Бумакөл мектеп-балабақша кешені

Тақырыбы: Алкандар, гомологтық қатары, метан жəне оның гомологтарының молекулаларының құрылысы, sp3 гибридтену, алкандардың изомерленуі, атаулары
Өткізген: химия пәні мұғалімі Г.А.Жұмахметова
2017-2018 оқу жылы
Сыныбы: 11
Пәні: Химия
Cабақтың тақырыбы :Алкандар, гомологтық қатары, метан жəне оның гомологтарының молекулаларының құрылысы, sp3 гибридтену, алкандардың изомерленуі, атаулары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға алкандардың гомологтары мен изомерлерін, аталу түрлерін үйрету.
Дамытушылық: Органикалық заттар туралы дүние танымын арттыру.
Тәрбиелік: Ғылыми құштарлыққа, еңбектенуге және сын-тұрғысынан ойлануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, кітаппен жұмыс, бинго әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқалар, слайдтар, модельдер (пластилин, таяқша).
Сабақтың құралы: графопроектор.
Сабақтың пәнаралық байланысы: геометрия,физика.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
ІІІ.Бекіту
ІV.Үйге тапсырма беру.
V. Бағалау.
І. Ұйымдастыру бөлімі.Амандасу. Сабақ құралдарын түгелдеу.Сабақтың мақсатымен жоспарымен таныстыру.
Тарау аяқталып, сарамандық және бақылау жұмысы өткеннен соң оқушыларға тарауға «Бинго» әдісі арқылы сұрақтар беріледі.
1. Органикалық қосылыстардың барлығының құрамында ... атомы бар.(көміртек)
2. ... – пішіндері әртүрлі, энергиялары шамалас орбитальдардың араласып, пішіні, энергиясы және байланыс бұрышы,т.б. сипаттамалары бірдей гибридтенген жаңа орбитальдардың түзілуі.(Гибридтену)
3. Органикалық қосылыстарға ... тән. (коваленттік байланыс)
4. Молекула құрамындағы атомдар мен атом топтары бір-бірінің ... әсер етеді.(химиялық қасиетіне)
5. Органикалық зат молекуласындағы атомдар ... орналаспайды, олар өздерінің валенттіліктеріне сай белгілі ... байланысады.(ретсіз, бір ретпен)
6. ... – молекулаларының құрамы бірдей, бірақ химиялық құрылыстары әртүрлі болғандықтан, қасиеттері де өзгеше заттар.(изомерлер)
ІІ.Жаңа сабақты меңгерту.
Қаныққан көмірсутектер молекуласында тек қана қарапайым дара δ-байланыстар болады. Қаныққан көмірсутектердің алкандар мен циклоалкандар болып бөлінеді. Көмірсутектермен танысуды алкандардан бастаймыз.
Алкандар — молекула құрамындагы көміртек атомдары өзара тек дара δ-байланыстар арқылы байланысқан жалпы формуласы СпН2п+2 болатын алифатты қаныққан көмірсутектер. Әр көміртек атомының барлық төрт валенттігі толығымен, яғни шегіне дейін сутек және көміртек атомдарымен қаныққан. Алкандарды бірінші мүшесі метан болғандықтан,метан қатарының көмірсутектері немесе парафиндер деп те атайды.
Енді метанның мысалында алкандардың жалпы формуласын пайдаланып есептеу жүргізейік. Жалпы формуладағы СпН2п+2, п—көміртек атомының санын көрсететін бүтін сандар. Көміртек атомының саны бірге тең болғанда (п=1), сутек атомынын саны 2п+2 =2-1+2 = 4 болады да, ең карапайым органикалык қосылыс, қаныққан кемірсутек — метанның молекулалық формуласы СН4 шығады.
Жалпы формулалары бірдей, химиялық қасиеттері ұқсас, ал құрамдары бір немесе бірнеше СН2 тобына өзгеріп отыратын заттар гомологтар деп аталады.
н-алкандардың гомологтық қатары, радикалдары жөне мүмкін болатын изомерлер саны
|
Алкандар СnН2n+2 |
Радикалдар (алкил) С nН2л+] |
|||
|
Формуласы |
Мүмкін болатынизомерлер саны |
Форму- ласы |
Атауы |
|
|
Молекулалық |
Атауы |
|||
|
СН4 |
Метан |
1 |
СН3- |
Метил |
|
С2Н6 |
Этан |
1 |
С2Н5- |
Этил |
|
СзН8 |
Пропан |
1 |
С3Н7- |
Пропил |
|
С4Н10 |
Бутан |
2 |
С4Н9- |
Бутил |
|
С5Н12 |
Пентан |
3 |
С5Н11 - |
Пентил |
|
С6Н14 |
Гексан |
5 |
С6Н13 |
Гексил |
|
С7Н16 |
Гептан |
9 |
С7 Н15 |
Гептил |
|
С8н18 |
Октан |
18 |
С8Н17 - |
Октил |
|
С9Н20 |
Нонан |
35 |
С9Н19 - |
Нонил |
|
С20НІ2 |
Декан |
75 |
С10Н21 |
Декил (децил) |
Көміртек атомдары басқа көміртектердің әр түрлі сандарымен — біреуімен, екеуімен, үшеуімен, төртеуімен байланыса алады. Соған байланысты көміртек атомдары біріншілік, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік болып бөлінеді. Мысалы, 2,2,4-триметилгексанның молекуласында көміртектің бес біріншілік (екі шеткі көміртектер мен радикалдардағы көміртектер), екі екіншілік (3- және 5-көмір-тектер), бір үшіншілік (4-көміртек), бір төртіншілік (2-көміртен) атомдары бар
Алкандардың құрылысы. Формулалар: молекулалық; электрондық;
құрылымдық. Тетраэдрлі кеңістіктік пішін. Ирек пішін. Модельдері: шарөзекті; масштабты. Конформация.
СН4 – Н Н
М.Ф │ ¨
. Н-С-Н Н ׃С ׃ Н
│ ¨
Н Қ.Ф Н Э.Ф
б). Метан молекуласының кеңістіктік пішіні (а) мен шарөзекті (ө) жөне масштабты (б) модельдері

Көміртек атомының sp3 гибридтенген пішіні дұрыс емес гантель төрізді 4 е бұлты 4Н ат. шар s-бұлттарымен қаптасып химиялық байланыс түзіледі. Метан молекуласының кеңістіктік пішіні тетраэдр төрізді, С—Н байланыстарының осьтері араларындағы бұрыштар 109°28'. Тетраэдрдің төрт бұрыштарында Н, ал дәл ортасында С орналасады. Көміртек пен сутек атомдары арасындағы электрон тығыздығының қоюланған жеріне назар аударамыз.
Этан молекуласының электрондық кұрылысы . Этан молекуласында жеті δ-байланыстың [бір sp3 — sp3; (С — С) жене алты sp3 — s (С — H)] түзілуі көрсетілген.
Алкандарда sp3 гибридтену болады. Алкандардың молекулаларында көміртек атомының sp3 гибридтенген орбитальдары тэтраэдрдің төбесіне бағытталып орналасады. Бір көміртек атомы екінші көміртек атомымен осы бағытта (109°28') байланысады да, көміртек тізбегі пропаннан бастап ирек пішінді болады. δ--байланыс осі бойынша еркін айналуы нәтижесінде молекуладағы атом топтары Кеңістікте әр түрлі жағдайда болады. Бұл құбылысты конформация деп ал пайда болған геометриялық пішіндерді конформерлердеп атайды.
Оқушылар шығып пластилиннен метан, этан, пропанның моделдерін құрастырады.
Алкандардың изомерлері мен атаулары. Алкандарға кұрылымдық (көміртек қаңқасының) изомерлену тән. Ол молекуласындғы көміртек атомдарының өзара орналасуынан болады.
Тармақталмаған көміртек тізбегі нормальді изомер деп аталады:
1 2 3 4 5
н3с—сн2 — сн2—сн2—сн3 н-пентан (нормаль пентан)
Алкандардын изомерленуі бутаннан (С4Н|0) басталады. Бутанның молекуласында барлық көміртек атомдары тізбектеліп орналасады (н-бутан).
Алкандардың бастапқы төрт көмірсутегі тривиальді аттармен аталады: метан, этан, пропан, бутан. Ал бесінші көмірсутек— пентаннан бастап грек сандарына -ан жұр
1. Көмірсутек молекуласындағы ең ұзын тізбекті тауып аламыз:
2. Осы тізбектегі көміртек атомдарын радикал жақын орналаскан шетінен бастап нөмірлейміз. Егер радикалдар екі шетінен бірдей қашықтықта орналасса, онда тармағы көп жақтан бастап нөмірлеу керек (бірнеше радикал болса, олардың орнын көрсететін сандар кіші болуы керек):
3. Көмірсутекті атау үшін әуелі радикал байланысқан көміртектің нөмірін, содан кейін сызықша арқылы радикалдың атын атап, сосын негізгі (ең үзын) тізбекке сай көмірсутек аталады
Рационалды атау бойынша көмірсутектер бір немесе бірнеше сутек атомдары радикалдарға алмасқан метанның туындылары ретінде қарастырылады. Егер формулаларда бірдей радикалдар қайталанса, грекше ди-, три- тетра-, т.б. сандармен көрсетіледі.

2,2,4 -триметилгексан
ІІІ.Бекіту.
1.Тест тапсырмасы
1. Органикалық қосылыстардың «химиялық құрылыс» теориясының негізін қалады:
A) М.В.Ломоносов B) К.В.Шееле C) Л.Полинг D) А.М.Бутлеров E) М.Фарадей
2. Қаныққан көмірсутектердің изомерленуі ... басталады.
A) C4H10 B) C5H12 C) C3H8 D) C6H14 E) C2H6
3. Мына заттардан гомологтарды анықтаңдар:
1) C7H16 2) C3H8 3) C2H5Br 4) C9H20 5) C2H2Br4 6) C2H4
A) 2,6 B) 3,5,6 C) 1,3 D) 1,2,4 E) 4,5,6
4. Құрылымдық формуласы мынадай C2H5–C(C2H5)–CH3 алканның аталуы:
A) 2-этилпропан B) 2-этилбутан C) изобутан D) 3-метилпентан E) 2,3-диметилбутан
5. sp3 – гибридтелудегі электрон бұлттары осьтерінің арасындағы бұрыш:
A) 119o 28′ B) 120o C) 109o 38′ D) 109o 28′ E) 360o
6.Алкандар молекуласының кеңістіктегі пішіні:
A) тетраэдр B) октаэдр C) тригонал-пирамидал D) гексаэдр E) пентаэдр
2.Төменде келтірілген көмірсутектердің көміртек қаңқаларын сутекпен қанықтырып, толық қ.ф. жазып, оларды атандар:
С С
│ │
А) С – С - С – С – С ә) С – С – С – С – С б) С – С – С – С – С
│
С
ІV.Үйге тапсырма беру. Алкандар, гомологтық қатары, метан жəне оның гомологтарының молекулаларының құрылысы, sp3 гибридтену, алкандардың изомерленуі, атаулары.
▲ 1. Мына алкандардың: а) н-пентан; ә) 2-метилбутан; б) 2,4-диметилпентан;в) триметилметанның қ.ф. жазыңдар.
▲ 2. Изооктанның (2,2,4-триметилпентанның) кұрылымдык формуласын жазып, кұрамында канша біріншілік, екіншілік, үшіншілік, тертіншілік көміртек атомдары бар екенін көрсетіңдер.
V. Бағалау. Оқушыларды бағалаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алкандар, гомологтық қатары, метан жəне оның гомологтарының молекулаларының құрылысы, sp3 гибридтену, алкандардың изомерленуі, ат

шағым қалдыра аласыз