«Алты алаштың жүгін арқалаған қаранар азамат»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алты алаштың жүгін арқалаған қаранар азамат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бодандықтың бұғауын бұзып, азаттыққа ұмтылған Алаш қозғалысының алтын дәуірінде Әлихан Бөкейханның тапсыруымен заңгер Барлыбек Сырттанов «Қазақ елінің уставы» деп аталатын еңбек жазған. Бұл - жаңа заманға сай жазылған тұңғыш қазақ заңы. Контитуция күніне орай, қалың қазақ кешегі мен бүгінгіні салыстыра отырып, ой түйсін деген ниетпен Барлыбек Сыртановтың «Қазақ елінің уставын» қайталай ұсынып отырмыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Аннотация

Цель исследования:

Исследование трудов Барлыбека Сыртанова

В этой связи перед собой были поставлены следующие задачи исследования:

1. Доказать, что Б.Сыртанов является патриотом,который боролся за независимость Казахстана

2. Пропаганда научных трудов в различных областях.

3. Показать, что он является гордостью нашего народа.

Гипотеза:

В современном этапе с научно-творческого аспекта есть много неизвестного о Б.Сыртанове. Поэтому сбор информации о Барлыбеке Сыртанове, анализ его работ считается актуальным и важным.

Этапы, процедура исследования:

Научный проект состоит из введения, исследовательской части , заключения. В конце работы дается список использованной литературы.

Методика эксперимента:

В исследовательской работе использовались методы сбора информации, анализ работы с рисунками.

Новизна исследования и степень самостоятельности:

Творчество и жизнь Барлыбека Сыртанова не было еще исследовано.В этом и заключается его новизна. Собранная информация о Б.Сыртанова была проанализированна.

Результаты работы и выводы:

Сведения о Б.Сыртанова было рассмотренно все сторонне.Обираясь на исторические сведения,было доказано,что он является патриотом своей страны.

Области практического использования результатов:

Предлагаемые результаты работы можно использовать в школе. Как дополнительная информация о Б.Сыртанова в написании рефератов.

Annotation

The aims of the research :

Barlibek Syrtanov data collection on the work done in the country, is concerning propaganda works.

In this context, a specific work we set the following research tasks:

1.Barlibek Syrtanov proves for the independence and liberty of the citizen, which in the reasoning of the national freedom .

2. Dissemination of scientific works in various fields.

3. To show that the pride of our nation.

Hypothesis:

BarlibekSyrtanovat the present stage of scientific and creative aspects are unknown to us. Barlibek Syrtanov, information gathering, analysis, is the relevance of the research topic. This information is generally not found in school textbooks. In particular, B. Historical data on full outility Syltanov that determines the importance of this study, the search.

The stages in the procedure:

A science project consists of introduction, research , conclusion. At the end is given list of references.

The experiment:

In research, information gathering, analysis, presentation of analysis methods were used to operate the pattern.

The innovation of the research and the degree of autonomy:

Barlibek Syrtanov zerfallende on the complete historical perspective, it is the innovation of the research. That’s why , the research includes an industry of opinions . Of course the cost of data analyzed, were proved .

Results and conclusions:

Barlibek Syrtanov read more to read the information of its different faces is very promising. Using the data, were convinced that arenar to serve the interests of the citizen .

The practical use of the results: The proposed results can be used in school. Students can be reparaturen accessorу.

І. Кіріспе

Мемлекеттік тарих - 1465 жылы Қазақ хандығының құрылуынан басталады. Сондықтан да қазақтың мемлекеті, территориясы, шекарасы, ата заңы, мемлекеттік санасы әуелден бар. Оған куә - Тәуке ханның «Жеті жарғысы,» Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы.

Бодандықтың бұғауын бұзып, азаттыққа ұмтылған Алаш қозғалысының алтын дәуірінде Әлихан Бөкейханның тапсыруымен заңгер Барлыбек Сырттанов «Қазақ елінің уставы» деп аталатын еңбек жазған. Бұл - жаңа заманға сай жазылған тұңғыш қазақ заңы.

Контитуция күніне орай, қалың қазақ кешегі мен бүгінгіні салыстыра отырып, ой түйсін деген ниетпен Барлыбек Сыртановтың «Қазақ елінің уставын» қайталай ұсынып отырмыз.

Қазақ елі көне ұлттардың бірі. Оның тарихының тамыры тереңге жайылған. Жеке ел болып өмір сүрді, елін, жерін қорғады. Ұрпақ жалғастырудан жеті миллионға жетті. Санымен Россияда үшінші орында. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдарда қалмақтардың күшті һәм көп әскеріне ауызбірлік жоқтығынан қарсы тұра алмады. Бірақ Үш жүздің ақылды ұлдары бір байрақтың астына жиналуға уәде беріп, бас қосып, қалмақтарды күл-талқан жасады.

Жаңа заманда атыссыз, соғыссыз, қан төкпей бейбіт жолмен жерімізде хүкіметі өз қолында ел болу мақсатында, барлық елдермен достықта болу үшін жеке Қазақ елі республикасын құрамыз.Қазақ елі республикасында жоғарғы билік жүргізуді бүкіл қазақ және басқа нәсілдердің өкілдері дауыс беру арқылы іске асырады. Сайланатындар елдің ең сүйікті, білімді, ел ұшін жан беретін адамдар.

Өз алдына ел болуды көздеумен дүниеде өзін-өзі билеген нәсілдер сияқты жеке ел болу мақсатында һәм елді бақытты, теңдік, бостандық өміріне жеткізу үшін осы уставты кіргізеді.

Қазақ қамы туралы ойлаған азаматтардың ерен еңбегі ХХ ғасырдағы белгілі обьективті себептерге байланысты, тек соңғы жылдары ғана жалпы адамзат тарихы контексінде, ұлттық мүдде тұрғысынан кеңінен зерттеле бастағандығы белгілі. Үш жүзге жуық Алашордашы зиялы қауымның ішінде әлі де өз дәрежесінде зерттелмей келе жатқан, әлі де тарихшылардың қаламына ілікпей келе жатқан тұлғалар жетерлік.

ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт зиялыларының арасында есімі ерекше аталатын тұлғаның бірі – Барлыбек Сыртанов. Қазақ елінің Жарғысын жазған Барлыбек алты Алаштың мақтанышы. Ірі қоғам қайраткері, білімдар, елінің тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен Б.Сыртановты көзі ашық, көкірегі ояу, көрнекті құқықтанушы деп біледі. Бұл Барлыбектің бір қыры ғана.

Б.Сыртанов – Қазақ мемлекетінің алғашқы Ата Заңының авторы. Өкініштісі, оның қаламынан шыққан «Қазақ елінің уставы» ол кезеңде жүзеге асқан жоқ. Кеңестік тоталитарлық жүйеде бұл тіпті де мүмкін емес жағдай болатын. Дегенмен, тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясында, өзге де Заңдарымызда Сыртановтың идеялары ішінара көрініс тапқан. Осындай тұлғаның еңбектерін қайтадан басқа қырынан жаңдандыру үшін қолға алдық.

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Алты алаштың жүгін арқалаған қаранар азамат

Барлыбек Сыртанов 1867 жылы Жетісу губерниясы Қапал уезінің Арасан болысындағы Қарашоқыда дүние есігін ашқан. Барлыбектің арғы бабасы Қаптағай қол бастаған жаужүрек батыр әрі XV ғасырдағы Ақ Орда мемлекетінің ірі қайраткері болған. Оның батырлығы туралы ел аузында көптеген аңыз-әпсаналар айтылады. Тіпті, Қаптағай ныспысы – Найман тайпасының ұранына да айналған[1]. Барлыбектің бергі атасы Қадірәлі XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Жетісу өлкесіне танымал от тісті, орақ ауызды ділмар, ердің дауын екі ауыз сөзбен шешкен атақты би болған [2]. Өз әкесі Сырттан да Мұхаммеджан Тынышбаевтың жазбаларына қарағанда ел ішінде турашылдығымен, өткірлігімен көзге түскен батыр адам болған екен[3]. Барлыбек Сыртанов қоғам қайраткері, тіл жанашыры, ағартушы, публицист, түркітанушы, шығыстанушы, болашақ тәуелсіз Қазақстанның алғашқы құқықтық құжатын жасаушы, Алаш Орда партиясының жетекшісі, Әлихан Бөкейхановтың досы, құрдасы.

Әкесі Сыртан халыққа беделді болған. Оған арнап Жамбыл 1881 жылы «Сыртанға» атты өлең шығарған. Сыртанов Верный ер балалар гимназиясында орта білім алып, 1886 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетіне оқуға түседі. Ол студенттік шағында сондағы жоғары оқу орындарында оқып жүрген М.СералинБ.Қаратаев, А.Теміров, Б.Құлманов секілді қазақ жастарымен бірлесіп, «Жерлестер» атты үйірме құруға атсалысты. Бұл үйірме мүшелері студент жастарға көмек көрсетуді ұйымдастырумен бірге саяси-әлеуметтік мәселелерді қызу талқыға салды.

Университетті аяқтағаннан кейін Б.Сыртанов 1891-1894 жылдары Ташкент қаласында Түркістан генерал губернаторының қазыналық палатасында қызмет етті.

Барлыбектің өмірі, білім алуы, құқықтық, қоғамдық саяси қызметі туралы аз айтылмады. Олар жайында С.Өзбекұлының, М.Қойгелдиевтің, К.Нұрпейістің арнайы іргелі зерттеулері жарияланды[1]. Біздің мақсатымыз сол жарық көрген еңбектерді қайталау емес, Барлыбектің ұлтжандылық қасиеттерін көрсету.1877 жылы Верный қаласында ашылған ерлер гимназиясына оқуға береді. Тұрлыбек сырқатына байланысты гимназияның 4 класын бітірісімен Алматыдан кетіп, Ресейдің Шәуешектегі консулдығында тілмаш болып қызмет атқарады. Ал, Барлыбек негізінен шенділер мен ақсүйектердің балалары оқитын гимназияда өзінің білімге деген құштарлығының арқасында озат оқушы атанады. Ол алғырлығының арқасында гимназияны 1886 жылы үздік бітіріп шығады. Мектеп директоры Д.Новак шәкіртінің оқуға деген таудай талабын байқап, Жетісу облысының губернаторына Барлыбектің оқуды университетте жалғастыруы үшін қаражат бөлуін сұрайды. Жетісу әскери губернаторы өтінішті қабыл алып, Барлыбек Сыртановқа арнайы стипендия тағайындайды.[4] Санк-Петербург университетінде оқығысы келген Барлыбекті бүкіл ел ақсарбас айтып, құдайы тамақ беріп, ақсақалдар ақ батасын беріп, ұзақ сапарға шығарып салады. Барлыбектің бұл сапары туралы М.Тынышбаев: «Сондай қиыншылықта Жетісу деген бір түкпірден қазақ көрмеген я естімеген жерге Барлыбек марқұм жарық дүние көруге, кейінгілерге үлгі болып, жол көрсету үшін жалғыз кетті» [3]Барлыбек Сыртанов 1886 жылы Санк-Петербург университетінің шығыстану факультетіне оқуға түседі. Ол осында жүріп араб тілінен В.Р.Розен, парсы тілінен В.А Жуковский, түрік-татар тілінен И.Н Березин, шығыс елдерінің тарихынан Н.И Веселовский секілді ірі мамандардан дәріс алады. Жетісудан ілім-білімге сусап келген тастүлек өзінің еңбекқорлығының арқасында аралық сынақ-емтихандардан өте жақсы деген бағамен сүрінбей өтіп отырады. Барлыбектің тұсында Санк-Петербургте оқитын Мәмбетәлі Сердалин, Бақытжан Қаратаев, Абдолла Теміров, Бақтыгерей Құлманов секілді қазақ жастары «Жерлестер» атты ұйым құрады. Олар кейінгі келген қазақ студенттеріне қол ұшын беріп, әрдайым бірге бас қосып, сол кездегі революциялық мазмұндағы еңбектер мен астыртын әрекеттерді талқылайды. Қазақ даласында мәдени-ағартушылық ісін қолға алу туралы бір-бірімен пікір алмасады. Санкт-Петербургте білімін молайтып, ұйымдастырушылық қабілетін баптаған Барлыбек 1890 жылы университетті шығыстану факультетін араб - парсы және түрік - татар тілдерінің маманы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен үздік бітіріп шығады [5]. 1894 жылы 29 қыркүйекте Жетісу әскери губернаторының бұйрығымен облыстық басқарманың іс жүргізу бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Мұның артынша ерекше тапсырмалардың кіші шенеунігі қызметін атқарды. Ол Жетісу облыстық басқармасында қызмет ете жүріп, Ресей шенеуніктерінен жәбір көрген қазақ халқының өкілдеріне көмек көрсетуді өз борышы санады.

    1. жылдары Барлыбек Сыртанов Ресей мен Қытай шекарасының межесін тексеру ісіне атсалысты. Патша өкіметінің орыс шаруаларының Жетісу өңіріне қоныс аударып, жергілікті халықтың мал бағуға, егін егуге жарамды жерлерін тартып алуына наразылық танытты. «Айқап» журналында қазақ халқының әлеуметтік-саяси мәселелеріне қатысты мақалалар жариялады. Сол тұстағы жергілікті халықтың мұң-мұқтажын айқындау, әрі оны шешу жолдарын қарастыру мақсатында жалпықазақ сиезін шақыру мәселесін көтерді. Оның мұндай ұсынысы С.Лапин, Р.Мөрсеков, Ж.Сейдалин және Б.Қаратаев секілді қазақ зиялылары тарапынан қолдау тапты.

    2. 1910-1913 жылдар аралығында Барлыбек Сыртанов өз тарапынан құпия түрде қазақ өлкесін Ресейдің отары қатарынан шығаруды көздеген Жарғы әзірледі. Бұл Жарғыда қазақ жері Ресей отары емес, доминионы (достастық құрамына енген мемлекет, мысалы, Австралия одағы, (Жаңа Зеландия) болу керектігі көрсетілді.

Студенттік жылдары Ресей империясының астанасында сан қилы саяси оқиғаларға куә болып, орыс халқының мәдениетін, өнерін таныған Барлыбектің сана-сезімі қарыштап өсті. Барлыбектің алған білімі, ортасы,

көкірегіне түйгені оның нағыз ұлтжанды, халқына адал, елінің тәуелсіздігі үшін күрескер болуына ықпал етті.Туған жері, елі үшін ішер асын жерге қоятын Барлыбек 1891-1894 жылдары Ташкент қаласында қызмет істеп, одан кейін Жетісу облыстық басқармасының іс жүргізу бөлімінің меңгерушілігіне ауысқан.Барлыбек Сыртанов Ресей патшалығының билік жүйесінде қызмет еткенімен  орыс чиновниктерінен және қазақ бай-манаптарынан жәбір көрген қарашаның мүддесін қызғыштай қорғайды. Заңның мүмкіндігін, қала берді өзінің беделін салып жүріп талай қазақ-қырғыздың кеткен ақысын қайтарып береді. Бұл жөнінде М.Тынышбаев: «Теңдікке қолы жетпегендер Барлыбек, Тұрлыбекке жылап келіп, теңдік алып, мауқын басушы еді, һеш кімді я жылатып, я жылатпауға Барлыбек, Тұрлыбек себепкер болған емес. Бұлай болған соң бүтінбір облыс орыс-қазақ-қырғыз Барлыбек, Тұрлыбектің сөзінен еш уақытта шыққан емес» [3] – деп жазған еді.Тұрлыбек себепкер болған емес.Бұлай болған соң бүтін

бір облыс орыс-қазақ-қырғыз Барлыбек, Тұрлыбектің сөзінен еш уақытта шыққан емес» [3] – деп жазған еді.

Отаршылдық езгідегі халқына рухани көмек ретінде Ахметкәрім Зейнуллин деген азаматпен бірге «Туземный отдел» деген бөлім аштырып, жерінен, бостандығынан айырылған байырғы ұлттың ауыр хал жағдайын батыл көрсетіп отырған[2]. Патша өкіметі тарапынан шыққан 1905 жылы барлық мешіттерде Николай ІІ патшаның суреті ілінуі керек деген нұсқау іс жүзінде іске аса бастағанда Барлыбек Сыртанов бұл жарлыққа қасқайып қарсы тұрады. Мұсылмандар толқуының басында ел алдында зор беделге ие Барлыбек Сыртанов тұрғандықтан, одан қатты сескенген губернатор нұсқауды лажсыз тоқтатады. 1903-1907 жылдары Жетісудың Қытаймен шектесетін шекарасын тексеру тобына қатысып, Столыпинның аграрлық реформасына орай ағылып келе бастаған келімсектер легін азайтуға бар күш жігерін жұмсады. Осы орайда ерекше қадап айтар бір жайт, Барлыбек ата-бабаларының ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған жері үшін отарлық саясатқа қарсы тұрып, оған барша жетісулықтарды жұмылдыруға күш салды. Осы мақсатта съезд шақырып, оның күн тәртібіне қазақтардан тартып алынған жерлерді қайтару мәселесін қоюды талап етті. Жетісу өлкесінде шұрайлы жерлерді келімсектер тартып алып, талан-таражға салып, қазақтардың күн көрісін қиындатты. Осындай әрекеттерге тосқауыл болу барысында Барлыбек Сыртанов 1910 жылдың 21 қазанында Ұзынағашта облыс қазақтарын жинап, арнайы кеңес өткізді[3]. Жиында өзі баяндама жасап, жерлерінен айырылып, шөл, шөлейт аймақтарға ығысқан халықтың ауыр жағдайын, шаруалар отарлауының зардаптарын ашып көрсетті. Жердің тарлығы мен тауқыметін тартқан елдің еңсесін көтеріп, баяндамасында халықты бірлікке, күреске шақырып, былай деген: «Ел жұртым, қара шекпенділер күннен-күнге біздің жерімізге қоныстануда, халіміз ауырлап барады, күн көру қиынға соғып тұр, жақсы жердің бәрі қарашекпенділердің меншігіне өтті, жұртынан айырылған байғұс қазақ тақыр жерге қуылды. Ауыз ашпай жатуға енді болмас, ояну қажет, кір жуып, кіндік кескен, аталарымыздан қалған жерімізді сақтап қалу басты

міндетіміз. Қарашекпенділердің келуін тоқтату үшін бүтін қазақ болып бас қосу қажет»[2]. Осындай мақсатты алға тартқан Барлыбек 1911 жылы қазақтың мұң-мұқтажын патша өкіметінің басты билеушілеріне жеткізу үшін Петерборға барған. Жетісу тұрғындарының атынан әскери министрге өтініш-арыз жазып, жер мәселесінің шиеленісті күйін, қазақ халқының ауыр халін батыл түрде жеткізген. «С 1905 года в Семиреченской области производится отвод переселенческих участков из земель, находившихся в пользовании киргиз. Местная переселенческая организация отводит под переселенческие участки киргизские усадебные места, зимовки, культурные поля, занятые садами, искусственными рощами, клевером и пашнями, которые орошаются искусственными канавами арыками, произведенными киргизами, реконстрируемыми ежегодно после спада весеннего половодья. Киргизы выселяются. Жалоба киргиз оставляются без удовлетворения... Современная практика местной переселенческой организации Переселенческого Управления не только неотчуждаемые усадьбы, культурные поля, но идет в разрез существующему закону... 800 тысячное киргизское население Семиреченской области приходит в отчаяние, не находя защиты своих законных, кровных интересов и вынуждено просить о наделении их землею в размере надела оседлого населения, хотя это грозит разорением кочевого хозяйства и грозящего нищетою 800 тысячному населению и номадному краю»[7], - деген абзал зиялының жазғаны оның халқына қызмет еткен азамат болғандығын айшықты айғақтайды. Жер тағдырына, ел тағдырына алаңдау – Барлыбектің халық мүддесін көздеу бағытындағы қызметінің бір саласы ғана. Барлыбек қазақтардың құқықтарын империядағы өзге ұлттармен теңестіру, елінің тәуелсіздігі, оқу-ағарту ісін бір сәт есінен шығармаған. Халықтың осындай көкейкесті мәселелерін шешу мақсатында табанды күрес жүргізген. Осы мақсатта бірқатар еңбектер жазған. Барлыбек өзінің еңбектерін жариялауда жансыздар мен тыңшыларды адастыру үшін «Алатау баласы», кейде «С.Б. Алашинский» деген бүркеншік есімдерді пайдаланған. Бұл жерде Алашинский дегенді алты Алаштың ұлы деген мағынада ұғынып, бабалар жолын ұстанған деп түсінген жөн.

1911 жылы Барлыбек Сыртановты науқасына қарамастан Жетісу облысының қазақ, қырғыз, сарт, ноғайлары патша өкіметінің жерді тартып алып жатқан саясатына өздерінің наразылықтарын білдіру үшін Санкт-Петербургке арнайы өтінішпен жіберді. Өзіне тапсырылған халықтың аманатын орындау мақсатымен ол патша өкіметі шенеуніктерінің есігін күзетумен болады. Оның сөзін кім тыңдасын. Ресейдің тоңмойын, халық, ұлт мүддесінен алшақ тұрған аппараты сөзіне құлақ аспайды. Міне, осындай сергелдең күй кешіп жүргенде Барлыбек Сыртанов сол кезде бүкіл мұсылман жұртшылығына кеңінен таныс Әлихан Бөкейхановпен кездеседі.[2]. Барлыбек Сыртанов тұңғыш рет 1911 жылы Әлихан Бөкейханның тапсырмасымен 1911 жылы «Қазақ елінің уставы» деген енбек жазған.






2.2 «Қазақ елінің Уставы»

Заң жобасы Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның тікелей тапсырмасымен 1911 жылы 13 маусымда жазылған.

Үш жүзге жуық алашордашы зиялы қауымның әлі де зерттелмей, тарихшылардың әлі де қаламы тереңдемей жатқан өкілінің бірі – Барлыбек Сыртанов. Десе де, құқықтанушылар үшін оның есімі беймәлім болуы мүмкін емес. Өйткені ол, Қазақ мемлекетінің алғашқы Ата Заңының авторы.

Дегенмен оның ойы мен қаламынан шыққан "Қазақ елінің уставы" ол кезеңде жүзеге асқан жоқ. Кеңестік тоталитарлық жүйеде бұл тіпті де мүмкін емес жағдай болатын, десе де, Қазақстан Республикасының Конституциясында және одан бастауын алатын өзге де заңдарда Сыртановтың идеялары ішінара көрініс тапқан.

Еліміздің тәуелсіздігі - ата-бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс.Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар қоса кірді. Ұлы байтақ жері бар, сабырлы да еркін халқы бар үлкен мемелкеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолы да ерекше болды. Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз белгімізді сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық, дастарханы, қолы жомарт халық дамып келе жатқан еркін елміз.
Менің Қазақстанымның тәуелсіздігі әлемдік саясатта өз бейнесін еркін танытқан тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тағдырымен, 1991 жылғы Тәуелсіздік алу жайлы Конституциялық заңмен байланысты басталды. Мемлекетте тәртіп орнаса ғана, республика экономикалық және рухани жағынан сөзсіз дамиды. 1993 жылы мемлекетіміз Ата заңын қабылдады. Ал, 1995 жылы 30 тамызда оған көптеген жаңартулар енгізгені белгілі. Негізінен біздің заң шығуларының тарихы тереңде. Менің баса айта кеткім келетіні, мектеп оқулықтарында кездесе бермейтін
«Қазақ елінің уставы» туралы. Устав 28 баптан тұрады. [5]


І. Қазақ елі республикасының жеке болуы турасында

1. Қазақ елі халық билейтін һәм қазақи ерекшелітері бар ел.

2. Қазақ елінің жеке туы бар. Ту жасыл, қызыл һәм сары көлденең жолақтардан жасалады. Басындағы бұрышта ай һәм жұлдыздың суреті бар. Жасыл түс-елдің исламға берілгендігінің белгісі, қызыл-ел қорғауда төгілген қан, сары-қазақтың кең даласы, еркіндіктің белгісі.

3. Бұдан былай Қазақ елі Россиямен достастық, яғни доминион дәрежесіндегі қарым-қатынаста болып тұрады.

4. Қазақ елінде ең басшы орыны- Ұлт мәжілісі. Оған дауыспен өткендер Қазақ елінің басшысы Президентті төрт жылға сайлайды.

5. Бір Президент екі реттен асып ел билеуге хұқы жоқ;

6. Президент Қазақ елін министрлер арқылы басқарады. Министрлерді Президент өзі таңдайды, бірақ Ұлт мәжілісі дауыспен шешеді.

7. Министрлер өздері басқарған жұмыстарымен Президенттің һәм Ұлт мәжілісінің алдында есеп беріп тұрады.

8. Қазақ елі президентінің орынбасары - Вице-президент. Ол президент жоқ болғанда орнын басады, бар кезде оның айтқанымен жұмыс істейді.

9. Қазақ жерінде билік жүргізу закон шығаратын, орындайтын һәм сот болып тұрады. Үш билік бір-біріне бағынбайды, бассыздыққа жол бермеудің белгісі болып тұрады.

 ІІ. Адам баласының хұқы туралы

 10. Қазақ елінде адам баласының бәрі тең хұқылы. Дініне, қанына, тегіне, нәсіліне қарап адамды қорлауға жол жоқ. Адам тек закон һәм құдай алдында жауап береді.

11. Қазақ елінде адам балалары бостандықта, теңдікте һәм бақытты өмір сүруге хұқы бар.

12. Қазақ елінде ер адам мен әйел теңді. Қазақи ерекшеліктер әйелдерді қорламайды, әйел келісімімен іске асады.

13. Қазақ елінде адам баласының еркін сөйлеуге, ұйым құруға һәм партияларға кіруіне тиым жоқ.

14. Нәсілдерді бір-біріне қарсы итеретін ұйымның, партияның, адам баласының істеріне тиым салынады. Кінәлілер законға жауапты.

15. Қазақ елінде соттың рұқсатынсыз адам баласы ұсталмайды, абақтыға қамалмайды. Ұсталғандарға сот 24 сағатта үкім беруі шарт, болмаса қамаудан босатылады. Законды бұзумен қамаған сот алдында сазайын тартады.

16. Қазақ елінде адам баласының хат-хабарын ашуға рұқсат жоқ. Рұқсат беру - соттың мойнында.

17. Адам баласының мүліктің барлық түріне ие болуға хұқы бар. Мүлікке ие болу, пайдалану һәм билеуден адам баласына зиян болмауы шарт. Мүлік хұқынан айыру законмен, құнын төлеу арқылы болады.

 ІІІ. Қазақ жері турасында

18. Қазақ жері оның меншігінде болады.

19. Қазақ елінің жері саудаға түспейді, құдай оны адам баласына пайдалану үшін жаратты.

20. Жердің кені, орман, суы, көлі һәм тауарлары қазақ елінің иесінде. Мал жаю, егін өсіру, жерді өңдеу һәм жерді пайдалы іс мақсатында қазынаға қайтару хүкмет рұқсатымен болады.

IV. Сот турасында

 21. Сот билігі өз еркімен іске асады.

22. Соттың хүкімі законға һәм сот ережелеріне жүгінеді.

23. Судьялар дау шешкенде үкіметке яки адам баласына бағынбай, закон һәм сот ережелеріне сүйеніп үкім шығарулары шарт. Субьяларға әсер жасағандарға соттың хүкімі кесіледі.

24. Қазақ еліндегі бар судьялар Ұлт мәжілісінде өмір бойы сайланады. Законды бұзған һәм орындамаған судьялар орындарынан алынады.

Ең таң қаларлығы, сонау 1911 жылы жазылған уставқа бүгінгі заңгер, құқықтанушылар да қайран қап, таңдай қағысады. Барлыбек Сыртанов уставтың кіріспе сөзінде «Қазақ елі көне ұлттардың бірі. Оның тарихының тамыры тереңге жайылған. Жеке ел болып өмір сүрді, елін, жерін, қорғады. Ұрпақ жалғастырудан 7 миллионға жетті. Санымен Россияда үшінші орында. «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» жылдарда қалмақтардың күшті һәм көп әскеріне ауызбірлік жоқтығынан қарсы тұра алмады. Бірақ Үш жүздің ақылды ұлдары бір байрақтың астына жиналуға уәде беріп, бас қосып, қалмақтарды күл-талқан жасады. Әбілхайыр хан асығыстық жасаумен Кіші жүздің қазақтарын Россияға бағынышты етті... Байғұс қазақтар өз жеріне ие болудан айрылды һәм айдалаға, құмға ығыстырылды... Өз алдына ел болуды көздеумен дүниеде өзін-өзі билеген нәсілдер сияқты жеке ел болу мақсатында һәм елді бақытты, теңдік, бостандық өміріне жеткізу үшін уставты кіргізеді» [2] деп жазады. Расымен де, уставтың екінші «Адам баласының хұқы турасында» аталатын бөлімі адам теңдігі мәселесін көтереді.

Адам тек Құдай мен «законның» алдында ғана жауап береді. Б. Сыртановтың ұсынысы бойынша, қазақ елінде ер мен әйел тең, ал қазақи ерекшеліктер әйелдерді қорламайды, әйел келісімімен іске асады. Сондай-ақ, «...қазақ елінде адам баласының еркін сөйлеуге, ұйым құруына һәм партияларға кіруіне тыйым жоқ». Б. Сыртановтың уставында біз араға сексен жыл салып келді деп жүрген демократияның негіздері жатыр. Мұның өзі әу баста Алаш қайраткерлерінің бүгінгі тәуелсіз, демократиялық қоғамды аңсағанын айшықтай түспек. Барлыбек Сыртановты «Қазақ елінің уставын» жазуға итермелеген күш – тарихта ат қалдыру, болмаса еріккен жанның ермек іздеуі емес еді. Оны қалай болғанда да қазақ елін Ресей отаршылдарынан азат, еркін, бостандық ел жасау арманы толғандырғаны ақиқат. Белгілі заңгер, марқұм Сәкен Өзбекұлының жинастырған мәліметтеріне қарағанда, қазақ елінің тұңғыш конституциясы 1911 жылдың 3-маусымынан басталады. «Барлыбек Сыртанов өте құпия түрде Әлихан Бөкейхановпен бірге ақылдаса отырып, Ресей астанасындағы бай кітапхананың қорын пайдалану барысында Конституция жобасын жазып бітірген деген тұжырым жасауға әбден негіз бар» деген пікір қалдырды ғалым. Тарихқа үңілсек, Барлыбек Сыртанов 1914 жылдың 26-қарашасында ұзаққа созылған өкпе ауруынан қайтыс болады. Демек, бұл алғашқы Ата Заң оның қан түкіріп, қатты науқастанып жүріп жазған еңбегі болып табылады. Әрине, еңбек оның қаламынан туған дүние болғанымен, қазақ даласына ортақ, Алаш зиялылары көксеген құжат болатын. Әттеңі сол, бұл заңға заман, халық және әлбетте билік дайын емес еді...

Барлыбектің студенттік досы, қоғам қайраткері Б.Қаратаев: «Меніңше, жалғыз сен ғана халықтың сеніміне ие болдың, жалғыз сен ғана «халық үшін еңбек еттім» деп айтуыңа хақың бар» [11] – деп, Барлыбектің ел үшін ұшаң-теңіз еңбек сіңіргенін көзі тірісінде-ақ мойындаған еді. Барлыбек дүниеден өткенде С.Ғиясов: «Кішіпейіл, өтшіл, сөйлескенде сөзін таза қазақ тілінде сөйлейтұғын, турашыл һәм діндар бір адам еді. Бұл жақтағы елдің шаһбазы десе де болады. Салынған топырағың жеңіл, иманын саламат, ғакбетін қайырлы қылып, артында бала-шағаларына көркем сабыр берсін» [11] – деп қазанама жазды.

1911 жылы азаттық үшін күрес жолында құрылған заң мен тәуелсіздік тізгінін тірек еткен кездегі құрылған заңның ұқсастықтары мен айырмашылығына мән берейік.

1.Президенттің ел басқаруы, өкілеттілігі, вице-министр, мәжіліс депутаттары туралы заң екі жаққа да ортақ, бірдей.

2. Адам баласының құқы туралы заң Сыртановтың еңбегінде мұсылмандық құқық нормаларына сәйкес құрылған. Ал Ата заңымыз көпұлтты мемлекетке арнайы бекітілген.

3. «Қазақ елінің жері саудаға түспейді». Алашорда кезіндегі түсінік қазір талан таражға түсті. Жеріміз өзге елге сатылуға сәл қалды. Қалың қазақ бірігіп, мараторий жарияланды. Қуанышымызға орай, жер шетелдіктерге сатылмайтын болды.

4.Жер салығы бұрыннан бар.

5.Сот билігіне қатысты қағидалар да бір-біріне ұқсас. Судьяның ешкімнің үгіт-насихатынсыз, заңға бағынып, әділ шешім шығаруы конституциямызда да көрсетілген.

1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданған Ата заңымыз 9 баптан 98 тараудан тұрады. Қастерлі құжат саналатын бұл заң жинаққа күні бүгінге дейін жүзден астам өзгертулер енгізілді. Президентке қатысты бөлімнің өзі 33 рет жаңарған.

25 жасында Қазақ елінің алғашқы заңын жазған Барлыбек Сыртанов 28 жасында құрт аурынан дүние салады. Тарих тарауына толқу енгізген «Сыртанов» атына бүгін де 108 жыл толды.


2.3 «Ынтымақ ережесі» және ел басқару мәселесі

Қазақ қоғамына дерт болып жабысқан осы мәселе Барлыбек Сыртановты да қатты ойландырады, жікке, партияларға бөлініп алған халықты қайта ынтымақтастырып, басын біріктіру мәселесіне жар құлағы жастыққа тимей, ерекше көңіл бөледі, түн ұйқысын төрт бөледі. Соның жемісті нәтижесі ретінде, ой толғанысы мен білімділігінің айғағы болып дүниеге "Ынтымақ ережесі" келеді. "Ынтымақ ережесі" бұрын-соңды ғылыми айналымға түскен емес. Оны 1960 жылы Барлыбек Сыртановтың туған баласы Әбдікәдір Барлыбекұлы Сыртанов Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров мұражайының қолжазбалар қорына табыс еткен екен. Барлыбек Сыртанов отставкаға шыққан соң, ел басқару ісімен тікелей шұғылданып, халықтың партияға, руға, жікке бөлінуінің тамырына балта

шабу мақсатында Бұқабай елі арасында 50 үйден тұратын қауымдастықта тәжірибе ретінде, ауыл ақсақалдарымен тікелей ақылдаса отырып, басқарудың жаңа "Ережесін" енгізеді. Бұл құжаттың басында "Бұқабай балаларының Ынтымақ ережесі". Барлыбек Сыртанов 50 үй арасында мынандай ұйым ашады" деген мәлімет бар. Талдықорған облысы Қапал ауданы тұрғындарының айтуына қарағанда, бұл "Ереже" "Бәкеңнің "Ынтымақ ережесі" деп аталып кеткен, небары 15 баптан тұрады, бірақ жазылған жылы белгісіз. Барлыбек Сыртанов жазып қалдырған бұл құжаттың мазмұнына ғылыми тұрғыдан талдау жасап қарасақ, ел басқару ісін дәстүрлік салт-санамен, әдеттік-құқық нормаларымен реттеуді негізге алған. "Ереженің" негізгі идеясы көшпелі қазақ қоғамында әлеуметтік практиканың сындарынан өтіп қалыптасқан, дала демократиясының гуманистік, қайырымдылық, қауымдастық, ынтымақтастық сияқты негіздері мен ислам дінінің талаптарына сай келетін ұғымдар болып табылады. Қорытынды сөзбен айтқанда, бұл реформаторлық мазмұнға ие болған құжат болып қабылданатыны даусыз.

Барлыбек Сыртановтың "Ынтымақ ережесінің" талаптары бойынша ел басқару ісі және олардың арасында болған дауларды шешу елді мекенде халық болып сайлаған беделді ақсақалға жүктеледі. Оның айтқан сөзі, жүргізген іс-әрекеті барлық қауым мүшелеріне міндетті болуы тиіс. "Ереженің" 13 бабында: "Өз арамызда дау болса, сайлаған ақсақал бітіріп

тұрсын'" - деп атап көрсетіледі. Егер дау бірнеше елді мекенді қоныстанған бірнеше елдердің арасында болған болса, "сайланған сегіз ақсақал бітіріп тұрады" - деп белгіленген. "Ережеде"Барлыбек Сыртанов бұл жерде дауларды шешуді қазақтың әдет-ғұрпы бойынша билерге жүктемейді, керісінше, ақсақалдар құзыры деп таниды. Мұның себебі, 1867-1868 жылдарда қазақ даласына енгізілген "Уақытша ережеден" кейін билердің сайлау арқылы "халық сотына" ие болу мәртебесінің нәтижесінде әділетсіздікке, парақорлыққа кеңінен жол ашылуының салдарынан беделін мүлдем түсіріп алғандығында болса керек. Себебі, халық сотын сайлау орыс ұлықтарының тікелей араласуымен болып, олардың ұсынысымен болатын іске айналған еді. Осыны байқаған Барлыбек Сыртанов дауларды шешу мен ел басқару ісін беделді, ел таныған, шешендікті меңгерген ақсақалдарға жүктейді. "Ынтымақ ережесінің" нормаларындағы негізгі талаптар - елдің ынтымақтастығын нығайту, бірлік идеясын уағыздау, ұлт санасына жағымсыз қимыл-әрекеттермен қауым болып күресу және қайырымдылық пен қамқорлық жасау. Барлыбек Сыртанов "Ережеде" екі мәдениеттің жемісін пайдалана білген. Біріншісі - ғасырлар қойнауынан тамырын тартқан көшпелі қазақ қоғамының гуманистік, қауымдық институттары болса, екіншісі - ислам дінінің кейбір талаптары. Осы екі ұғымды ол үйлестіре отырып, бір мағынаға енгізумен "Ынтымақ ережесі" деп атаған. Бұл ұғымның өзі қазақ халқының фольклорымен, тіпті, қазіргі күні де мемлекетіміз де өзінің көкейтестілігін жоймаған ынтымақтастық, тұрақтылық, қоғамдық келісімділік идеяларымен етене үндес екені аса көрегендіктің белгісі. Қазақ халқы көне заманнан бері: "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді", "Бөлінгенді бөрі жейді, жарылғанды жау жейді", "Бірлік болмай, тірлік болмас", "Игілік басы ынтымақ","Ырыс алды - ынтымақ", "Ынтымақ - бұзылмас қорған", "Ынтымақ қайда болса,ырыс сонда", "Ынтымақтың түбі - игілік, бірлік түбі - тірлік" және т.б. сөздер айтып, халықты ынтымаққа шақырып отырған. Бұл өсиеттер қазіргі заманда мемлекетіміздің Конституциясы мен Әнұранынан да өзінің шешімін тауып отыр. Орыс әкімшілігі қазақ қоғамын өз тарапынан тиімді басқару үшін және отарлық сая-сатты күшейту мақсатында империя құқық жүйесін енгізуді негізгі саясатының санатына жатқызды. Бұл мақсатты іс жүзіне асыру барысында Қазақстанда әр мағынадағы құқық жүйелері бір-бірімен сапырылысып, өкімет органдарына бассыздық пен заңсыздыққа кең көлемде жол берулеріне жағдайлар туғызды. Өлкеде қазақ халқының санасына мүлдем жат, беймәлім, қабылдауға әлі дайын емес құқықтық жүйені пайдалану әділ сотты чиновниктермен қалталылардың қолына шоғырландырды. Патша өкіметі өз тарапынан бірнеше рет қазақтың әдеттік-құқықтық нормаларын жүйеге келтіруге әрекеттер жасаған еді. Осы мақсатта қазақ қоғамының қатынастарын реттейтін әдеттік-құқық нормаларын жинауға бірнеше дүркінғылыми-зерттеу экспедициялары құрылды. Олар шын мәнінде қазақтың әдеттік – құқық жүйелерін жинап, зерттеуде осы күні де құндылығын жоймаған еңбектер қалдырды. Бірақ, бұл материалдар негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде үлкен роль атқарғанмен, соттардың құқық қолдану практикасында судьялардың орыс тілін білмеуіне байланысты пайдаланылған жоқ және орыс зерттеушілерінің бұл мақсатта жазған еңбектері кемшіліктерге толы болғаны да құпия емес.

Бірақ, қазақ қоғамының қоғамдық қатынастарын реттелген тәртіпке салу патша өкіметінің назарынан тыс қалған емес еді. Мән-жайларға қанық болған отарлық әкімшілік билердің төтенше съездерінің құзырына құқық нормаларын жасау құқы беріледі. Бұл съездер жылына бір немесе екі рет, ары кеткенде екі жылда бір рет шақырылып отырды және арнайы істерді қараумен, уезд сот практикасының қорытындысы бойынша Ереже қабылдады. Ережелерде құқық нормалары болғандықтан арнайы қылмыстық және азаматтық істерді қарауда уезд немесе бірнеше уезд аумағында қолданылып отырды. "Ынтымақ ережесінде" мұсылмандықтың бес парызын қазақ халқына міндеттеу бөліп бере беру, кедей жоқ болса, медресенікі" - деп талап қоя келе, "Ереженің" 9-шы бабында: "Бозбалалар, қарасақал, ақсақалдар намаз оқымаса, ораза ұстамаса, үшір бермесе, байзекет бермесе - айыпты болсын, айыбы шариғат қосқаннан басқа, әр жолға он сомнан айып көптікі»-деген норманы енгізеді. Барлыбек Сыртановтың бұл мағынадағы идеяларының мәні - қазақты қайткен күнде ислам дініне тарту, оның негізгі талаптарын халыққа міндеттеп, имандылыққа баулу. Себебі, қазақ өзін қанша мұсылман дегенімен көшпелі қазақ қоғамында, жаппай отырықшылықтың болмауына байланысты, ислам діні өз мағынасында халықтың санасына енген жоқ. Міне, осындай жағдайларға қарамастан Барлыбек Сыртанов намаз оқуды, ораза ұстауды,

пітір, садақа, зекет және үшір сияқты исламның міндетті қағидаларын қазақ халқына міндеттеуді аса қажет деп таниды. Көрсетілген нормада ол аталмыш парыздарды өтеуді дәулетті адамдардың басты борышы санаттарына жатқызады. Себебі бұл борыштар мұсылман баласын дүние қоңыздықтан, пайдақорлықтан, асып-тасып кету сияқты жаман әдеттерден сақтандырып, әл-ауқаты төмен, мүсәпір адамдардың материалдық жағдайларын жақсартуға үлкен себебін тигізеді. Ал, ораза ұстауды халыққа міндеттеу Барлыбек Сыртановтың ойынша, адамды ұстамдылыққа, құдайға құлшылық етуге үйрету және дәулетті адамдардың кедей, ішуге тамақтары жоқ мүсәпірлердің аштықты қалай басынан кешіретінін сезініп, мейірімділігін, жаны ашуын күшейту болып табылады. Егер адамдар намаз оқымаса, ораза тұтпаса, үшір, зекет бермесе Барлыбек Сыртанов "Ережеде" шариғат жолымен жазаланып, үстіне қоса 10 сом айып салуды бекіткенін байқадық. Бұл жерде ол, мысалы, оразаны бұзғаны үшін қолданылатын кәффәрат жазасын айтып отыр. Кәффәрат бойынша бір құл азат етіледі, оған шамасы жетпесе рамазан айы аяқталған соң 60 күн қатарынан ораза ұстайды. Денсаулығына байланысты оған шамасы келмесе, 60 адамды тойындыруы тиіс. Ал, ақша мөлшерінде айып салу шариғатта мүлдем көрсетілмеген, оны енгізген Барлыбек Сыртанов. Ондағы мақсаты дін талаптарын орындамаған, орындауға мүлдем ынтасы жоқ қазақтарды экономикалық санкция, тетіктер қолдану арқылы ізгі ниеттілікке, қайырымдылыққа шақыру. Байқап қарасақ, Барлыбек Сыртановтың "Ынтымақ ережесінде" зиялылық мүлдем байқалмайды. Ол діннің талаптарын бәріне міндетті деп санайды, яғни ол құрған қоғамда дінмемлекеттен, мешіт мектептен бөлінбеген. Бұл идеяның пайдалы және зиянды жақтары бар екені анық. Дінді ұстау әркімнің жеке ісі болуы шарт. Ал, діннің халықты тәрбиелеуде, қайырымдылыққа баулуда, аяушылыққа шақыруда рөлінің шексіз мүмкіндіктері бар екені ешқандай дау тудырмаса керек. "Ынтымақ ережесінде" Барлыбек Сыртанов қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, қауымдық, гуманистік сипаттарға ие болған әдеттік құқықтың "ағайыншылық", "жұртшылық", "асар", "қонақ жайлылық", "қызыл көтеру", "жылу" сияқты көптеген институттарын жаңа мағынада, қазақ қоғамының XX ғасыр басындағы даму үрдісіне үндес сипатта жаңаруымен қолданады[10]. Талдау жасап қарасақ, Барлыбек Сыртанов қазақ қоғамының этнопсихогиялық және қауымдық демократияның, көшпелі өмірдің өз заңдылығы дүниеге келтірген феноменальдық құбылысты қайткен күнде сақтап қалуды мақсат етеді. Қазақ халқының "жылу" институты Барлыбек Сыртанов енгізген «Ынтымақ ережесінде» былайша нормативтік сипатқа ие болады: "Біреу ақы мал тартып қалса, көбіміз төлейік, бай-кедей демей". Немесе 2-ші бапта: "Малы кемірек, біреудің мініп жүрген аты, сауып жүрген сиыры өліп қалса, кідірмей, көбіміз сол малды белдеуіне байлап бермек болдық"."Ынтымақ ережесі" талаптарының сапынан 5-ші бап ерекше көзге түседі. Бұл норма қазіргі нарықтық қатынастар қалыптасып келе жатқан қазақ халқына терең ой салып, әлсіздер мен мүсәпірлер, кедейлер мен тамақ тауып іше алмайтын

дәрменсіз қарттар және аурулары асқындаған адамдардың дәрігерлерге қаралуға қаражаттары тапшы болғандарға қайырымдылық пен қамқорлықтың негізінде көмек көрсетуді міндеттейді: "Ғұмырынша жазылмайтұғын біреуде ауру болса, көбіміз дәрігерге қаратайық, шығыны көп те болсын, байболсын, бай-кедей демей"-деп көрсетіледі Барлыбек Сыртановтың "Ынтымақ ережесінде". Нағыз гуманизм деп осыны айтуға болады.Қазақ халқы ежелден егіншілікпен жақсы айналысқан халық. Соған байланысты егін,пішенді ору қазақ халқына жауапты, қыс азығын дайындаудағы ең басты міндеттердің бірі болған. Тез арада шашпай-төкпей жинап алу асқан ұйымдастырушылықты, жауапкершіліктіталап ететіні айқын. Қашанда бірлігі жоқ, жалқаулыққа бейім, іс бастауда енжарлық танытатын қазақ халқын Барлыбек Сыртанов "Ынтымақ ережесінде" науқан кезінде бір нормаға бағындыруды жөн көреді, ал орындамағандарға айып тағайындайды. 12-ші бап осы мәселені былайша бекітеді: "Шаруа жайынан егін уақытында, пішен уақытында үй басы бір кісіден жұмысшы, аз болса екі үйден бір кісі шығарып, менікі-сенікі демей, егін, шөпті сол кісілербітіріп тұрады. Кісі жоқ болса, ақшаға кісі жалдап береді. Кімде-кім үйде отырып, бармаймын десе, бір қойын жұмысшылар ұстап сойсын, бармаған сайын". Осы санада қалыптасқан қазақты еңбекке тартудың бір шарасы жоғарыдағы нормада көрсетілген қойын алу арқылы экономикалық санкциямен еңбекке тарту, қауымалдындағы жауапкершілігін мойындату болып табылады. Жоғарыда көрсетілген мәселелерден басқа Барлыбек Сыртановтың "Ынтымақ ережесінде" қазақ қоғамында кең етек жайған "жесір дауы", көп әйел алушылық және қалың малберуден туындайтын жеке мәселенің бірі - әйелі өлген еркекті орнықтыру, оның жаңа неке құруы. XX ғасырдың басында бұл мәселе қазақ зиялыларын қатты толғандырған еді. Әсіресе, қалың малды төлей алмай, үйленуге әлеуметтік жағынан мүмкіншілігі жоқ қазақ жігіттерінің саны көбейе түсіп, демографиялық ахуалға диспропорциялық, орны толмас жағымсыз құбылыс тудырғаны анық байқалады. Осы мәселеге ерекше көңіл бөлген және оны жеке мәселеетіп баспасөзде көтерген Барлыбек Сыртановтың пікірлесі және серігі Жанша Сейдалин болды. Ол "Айқап" журналында былай деп жазды: "Қазақ жұртында екі түрлі жаман әдет бар. Түптен ойлап қарасақ, сол екі әдет қазақ халқында жаман. Олардан құтылмай қазақ жұрты оңбайды. Егерде қазақ жұрты сол екі әдеттен құтылмаса, бұл екі әдеттің бірі - ұрлық, бірі - жесір дауы, қызын сатып мал алу. Ұрының оқыған намазы қабыл бола ма? Қызын сатып, тамағын тойдырған отағасының ішкен-жегені адал болар ма? Ойлап қараңыздаршы!.."Жесір дауы" әйел адамды адам есебінен шығарып, мал есебіне аударып жіберді. Қалыңмалды төлеп болса да, қазақ жұртының 30-40 жасқа келген сақа жігіттері үйірі жоқ айғырдай азынап жүр. Жұртта жесірін ала алмаған бозбала бойдақ көбейіп барады. Қазақтың тұқымы құрып бара жатыр: ойнастық қылып, мерез ауруы жұрттың сүйегіне сіңіп, жайылып бара жатыр".Ұлттың шекесіне қатты батқан осы мәселені Барлыбек Сыртанов ескере отырып, "Ынтымақ ережесінің" 4-ші бабында: "Біреудің қатыны өліп қалса, көбіміз қатын алып береміз, бай-кедей демей"

- деп, қазақ халқына қалың малдан құтылудың жолын көрсеткендейболады. Қазір де ағайын, туысқан болып келін түсіргенде барлық қиындықтарды көтеріп алусол дәстүрдің жалғасы болса керек. Барлыбек Сыртанов "Ынтымақ ережесінде" ел арасында кездесетін ұрлық, теріс, жағымсыз қылықтарға қолданылатын шараларды да белгілейді. Оның бірнеше нормалары осы мәселеге арналған. "Жастар үлкенге тілі тисе ат-шапан айып, қолы тисе екі ай кінәлі кісі қолы тиген кісінің үйіне отын-суын алып берсін" - деп белгіленеді. Бұл бапта Барлыбек Сыртанов Тәуке ханның "Жеті жарғысына" мүлдем беймәлім жазаның түрін енгізіп отыр. Атап айтқанда, "Жеті жарғы" заңы әке-шешесіне, үлкен бауырларына, жалпы жасы үлкен кісілерге қол жұмсаған немесе тіл тигізгендерге негізінде ар жазасын қолданған. Бұл жаза масқаралау және елден қуу болып екіге бөлінген. Масқаралаудың негізгі мақсаты - құқық бұзушылықістеген адамды ел арасында ұялту. "Масқаралау жазасына кесілген адамның мойнына құрымкиіз, бетіне қара күйе жағады да, оны сиырға немесе есекке теріс отырғызып, бүкіл ауылдыайналдырады. Оны бүкіл ел, бала-шаға мазақ етеді. Ұялған адам екінші рет теріс қылық жасауға бармайтындығын айтып, бүкіл халық алдында уәдесін береді. Қазақ қоғамында масқаралау жазасын негізінде ата-анасына, жасы үлкен қарияларға тіл тигізген немесе қол жұмсаған адамдарға қолданған".Барлыбек Сыртанов ата салтпен бірге келе жатқан масқаралау жазасының жаңа заманда, XX ғасырдың басында үлкен өзгерістер болып жатқан қазақ қоғамында тиімді нәтиже бермейтінін аңғарғандай. Себебі, қоғамдық қатынастардың сапалы өзгеріске ұшырауына байланысты адамның санасы да дәстүрлік масқаралау жазасын басқаша қабылдауға бейімделіп үлгерді, сондықтан оны қолдану тиімсіз болды. Осы мәселелерді жақсы аңғарған Барлыбек Сыртанов екі ай мерзімінде айыпты адамды қол жұмсаған кісінің үйінде еріксіз жұмысқа салуды өте тиімді жаза деп түсінеді. "Жеті жарғы" заңында ер-тұрман ұрлағаны үшін арнайы бап бекітілмеген. Бұл әрекетжалпы ұрлық ұғымымен қамтылып, адамдардың ұрланған мүліктерінің құнынан 27 есеартық өндіріліп отырған. Барлыбек Сыртанов Ереженің 11-ші бабында: "Баласы айыл-тұрманұрласа, әкесі көпке ат-шапан айып береді, ұрланған нәрседен басқа" деген талапты бекітеді. Бұл нормада түсініксіз қалған бір мәселе: ересектердің айыл-тұрман ұрлағаны үшін тартатын жазасы айқындалмаған, тек баласымен ғана шектеледі.

Барлыбек Сыртанов өз ұлтының патриоты ретінде қазақ қоғамында біртіндеп көрінісбере бастаған жағымсыз, салт-санаға мүлдем жат көріністерге, атап айтқанда, маскүнемдік, құмар ойындар, ойнас жасау, т.б. әрекеттеріне дер кезінде баға беріп, алдын орамаса, болашақта ұлтты қандай жағдайға душар ететінін болжай білді. Сондықтан да "Ынтымақ ережесінде" ол аталмыш әрекеттерден қазақ жұртын сақтандыруды көздейді. 14-ші бапта "Карта, басқа құмар ойнамасқа", -дей келе, Ереженің 10-шы бабында: "Ұрлық, өтірік, боқтау, ойнас тіпті болмасын, болса абақтыдан басқа, көпке ат-шапан болсын" - деп қорытындылайды өз ойларын. Бұл жерде Барлыбек Сыртанов осы жасалған әрекеттерге ат-шапаннан басқа абақтыға,яғни

түрмеге жабуды талап етеді. Бірақ түрмеде отыру мерзімі көрсетілмеген және бұл шараны қолдану соттың емес, ақсақалдардың шешуімен болатындығын ескерсек, соттың үкімінсіз абақтыға жабу қандай тетіктермен іс жүзіне асырылатыны да мүлдем түсініксіз қалғанын аңғарамыз.[12]

ІІІ. Қорытынды Барлыбек Сыртанов елі үшін етінен ет кесіп беруге даяр шаһбаз, алты Алаштың жүгін арқалаған қаранар азамат. Исі қазақтың қамын жеген жәуан мәрттігі бір басқа, алдағы жүз жылдықты нақ аңғарып, сол үшін елеулі еңбектер жазып қалдыруы – сөз жоқ Барлыбек Сыртановтың елден асқан данышпан һәм көреген болғанын әйгілейді.  Міне, Барлыбек Сыртановтың ұшқыр ой, даналық көзқарасымен жазылған аталған еңбектері Қазақстанның XX ғасыр басында құқықтық ой-пікірде ерекше орыналатыны күмән тудырмаса керек. Сол бір қиын-қыстау кезеңде жергілікті басқару ісіне қарлығаш қанатымен су тамызғандай реформаторлық жаңалық енгізіп, қайтсек басқару ісін жақсартамыз деген сауалға өз тарапынан жауап беруі бағалауға тұрарлық іс. Баспасөз беттеріне жергілікті басқаруды жақсарту туралы қазақ зиялылары тек мәселе ғана көтерді, идеялар ұсынды, ал Барлыбек Сыртанов өз тарапынан қазақ мемлекеттілігінің құрылу идеясын іске асырудың үлгісін танытты. Бостандық жолындағы сан ғасырлық ұлт-азаттық қозғалыстың бір әрекетін Ресей астанасының қақ төрінде ерен ер тұлғаларымыз «Жерлестер» ұйымының аясында көрсетті.

Тіпті, қазірде тәуелсіздікке қолымыз жеткен Қазақстанда соңғы кездерде ауылдарда ақсақалдар кеңесін құрып, билер сотын жандандырып, олардың құзырына ауыл мәселесін, болған дауларды шешу хақында жиі-жиі айтылып жүр. Бұл идеяларды іс жүзіне нақтылы асыратын болсақ, Барлыбек Сыртанов ойлары ескерілетіні және пайдаланатыны дау тудырмаса керек. Аяулы азамат әртүрлі күрмеуі қиын күрделі мәселелердің шешімін табуға мұрындық болып, ұлт мүддесінде еңбек еткен.

Негізі, сол Алаш газетін, Алашорданы құрған адамдар өте білімді, діндәр әрі ақылды, жанашыр, халық қамын жейтін адамдар болғанына еш күмән жоқ. Болашақтың жастарына осындай ағалардан үлгі алу керек сияқты. Қазақ деп өзіміздің жанашырларымызды білмесек, болашаққа бос көзбен қараудың қажеті жоқ деп өз басым ойлаймын. 



Жалпы ұрпаққа ұлықтау мақсатында мына төмендегідей игі істер атқарылса:

1.Барлыбек Сыртанов туралы Маңғыстау зиялыларының әдебиетші, сыншы, тарихшылардың қатысуымен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, бәйге жарияланып, кітап шығарылса.

2.Сәкен Өзбекұлының көпшілік қауымға арналған Барлыбек Сыртанов кітабы тың деректермен толықтырылып, көп тиражда басылып шықса.

3.Барлыбек Сыртановтың мұражайы ашылып, бюсті орнатылса.

4.Қандай да бір заң колледжі немесе ЖОО Барлыбек Сыртанов атымен аталса.

Осы ұсыныстарды іске асырсақ бүгінгі және келер ұрпақ алдындағы, аға ұрпақ парыздары біраз өтелер еді.



















Пайдаланылған әдебиеттер

1.Мұқанов С. Халық мұрасы. Алматы, 1994, 31 б.

2.С.Өзбекұлы Барлыбек Сыртанов Алматы 1996 16 бет

3. Қазақ газеті. Алматы, 1995.

4.ҚР ОМА,64 –қор,1 том 2911-іс 4 бет

5.Сәкен Өзбекұлы Алматы 1996 26 бет

6.Сыртанов Барлыбек Қазақстан елінің Уставы.Барлыбек Сыртанов мұрағаты 1-том 34-35 бб

7. Федеров Е.Очерки нациольно-освободительного движания в Средней Азии-Ташкент 1925-25 бет.

8.Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. Том-2. Алматы, 1999. 76-б.). 
9.Қазақ тарихы журналы, 1999, № 4-5

10.Қ.Атабаев. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 189 б.

11.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін бес томдық. Т.3 б. 698

12.Қазақ тарихы журналы 1994ж , №4 ,22 б.

13. « Аңыз адам» журналы №20 2011ж.

















Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

«№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің

10-сынып оқушысы Мейрам Гауһардың

«Алты алаштың жүгін арқалаған қаранар азамат» тақырыбындағы ғылыми жобасына

Пікір

Жас ізденуші ғылыми жобасында Барлыбек Сыртановтың еңбегіндегі Қазақ елінің уставымен жеке таныса отырып, – "Қазақ елінің уставы" мен "Ынтымақ ережесінің" авторы екендігін дәлелдеген. Қазақ ұлтының мүддесі жолында қызмет етіп, қазақтың дербестікке қол жеткізуіне қызмет еткен, қолынан келгенше қазаққа жақсылық жасап, әртүрлі ұлтқа пайдалы әрекеттер жасаған, өз еліне қызмет еткен азамат Барлыбек Сыртановтың "Қазақ елінің уставы" мен "Ынтымақ ережесінің" ең алғашқы Конституциясы тарихи маңызға ие деп бағалаймын.

Шығармашылық жұмысын зерттеу барысында шығармашылық қабілеттері дамып, логикалық ойлауы, ой-өрісі кеңейді.

Қазақ еліндегі адамдар тең құқылы екендігін, гуманистік идеяларға құрылған бұл құқықтық нормалар жобасы – ХХ ғасыр басындағы алғашқы отандық конституцияның жобалық үлгісі болып саналатынын көрсеткен.

Жоба авторы Гауһардың Барлыбек Сыртановтың «Қазақ елінің уставы» мен «Ынтымақ ережесімен» сол кезеңдегі дәстүрін заманға сай жаңғыртуды мақсат еткенін аңғаруға болады. Оқушының жұмысы талапқа сай орындалған, ғылыми жетекші ретінде жоба өз жас ерекшелігіне сай «жақсы» дайындалған.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Тарих

және қоғамдық пәндер факултетінің «Тарих»

кафедрасының меңгерушісі


кандидат исторических наук, доцент











Shape1



Shape2






Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

«№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің

10-сынып оқушысы Мейрам Гауһардың

«Алты алаштың жүгін арқалаған қаранар азамат» тақырыбындағы ғылыми жобасына

Пікір

Зерттеу жұмысының барысында жас зерттеуші Мейрам Гауһар Барлыбек Сыртановтың еңбегіндегі Қазақ елінің уставымен жеке таныса отырып, – "Қазақ елінің уставы" мен "Ынтымақ ережесінің" авторы екендігін дәлелдеген. Алаш идеясы жолында қызмет етіп, қазақ елінің дербестікке қол жеткізуі жолында барын салған азаматтардың Алаш партиясы құрылмастан бұрын да оның негізін салып, идеялық тұрғыдан қалыптасуына атсалысқанын да қаперден тыс қалдырумауға тырысқан.

Жас зерттеушінің дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындығын көрсетті. Зерттеу барысында түрлі материалдарды қолданды. Елге танылған апа-ағалармен, журналист, мәдениет саласындағы мамандармен кездесіп, сұқбат алды. Ауыл тұрғындарымен байланыс жасады.

Мейрам Гаухар ізденімпаздық жолында өз пікірін дәлелдеп, жоғары дәрежеде жұмысын таныстырады деп сенемін.







Жетекшісі: А.С. Ермекбаева











11


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2025
194
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі