Алтын адам-Тәуелсіз Қазақстанның символы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алтын адам-Тәуелсіз Қазақстанның символы

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған тарихты тану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Алтын адам Тәуелсіз Қазақстанның символы

Алтын адам,

Алтын адам...

Адам жоқ!

Алтын қалған жарқыраған.

Мұқағали Мақатаев

Мен өз эссемді бастамас бұрын символ сөзіне тоқталғым келеді. Символ деген не мағына береді? Ол қайдан шыққан сөз?

Символ-грек сөзінен аударылыпты. Ол белгілі бір әлеуметтік топтар, қоғам үшін құнды дүниені айшықтайтын түсінікті шартты белгі екенін ұқтым.

Міне, Алтын адам бейнесі де бізге көне тарихтан жеткен баға жетпес символымызға айналып отыр. Ол - тарихымызды, мәдениетімізді асқақтатып отырған баға жетпес мұра. Ол - қазыналы, құтты мекенімнің құндылығына айналып отырған саф алтындай жәдігер. Ұлы бабаларымның сан ғасырлы тарихынан сыр шертетін шежіре.

«Алтын адам» - 1970 жылдың басында Алматы облысының Есік қорғанынан табылған. Тарихымызға енген бағалы жаңалық болды. Барша қазақстандықтар таңғала, қуана, мақтана қабылдады бұл жаңалықты. Қандай керемет! Ол менің сүйікті елімнің, қазағымның тарихынан қаншама сырды шертіп отыр. Тарих беттерінен оқып, теледидардан көріп, ғаламтор беттерінен біраз ақпараттар оқу арқылы өзіме рухани азық жинай отырып, мен Алтын адамның, яғни темір дәуірінен сақталған сақ жауынгерінің мүрдесін тапқан өзге емес, өзіміздің қаны қазақ ағамыз археолог Кемел Ақышевтың тапқаны мені қатты қуантты.

Алтын адам киімі алтын тастармен сәнделіп жасалған. Онда төрт мыңға жуық әшекейлермен безендірілген екен. Алтын адам киіміндегі әшекейлер қазақ даласында, тамаша табиғатта еркін өскен аңдар, жан-жануарлар, құстар бейнесі. Олардың ішінде барыс, бұлан, арқар, түрлі құстар бейнесі кездеседі.

Ал киім үлгісі қазақ киімі үлгісінде жасалған. Биік бас киім, төбесінде шошағы бар, үкі сияқты. Қазақ халқының бар құндылығын көрсететін бейнелерді осы Алтын адам бойынан таптық. Сондықтан да Алтын адам – Тәуелсіз Қазақстанның символы болып отыр. Мен елімнің мұндай құндылықтарымен, байлықтарымен мақтанамын.

Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Ұлт тарихы кеңістік пен уақыт» атты бірінші тарауында еліміз үшін ғана емес, әлемдік маңызы зор құндылық болғаны баяндалған. Алтын адам – Ұлы даланың ұлы мұрасы. Алтын адам – ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып қалатын баға жетпес қазынамыз. Әлем таңырқай қарап отырған Алтын адам тек біздің елдің емес, әлем үшін де баға жетпес мұра. Бұл - қаны қазақтың рухын асқақтататын ұлы символымыз.

Қорыта келе, Алтын адам еліміз үшін жай ғана тауып ала салған құнды алтын бұйым емес, теңгемен есептейтін байлық емес. Ол – Елдігіміздің символы. Ол – Тәуеліздігіміздің символы. Ол – Еркіндіктің символы.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.05.2020
783
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі