазамыз; дыбысты-айтамыз, естиміз
-Рахмет, балалар! Ал, енді алфавиттегі алғашқы үш әріпті
атайықшы
-А, Ә, Б.
Алфавиттің А тұрады басында, (Санжар )
Әрқашанда Ә тұрады қасында. (Диана)
Байқадың ба Б тұрады үшінші, (Әли)
Ал, осының сыры неде түсінші.?(Айгерім )
А деген ол-аналар ғой ардақты, (Санжар)
Ә деген ол-әкелер ғой салмақты. (Диана)
Б деген ол-балалар ғой әдемі, (Әли)
Біздің елде үшеуі де кәделі( хормен)
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
Ән: Менің атым-
әліппе
Мұғалім сөзі :Балалар бүгін
сендердің тойларыңа Әліппе құр келмепті ,өзімен бірге білім
шыңындағы достарында ала келіпті сендер қалай Әліппе оқулығын оқи
аласыңдар , қалай жаза аласыңдар , қалай есеп шығарамыз соны да
тексере келіпті.
Әліппе: - Балалар! Сендер
менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар, сонымен бірге
математика, дүниетану оқулығымен де таныстыңдар, болашақта ана тілі
оқулығымен де таныс боласыңдар.Енді сендер мені ұятқа
қалтырмассыңдар.Өйткені қазір мына менің достарым сендердің
білімдеріңді тексермекші.Сендер қазір бүгінгі мерекеге келген
барлық қонақтарға қалай оқи алатынымызды,жаза алатынымызды
көрсетейік. (оқушылар оқиды, жазады)
Мұғалім:- Математика ғылымдардың атасы деген.
Ендеше математикадан алған білімдеріңді
тексерейік
-Математика: Есептеуге
жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын
берсең басыңнан
Барлық ғылым
саған үйір болады,
Досың солар
табылатын қасыңнан
-Ал енді
Болашақ математиктерді ортаға
шақырайын.
(есептер шығарады интер
бессенді тақтаның көмегімен)
Мұғалім
-Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер
-Осының бәрін үйреткен кімдер?
Оқушылар (хормен):
-МЕКТЕП!
- ӘЛІППЕ!
- МҰҒАЛІМ!
- АТА-АНА!
Мұғалім:
-Рахмет, шәкірттерім!
-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та
жақындады.
-Қане, әліппеге Қош айтайық!
Әліппе әнін орындайық
Оқушылар хормен:
-Бізге білім салып берген,
Қош бол, құтты Әліппем,
Қош бол, құтты Әліппем!
Әліппе сөйлейді:
Білімінің көп қой саласы,
Әліппе соған жолбасшы.
Ғылымның қиын жалғасын,
Басқа кітаптан табарсың!
-Қош болыңдар, балалар!
Балалар хормен:
-Жақсы кітап - ӘЛІППЕ!
-Қош бол құтты ӘЛІППЕ!
Мұғалім:
-Балалар, әрі қарай бізге Әліппенің орнына АНА ТІЛІ
келеді.
-Қарсы алайық, танысайық
Ана тілі сөйлейді:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар,
көп нәрсені үйренесіңдер.
-Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер:
1. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)
2. Тақтада жазып, жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған (бор)
3. Үйреткен білімді,
42 білімді (алфавит)
4. Алты түрлі түсі бар,
Сурет салар ісі бар (қарындаш)
Ана тілінің сөзі:
-Рахмет, балалар, жарайсыңдар!
Мұғалім:Ана тілі отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
Қыздар биі:
-Әліппені меңгертуге, жазуға,
санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға
ризашылығымызды білдіреміз:
Мұғалім:
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып,
ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана!
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.
Ендеше, біздер аналарымыз бен балаларды сахна төріне шақырайық.
(Музыка ойналады. Аналар сахнаға шығады).
-АНА сөзіне байланысты өлең шумақтарын тыңдаңыздар:
А Н А:
Айгерім
Дүниеге әкелген, ол да сенің
анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Санжар
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым! ).
Диана:
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Әли
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! ...
Балалар хормен:
-Ата-анаға мың рахмет!
Музыкалық құттықтау
Құрметті ата-аналар оқушылардың өнерін тамашаладыңыздар,
сіздердің білімдеріңізді тексерейік.
Ананың көңілі балада, Ананың сүті – бал,
Баланың көңілі далада. Баланың тілі бал.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті.
Ұлдың ұяты әкеге
Қыздың ұяты шешеге
Жұмбақ шешу.
Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың. (Мектеп)
Бетін адам ашады
Білім нұрын шашады .(Кітап)
Маған да, саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан,
Бәрі де өз жұратың,
Айтады кәне: кім атын?(Ата; Ана;Апа; Аға; Іні)
Құстан аумайды,
Көкте заулайды. (Ұшақ)
Ата-ана музыка қосылады.
Ата-аналар балаларымен билейді.
Қорытынды :
-Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен
құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Құттықтау сөз мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі:
Каирдолдина Г.Н.Ата-аналардың
құттықтаулары.
|