Материалдар / «Алматы Қазақстанның мәдени мегаполисі»

«Алматы Қазақстанның мәдени мегаполисі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Алматы қаласы еліміздің мәдени ошағы сонымен қатар оның мәдениетанушылармен байланысы www.kaznu.kz
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Философия және саясаттану факультеті

Мәдениеттану” 2 курс студенті Баяхмет Аружан

Жетекшісі Кудерина Айжан



«Алматы Қазақстанның мәдени мегаполисі»



Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматы өзінің бай мәдени мұрасымен және жарқын көркем өнер сахнасымен танымал. Тянь-Шаньның айбынды тауларының етегінде орналасқан Алматы - оның қайталанбас әдемілігі мен тартымдылығына ықпал ететін әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысқан жері. Алматы Қазақстанның ең ірі қаласы ретінде өзінің мәдени іс-шараларының алуан түрлілігімен, тарихи көрікті жерлерімен және бай мәдени мұрасымен танымал. Алматы еліміздің көптеген білім ошағының орналасуы нәтижесінде Қазақстан Республикасының білім алатын интеллектуалды жастарының шаңырағы. Қала қазақ мәдениеті мен өнерінің орталығы болып табылады, мұнда көптеген мұражайлар, галереялар, театрлар, концерт залдарын табуға болады. Алматыда музыка, би, кино, әдебиет және басқа да өнер түрлеріне арналған түрлі фестивальдар мен көрмелер өткізіледі. Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы үй-мұражайы, Әбілхан Қастеев атындағы мемлекетттік өнер мұражайы, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайы, Ықылас Дүкенұлы атындағы ұлттық музыкалық аспаптар мұражайы, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Д. А. Қонаевтың үй-мұражайы, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры, абит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры, М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрылары бой көтерген қара шаңырақ. Кейінгі екі, үш жылда мәдениеттен хабардар болу яғни театрға, мұражайлар мен фестивальдерге бару жалпақ тілмен айтқанда трендке айналды. Осының нәтижесінде театр, балет, концерттер мен фестивальдарда бұрын соңды болмаған аншлаг болып жатады. Ол дегеніміз қазір жастар мәдениетке зейін қойып, өз мәдениетімізбен танысуды бірінші орынға қоюда. Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінң дінтану және мәдениеттану кафедрасының «мәдениеттану» мамандығының 2 курс студентімін. Осы оқу жылының аяғында Әл-Фараби Қазақ Ұлттық университеті Болгария мемлекетінің Әулие Клемент Охрид атындағы София университетімен мәдени алмасу вебинары өткен болатын. Вебинар аясында біз болгар, тәжік, өзбек, түркімен студенттерімен тілдесіп, мәдени ақпарат алған болатынмыз. Осы жылдың күз айында яғни бес мемлекеттердің студенттері Қазақстан, Болгария, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан елдеріне арнайы жасалған жоспармен мәдени саяхатымыз орын алмақшы. Осылай мәдениеттану мамандығында білім алу тек қана өз мәдениетімізбен ғана шектеліп қана қоймай, әр елдің мәдениетімен танысуды қамтамасыз етеді.



ЖИ арқылы жасау
27 Маусым 2024
213
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі