Алматы қаласы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алматы қаласы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтарымда оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаландым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Сынып: 4 «Б»

Күні: 28.02.2017ж

Сабақтың    тақырыбы: «Алматы - көрікті қала»

Сабақтың мақсаты: Балаларға Алматы қаласы туралы түсінік беру, тілдерін дамытып, ой өрісін кеңейту, сөздік қорын байытумен бірге еске сақтау қабілеттерін қалыптастыру , грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, берілген сұраққа жауап беруге үйрету, әсемдікке, сүйіспеншілікке, қамқорлық, еңбекшіл болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Сұрақ қою арқылы сыни ойлауға, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтанады, топтық жұмыс жүргізеді.

Жетістік критерийлері:

1.Үй жұмысына жауап беру

2. Сұрақ – жауапқа қатысу.

3. Пікірталасқа түсу, өз ойын жеткізе алуы.

4. Топтық жұмыста белсенділік танытуы.

Түйінді идеялар/бөліктері (подход):

Бас қала- Алматы, жас қала –Астана екендігін дәріптеу, мақтаныш ету, таныту.

Өз Отанын жан тәнімен сүю- адамшылықтың асқар шыңы.

Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу.

Әдіс – тәсілдер: Сұрақ-жауап,диалог бақылау, талдау(СТО), демонстрация (АКТ),рефлексивті бағалау (оқыту үшін бағалау), талантты және дарынды баламен жұмыс.

Көрнекілік: Алматы қаласының суреттері, кеспе әріптер, үлестірмелі суреттер, слайд, текше,кірпі, алма, ермексаз, үнтаспа, интерактивті тақта
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу;

- Оқушыларды түгендеу;

- Сынып тазалығына зер салу;

Психологиялық ахуал туғызу:

Шаттық шеңбер

Мақсаты: Бір-біріне жақсы тілектерін жеткізу

Мейірімді жүрекпен,

Ақ ниетті тілекпен,

Амандасып қалайық,

Бір жадырап алайық!

Сыныпты «Алмалы» «Алатау» тобы деп екі топқа бөліу.

І топ «Алмалы» тобы

ІІ топ «Алатау»тобы

Топтың ережесін еске түсіру.

1.Бір-бірін тыңдау.

2.Көршіне көмектесу.

3.Уақытты үнемдеу.

4.Шуламау керек.

«Бір қадам артқа» стратегиясы.

Мақсаты: Алдыңғы сабақта алған білімдерін анықтау, ойларын жинақтау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Білу:

Миға шабуыл:

Мақсаты: Оқушыларды сындарлы ойлауға, ой шоғырландыруына әсер етеді.

Музыка ойналады. Ән тыңдау. «Алматы

Көзімізді жұмып, мұқият көңіл бөліп әнді тыңдайық.

«Түрткі болу сұрақтары»

- Ән не туралы айтылған?

- Қай қаланы естеріңе түсірді?.

- Сендер Алматы қаласында болдыңдар ма?.

- Алматы қаласына кім барды?

- Қандай көрікті жерлерді көрдіңдер?

- Не көрдіңдер?

Оқушыларға түрткі сұрақтарды қою арқылы сабақтың тақырыбын анықтау;

Оқушылармен бірігіп, сабақтың мақсатын анықтау;

Бағалау: Бағдаршам арқылы бағалау

Түсіну:

Сөздікпен жұмыс:
Алатаудың етегінде – у подножия Алатау
әлемге әйгілі – известный всему миру
мұз айдын – ледовый каток

Көрікті - красивый

а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру;

ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу;

б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату;

Бағалау: Бағдаршам арқылы бағалау

Талдау:

«ЖИКСО» әдісі:

Мақсаты: Өзін –өзі реттеуге, бір –бірімен бөлісуге, пікіралмасуға, қарым- қатынасқа түсу.

Топ мүшелерімен тақырып бойынша:

- мәтінді оқиды;

- мәтінді саралайды;

- мәтінді талдайды, талқылайды, постерге салып қорғайды

 Бірінші мәтін:

       Алматы - өте әдемі қала. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны бар. Онда түрлі спорт ойындары өтеді. Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар, театрлар, цирк, музейлер орналасқан.

Екінші мәтін:

Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Алматыда ірі орталықтар бар, экспонаттар көп. Алматы өте әдемі, сұлу, көркем. Қала көшелері түзу, кең, жарық. Саябақтар мен демалыс үйлері бар. Жазы ыстық емес, қысы жылы.

Бағалау:


Оқушылардың аты- жөні

Тақырыптың мазмұны

(содержание)

«5» -5 ұпай

«4» - 4 ұпай

«3» - 3 ұпай

Тақырыптың ашылуы

(раскрытие темы)

5» -5 ұпай

«4» - 4 ұпай

«3» - 3 ұпай

Тақырыптың безендірілуі

(оформление)

5» -5 ұпай

«4» - 4 ұпай

«3» - 3 ұпай

Ұпай саны

(баллы)


1.






2.






Сергіту сәті:  
Орнымыздан тұрайық,
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,

Қолдану: «Ойлан, тап!» Балалар берілген сөздерден  дұрыс сөйлем құру.

І - топ

1. Өте, әдемі, қала, Алматы.

2. етегінде, Алатаудың, орналасқан.

3. «Медеу» мұз айдыны, бар, Алматыда.

4. Алматыда, бар, цирк.

5. Метро, ашылды, 2011 жылы.

6. Бар, метрода, 16 станция.

2 топ:«Шатыспақ!» Сөздердің дұрысын тап. Орны ауысқан дыбыстардан сөз құру. Сөзден сөйлем құрау.

Лаам, Матыал, Аалқ, Зұмйаыдн, Деәім

Бағалау: Смайликтер арқылы бағалау;

Жинақтау: « Мен тақырыпты былай түсінемін...»(кітап,суретпен жұмыс, жинақтау, бағалау) 

Әрбір топқа тақырыпқа байланысты сурет беріледі. Бір – біріне сұрақтар беріп жауап алу қажет.

Қорытындылау: «Сэнквейн» әдісі.

І – топ: Бес жолды өлең. «Алматы»

Ойын: «Кім жылдам?» Сөзден сөйлем құрастыр

Сандықша беріледі. Сандықшадан алған сөзден әрбір оқушы бір сөйлем құрастыру қажет.

Алматы, алма, көрікті, әйгілі, ғимараттар сөзіне сөйлем құрау.

Бағалау: Бағдаршам арқылы бағалау

Рефлексия: Кері байланыс жүргізу. Оқушылар өздері сабақтан алған білімдерін саралайды. Әсерлерін жазады. Сыныптастарымен ой бөліседі. Ұсынылған стикерді толдырады.

Бүгін сабақ ұнады ма?

Мен үшін қиын болды?

Мен үшін неге қиын болды?

Бұл қиындықтарды ненің көмегімен еңсердім?

Бағалау: Топ мүшелері критерийлерінің шкаласы бойынша топтарын бағалайды. Мұғалім ортақ бағаларын шығарады.

Үй тапсырмасы:

І деңгей:

«Менің арманымдағы қала» әңгіме жазу

ІІ деңгей:

Орыны ауысқан әріптерден сөз құрастып, сөзден сөйлем құрастырып жаз

«Лмтаыа, ромте, ідеәм»

Алматы қаласы туралы диалог ( 3-4) сұрақ

ІІІ деңгей:

Буын неше түрге бөлінеді?

Берілген сөздерді буынға бөліп жаз, қандай буын екенін анықта (ашық, тұйық, бітеу) 

«Алматы» сөзіне сөзжұмбақ құрастыр























Бағалау критерийлері

Оқушының аты- жөні:

1

Сұрақтар



«5» - 5ұпай

«4» - 4 ұпай

«3» - 3 ұпай

2

Сөз тіркесі



«5» - 5 ұпай

«4» - 4 ұпай

«3» - 3ұпай

3

Мәтінмен жұмыс


«15» - 5ұпай

«12» - 4 ұпай

«9» - 3 ұпай

4

Жазбаша

жұмыс


«5» - 5ұпай

«4» - 4 ұпай

«3» - 3 ұпай

5

Қорытынды

жұмыс


«2» - 5ұпай

«1» - 4 ұпай

«0» - 0 ұпай

Жалпы

ұпай

25-30 ұпай

Баға –«5»

20-24 ұпай

Баға – «4»

15-19 ұпай

Баға –«3»

10- 14 ұпай

Баға –«2»


1.








2.








3.








4.








5








6.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2017
784
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі