Тақырып: Алтын адам туралы
аңыз
|
Мектеп «Ұрбұлақ»
жалпы орта мектебі
|
Күні: 09.03.2017ж
|
Мұғалімнің
аты-жөні: Б. Асилова
|
Сынып 1
«Ә»
|
Қатысқандар
саны:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақты
меңгеруге көмектесетін оқу
мақсаттары:
|
1.3.1.2 көне
заманның танымал тарихи ескерткіштері ,жәдігерлері туралы
әңгімелеу
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Оқушылардың
барлығы орындай алады:
|
Алтын адам туралы
аңызбен танысады
|
Оқушылардың
көпшілігі орындай алады:
|
сұрақ қоюды, тарихи
оқиғалар туралы үзінді айтуды
үйренеді
|
Кейбір оқушылар орындай
алады:
бұрынғы заман мен болашақ
арасындағы айырмашылықты
түсінеді
|
Ойлау
дағдыларының деңгейлері
|
Білу,
түсіну
|
Бағалау
критерийлері
Дескриптор
|
-Көне заман ескерткіштері
туралы әңгімелейді.
Тарихи ескерткіштерді
сипаттайды.
-көне бұйымдарды атайды,
сипаттайды.
-сұрақтарға жауап
береді.
- Алтын адам туралы
әңгімелейді.
|
Тілдік
мақсат
|
Оқушылар:
Алтын адам туралы
аңызды біледі.
|
Негізгі сөздер мен
тіркестер:
Аңыз,
монета
аңыз – легенда –
legend;
батыр – батыр –
batyr.
|
Сыныптағы диалог/ жазылым
үшін
Алтын адамды бояу.
Сөздерді оқу. Оларды Алтын адамның суретін тауып, араларын сызықпен
қосу. Өз монетаңды ойлап тап және суретін
салу.
|
Талқылауға арналған
сұрақтар:
Көне заманның қандай
ескерткіштерін білесіңдер?
Ол заттарды не үшін
қолданды деп ойлайсың?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар
:
Дәптермен
жұмыс
|
|
Неге екенін айта аласыңдар
ма?
Өз монетаңа не
бейнелер едің айта аласың
ба?
|
Алдыңғы
тақырып
|
Көне
жазбалар
|
Жоспар
|
|
Уақыт
аясы
|
Жоспарланған
іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
0-3
минут
4-6
|
-
Ұйымдастыру
кезеңі
-
(Ұ) Сыныпта ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастыру
Алтын нұрдай
тамшылап,
Жапырақтар
төгілді.
Біздің өмір таң
шуақ,
Біздің өмір
көңілді.
3. Суреттер арқылы
топқа бірігеді.
|
Суреттер
|
Сабақтың
ортасы
7-40
мин
|
-
Жаңа сабақ Алтын адам туралы
бейнеролик )
Алтын адам туралы
аңыз. Ерте заманда
қазақтың ұлан байтақ даласында бір
тайпа мекендепті. Бұл тайпаның балалары бір-біріне ұқсас болған
және бір тілде сөйлеген екен. Халқы күшті әрі бай болған. Қасқалдақ
батырдың отбасында 9 ұл болыпты. Күндердің күнінде оныншы ұл
дүниеге келіпті. Оның ұзын алтын бұрымы болған дейді. Сондықтан оны
Алтын Айдар деп атаған екен. Оны барлығы еркелеткеніне қарамастан
Алтын Айдар қыңыр болмапты. Кішкентай кезінен бастап ол атпен
шабуға құмар болып, бәйгеде әрқашан бірінші келеді
екен.
Күндердің күнінде
тайпаға шығыстан қаһарлы жау келе жатқаны туралы жаман хабар
келеді. Халық жиналып, жауға қарсы шығуға шешім қабылдайды. Батыр
Қасқалдақ бас қолбасшы болады. Атты әскерлер темір сауыт киіп,
болаттан жасалған өткір семсер мен қылыш тағынады. Бәрінен де Алтын
Айдар жақсы жасақталады. Жас батыр алтын сауыт-сайман тағынады,
басына дулыға киіп, кеудесі мен арқасын алтын кіреукемен жапты,
беліне алтын белдік тағынды. Аяғына ұшы үшкір, алтын өрнекпен
өрнектелген қонышы биік етік киді. Ол өз әскерімен жауға қарсы
шапқанда, алтын киімі ұшқын шашады екен. Оның пайда болғанының өзі
жауға үрей туғызады. Жау Қасқалдақ әскерін жеңе алмады. Үш күндей
айқасқан соң екі жақ та бітімге келеді. Бірақ жау Алтын Айдарды
қулықпен жойып жібергісі келеді. Жау оғы да, басқаның семсері де
Алтын Айдарды жеңе алмады. 18 жасында ол қатты науқастанып, қайтыс
болады. Оны сол үстіндегі алтын киімімен жерлеген екен. Қабірінің
жанына «Сен бізден болашаққа ерте кетіп қалдың.....» деген жазуы
бар күміс ыдыс қойылған.
1969 жылы Алматыға жақын Есік
қорғанында археологтар «Алтын адамды» тапты. Ол жерде көмілген
адамның шамамен алғандағы жасы 18 жас. Қабірінде киімдерге, аяқ
киімге және бас киімге тігілген, алтыннан жасалған төрт мыңнан
астам әшекей бұйымдар, сонымен қатар алтын балдақ сақиналар,
мүсіншелер, қалайы және алтын қару-жарақ, әртүрлі ыдыстар табылды.
Жазуы бар күміс ыдыс тар біздің ата-бабамызда жазу өте ертеде пайда
болғанын дәлелдейді.
-
Дәптермен
жұмыс
Алтын адамды бояу. Сөздерді
оқу. Оларды Алтын адамның суретін тауып, араларын сызықпен қосу. Өз
монетаңды ойлап тап және суретін
салу.
семсер
сауыт
дулыға
-
Сергіту сәтін
жүргізу.
Көбелек тұрып
ертемен
Күлімсіреп
керілді.
Бір шықпен бетін
жуды,
Екі шыр айналып
бұрылды.
Үш дегенде жерге
жетті,
Төрт дегенде ұшып
кетті.
|
Оқулық
Жұмыс
дәптері
|
Сабақтың
соңы
41-45
мин
|
«Адасқан
әріптер»
Е,м,с,е,р,с
А,у,т,ы,с
У,л,ы,
ғ,а,д
Е,л,б,у,е,б
Т,к,е,і
|
|
Қосымша
ақпарат
Аңыз деген не? «Аңыз» сөзі бізге латын тілінен
енген. Бұл халық ауыз шығармасы түрлерінің бірі.
Бірақ ертегілерден ерекшелігі шынайы өмірді суреттейді. Жазу әлі
болмаған кезде аңыз ауыздан ауызға беріліп отырған. Тиындардағы
барлық жазбалар да аңыздар деп
аталады.
|
Саралау – сіз қалай көбірек
қолдау көрсетуді
жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары
балалардың алдына қандай міндет қоюды
көздейсіз
|
Бағалау –
балалардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді
жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық
байланыс
Денсаулық пен қауіпсіздікті
тексеру
АТК -мен
байланыс
Құндылықтармен
байланыс
|
Батырлық, ерлік
туралы мақал-мәтелдер айтуды
тапсыру
|
–– Теңгелер туралы ғылым қалай
аталады?
–– Алтын Айдар қандай болып
өсті?
-–– Археологтар
Алтын адамды қай жерден
тапты?
|
Математика
Өз елін, жерін сүюге
тәрбиелеу
|
Рефлексия
Сабақ мақсаты/ оқыту
мақсаты шынайы болды ма?
Бүгін оқушылар не
үйренді?
Сабақтағы ахуал қалай
болды?
Менің жұмысқа деген саралау
тәсілім тиімді болды ма?
Кесте бойынша жұмыс жүргізе
алдым ба?
Мен жоспарыма
қандай өзгеріс енгізгім келеді?
неге?
|
|
Жалпы
баға
-
Қандай екі нәрсе табысты болды
( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты
жақсарта алды ( оқытуды да, оқуды да
ескеріңіз)
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып
немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге
көмектесетінін не білдім?
|