|
Негізгі
бөлім
35
мин
|
-Ендеше , бүгінгі
тәрбие сағатымызды бастайық.
Мәңгілік ақ қар
жамылған асқар шыңдары, ал етегінде ағысы асаудай тулап жатқан
Бұқтырма өзені бар, қазақ Алтайының киелі топырағында дүниеге
келіп, аса дарынды талантымен барша қауымды таңғалдырған,
Қатонқарағай ауданының «Құрметті азаматы», Қазақ ССР Мемлекеттік
Абай сыйлығының, Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби
сыйлықтың, «Молодая гвардия», «Жалын» баспалары сыйлығының
лауреаты, «Құрмет белгісі» орденінің иегері жерлес жазушымыз
Оралхан Бөкейдің туғанына биыл 80 жыл толып
отыр...
Келесі кезекті
бейнебаянға кезек берейік.
Постер
қорғау.
Сынып жетекшісі оқушыларға көмекші құрал ретінде таратпа
материалдар таратады.
Бірінші топ
–«Өмірбаян»
Екінші топ –
«Шығармашылық жолдары»
Үшінші топ –
«Марапаттар»
Оқушыларға дайындалуға жеті
минут уақыт беріледі. Дайын болғаннан кейін кезегімен постер
қорғайды. «Екі жұлдыз , бір ұсыныс» әдісі арқылы бір – бірінің
жұмыстарын бағалайды.
|
Оқушылар Оралхан
Бөкей туралы мағлұматпен
танысады.

Оқушылар бейне
баянды тамашалайды.
Оқушылылар берілген
тақырыпқа байланысты постер
қорғайды.
Бірінші топ –
«Өмірбаян».
Қазақ халқы қастер
тұтатын киелі есімдердің біріне айналған, шығармалар орыс, ағылшын,
француз, неміс, жапон, венгр, араб, қытай т. б. көптеген халықтар
тілдеріне аударылып шыққан сүлей суреткер Оралхан Бөкей 1943 жылдың
28 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданының
Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін,
сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, рухы
мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын
ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Керемет дауысы бар әнші,
өлең шығаратын қасиеті де болыпты. Отбасында жалғыз ұл Оралхан жөне
Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия атты бес қыз болған. Оралхан
дүниеге келгенде соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Орал қаласына
еңбек майданына аттанған кез екен. Анасы Күлия әкесі еңбек
майданынан аман - есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан
деп қойыпты. Оралхан Бөкей – жазушы,
драматург. 1969 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1965-1968 жылы Шығыс
Қазақстан облысының Үлкен Нарын (Большенарым) ауданында «Еңбек туы»
газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс
Қазақстан облысы «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар» газетінде) әдеби
қызметкер, кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде
(1988-1984), «Жұлдыз» журналында (1974-1983) бөлім меңгерушісі,
«Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары (1983-1991),
1991-1993 жж. осы газеттің бас редакторы
болды.
Екінші топ
– «Шығармашылық
жолдары»
Оралхан Бөкей -
әдебиет әлеміне өзіндік өрнегін ала келген қаламгер . 1970 жылы
Алматыда жарық көрген «Қамшыгер» атты тұңғыш повесі елді елең
еткізеді . «Менің повесть, әңгімелерімнің сюжеттері туған жер,
жастық шағымда болған оқиғалар туралы естеліктерге
толы. Оралхан Бөкейдің
мақалаларындағы еркіндік, ешкімге жалтақтамайтын турашылдық,
батылдық, ол заман үшін үлкен жаңалық еді. Оның Қазақстан ғана емес
Ресей қармағындағы қандастардың қамын ойлап, жоғын жоқтауы
азаматтық тұлғасын айшықтай түсті. «Қазақ әдебиеті» газетінің
Астрахань облысындағы күндерінен туған «Еділдің бойы ен тоғай» атты
мақаласында: Астраханьді қоныстанған 140000 қазақтың әлі күнге
дейін мәдени орталығы ұйымдаспағанын, қазақ тілінде БАҚ - ы
жоқтығын айтқан.Сондай - ақ Шалкиіз, Қазтуған жырау, Асан қайғы,
Құрманғазы сынды бүтін бір елдің маңдайындағы жарық жұлдыздары
ескерусіз, елеусіз қалғанын; Қазақ халқы мен хандықтарының тарихы,
архитектуралық мұрамыз - көне қалалар мен сарайлардың орны жып -
жылмағайланып, жермен жексен күй кешіп жатқандығын; КСРО халық
депутаттығына бірде - бір қазақ сайланбағанын ашып айтты. Бұл өз
кезінде ешкімнің батылы барып қозғай бермейтін тақырып еді. Оралхан
Бөкей публицистикасын парақтағанда оның ұлт тілінің шын жанашыры
болғанын көреміз.
Үшінші топ
– «Марапаттар»
1976 жылы Оралхан
Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар
сыйлығының лауреаты,
1978 жылы «Найзағай
ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы
Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың
лауреаты,
1986 жылы «Біздің жақта қыс
ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие
болды........
|
https://youtu.be/
7cwRyGa
7Zpw?s
i=ZoCDtPP
4zBf36cCE
Постер
|