400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлия -ғасыр аруы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлия ерлігі туралы білімдерін кеңейту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Әлия – ғасыр аруы

Мақсаты: Оқушыларға Ақтөбе облысы туралы мағлұмат беру.

Білімділік: Батырларымыздың ерлігі туралы білімдерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды елін, Отанын сүюге, патриоттық рухта тәрбиелеу.

Дамытушылық: Мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту.

Түрі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы қолданылған сабақ

Көрнекілігі: слаид, буклеттер, плакаттар, Ақтөбе облысының картасы.

Техникалық құралдар: проектор, экран



Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Жаңа сабақ

1. «Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңі

1.Әлия Молдағұлова қашан дүниеге келді?(1925)

2.Әлия Молдағұлова қай жерде дүниеге келді? Картадан көрсету.(Хобда ауданы, Бұлақ ауылы)

3.Әлия Ленинград қаласындағы нешінші мектепте оқыды? (№140 мектеп)

4.Әлия соңғы хатын кімге жазды? (Сапура)

5.Ақтөбеде Әлияның ескерткіші қай көшелерде орналасқан? (Шернияз, Әлия даңғылы)

6.Әлияның шын аты? (Ілия)

7.Әлия соғысқа қай жылы аттанды? (1943)

8.«Әлия» әнінің музыкасын жазған кім және тұңғыш орындаушысы? (Сейдолла Бәйтереков, Роза Рымбаева)

9.Ақтөбе қаласындағы Әлия ескерткіші неден құйылған? (қоладан)

10.Әлияның ерлік жолдарын зерттеушісі кім? (Бәйдербес Ғалымжан Ермағанбетұлы)

11.Әлия Ленинград қаласындағы нешінші балалар үйінде тәрбиеленді? (№46)

12.Әлияның 80 жылдық мерейтойына арналған мемориалдық кешенінің көшірмесі қайжерде? ( Елордамыз – Астана қаласында)

Тверьдің орианы жас, жері кәрі

Ата қоныс санайды жұрттың бәрі.

Сол жерге Әлияның қаны сіңген.

Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.

Шаттансаң, қыз тудым деп қазақ шаттан.

Әлия Ұлы Отанға болған мақтан.

Казхачиха маңында тұлғасы тұр,

Дегендей ерлікке аттан, жеңіске аттан.

ағи Жиенбаев)

2. Ескерткіш – ел тарихы. Аукцион ойыны.

Әлияның ескерткіштерінен макеттер мен суреттер.

Ескерткіштер мен суреттер туралы көп мағлұмат берген топ аталған суреттер мен ескерткіштердің макеттерін ұтып алады

Ескерткіштер, музейі, даңғылы

3. Венн диаграммасы


Әлия

Ұқсастықтары

Мәншүк





8. Үй тапсырмасы.

Көкте зырлап барады

Алтын жұлдыз

Жерде тұрып қарады

Әлия қыз

Алтын жұлдыз алысқа

Кетті ағып,

Кетті ағып жас қызға

Бір ой салып.

Алтын жұлдыз зымырап

Кетті алыс,

Кетті алыс мылтық ап

Бір жап жас қыз...

Майдан кешті мылтық ап

Әлия қыз, -

Өр төсінде жарқырап

Алтын жұлдыз

Қ.Аманжолов


Сын тұрғысынан ойлау. Sinkvein. Ақтөбе сөзі.

Не? Қандай қала? Не істейді? Сөйлем құрау.

ІҮ. Қорытынды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2024
297
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12