Алматыға саяхат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алматыға саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері мен жас ұстаздарға көмек ретінде ұсынылады.Жаңартылған жаңа білім мазмұны бойынша құрылған қысқа мерзімді жоспар әріптестеріме пайдасы тиеді деген ойдамын.Себебі "Алматыға саяхат" сабағы қызықты өтті.Оқушылар сыныпқа арнайы дайындаған билеттер арқылы кіруден бастады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Тексерілді: Абдырахманова Л Т

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Қоршаған орта

4B бөлім: Есеп шығару тәсілдері

Күні 24.04.2018

Сынып: 2А

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Суханова Г Р

Қатысқандар саны:26

Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы

117. Алматыға саяхат.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


Сабақ мақсаттары

Екі амалдан тұратын есептерге талдау жасап, шығаруды үйренеді.

Бағалау критерийлері

Есептерге талдау жүргізіп, оларды шығарып үйренеді

Тілдік мақсаттар


Есепті түсініп оқып, талдау.

Құндылықтарды дарыту



Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация


Бастапқы білім


Оқушылар есептер шығаруды біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық дайындық

Бір-бірімізге қарайық,

Амандасып алайық.

Саяхатты жалғастырып,

Зообаққа бірге барайық.

Топтарға бөлу.( түстерге байланысты,орындары-

на отырған соң, пазлы құрастырып,топтарды анықтау)

1-топ «Жыландар»

2-топ «Аюлар»

3-топ «Балықтар»

4-топ «Құстар»



Оқулық

,слайд,

Қима

қағаздар











Сабақтың ортасы

5мин

(өткен тақырыпты бекіту мақсатында

ғы тапсырма)





























Жаңа сабақ

( 15 мин)












Бекіту

(2 мин)





Алматы туралы бейнежазба көрсету.

Слайд-1 (зообақ суреті)

Хайуанаттар бағына тегін кіру үшін билеттегі тапсырманы дұрыс әрі тез орындау керек.

100 ̶ 3 · 5 ̶ 2

55 + 27 : 3 + 9 · 4

20 : 5 · 9 + 38

42 + 30 : 6 + 12

Оқушылар өрнектерді тез орындап, суретпен сәйкестендіреді.(әр топқа тегін билет беріледі.)

Оқушылар,енді әр аймақтың өз қызметкерлері бар.Олар сіздерге тапсырманы дұрыс орындаған сайын сол жануарлар туралы ақпарат беретін болады.

1-тапсырма. (есепті оқып, тақтадағы қысқаша белгілеуді дұрыс тауып, шешуі мен жауабын жазады.) берілген қағазға маркермен жазады.

1-топ.

Бірінші торда 14 түлкі бар, бұл екіншісіне қарағанда 2 есе артық. Екі торда барлығы неше түлкі бар?

2-топ.

Бірінші торда 4 жанат, ал екіншісінде одан 8 жанат артық. Екінші торда бірінші торға қарағанда неше есе артық жанат бар?

3-топ.

Бірінші аквариумда 18 балық бар, бұл екіншісіне қарағанда 2 есе артық. Екі торда аквариумда барлығы неше балық бар?

4-топ

Бірінші торда 3 қоян, ал екіншісінде одан 9 қоян артық. Екінші торда бірінші торға қарағанда неше есе артық қоян бар?



Ұжымдық жұмыс.

Оқулықтағы 2- есепті оқып,талдату.Дәптерлеріне жаздырту.

Сергіту сәті. (Қыдырып қайтайық әніне)

Оқулықтағы 4,5 тапсырмалар қағазда жазылған түрі беріледі. Әр топта талданып, қысқаша бегілеулеріне толықтырып жазып, шешеді.Екі түрлі нұсқа беріледі, дұрысын тауып соған жазады.

(жануарлар туралы мәлімет беріледі)

Тақтадағы жұмыс. Әр топ бағандағы тапсырмаларды уақытқа байланысты орындайды.

(жануарлар туралы ақпарат)

Әр топқа теңдеу беріледі сол теңдеуді, бірлесе отырып шығарту.

(жануарлар туралы ақпарат)





Сабақтың соңы


Кері байланыс




Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға жеке қолдау көрсету.


Сабақ барысында бақылау жүргізе отырып бағалау.Әр оқушының жұптық, топтық талдауын тыңдап, жұмысқа қатысуын бақылап, белгілеу.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2018
2840
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі