Алмас қылашты ардагер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алмас қылашты ардагер

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға күнделікті сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты әдебиет

Уақыты:11.11.16ж

Кабинет:

129

Мұғалім Сейдикеримова А К

Сабақтың атауы

Алмас қылышты ардагер (Ел аузынан)

Мақсаты


Мақсаты мен міндеттер: мәтіндерді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық:өлеңді, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас сабақ

Көрнекіліктер: Қазақ батырларының ,Үш бидің,Абылай ханның,Бұқар жыраудың,бес қарудың суреттері, мемлекеттік рәміздер суреттері.

Психологиялық ахуал 1мин

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен .

Амандасып алайық,

Еңбек етіп ерінбей .

Жақсы баға алайық.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын сұрау 10мин






























Жаңа сабақ 5 мин















Оқулықпен жұмыс. 10мин





















Дәптермен жұмыс 5мин

  • Балалар « Халық қорғаны » мәтіні туралы кім не айтады?

1.Мәтінде қазақ халқының басынан өткен қандай кезең туралы айтылған ?

2. Халықты жаудан қорғаған батырдың есімі кім?

3. Қабанбайдың шын аты кім?










- Суретте кімдер бейнеленген?

- Сендер қандай қазақ батырларын білесіңдер ?

- Қазақ батырлары неліктен атқа қонды деп ойлайсың?



Біз өткен сабағымызда қандай көнерген сөздермен таныстық?

Шұбырынды –қорғансыз,панасыз есеңгіреген халық.

Жасақ- әскер.

Ақылгөй- ақылды,ақыл беруші.

Жарақ- бірлі-жарым,аздаған.

Пырақ- жүйрік ат,тұлпар


-Батыр деп біз кімдерді айтамыз?

Ендеше балалар, бүгін біз тағыда бір қазақ батырымен танысамыз.

Батыр деп біз кімдерді атаймыз? Ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар

Қиядан қиқу төгілсе,

Аттың басын тартпаған,

Қисапсыз қол көрінсе,

Қорқып жаудан қайтпаған.

Қазақ деген халқының

Батыр шыққан даңқынан

Қарсыласқан асылдар

Қорғасындай балқыған...

Еңбек қылған ел үшін,

Жауда кеткен кек үшін,

Қазақтың аброй, арына

Сарп қылған бар қүшін... –

Үш жүздің басын қосқан Абылай хан – Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың ерлігіне сүйенген. Қазақ батырлары атты өлеңді жазған Бұқар Жырау атамыз Абылай ханның кеңесшісі, ақылшысы болған.


Көнерген сөздер:


Мәміле – келісім.

Тоқырау – қиын жағдайға тап болу.

Уәж - сөз, пікір.

Ірігенді ширату – есі шыққан шұбырған елге ақыл, бағыт беру.

Буырқану - батылдану.


Сергіту сәті 2 мин

Әуенге жаттығу жасату.


Ой сергітеді,шаршағандары басылады


Жаңа сабақты бекіту: -7 мин

1.Мәтінде ел басынан өткізген қандай кезең туралы айтылған ?

2. Мәтінде аты аталған батырдың есімі кім? Ол туралы не білдің ?

3. Бұқар жырау Бөгенбай батыр туралы не деді? Жырға сүйеніп сызбаларды толтыр.


Picture 5


4.Суретке зер сал.



Picture 6


Ой толғау:

Ер қаруы – бес қару .

Батырларымыз қандай қаруларды қолданған?


Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар.

Ер азаматтың – бес қаруы сақадай сай болған.


5.Екі мәтінді салыстыр: кестені толтыр:


Халық қорғаны

Екі мәтіннің ұқсастығы

Алмас қылышты ардагер






Үйге тапсырма 1мин

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау 1мин

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс 1мин

Рисунок 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2018
603
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі