Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«АЛМАС ҚЫЛЫШ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІНЕ ТАРИХИ ТАЛДАУ

Материал туралы қысқаша түсінік
тарихшыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«АЛМАС ҚЫЛЫШ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІНЕ ТАРИХИ ТАЛДАУ

Айту Бексұлтан Нұсрүллаұлы

Қостанай қаласы №15 жалпы орта мектебінің

Тарих пәнінің мұғалімі


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «қазақ халқының ұлт­тық сана-сезімін көтеретін туынды» [1] деп ба­ғалаған фильм Ильяс Есенберлиннің 1971 жылы жарық көрген «Алмас қылыш" атты романы кейін «Көшпенділер» трилогиясының бірінші бөлімін құрғаны бәрімізге белгілі [2]. Ол Қазақ хандығы құрылуы туралы тарихи фильмге әдеби негіз болды. «Көшпенділер» бойынша кино түсіру талпыныстары бұдан да бұрын болған болатын. Трилогияның «Жанталас» атты екінші бөлімі «Көшпенділер» фильміне әдеби негіз болды. «Көшпенділер» фильмі сапасы нашарлау өнім деп танылды, алайда екінші талпыныс жайында пікірлер сан түрлі [3].

Туынды Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан бөлінуі мен жеке хандық құру кезеңін қамтиды. Тақырыптың маңыздылығына күмән жоқ. Жалпы, тарихи киноларда кейіпкерлердің өлмейтінін біліп тыныш отырасың. Бұл енді “Тақтар ойыны” емес қой. Бірақ соған қарамастан, сценарий авторлары (С.Елубай, Т.Жақсылықов, Р.Әбдірәшев) барынша интрига тудыруға тырысқан. Сарай маңы эпизодтардың драматургиясы мығым: Әбілқайыр мен қос сұлтан арасындағы шиеленіс, саяси ойындар нанымды. Хан шатырындағы көріністе Әбілқайыр мен Жәнібектің, немесе аңшылық эпизодында Әбілқайыр мен Керейдің сөз шарпысуында ымдап ырғасатын өткен дәуірдің ірілігі бар. Бірақ одан әрі фильм драматургиясы сол шиеленісті ұстап тұра алмады. Кинодастанның негізгі идеясы, ешкімге бағынғысы келмеген, “әркімнің қолында қылыш боп ойнаған” батыр қазақтың рухын көрсету. Туындының өн бойында бірнеше шайқас сахнасы бар делік. Бірақ ылғи да қазақтар тығырыққа тіреледі. Біреуінде ғана табан астында арбалардан қорған құрып, құндақтаулы сәбиімен садақ кезенген аналар, шауып бара жатқан атқа теріс отыратын мергендер, ойраттың қылышын қақ жаратын алмас қылыштар (валериан құрышынан қай жері кем?), жалпы қазақтың мобильді соғысып, шабуылға тойтарыс беру өнері орынды көрсетілген. Бірақ техникалық тұрғыда, бұл бір компьютерлік графика ойлап табылмаған ықылымда түсірілген фильм сияқты [4]. Оншақты ойрат он бесшақты қазақпен соғысады да, кері қашады. Хандықтың негізін қалаймын деп көшіп жатқан жұрт та әрі кетсе жүзшақты адам. Масштаб жоқ. Жұпыны. Түмен-түмен адам жалдап, оларға көне киім тігіп беру қолдан келмейді, түсінікті. Бірақ “Трояны”, не “Батыл жүректі” қарасаңызшы, бес адамды бес жүз мың әскер қып көбейтеді ғой. Біздің графистердің бар қолдан келері “инстаграмның” бұлдыратуындай ойға сымайтын түстерге бояу ғана. Көрермен соны байқамай қалады деп ойлай ма? Сосын фильмнің түсірілу эстетикасында бірізділік жоқ. Алғашқы ұрыс сахнасында кесілген аяқ, шабылған қол, шашыраған қан сияқты натуралистік көріністер басым. Одан кейін бірнеше шайқасты көрдік [5]. Ондайдың бірі де жоқ. Неге? Режиссер о бастан “бір жағына шығып”, қалай түсіргісі келетінін анықтауы керек еді ғой. Фильмде бірнеше метафора бар. Ол Әбілқайырдың тордағы құсы. Әбілқайыр, ашуланып кеткен Қобыландының артынан, “Қайда барар дейсің, айналып қазығын табады” деп тұрғанда, тордағы құсы ұшып кетеді. Демек, қазақты да, Қобыландыны да уысынан жіберіп алды деген сөз. Бұл әдемі оқылады, басқа кейбір метафоралары сәтсіз . Мысалы, көшіп келе жатқан қазақ жолдағы құдықтан су ішеді. Оны “азаттықтың дәмін татты” деп келтіреді кадр сыртындағы дауыс. Бірақ оператор, неге екенін, бұл эпизодты қазір бір жаманшылық болғалы тұрғандай түсіреді. Немесе жолда туған бала, Шалкиізді алыңыз. Оны “қазақтың азаттығының даусы еді” деп сипаттап алып, шешесі өлгенде ноғайларға беріп жіберетіні несі? Сосын, артық сөз көп. Кадр сыртындағы мәтінде де, актерлердің диалогтарында да. “Таза мінсіз асыл сөзден” бастап, Асан Қайғының бірталай өлеңін созбалатып оқу дәл осы фильмге неге керек болды? “Қайран, аңғал қазағым” деп күңіренген Асан аз болғандай, кадр сыртындағы екінші дауысты қосарлау не үшін керек болды? Мұның бәрі фильмді көркем туындыдан гөрі деректі шығармаға ұқсатып тұр. Актерлердің ойынында театралдылық басым. Кейде ойлаймын. Мүмкін, “бұл - қазақ киносының ерекшелігі, қазақ актерлерінің қолтаңбасы” деп “заңдастыра” салу керек шығар? Өйткені осы театралдықтан ешқашан құтылмайтын түріміз бар. Тіпті театрдың сахнасын көрмеген актерлеріміз сонымен ауырады. Қазтуған (Б.Тілеухан) сөйлей жөнелгенде Парламентте мәлімдеме жасап отыр екен деп қалдық. Мұрнының астымен сөйлейтін Рабия бегімнің (Қ.Мұхамеджанова) көзін аударып-төңкергенінің бәрі жасанды. Әр сөзін нығарлап сөйлейтін Керей (Қ.Кемалов), әр сөзінен кейін пауза керек деп санайтын Саид (Б. Әбділманов) екіұдай әсер қалдырады. Досхан Жолжақсыновтың Әбілқайыры, өзін өте әккі, ақылдымын деп ойлайтын, бірақ қартайып, әлі кеткен билеуші. Ниязбек Шайсұлтановтың Мұхаммеді тым эмоционалды, Мейірғат Амангелдиннің Қасымы нәзіктеу көрінгені рас. Есесіне Мәдина Есманованың Жаһанбикесі ұнамды, Арман Әсеновтің Қобыландысы есте қалады. Еркебұлан Дайыровтың үлкен актер болып өсіп келетіні қуантады. Фильмнің кей тұстарында, әсіресе басында фондағы дыбыстар кейіпкерлердің даусын басып кетеді. Монтаж соншалықты сәтті дей алмайсыз. Іледен өткен көріністің басында күз, аяғында - қыс. Жалпы дала, сүреңсіз күз мезгілінде түсірілгені өкінішті. Кей келіншектердің кимешек кисе, кейбірінің қыздай сыланып малынатыны болмаса, жалпы костюмдер ұнады. Әсіресе Қобыланды мен Өз Темірдің сауыты, жас сұлтандардың киімі ерекше көзге түседі. С.Құрманбеков пен Ө.Шманов бастаған топтың аянбай еңбек еткені көрініп тұр. Әбілқайыр “тақ үшін туған бауырымды өлтірдім” деп мақтанады, Мұхаммед “төреде туыс болмайды” деп жиі қайталайды. Ал Қасым “тақ үшін таласта туыстың қанын төкпеймін” дейді. (Тарихтан мәлім, сол сертінде тұрады) [6]. Жәнібек те аттан түсіп, Керейге жол береді. Ақ киіздегі ағасын елдің алды болып өзі көтереді [7]. Қазақтың хандарының дәстүрінде билік ешқашан түпкі мақсат болмаған деген ой бар. Бірақ Өзбек хандығы солай аталады екен деп, Әбілқайырды тұқым-тұяғымен көзін боятып, ала матасын оратып, қазіргі өзбектерге айналдырып жіберуге болмайтын шығар. Онда да кілең қазақтың рулары емес пе еді, Шайбани да Шыңғыстың ұрпағы емес пе еді (тарихшылар ол кезде Өзбек хандығы деген атау болғанымен, ол этнос ретінде өзбектер болып қалыптаспаған кез (дәл қазақ сияқты) дегенді айтады) [8]. Ендеше Моғолстанды Ұйғырстан қылып шығарудың қай қисыны бар? Аты моғол болғанымен, ол да қазақтың өз тайпаларының қонысы еді ғой. Фильм логикасына сенсек, қазақ өзбектен қашып, ұйғырдың қолтығына тығылғандай. Неге Керей мен Жәнібек: “Шу да біздің өз жеріміз, атамекенге оралайық” демейді? (Былтыр Қазақ хандығының құрылуы туралы деректі фильм түсіргенімізде тарихшылардың бәрі бір ауыздан солай деген) [9]. Жақсылығы бар, жетістігі де жетерлік, кемшіліктен де кенде емес... Түсіру тобындағы барша азаматтардың еңбегін бағалаймыз. Ешкім де қазақтың еңсесін түсіретін кино түсіреміз деген жоқ [10].

