Қазақстан Республикасы Білім министрлігі
С.Көбеев атындағы №56 жалпы орта білім беретін мектебі
Баяндама
Тақырыбы: «Орталық Қазақстандағы Әлкей Марғұланның ғылыми экспедициялары мен жаңалықтары»
Авторы:
Бастауыш сынып мұғалімі: Корчиева М.Р.
Конференция:
«Ә. Марғұланның мұрасы мен археологиясы»
14.05.2025
Шымкент, 2025 жыл
Кіріспе
Әлкей Хақанұлы Марғұлан – қазақ халқының тарихи мен мәдениетін зерттеуге зор үлес қосқан аса көрнекті ғалым. Ол 1904 жылы 11 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Бала күнінен ғалымға құштар болып өскен Әлкей Марғұлан кейннен Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында жоғары білім алып, шығыстану, тарих, археология, әдебиет және этнография салаларын терең меңгерді.
Ол – Қазақстанда археология ғылымының негізін қалаған тұңғыш ғалым. Әлкей Марғұлан тек археолог қана емес, сонымен қатар әдебиеттанушы, тарихшы, өнертанушы, фольклортанушы ретінде танымал. Оның ғылыми ізденістер қазақ халқының ежелгі тарихын, мәдениетін, тұрмыс-салтын, жан – жақты танып – білуге мүмкіндік берді.
1946 жылдан бастап ол Орталық Қазақстан аумағында археологиялық экпедицияларды басқарып, Жезқазған, Ұлытау өңірллеріндегі көптеген көне қоңыстар мен қорғандарды зерттеді. Соның нәтижесінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті ғылымға енгізілді. Бұл мәдениет қазақ жерінде қола дәуірінде өркениет болғанын дәлелдейтін маңызды тарихи дерекке айналды.
Сонымен қатар, Әлкей Марғұлан қазақтың эпостық жырларын, аңыз-ертегілерін зерттеп, оларды ғылыми тұрғыда тұрғыда талдаған. Ол Шоқан Уәлихановтың еңбектерін терең зерделеп, оның мұрасын насихаттауға үлкен еңбек сіңірген.
Әлкей Марғұлан 1985 жылы дүниеден озды. Бүгінде оның есімі еліміздегі көптеген мектептерге, көшелерге, ғылыми мекемелерге берілген. Оның артында қалған ғылыми мұрасы – ұлттың рухани қазынасы. Ол – болашақ ұрпаққа үлгі боларлық, шынайы ғалым, халық жанашыры.
Бұл баяндаманың мақсаты – Орталық Қазақстандағы Әлкей Марғұланның ғылыми экспедициялары мен ашқан жаңалықтарының мәнін ашу, ғалымның археология ғылымына қосқан үлесін көрсету және оның мұрасының бүгінгі ғылымдағы әрі жас ұрпақ тәрбиесіндегі орнын анықтау.
І Экспедициялардың басталуы
1.1 1946 жылғы алғашқы экспедиция
1946 жылы Әлкей Марғұлан өзінің алғашқы археологиялық экспедициясын Орталық Қазақстанда ұйымдастырды. Бұл экспедицияның басты мақсаты – қазақ халқының тарихын, мәдениетін және археологиялық мұрасын зерттеу болды. Марғұлан мен оның ғылыми тобы Қазақстанның шөл және далалық аймақтарына бағыт алып, жергілікті археологиялық ескерткіштерді зерттеуге кірісті.
Әлкей Марғұланның ғылыми қызметі, әсіресе Қазақстанның орталық бөлігіндегі археологиялық қазба жұмыстары, қазақ тарихы мен мәдениетән тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. 1946 жылғы экспедиция кезінде Қазақстанның Орталық аймағындағы көптеген ежелгі ескерткіштер, қоныстар мен қорымдар анықталды. Бұл археологиялық жұмыстардың нәтижесінде халқымыздың ерте кезеңдердегі өмірі, дәстүрлері, қоғамдық құралымы туралы көптеген жаңа деректер алынған болатын.
Экспедицияға қатысқан ғалымдар археологиялық қазбалар жүргізіп, әртүрлі дәуірлерге жататн жәдігерлергді тапты. Бұл тұста Марғұланның әдістемелік көзқарасы ерекше болды, өйткені ол зерттеу барысында ғылыми әдістер мен дәлдікті басты назарда ұстады. Сонымен қатар, ғалым сол уақыттағы археологиялық зерттеу жұмыстарының жаңышылдықпен жүргізілуі керектігін де түсінді, ал бұл кейінгі зерттеулерге үлгі болды.
