Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
СҚО облысы Тайынша ауданы, Чкалов селосы
№2 Чкалов орта мектебі
Ғылыми жоба

Тақырыбы: АЛОЭ ӨСІМДІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ
Қорғаған: Жолтай
Мадияр
Жетекшісі: Уразбаева Ж.Ж.
Мазмұны:
1. Түйін-------------------------------------------------------------------------
2. Кіріспе
Алоэ өсімдігі------------------------------------------------------------------
3. Негізгі бөлім
1.Лалагүлділер тұқымдасы - алоэның сипаттамасы.-----------------
2.Алоэның пайдасы және қолданылуы.---------------------------------
3.Алоэның басты ем болатын аурулары және көбеюі---------------
4.Қорытынды----------------------------------------------------------------
5.Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------------------
Аңдатпа
Ғылыми жобаның негізгі ұстанымы алоэның барлық ерекшеліктері мен пайдасына қызығушылығын оятуға арналған. Өз жерінің табиғи байлығы және алоэның дұрыс пайдалануына байланысты көп ақпараттар берілді.
Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдап алып, жетекшіммен бірге мақсатыма жету үшін келесі жұмыстарды атқардым: ғаламтордан, кітапханадан материал жиналды, бақылап, тәжірибе жасадым.
Әртүрлі тәжірибелер жасалды. Сол тәжірибенің арқасында мен алоэның үйде өсіп, әртүрлі қасиеті бар екенін, оның ішінде емдік қасиетінің көп ауруларға көмек ететінін, теріні әрлеуде көмегі тиетінін дәлелдедім.
Алоэның емдік, гигиеналық, сұлулыққа арналған қасиеттерін көрсеттім. Осы тәжірибе жасау нәтижесінде ол алоэ өте пайдалы өсімдік екенін білдім. Оны тағам, дәрі, сусын ретінде қолдануға болатыны айтылды.
Дәрі ретінде қоспалар жасап, бетке маска жасауға болатынын көрсете білдім.
Кіріспе
«Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті» атты ғылыми жобамен жұмыс істедім.
Анам қолын жарақаттап алып, оны алоэ жапырағымен емдеген еді. Осыдан осы алоэ қандай өсімдік, оның емдік қасиеті қандай деп ойландым. Осы тақырыпты ашып, таныстым.
Зерттеу мақсатым: алоэ өсімдігін зерттей отырып, ерекшеліктерін анықтау, бет күтіміне тиімді пайдалану және насихаттау.
Зерттеу жұмысының әдістері:
-
Әдебиеттерге шолу жасау;
-
Тәжірибелер жүргізу.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
-
Алоэ өсімдігінің ерекшеліктеріне жан-жақты сипаттама берілді;
-
Алоэ өсімдігінің әсемділікке арналған қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау арқылы алоэ өсімдігіне жан-жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болды.
1.1.Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері
Қазақстан жері әртүрлі табиғи жағдайдан, орманды далалы,таулы аймақтардан тұрады. Міне осындай ұлан-ғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағынан ғана емес емдік,шипалық жағына да көңіл бөлген.Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Жанға шипа, дертке дауа дәрілердің көпшілігі өсімдіктен алынады.Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі-дәрмектің 70%, ішек-қарын, бауыр дәрілерінің 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі-дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қан тоқтататын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады. Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктер де жатады. Сондай-ақ, біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы. Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып 20 мыңнан астам мәдени өсімдіктерді қолдан өсіріп шығарады. Сөйтіп қазіргі кезде олар адамның игілігіне айналады.Ерте заманнан-ақ ата-бабаларымыз дәрілік өсімдіктерді тани біліп, оның емдік қасиеттерін және тиімді пайдалану жолдарын өз тәжірибелерінен өткізген.
Мәдени өсімдіктер арасында ең көп белгілісі алоэ. Алоэ араб тілінен аударғанда «ащы» дегенді білдіреді. Сонымен қатар дәрігерлер мыңжылдық деп те атайды. Алоэның қоспалары Қытайдың мыңжылдық қоспаларында бар. Египетте үйдің кіре беріс жерінде алоэ отырғызылады. Ол денсаулық пен ұзақ өмірдің символы. Халық медицинасында оны қызыл иектің, қабақтың қызаруына, өкпе туберкулезіне, экземді емдеуге, асқазан жарасына пайдаланылады. Осындай ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп сұрыптала келіп, адам баласына орасан зор пайдасын тигізетін қарапайым өз ауламызда немесе ауыл маңында, үйде өсетін дәрілік өсімдіктерді неге пайдаланбасқа? Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ерітінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі-дәрмектерден анағұрлым тиімді болады.
Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері,оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу-фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем-домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып қорғай білудің маңызы зор.
«Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім.
Алғаш рет Қазақстанда өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер XIII-X ғасырда жазылды. Көптеген орыс қалаларында жасыл өсімдіктерді сататын дәріханалар ашылды. ІІІ ғасыр бойы емдік өсімдіктерді қолдану тәжірибелері жүргізілді. Бұл жазбалар ХҮІІІ ғасырдың соңына дейін жалғасты, қаншама рет толықтырылды, ауру түрлері ажыратылды. Дәрілерді жасау әдістері қарастырылды. Елімізде өсетін 20мыңнан астам түрлерінің 2500-інің шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрін дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады.
Мен алоэ өте ерекше өсімдік екеніне көзім жетіп, осы жұмысымды ары қарай жалғастырдым. Бірақ енді алоэның тағы қандай ерекшеліктері бар, сұлулыққа қандай әсері бар екенін анықтағым келді.
Лалагүлдер тұқымдасы алоэның сипаттамасы
Алоэ суық тигенді емдейді. Мысалы: тұмау ауруына, жара мен кесілген жерлерді жазады. Мидың үлкен ми сыңарларындағы тітіркену мен тежегішті реттейді. Жұмыс істеу қабілетін жоғарылатып, физикалық ауырлықты жеңеді. Ағзаның сақтандыру функциясын ретке келтіреді.
Алоэ - емдік қасиеттері мен бөлме өсімдіктерінің патшайымы атанған өсімдік. Отаны – Оңтүстік Африка. Таралуы: Африка мен Индияның жартылай шөл далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Алоэ - асфоделовтар тұқымдасының суккулентті өсімдіктер туындысы, 400 түрі бар. Олар мәңгі жасыл немесе алабажақ, шөптесін, бұта, ағаш тектес көпжылдық өсімдік. Суккулентті, жапырағының жиектері тегіс немесе ара тіс. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да,ол өсімдікті солып қалудан сақтайды.Көп жерде бөлме өсімдігі, яғни әсемдік ретінде өсіріледі.Ресейде мәдени өсімдік ретінде 40-жылдарда орын тапты. Гүлдеу уақыты: қысқы айлар, әр жылда емес. Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жинау уақыты: жыл бойы. Жапырағын кесерден 2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа 3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды. Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді.
Көбеюі. Жас өсімдікті жыл сайын отырғызады, ересектері әр 2-3 жылда жақсы топыраққа отырғызылады. Алоэының көбінесе шілде мен тамызда немесе көктемде көбейтеді. Олардың көбею мүшелері 10-12см болуы керек, сонымен қоса 1 тәулік ауада ұстаған жылы топыраққа 1см тереңдікте, бөліктер арасын 3-5см-дей етіп отырғызады. Тамыры пайда болғанда отырғызуға болады. Алоэның тұқымы мен де өсіруге болады. Тұқымын ақпан, наурыз айларында себеді. Температурасы 250С –тан төмен болмауы тиіс.
Алоэ өсімдік болған соң ол көмірқышқыл газын жұтып, оттегін береді. Өсімдік арқылы адам табиғаттан ала алмаған әсерін толтырады. Сондықтан экологтар кеңсеге, үйге міндетті түрде гүл өсіруге кеңес береді. Себебі, өсімдіктер өзінен ауадағы зиянды микробтарды жоятын фитонцидтер бөледі. Яғни, өсімдік өскен бөлмеде ауа үздіксіз таратылып отырады. Ғалымдар зерттеу жүргізіп, алоэның микробтарды тезірек өлтіретіндігін дәлелдеді. Тазарту процесінде өсімдіктің жапырағы негізгі қызмет атқарады. Алоэ – үйге аурудың бактерияларының енуіне төтеп береді. Бөлменің энергетикалық қалпын жақсартады.
1.2. Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы
1.Иммунитет көтеруде: 500г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, еттартқыштан өткіземіз.Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3 мезгіл бір ай ішу керек.
2.Тіс ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып,алоэден 1 г ұнтақтап,оны тіске басады.
3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.
4.Демікпеге жас алоэны езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.
5.Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі.
6. Әсемдік-косметикалық маска жасау, жұмыртқаның ақ уызы мен алоэ өсімдігінің сөлін қосып маска дайындап бетке аптасына 1-2 рет қолданса, бет тазаланып, ағарады.
1.3. Халық қоспасы
Қоспа №1. Жаңа жапырақ сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын араластырамыз және де бал қосамыз,май,100 бөліктей какао,алоэнің жапырағының 145 бөлігін 1 шай қасық сөлді 1 стакан сүтке қосамыз.Туберкулез кезінде 2 рет қолдану керек.
Қоспа №2. Қолмен алоэның жапырағын езіп, күніне сөлін 3-4 тамшы қолданады.Мұрын қуысы ауруына пайдаланылады.
Қоспа №3. Сөлін балмен араластырып ,бронхитқа қарсы күніне 3 рет шай қасықтың 1/ 2 бөлігін пайдаланады.
Қоспа №4. Жараларға жапырағын ортасынан кесіп, ылғал жағын таңады.
Қоспа№5. Жапырағын кесіп,тазалап жуып,ет өткізгіштен өткіземіз.Бал қосамыз.Асқазан қыжылына 1 шай қасықтан қолданады.
Қоспа №6. Суық тиюге 2-3 сағат аралығында 5-6 тамшы пайдаланады.
2.1. Алоэ өсімігін практика жүзінде қолдана отырып, емдік қасиеттерін анықтау.
Алоэ сөлінің адам ағзасына әсерін зерттеу нәтижесі.

4 – сурет. Алоэ өсімдігінің сөлін мұрын қуысы қабынғанда жақсарту үшін қолданылуда
Тәжірибе №1
Алоэ сөлінің адам ағзасына пайдасы.
Зерттеу әдісі: Мұрынға тамызу
Мақсаты: Жағдайын жақсарту
Зерттелуші: Бағдат Данияр
Зерттеу барысы: әр 5-6 сағат сайын мұрынға 5-6 тамшы сөлін тамызу
Қорытындысы: Жағдайы жақсы
Ұсынылады: Алоэ сөлі ағзаның қызметін жақсартады. Күнделікті қолдану мұрын қуысын жақсартады

6-сурет. Күйікке алоэ жапырағын кесіп таңу.
Тәжірибе № 2
Алоэның күйікпен жараға әсері.
Зерттеу әдісі: Жараға таңу.
Мақсаты: жара мен күйктің жазылуы
Зерттелуші: Жолтай Мадияр
Зерттеу барысы: күйікпен жараға компрес жасау немесе жапырағын кесіп таңу.
Қорытындысы: жазылу жылдамдығы жақсы.
Ұсынылады: Алоэ күйік пен жараны жазады, актисептикалық жағдай туғызу

7-сурет. Әдемілік- косметикалық маска жасау.
Тәжірибе № 3
Әдемілік- косметикалық маска жасау.
Зерттеу әдісі: Аптасына 2 рет қолдану
Мақсаты: Әдемілік әсемдік келбет
Зерттелуші: Жарасханқызы Бағлан
Қорытындысы: Бет ағарып, сұлулана түсті
Ұсынылады: Аптасына 1-2 рет қолдану
Қорытынды
Денсаулылғымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп, мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында бөлмеде өсетін дәрілік алоэ өсімдігімен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз.
Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Дәрілік өсімдіктер жанға шипа, дертке дауа болады.
Алоэ бөлме өсімдіктер ішінде ең көп тарағаны. Өзінің әсемдігімен көздің нұрын алады, гүлдеуі өте сирек, бірақ та жұмыс жазу барысында ұққаным өсімдік көптеген пайда әкеледі. Мен өз сыныптастарымның арасында осы өзімнің жұмысыма байланысты сауалнама жүргіздім. Алоэны сыныптастарымның арасында кеңінен насихаттадым.
Ерте заманнан дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.
Сол себептен өзім мынадай ұсыныстар ұсынғым келеді:
1. Алоэ өсімдігін күнделікті тұрмыста көп өсіріп, оларға күтіммен қарауды өз достарыма ұсынамын;
2. Емдік қасиеттері бар бөлме өсімдіктері көптеп өсірілсе;
3. Тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын дәріханалар ашылса;
4. Дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар іше алатын түрлі - түсті кәмпиттер секілді дәрілер жасалса;
5.Үлкен кісілерге емдік шөптерден жасалған кеппе шөптер секілді дәрі- дәрмектер көптеп шығарылса.
Осы тақырыпты зерттей келе, өзіме осындай қорытынды жасадым:
-
Алоэ өте пайдалы, ерекшеліктері мол өсімдік. Сондықтан болашақта өзім есейгенде, өзімнің туған жерімде алоэ плантацияларын өсіріп,адам-дарға көмектесуді армандаймын.
-
Алоэның шырынынан өндірілетін әртүрлі заттар: емдік қасиеті бар қоспалар, сусындар, сұлулыққа арналған заттар, гигиена құралдарын шығаратын компания ашамын.
Өзім сияқты балаларға айтарым өз елімізде өсетін дәрілік өсімдіктерді зерттеп, халық игілігіне пайдалана білсек дені сау, салауатты ұрпақтың көп болатынына кәміл сенейік. Салауатты өмір салтын ұстанатын әр бір қазақ азаматы өз денсаулығын күте білсе, еліне де, жеріне де, тигізер пайдасы өте көп болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет
2. «Келешек ұрпаққа арналған қоршаған орта», «Алматы-2004» 48-53 беттер.
3. “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том 63бет
4. «Табиғатты аялайық», «Алматы-2003» 40-41 беттер
5. М.Қожабеков.Дәрілік өсімдіктер. Алматы, «Қазақстан»1982.72бет
6. Ә. Нұрмағамбетов. 1990, 111 «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» 23-бет.
7. Биология оқыту әдістемесі. 1998 ж. 75 бет .
8. Биология. «Атамұра», 2002 ж. 78 бет .
9. Шарманов айтқан шындықтар Денсаулық журналы № 10 Алматы , 2010жыл 23-28 беттер
10. Н.И.Логачева, Н.Б.Шешко. Комнатное цветоводство и фитодизайн.-«Минск баспасы, 2009» 100-101беттер
11. Интернет желісі. /Yandex.kz; Google.kz/
12. Денсаулық журналы №8 2006 жыл.
1- сурет. Жазық далада өсірілген
алоэ өсімдігі
2-сурет. Бөлме өсімдігінің
патшайымы - алоэ

3-сурет. Алоэ сөлі

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алоэ

шағым қалдыра аласыз