Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша бір сабаққа рефлексивтік есеп
|
Сабақ: 2 сабақ |
Сабақ өтілетін уақыт |
Барлық оқушы:20 Қатысқаны: 20 |
||
|
Сілтеме |
Күнтізбелік жоспар. Орта мерзімді жоспарлау. Оқулық «Ана тілі», Алматы «Атамұра» 2010жыл |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Алтын балта» ертегісі |
|||
|
Жалпы мақсаттар |
Ертегі мазмұнын түсіну. |
|||
|
Түйінді идеялар |
Ертегі идеясын ұғу. Адам бойындағы қанағатшылдық пен тойымсыздық қасиеттердің болатынын аңғарту. Ертегі мазмұнын өздігінен түсінуге бағыттау. |
|||
|
Оқыту нәтижелері |
Ертегіні өздігінен түсініп оқуға үйренеді. Ертегі кейіпкерлерін тірек сөздер арқылы сипаттай алады. Негізгі ой мен оқиғаларды салыстыра біледі. Ертегі идеясын өмірмен байланыстыра алады. |
|||
|
Көрнекіліктер |
Топты бөлуге арналған мультфильмдер суреттері, қосымша материалдар. |
|||
|
Дерексөздер |
А-3 қағаздары, маркерлер, стикерлер, Алдар көсе мультфильмі. Оқулық «Ана тілі», слайд. |
|||
|
Сабақ барысы |
Әдіс-тәсілдер |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|
І. Қызығушылықты ояту 5мин а) Ұйымдастыру кезеңі ә) Психологиялық жағымды ахуал орнату. б) топқа бөліну тапсырмасын тексеру 7мин Сергіту сәті. 2 мин Мағынаны тану. 10 мин ІІІ. Ой-толғаныс. 15 мин Қорытынды 2 мин Бағалау. 2мин Үйге тапсырма беру 1мин Рефлексия 1 мин |
Топтық жұмыс: өзара бағалау Болжау стратегиясы «Миға шабуыл» Топтық жұмыс Мәтінге шығармашылық жұмыс жүргізу Венн диаграммасын толтыру, постер жасау Блум таксономиясы бойынша сұрақтар қою Формативті, суммативті бағалау Кері байланыс |
-Сабаққа қажетті құралдарымызды сайлап алдық па? Шеңберде тұрып, бір-бірімізге сағат тілі бойымен «үнсіз сыйлықтар» сыйлайық. Әлемге танымал, әлем балаларының сүйіспеншілігіне бөленген мультфильмдер көп-ақ. Сол мультфильмдер бойынша топқа бөлінейік. -Үйге қандай тапсырма берілді? -Жазған хаттарыңды топтарыңда бір-біріңе оқып беріп, топтағы «Ең үздік хаттарды» стикерлер жапсыру арқылы анықтаңдар. «Ең үздік» хаттарды оқимыз. -Енді, балалар «Егер менің алтын балтам болса..» шағын әңгіме жазайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын жасырын сөзді табу арқылы білетін боламыз. «Алтын балта» ертегісін оқып, топ ішінде мазмұндаймыз. Мазмұндау шарты: тізбектей мазмұндау. Сондықтан бір-біріңді мұқият тыңдап отырыңдар. -Алдар көсе мультфильмін көреміз. Мультфильмнен соң екі ертегінің кейіпкерлеріне байланысты топтық жұмыстар жасаймыз. 1-топқа Кедей мен Алдардың ұқсастықтары мен айырмашылық-тарын көрсетіңдер. 2-топқа: Бай мен ұрының ұқсастықтары мен айырмашылық-тарын көрсетіңдер. 3-топқа: Оқулықты, тірек сөздерді пайдаланып кедейді сипаттаңдар. 4-топқа: Оқулықты, тірек сөздерді пайдаланып байды сипаттаңдар. -Ертегі не жайлы болды? -Бұл ертегінің ең қызықты жері қайсы? -Ертегіден көңіліңе не түйдің? Топ басшылары, топтарды бағалаңдар? Мұғалімнің бағалауы Ертегіні оқып, ертегі желісімен сурет салу. -Бүгінгі сабақтан өздеріңе ұнаған екі тұсын жазып, ертеңгі сабаққа ұсыныс білдіріңдер. |
Оқушылар сабаққа дайын екендігін білдіреді. Оқушылар «үнсіз сыйлық» жасайды. Оқушылар мультфильмдер суреттерін таңдап алу арқылы топтарға бөлінеді. -Ханға, қойшыға хат жазып келу. Топтарда жазылған хаттардың арасынан «Үздік хаттарды» анықтайды, хаттарды бағалайды. Балалар дәптерлеріне шағын әңгіме жазады, оқиды. №1 слайдпен жұмыс, «Алтын балта» екендігін анықтайды. Ертегіні оқиды, топ ішінде тізбектей мазмұндайды. Мультфильм көреді. Оқушылар тапсырманы орындау үшін топта кеңеседі, ақылдасады, тапсырманы аяқтайды, қорғайды. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Топ басшылары топтарды бағалайды. Үй тапсырмасын жазып алады. Оқушылар стикерлерге өз ойларын жазып іледі. |
|
Мектептегі тәжірибеден өту кезеңінде тізбектелген сабақтар топтамасына ана тілі пәнінің күнтізбелік жоспарына сәйкес «Алтын балта» тақырыбын өткізуді жоспарладым. Сабақты өткізуге даярлық кезінде Мемлекеттік стандартқа, оқу бағдарламасына, оқулыққа, жеке тәжірибеме, Кембридж университетінің үш айлық курсында оқыған «Мұғалімге арналған нұсқаулық» теориясының негіздеріне сүйендім. Сабақта жеті модульді енгізу идеясын жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін таңдадым.
Сабақта жеті модульді ықпалдастыру идеясына сәйкес осы бағдарлама негізінде ендігі уақытта өзімнің қалай оқыту, оқушыларымның қалай оқу керектігініне есеп беру қажеттілігі туындады.
Нұсқаулықта көрсетілгендей, расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты екендігіне көзімді жеткіздім. Сабақ оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру әрі сыныптағы жағымды ахуалды орнатуға септігі бар «Үнсіз сыйлық сыйлау» ойынын шеңберде тұрып ойнаудан басталды. Ойынды өзім бастап, балалар бір-біріне ауада үнсіз сыйлықтардың бейнесін тізбектей көрсете жөнелді. Сол кезде сабақ үлгерімі орташадан жоғары Батырхан ойын барысында: «Үнсіз сыйлықтарымызды ауада ғана көрсетпей, іс- қимылмен де көрсетсек болады ғой» – деген ұсынысынан соң өзінің Сұлтанға квадрацикл сыйлайтынын (осы көліктің арнайы дыбысын келтірді,қимылмен көрсетті) образға кіру арқылы бірінші боп көрсетуі бәріміздің көңіл-күйімізді бір көтеріп тастады. /М.1/ Бұл жағдайда ынтымақтастық атмосферасын құру сәті мұғалімдердің оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсіну маңыздылығын түсіне бастадым /НҰСҚАУЛЫҚ, 35–бет/.
Мультфильм кейіпкерлерімен топқа бөліп, сабақты бастадым.
Үйге «Ажалдан құтқарған асыл сөз» ертегісінің кейіпкерлері хан мен қойшыға хат жазып келген болатын. Тапсырма сын тұрғысынан ойлаудың «Кейіпкерге хат жазу» стратегиясының негізінде берілді. / М. 5/ Балалардың жазған хаттарын топта бір- біріне оқып беріп, өздеріне ұнаған хаттарға стикерлер жапсырды. Өзара бағалау кезінде жақсы жазылған деп танылған хаттарды «Ыстық мінбеде» балалар оқып берді. Мен де оқылған төрт хатқа «Үздік хаттар» номинациясын беру арқылы формативті бағаладым.

Үй тапсырмасын тексеру барысында «Ажалдан құтқарған асыл сөз» ертегісінің кейіпкерлері – хан мен қойшыға жазған хаттарын бір -біріне оқыды, өзара талдап, топтағы үздік хаттарды стикер жапсыру арқылы анықтауға қатысты. Өз ойларын ортаға салды. Үздік хаттар анықталды. Оларды жазған- Аделя, Эльмира, Мақсат және зерттеп жүрген оқушым–Ерасыл. Ерасылға бұл хатты жазуға анасы көмектесіпті. Ерасыл ханға жазған хатын ерекше бір сезіммен оқыды. / М.3, М.1/
Х
анға жазған хатын
оқығанда Мақсаттың дауыс дикциясынан мәнерлеп оқи алатынын
байқадым. Ол ханға хатты бұйрық түрінде жазып келіпті. Сол себепті,
хатының мәтінін дауысын көтере, бұйыра оқыды.
/М.5/
«Болжау стратегиясы» бойынша «Егер менің алтын балтам болса...» тіркестерімен басталатын сөйлемді аяқтауда сыни тұрғыда жауап беруге төселіп қалған Мақсат, Нұрым, Анияр ерекшеленді.Мақсат алтын балтасы болса, халқымыздың тұрмысын жақсарту үшін еліміздің түкпір-түкпіріне зәулім үйлер тұрғызғысы келетінін, ал Нұрым алтын балтасының көмегімен тұрмыс жағдайы, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектескісі келетінін болжапты.Оқушылар ойларын болжап,шығармашылықпен қорытқан әңгімелерін оқу кезінде жаңа сабақтың мағынасын ашудың елеулі бөлігін құрауға «мұғалім–оқушы» және «оқушы – оқушы» жағдайындағы қарым - қатынас орнықты. (Нұсқаулық, 29- бет) /М. 1. М.2/
Ертегі мазмұнымен танысу үшін тізбектей мазмұндау тәсілі таңдалды. Дарынды, қабілетті оқушы Арсен тізбектей оқуға қатысып қана қоймай, тобындағы сыныптастарына: - Бір-бірімізді тыңдап отырайық, енді сен жалғастыр,– дегенді айтып, көшбасшылық әрекетті анық ұстанды. /М. 7/
Ал, зерттелуші оқушым Ерасылға ертегінің соңғы бөлігін мазмұндау сәті түсті. Бірден ертегіні тізбектей жөнелуге Ерасыл қиналды. Оның қиналғанын байқаған топ мүшелері жан-жақтан көмектесті. Олардың бұл көмегі нәтижесіз болған жоқ. Себебі, Ерасыл ертегінің соңғы бөлігін мазмұндап берді. Екі жағдайдың біріншісінде Арсен диалогқа түсу арқылы ынтымақтастық атмосферасын құра білсе, Ерасылдың ертегіні түсініп алуы үшін оқушылар жағымды ахуалды тудыра отырып, оны түсінгенін айта алатынына сендіргендей болды. /М.1/
С
абақта
байқалған екі көрініс Мерсердің(2005) құрдастар тобындағы өзара
қарым–қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсеткенінің дәлелі
дер едім. /Нұсқаулық, 29– бет/ Бұл ертегінің көлемі қысқа, тілі
жеңіл болғандықтан АКТ-ны қолдану арқылы осы ертегі мазмұнына ұқсас
«Алдар көсе» мультфильмін көрсеттім. /М. 4, М.6// Ой-толғаныс
кезінде:
-Екі шығармадағы негізгі кейіпкерлер кімдер?,- деген қарапайым сұрақтардан кейін, кедей мен Алдардың, бай мен ұрының араларындағы қандай ұқсастықтарды байқай алдыңдар? –деген шығармашылық сұрақтарды қоя отырып, топтарға Алдар мен кедейге, бай мен ұрыға «Венн диаграммасын» жасаттым. Бұл сұрақтарды қою себебім, екі шығарманың идеясын түсінген- түсінбегенін анықтау, сондай- ақ диаграмманы қорғау кезінде оқушылардың бір-бірін толықтыру арқылы түсіну дәрежесіне ықпал еткім келді./М.1/
Сабақты қорытындылау мақсатында Блум таксономиясы бойынша Ертегі не жайлы болды? (төмен деңгейлік сұрақ), Бұл ертегінің қызықты жері қайсы? (орта деңгейлік сұрақ), Ертегіден көңіліңе не түйдің? (жоғары деңгейлік сұрақ) сияқты сұрақтар қойылды. Орта деңгейлік сұраққа жауаптар әртүрлі болды. Жоғары деңгейлік сұраққа берілген жауаптар ұқсас болды. /М. 2/
М
әселе
жауаптардың бірдей немесе әртүрлілігінде емес, Мерсер мен Литлонның
(2007) еңбектерінде атап көрсеткендей, диалог сабақта оқушылардың
қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне
үлес қосатындығында /Нұсқаулық, 39– бет/. Формативті бағалауға
жататын топ басшыларының бағалауы арқылы топтарды
бағалаттым.
Топ басшылары ешқандай бағалау критерийінсіз өз топтарындағы балалардың қай тапсырманы орындағанда қатысқаны туралы пікірлерін білдірді. Топ басшыларының бағалауы онша сәтті шыққан жоқ.
Себебі, топ басшыларынан бірінші болып бастаған Мөлдірдің бағалауындағы ойларды өзге топ басшылары қайталай берді. Тек Мақсат пен Арсен кейбір оқушыларға кімдер көмектескенін атады. Топ жұмысына қатыспаған Ерасыл. Айгерім. Дамира мен Аружандардың ертеңгі сабақта белсенділік көрсетеріне сенімділік білдірді. Оқушылардың өзіндік сыни ойларына сүйену арқылы бағалау дағдысын қалыптастыруды жетілдіруге көңіл бөлу керек сияқты.
Сабаққа рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілекпен» жасалды. Кері байланыста балаларға сабақтың ұнаған тұстары топтарға бөлінгені, үздік хаттарды анықтағандары, хаттардың оқылғандығы болғанын білдім.
Зерттеуге алынған оқу озаты, сынып көшбасшысы Арсенге ұнаған сабақтың екі тұсы топта ертегіні тізбектеп айтқаны, жазған хатын оқығаны болса, мінезі тұйық, қимылы сылбыр, Арсенмен бірге зерттеуге алынған Ерасыл стикерге топпен жұмыс істегені ұнағандығын білдіріп, ертеңгі сабаққа сәттілік тілеп жазыпты. Сабақтың орта тұсында ғана ертегіні тізбектей мазмұндауға қатысқан Ерасыл топпен жұмыс жасауға аз да болса үйреніп қалғанын кері байланыста білдіре алғанының белгісі болды.
Балалар бұл сабақта үйренді:
-
Болжау жасауға;
-
Жоғары деңгейлі сұрақтарға жауап беруге;
-
Жұппен, топпен жұмыс істеуге;
-
Сыныптастарын бағалауға, көшбасшылық жасауға;
-
Ақпараттарды салыстыра білуге;
-
Бір-бірін тыңдауға, толықтыруға;
-
Өз ойларын білдіруге.
Мұғалімнің үйренгені:
-
сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу;
-
оқыту үдерісіндегі кедергілерді анықтау арқылы олардың жою жолдарын белгілеу;
-
сабақта жеті модулді табысты ықпалдастыруды одан әрі тәжірибемде қолдану;
-
дәстүрлі сабақтар мен дәстүрлі емес сабақтардың арасындағы алшақтықты байқау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012ж
-
Бағдарлама «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012ж
-
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған Тапсырмалар, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012ж
6
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Алтын балта" ертегісі. Әдебиеттік оқу. 3 сынып

шағым қалдыра аласыз