Абуталип Тоғжан | 201 - топ
Алкоголь және қоғам: өсіп жатқан қауіп
Елімізде алкоголь мәселесі жыл сайын өзектілігін жоғалтпай келеді. Қазақстанда алкогольдің қолжетімділігі, арақ-шарап өнімдеріне қатысты жарнаманың әсері, отбасылық бақылаудың төмендеуі және стресс деңгейінің артуы ішімдікке сұранысты үнемі өсіріп келеді. Алкогольдің денсаулыққа ғана емес, қоғам қауіпсіздігіне де елеулі зиян тигізетіні статистикада анық көрінеді. 2024 жылы Қостанай облысында қылмыстық құқық бұзушылықтардың 27%-ы мас күйде жасалған. Бұл көрсеткіш республикалық орташа деңгейден екі есе жоғары. Қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін 17 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2287 адам қамауға алынған. 2025 жылы да жағдай жақсара қойған жоқ - мас күйдегі қылмыстар саны 25,9%-ға өскен. ДДСҰ деректері бойынша, ТМД елдері ішінде алкогольді шамадан тыс тұтыну бойынша Қазақстан алғашқы үш елдің қатарында. Бұл жағдай мәселенің тек аймақтық емес, ұлттық деңгейде де тереңдеп бара жатқанын көрсетеді. Нарколог Нағима Тюлендина алкогольге тәуелділіктің тек медициналық мәселе емес екенін айтады. Оның пікірінше, жұмыссыздық, стресс, күйзеліс, әлеуметтік жалғыздық сияқты факторлар адамның ішімдікке жиі жүгінуіне себеп болады. Мұндай жағдайда алкоголь уақытша «шешім» сияқты көрінгенімен, ұзақ мерзімде денсаулықты нашарлатып, психологиялық және әлеуметтік қиындықтарды тереңдетеді. Алкоголь тек адамның денсаулығын ғана емес, бүкіл отбасылық қатынастарды күйретеді. Маскүнемдік салдарынан ажырасу, тұрмыстық зорлық, балалардың психологиялық жарақат алуы жиілейді. Экономистердің есептеуінше, ішімдіктің салдарынан еңбек өнімділігі төмендеп, мемлекетке келетін жылдық шығын миллиардтаған теңгеге жетеді. Сонымен қатар, маман жастар арасындағы өсіп келе жатқан тенденцияға ерекше алаңдайды: «Қазіргі уақытта алкогольді ерте жастан тұтыну көбейіп келе жатыр. Жас организм үшін бұл өте қауіпті. Қазір жастар арасында алкогольді әлеуметтік желідегі трендтер мен блогерлердің “әдемі кадрлары” арқылы тұтыну сәнге айналып бара жатыр. Бұл көріністер ішімдікті қалыпты нәрсе ретінде көрсетіп, жасөспірімдердің тәуелділікке ерте ұрынуына себеп болады. Ерте басталған тәуелділік кейін адам болашағына, еңбек қабілетіне, мінез-құлқына және психикалық саулығына тікелей әсер етеді», - дейді Ерлан Сейітов. Ол бізге 34 жастағы пациентінің мысалын келтірді. Сырт көзге сыпайы, тұрақты жұмысы бар, отбасы қамын ойлайтын қарапайым адам. Алайда аптасына «бір рюмкадан ештеңе болмайды» деп бастаған әдет бірнеше жылдан кейін созылмалы тәуелділікке айналған. Алкоголь адамның ойлау қабілетін баяулатып, өзін-өзі бақылауды төмендетеді. Нәтижесінде жол-көлік апаттары, жанжал, тұрмыстық зорлық, қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайлары көбейеді. Мас күйдегі әрекеттер тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Мамандардың айтуынша, алкогольге қарсы күрес тек тыйым салумен шектелмеуі керек. Бұл - күрделі әлеуметтік мәселе. Түсіндіру жұмыстары, психологиялық көмек, салауатты өмір салтын қолдау, жастармен профилактика - алкогольге тәуелділікті азайтатын негізгі бағыттар.
Алкогольдің адамның денсаулығына, психикасына, мінез-құлқына тигізетін зияны ғылыми түрде дәлелденген. Сондықтан бұл мәселені шешу тек заңмен емес, қоғамның санасын өзгерту арқылы жүзеге асады. Алкогольмен күрес - тек заңның емес, әр азаматтың саналы таңдауы. Қауіпсіз қоғам құру өзімізден басталады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алкоголь және қоғам: өсіп жатқан қауіп
Алкоголь және қоғам: өсіп жатқан қауіп
Абуталип Тоғжан | 201 - топ
Алкоголь және қоғам: өсіп жатқан қауіп
Елімізде алкоголь мәселесі жыл сайын өзектілігін жоғалтпай келеді. Қазақстанда алкогольдің қолжетімділігі, арақ-шарап өнімдеріне қатысты жарнаманың әсері, отбасылық бақылаудың төмендеуі және стресс деңгейінің артуы ішімдікке сұранысты үнемі өсіріп келеді. Алкогольдің денсаулыққа ғана емес, қоғам қауіпсіздігіне де елеулі зиян тигізетіні статистикада анық көрінеді. 2024 жылы Қостанай облысында қылмыстық құқық бұзушылықтардың 27%-ы мас күйде жасалған. Бұл көрсеткіш республикалық орташа деңгейден екі есе жоғары. Қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін 17 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2287 адам қамауға алынған. 2025 жылы да жағдай жақсара қойған жоқ - мас күйдегі қылмыстар саны 25,9%-ға өскен. ДДСҰ деректері бойынша, ТМД елдері ішінде алкогольді шамадан тыс тұтыну бойынша Қазақстан алғашқы үш елдің қатарында. Бұл жағдай мәселенің тек аймақтық емес, ұлттық деңгейде де тереңдеп бара жатқанын көрсетеді. Нарколог Нағима Тюлендина алкогольге тәуелділіктің тек медициналық мәселе емес екенін айтады. Оның пікірінше, жұмыссыздық, стресс, күйзеліс, әлеуметтік жалғыздық сияқты факторлар адамның ішімдікке жиі жүгінуіне себеп болады. Мұндай жағдайда алкоголь уақытша «шешім» сияқты көрінгенімен, ұзақ мерзімде денсаулықты нашарлатып, психологиялық және әлеуметтік қиындықтарды тереңдетеді. Алкоголь тек адамның денсаулығын ғана емес, бүкіл отбасылық қатынастарды күйретеді. Маскүнемдік салдарынан ажырасу, тұрмыстық зорлық, балалардың психологиялық жарақат алуы жиілейді. Экономистердің есептеуінше, ішімдіктің салдарынан еңбек өнімділігі төмендеп, мемлекетке келетін жылдық шығын миллиардтаған теңгеге жетеді. Сонымен қатар, маман жастар арасындағы өсіп келе жатқан тенденцияға ерекше алаңдайды: «Қазіргі уақытта алкогольді ерте жастан тұтыну көбейіп келе жатыр. Жас организм үшін бұл өте қауіпті. Қазір жастар арасында алкогольді әлеуметтік желідегі трендтер мен блогерлердің “әдемі кадрлары” арқылы тұтыну сәнге айналып бара жатыр. Бұл көріністер ішімдікті қалыпты нәрсе ретінде көрсетіп, жасөспірімдердің тәуелділікке ерте ұрынуына себеп болады. Ерте басталған тәуелділік кейін адам болашағына, еңбек қабілетіне, мінез-құлқына және психикалық саулығына тікелей әсер етеді», - дейді Ерлан Сейітов. Ол бізге 34 жастағы пациентінің мысалын келтірді. Сырт көзге сыпайы, тұрақты жұмысы бар, отбасы қамын ойлайтын қарапайым адам. Алайда аптасына «бір рюмкадан ештеңе болмайды» деп бастаған әдет бірнеше жылдан кейін созылмалы тәуелділікке айналған. Алкоголь адамның ойлау қабілетін баяулатып, өзін-өзі бақылауды төмендетеді. Нәтижесінде жол-көлік апаттары, жанжал, тұрмыстық зорлық, қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайлары көбейеді. Мас күйдегі әрекеттер тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Мамандардың айтуынша, алкогольге қарсы күрес тек тыйым салумен шектелмеуі керек. Бұл - күрделі әлеуметтік мәселе. Түсіндіру жұмыстары, психологиялық көмек, салауатты өмір салтын қолдау, жастармен профилактика - алкогольге тәуелділікті азайтатын негізгі бағыттар.
Алкогольдің адамның денсаулығына, психикасына, мінез-құлқына тигізетін зияны ғылыми түрде дәлелденген. Сондықтан бұл мәселені шешу тек заңмен емес, қоғамның санасын өзгерту арқылы жүзеге асады. Алкогольмен күрес - тек заңның емес, әр азаматтың саналы таңдауы. Қауіпсіз қоғам құру өзімізден басталады.
шағым қалдыра аласыз