1.2 Экспедицияның мақсаты мен ұйымдастырылуы
Әлкей Марғұланның 1946 жылғы экспедициясының мақсаты – Қазақстанның орталық аймағында орналасқан ежелгі мәдениет ескерткіштерін зерттеу, сондай-ақ көне дәуірдегі қоңыс орындарын, зираттар мен қорымдарды анықтау болды. Ол кезде қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен тарихын зерттеу көп жағдайда тек жазба деректерге ғана сүйеніп жүргізілген болатын, сондықтан археологиялық қазбалар бұл ақпаратты толықтыруда ерекше рөл атқарды. Экспедиция барысында тарихшылар мен археологтар ежелгі дәуірлердің қалдықтарын іздеп, олардың мәдениеті мен тұрмысын зерттеу мақсатын қойды.
Марғұлан бұл экспедицияны ұйымдастыруда өзінің ғылыми білімі мен ұйымдастырушылық қабілетін қолданды. Ол Қазақстанның әртүрлі аймақтарын ан ғалымдар мен зерттеушілерді жинап, арнайы топтар құрды. Әр топ өзіне жүктелген міндетті атқару үшін қажетті құрал-жабдықтармен және зерттеу әдістермен қамтамасыз етілді. Экспедицияның ұймдастырылуы өте мұқият әрі ғылыми тұрғыдан жан-жақта болды. Бұл іс-шараға қатысушылардың арасында археологтар, тарихшылар, этнографтар және басқа да мамандар болды.
Экспедиция барсында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде көптеген көне мәдениет ескерткіштері ашылып, оларды зерттеуі жұмыстары кейінгі археологиялық зерттеулерге негіз болды. Бұл экспедиция Қазақстанның Орталық аймағындағы ежелгі мәдениет туралы көптеген жаңа мәлеметтер алуға мүмкіндік берді. Әсіресе, көне қоңыстар мен жерлеу орындарына жүргізілген қазба жұмыстары қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік құрылымы мен өнері туралы мол ақпарат берді.
Марғұланның 1946 жылғы экспедициясы қазақ халқының тарихи және мәдени мұраларын зерттеу бағытында маңызды қадам болды. Оның ұймдастыру шеберлігі мен ғылыми көзқарасы археологияс саласында жаңа әдіс-тәсілдердің қолданылуына жол ашты. Бұл экспедиция қазақ археологиясына үшін үлкен ғылыми жетістік болып, кейінгі жылдарда жүргізілген көптеген зерттеулердің негізіне айналады.
ІІ Зерттелген тарихи орындар
2.1 Жезқазған мен Ұлытау өңірі
Орталық Қазақстандағы Әлкей Марғұланның ғылыми экспедицияларының маңызды бағыттарының бірі – Жезқазған мен Ұлытау өңірі болды. Бұл аймақ ежелден - ақ қазақ даласындағы тарихи, мәдени және рухани маңызды жоғары орындардың бірі саналып келген. Ұлытау – түркі халықтарының киелі мекені, ал Жезқазған – Қазаөстандағы ең көне тау-кен ошақтарының бірі. Сондықтан бұл өңірді зерттеу арқылы тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі әлемнің тарихына қатысты құнды деректер жиналды.
1946 жылдан бастап Марғұлан бастаған экспедициялар осы өңірге бірнеше рет барып, кең көлемде археологиялық және этнографиялық зерттеулер жүргізді. Ол Ұлытау мен Жезқазғанның табиғи ерекшеліктерін, тарихи-мәдени қабаттарын және халық аңыздарын терең зерделей отырып, бұл аймақтың адамзат өркениетінің дамуындағы орнын айқындауға тырысты. Ұлытау тау сілемдері мен оның айналасындағы жазықтарға орналасқан көне қоңыстар мен жерлеу орындары қазақ халқыны тарихымен қатар, ерте темір дәуірінен бастап орта ғасырларға дейінгі кезеңдердегі мәдениеттердің ізін сақтап қалған.
Әлкей Марғұланның Ұлытау өңірін «қазақтың рухани орталығы» деп атаған. Себебі бұл жерде көптеген тарихи тұлғалар жерленген: Алаша хан, Жошы хан, Едіге батыр секілді атақты тұлғалардың мазары орналасқан. Сонымен қатар, Ұлытаудағы жартасқа қашалған жазбалар, тастағы суреттер мен ескерткіштер аймақтың ежелгі мәдени дамуының куәсі ретінде зерттеушілер назарын аудартты.