Ең бастысы – өз тарихымыз туралы киноны өзіміз түсірдік. Тарихи сериалдың басы! «Көш – жүре түзеледі» деген халқымыз. Бәрі де ретімен болар. Тек бір ескерте кететін нәрсе – сын айтылса, ер-тоқымымызды бауырға алып туламай, қабылдай білу де мәдениеттіліктің белгісі. Жанашырлықтан туған, айтылған пікірлер келешекте қателеспеу үшін де керек болады. «Алмас қылыш» қазақ хандығы туралы фильмнің басы ғана, «жанталасқа» түсетін қазақ хандарының рухын көрсететін кино жалғасады деген үміттеміз. Қазақтың тарихы ұлтымызға, келер ұрпаққа керек. Ұлттық кино да елдің рухын ояту үшін қажет. Осындай «қажеттердің» орнын түгелдейтін заман жетті емес пе! Отандық тарихшы ғалымдардың негізгі зерттеулері мен оқу-құралдары тарихи тақырыпқа арналған романның әрбір дерек мәліметі мен тарихнамалық тұжырымдарын зерттеуді қажет етеді.





Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. http://alashainasy.kz/kazak_tarihy/almas-kyilyish-kyinabyinan-suyiryildyi-91448/

  2. І.Есенберлин «Алмас қылыш» (Көшпенділер-1). Алматы: «Көшпенділер» баспасы, 2014. 149 б.

  3. https://massaget.kz/mangilik_el/kazakfilm/43055/

  4. http://www.oner.kz/cozimning-karasy/view/4331-almas-kylysh-kazak-halkynyng-bastauy-turaly-corcemfilm

  5. http://abai.kz/post/47166

  6. http://www.astana-akshamy.kz/erlan-toleutaj-almas-qylysh-qazaq-kopten-kutken-fil-m-2/

  7. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық 2 –том. «Атамұра баспасы», Алматы, 2002. 320 б.

  8. Кузембайулы А., Абиль Е.А. История Казахстана: Учебник для вузов, 8-е изд. перераб. И доп./-Костанай: Костанайский региональный институт исторических исследований, 2006. – 106 с. Тарих ғылымдарының докторы профессоры Аманжол Күзембайұлымен болған сұхбаттан.

  9. http://ult.kz/post/almas-kylysh-filmindegi-20-tarikhi-katelik

  10. http://old.aikyn.kz/ru/articles/show/32683-_almas_kylysh_ynabynan_suyryldy_























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1403
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12