2.2 Қазба жұмыстары жүргізілген ескерткіштер
Марғұлан экспедициясы Жезқазған мен Ұлытау өңірінде бірқатар маңызды археологиялық ескерткіштерде қазба жұмыстарын жүргізді. Олардың арасында Талдысай, Аяққамыр, Айбас-Дарасы, Терісаққан, Бегазы, Дәндібай сияқты қоңыстар мен қорымдар ерекше орын алды. Бұл ескерткіштер әртүрлі дәуірлерге – қола, ерте темір және ортағасырлық кезеңдерге – жатады. Қазба барысында табылған керамика, еңбек құралдары, зергерлік бұйымдар, жерлеу рәсімдері мен қоңыстардың құрылымы арқылы сол дәуірлердің мідени, әлеуметтік және шаруашылық ерекшеліктері анықталды.
Әсіресе, бегазы мен Дәндібай мәдениетіне қатысты табылған материалдар ғылымда үлкен жаңалық болды. Бұл мәдениетке тән ескерткіштер – ірі көлемді тас мазарлар, тастан қаланған тұрған үйлер, күрделі қорымдар – Қазақстандағы қола дәуірінің соңғы кезеңінің айқын көрінісі ретінде бағаланды. Бегазы – Дәндібай мәдениеті тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Еуразия кеңістігіндегі ежелгі өркениеттер қатарынан орын алды.
Қазба жұмыстары барысында Марғұлан археология ғылымында тың әдістерді қолдана отырып, тек материалдық мәдениет емес, сонымен қатар идеологиялық және рухани өмірдің элементтерін де зерттеуге көңіл бөлді. Ол әрбір ескерткішті халық аңыздармен, тарихи деректермен салыстырып, кешенді көзқарас ұстанды. Нәтижесінде, Орталық Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер арқылы қазақ халқының ата-бабаларының өмір салты, дүниетанымы мен тарихы туралы нақты және терең мәліметтер алынды.
Әлкей Марғұланның Жезқазған мен Ұлытау өңіріндегі ғылыми қызметі қазақ археологиясының дамуына зор үлес қосты. Оның жүргізген қазба жұмыстары мен жасаған ғылыми тұжырымдары қазіргі таңда да өзекті болып табылады. Бұл өңірлерде табылған ескерткіштер тек тарихи дерек қана емес, ұлттық рухтың, мәдениеттің және тарихи жадымыздың көрінісі ретінде бағаланады.
ІІІ Беғазы-Дәндібай мәдениеті
3.1 Мәдениеттің ерекшеліктері
Әлкей Марғұланның Орталық Қазақстанда жүргізген археологиялық экспедициялары барысында анықталған мәдениеттің ерекшеліктері қазақ халқының көне дәуірден бері үзілмей келе жатқан тарихи және мәдени сабақтастығын көрсетті. Әсіресе Бегазы-Дәндібай мәдениеті айрықша назар аударуға лайық болды. Бұл мәдениет қола дәуірінің соңғы кезеңінде өзіндік ерекше сипаттарымен ерекшеленді.
Бегазы – Дәндібай мәдениетінің ең басты ерекшеліктерінің бірі – монументалды сәулет өнерінің дамуы. Сол кезеңдегі қорымдар мен мазарлар ірі гранит тастардан салынған, кейбір құрылымдардың көлемі мен күрделілігі ерекше таң қалдырады. Бұл қоғамның әлеуметтік құрылымы күрделене түскенін, билеуші топтың болғанын аңғартады. Сонымен қатар, тұрғын үйлердің қалдықтары да құрылыс ісінің дамығанын ділелдейді: үйлер бірнеше бөлмеден тұрған, тастан және балшықтан салынған, ал кей жерлерде оларды арнайы жоспар бойынша салғаны байқалады.
Тұрмыстық бұйымдар мен еңбек құралдары да мәдениеттің даму деңгейін көрсетті. Керамикалық ыдыстар әртүрлі формада жасалған және ою-өрнектермен әшекейленген. Бұл халықтың эстетикалық талғамының жоғары болғанын білдіреді. Сонымен бірге металл өңдеу ісі жақсы дамыған: мыс, қола бұйымдар мен әшекейлер табылды. Мұның өзі Жезқазған өңіріндегі ежелгі тау-кен ісінің тарихы тереңде жатқанын айғақтайды.
Жалпы алғанда, Әлкей Марғұлан ашқан мәдени ерекшеліктер қазақ халқының ата-бабаларының табиғатпен үйлесімді өмір сүргенін, өнер мен құрылыс салаларында жетістіктерге жеткенін және қоғамдық ұйымының күрделі болғанын көрсетті.
3.2 Археология ғылымына қосқан үлесі
Әлкей Марғұланның археология ғылымына қосқан үлесі орасан зор. Ол Қазақстанда кәсіби археология ғылымының негізін қалады және алғашқы жүйелі археологиялық зерттеулерді ұйымдастырды. Марғұланның еңбектерінің арқасында қазақ даласындағы көптеген ежелгі мәдениеттер алғаш рет ғылыми тұрғыда сипатталды және әлемдік ғылымға танылды.
Ол археологиялық зерттеу әдістерін кешенді қолданды: тек қазба жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, табылған деректерді этнографиялық, тарихи және әдеби дереккөздермен салыстырды. Бұл әдіс оның еңбектерінің ғылыми құндылығын арттырды. Сонымен қатар, Марғұлан экспедициялары кезінде алынған материалдар Қазақстан археологиясының хронологиясын жасауға мүмкіндік берді. Бұрын белгісіз болып келген мәдени қабаттар жүйеленіп, әр дәуірдің өзіндік сипаттары анықталды.
Әлкей Марғұланның тағы бір маңызды үлесі – ғылыми кадрлар даярлау. Ол көптеген жас археологтардың ғылымға келуіне себепкер болды, оларға өзінің тәжірибесін үйретті. Оның шәкірттері кейін Қазақстандағы археологиялық зерттеулердің дамуына үлкен үлес қосты.
Марғұланның еңбектері арқылы Қазақстанның ежелгі тарихы тек ұлттық деңгейде емес, халықаралық деңгейде де мойындала бастады. Бегазы-Дәндібай мәениетін ашуы, Ұлытау мен Жезқазған өңіріндегі археологиялық жаңалықтары қазақ археологиясын жаңа сатыға көтерді. Әлкей Марғұлан қазақ халқының терең тарихи тамырларын дәлелдеп, халқымыздың ежелден бері жоғары мәдени деңгейде болғанын ғылыми тұрғыда көрсетті.
Оның археология ғылымына қосқан үлесі бүгінгі таңда да өз маңызын жойған жоқ. Әрбір жаңа археологиялық экспедиция мне зерттеу Әлкей Марғұлан негізін салған ғылыми дәстүрлер мен әдістерге сүйенеді.
IV Әлкей Марғұлан жаңалықтарының маңызы
4.1 Қазақстан тарихын зерттеуге әсері
Әлкей Марғұланның ғылыми еңбектері Қазақстан тарихын зерттеуде үлкен бетбұрыс жасады. Ол археология мен этнография салаларын кешенді түрде дамытып, қазақ халқының көне заманнан бері қалыптасқан тарихи тамырларын ашып көрсетті. Бұрын тек жазба деректерге сүйенген тарих ғылымы Марғұланның экспедицияларынаң нәтижесінде жаңа археологиялық материалдармен толықты. Оның ашқан Беғазы – Дәндібай мәдениеті, Жезқазған мен Ұлытау өңірлеріндегі ежелгі қоңыстар мен қорымдар қазақ жеріндегі өркениеттің тереңдігін дәлелдеді.
Марғұланның еңбектері Қазақстанның ежелгі мәдениеті мен тарихының әлемдік өркениеттегі орнын көрсетуге мүмкіндік берді. Ол қазақ даласы Еуразияның ежелгі мәдениеттерінің тоғысқан жері екенін дәлелдеді. Ғалымның еңбектері арқылы ұлттық тарихымызға жаңа көзқарас қалыптасты, ал қазақ халқының мәдени мұрасы әлемдік деңгейде таныла бастады.
Әлкей Марғұланның ашқан жаңалықтары білім беру саласына да үлкен ықпал етті. Бүгінгі таңда мектеп бағдарламаларында Қазақстанның археологиялық ескерткіштері, көне мәдениеттері туралы материалдар кеңінен қамталған. Мысалы, мен өзім бірінші сыныпта оқушыларға «Алтын адам» тақырыбы бойынша сабақ өткіздім. Бұл сабақ барысында балалар ежелгі замандағы қазақ даласының бай мәдениетімен танысып, археологияның маңызын түсінді. Оқушылар тарихи мұраға қызығушылық танытып, өз елінің өткеніне деген құрмет сезімін оятты. Мұндай сабақтар Әлкей Марғұлан сынды ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде мүмкін болып отыр.
4.2 Ғалым мұрасының бүгінгі ғалымдағы орны
Бүгінгі күні Әлкей Марғүланның ғылыми мұрасы археология, этнография және тарих ғылымдарының маңызды іргетасы болып саналады. Оның жүргізген экспедициялары мен жасаған ғылыми тұжырымдары қазір де жаңа зерттеулерге негіз болып отыр. Қазақстан археологиясында қолданылатын көптеген әдіс-тәсілдер мен ғылыми бағыттар Марғұлан негізін қалаған мектептің жалғасы ретінде дамып келеді.
Ғалымның еңбектері тек өткен тарихты зерттеумен шектелмей, қазіргі замандағы ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда да маңызды рөл атқарады. Оның зерттеулері арқылы бүгінгі ұрпақ өзінің тамырын, ата-баба мұрасын тереңірек түсінуге мүмкіндік алады. Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы еңбектер, Ұлытау мен Жезқазғандағы көне ескерткіштерді зерттеу материалдары Қазақстанның мәдени кодын сақтау мен дамыту үшін аса құнды дереккөздерге айналды.
Әлкей Марғұланның мұрасы қазір де жас ғалымдарға шабыт береді. Оның еңбектерімен сусындаған жаңа буын археологтар, тарихшылар мен этнографтар еліміздің әр түкпірінде ғылыми – зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде де Марғұланның еңбектері жоғары бағаланады. Қазақ археологиясы мен этнографиясын әлемдік ғылымға таныстырудағы оның рөлі орасан зор. Осылайша, Әлкей Марғұланның ғылыми мұрасы уақыт өткен сайын маңызын жоймай, қайта жаңғырып, жаңа зерттеулерге жол ашуда. Ол қазақ халқының тарихына сәуле түсірген ұлы тұлға ретінде мәңгі есте қалмақ.
Қортынды
Әлкей Марғұланның ғылыми еңбегі мен мұрасы қазақ халқының рухани қазынасында ерекше орын алады. Ол – Қазақстан археологиясы мен этнографиясының негізін қалаған ұлы ғалым. Оның жүргңзген экспедициялары, ашқан жаңалықтары мен жазған ғылыми еңбектері арқылы халқымыздың көне тарихы қайта тіріліп, әлемдік өркениетке қосқан үлесі айқындала түсті. Марғұлан тек материалдық мәдениетті емес, сонымен қатар қазақ халқының рухани әлемін де терең зерттеді. Оның еңбектері арқылы біз өзіміздің ата-бабаларымыздың өмір салтын, дүниетанымын және мәдениетін жақсы түсінеміз.
Әлкей Марғұланның мұрасы – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі. Ол қазақ халқының тарихын, мәдениетін ғылыми тұрғыда дәлелдеп қана қоймай, ұлттық мақтаныш сезімін нығайтады. Ғалымның қалдырған еңбектері бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ, керісінше, жаңа зерттеулерге бағыт-бағдар беріп отыр. Оның мұрасы – тек өткеннің ғана емес, болашақтың да алтын көпірі.
Әлкей Марғұлан жастар үшін үлгі болатын тұлға. Оның табандылығы, ғылымға деген адалдығы және туған жеріне деген шексіз сүйіспеншілігі әрбір жас ғалымға үлгі боларлықтай. Ол өз еңбектері арқылы білімге, ізденіске, туған тарихты құрметтеуге шақырады. Жастар Марғұланның өмір жолынан батылдықты, мақсаткерлікті және табандылықты үйрене алады. Бүгінгі ұрпақ үшін Әлкей Марғұлан – білімнің, ұлттық рухтың және ғылыми ерліктің символы. Сондықтан оның еңбегі мен тұлғасы әрқашан құрметпен еске алынып, болашақ ұрпақтың жүрегіндегі мәңгі сақталуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы: Ғылым, 1985.
2. Марғұлан Ә.Х. Қазақ жерінің археологиялық ескерткіштері – Алматы: Ғылым, 1974
3. Марғұлан Ә.Х. Беғазы – Дәндібай мәдениеті. – Алматы: Ғылым, 1979.
4. Әбдіқадыров М. Әлкей Марғұлан және қазақ археологиясы. – Алматы: Рауан, 1996.
5. Қасымбаев Ж. Ұлы дала тарихының білгірі – Әлкей Марғұлан. – Алматы: Білім, 2002
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
АЛТЫН АДАМ ЖӘНЕ ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАСЫ

шағым қалдыра аласыз