Материалдар / "Алтын күз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғажайып күз туралы балаларға түсінік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
452
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алтын күз» мерекесі


Балалар музыка әуенімен кіріп, жартылай шеңбер болып тұрады.


Жүргізуші :

- Қарсы алайық бәріміз,
  Жасымыз бен к
әріміз.
  
Қырдан кепті қыдырып,
 Алтын к
үз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі

Алтын күз қайта келді берекесі.
 Молшылы
қтың жаршысы бола білді,
 Алтын к
үз-ырыс -береке, ала келді.


Балалардың орындауында - «Күз әні»

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша - «Алтын күз» атты мерекелік ойын – сауығына жиналып отырмыз.Балалар айтыңдаршы, біздер қазір қай мезгіл?

  • Күз мезгілі

Күз мезгілінде ауа – райында қандай өзгерістер болады?

  • Жапырақтар сарғайып, түседі.Жаңбыр жиі жауады т.б.,

Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырамын

Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлы
ғын
Сап-сары
ғып қояды

  • Күз

Жарайсыңдар балалар!Бізге қонақ келе жатқан сияқты.Қане, қол шапалақтап қарсы алайық.

Музыка әуенімен Күз Ханшайымы кіреді.

Күз ханшайымы : 

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе , Күз ханшайымы! Төрлетіңіз!Біздің бүлдіршіндеріміздің сізге арнап көрсететін өнерлері бар, соны бірге тамашалайық.


Күз ханшайымы : Жақсы балалар, өнерлеріңді ортаға салыңдар.


Балалардың тақпақтары


Күз ханшайымы:Тақпақтарыңа рахмет балалар!Ал сендер ойын ұнағанды ұнатасыңдар ма? Менің сендерге бір қызықты ойыным бар.Мен сендерге қонаққа келе жатқанда түрлі – түсті жапырақтарымды шашып алдым.Сендер маған жапырақтарымды себетке жинауға көмектесесіңдер ме?


«Жапырақтармен ойын»

Күз ханшайымы:Неткен тамаша көмекшілер, жарайсыңдар балалар!


Жүргізуші:

Тырс – тырс - тырс, тырс-тырс-тырс

Жаңбырдың бұл тырсылы

Тамшылардың дыбысы

Балаларды оятты – дей келе кезекті балаларымыздың әніне береміз.


«Жаңбыр әні»


Күз ханшайымы: Мына жерде менің достарым отыр ғой. Қане саңырауқұлақтар, бидің сәнін келтірейік.


Саңырауқұлақтар биі


Жүргізуші:Балалар тағы бір қызықты ойын ойнағыларың келе ме?Бірге ойнаймыз ба? Олай болса, шеңберге тұрайық.

Ойын: «Күн мен жаңбыр» деп аталады.


Жүргізуші:

Балалардың биші аяғы

Би дегенде тұра алмас

Алдарыңда би билесе

Қандай адам қуанбас? – дей отырып кезекті балалардың биіне береміз.


«Жұппен би»



Күз ханшайымы : Балалар!Сендер бүгін би билеп, ән салдыңдар, ойын да ойнадыңдар! Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы.

Күз сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.

Жүргізуші:Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығыңа рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.

Жүргізуші:Осымен «Алтын күз» мерекелік ойын сауығымыз да аяғына жетіп қалды.Күз мерекесі тағы да құтты болсын!




































КМҚК № 33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы











«АЛТЫН КҮЗ»





















Музыка жетекшісі:Гиният Ф.С









2015 ж

Жаңа жылдық ертеңгілік құрылымы

Балалар музыка залына қол ұстасып кіреді.

«Би орындалады»
Жүргізуші:
Төрле – төрле жаңа жыл.
Айналамыз тебірене жаңа жыр.
Төрле – төрле құтты жыл.
Халыққа әр күн төгіп нұр.
Төрле, төрле құтты жыл.
Қуаныштан айналады әлем – жыр.
Балалардың балалардың қуанышында шек болмай.
Жүректері қуаныштан толқып тұр.


Құрметті ата-аналар және тәрбиешілер. Барлығыңыздың бүгінгі жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Келе жатқан мешін жылы бәріңізге бақыт, шаттық, береке, бірлік, несібе әкелсін. "Қошақан" тобының "Келді, міне жаңа жыл" атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Тақпақтар.

Балалар орындарына отырады

Шыршаның артынан Сауысқан жүгіріп шығып, аяз атадан хабарлама оқиды. 
- Асығамын деп жүріп 
Сыйлықтарды шашып алдым. 
Бұтаққа мен қабымды 
Іліп алып, тесіп алдым. 
Сыйлықтарды жинағанша 
Сендерге мен немеремді 
Жіберемін асыға 
Қорғап сендер Ақшақарды 
Жүріңдерші өтінемін. 
(Осы кезде Ақшақар болып киінген Мыстан кемпір кіреді). 

Мыстан кемпір: Міне менде келіп қалдым. 
Жүргізуші: Кімсің сен? 
Мыстан кемпір: Қалай кім? –Мен Ақшақармын. 
Жүргізуші: А-а Аяз атаның немересі боласын ба? 
Мыстан кемпір: Әрине мен. Мені қарсы алыңдар. 

Жүргізуші:Сен Ақшақар болсаң, Аяз ата қайда? 
Мыстан кемпір: Сендерге асығамын деп, санамақтарды шашып алды. 
Жүргізуші: Қандай санамақтар? 
Мыстан кемпір: Қаптың түбі тесіліп, санамақтар шашылып қалды.
Жүргізуші: Ешқандай да сен Ақшақар емессің, кет кәне осы жерден. 
Мыстан кемпір: Аяз ата сендерге мені қорғасын деді ғой. 
Жүргізуші:Балалар! мүмкін ол шынымен Ақшақар шығар. 
Балалар: Жоқ. 

Жүргізуші: Сонда кім болғаны 
Балалар: Мыстан кемпір. 
Мыстан кемпір: А-а ойланып мені кім екенімді таптыңдар ма. Ақшақар менде, жібермеймін мен оны. 
Жүргізуші: Қане босат сен ақшақарды. 
Мыстан кемпір: Мен Ақшақарға пештегі отымды жаққызамын. 
Жүргізуші:Енді не істейміз? Ол еріп кетеді ғой. Не керегін сен айтшы, бірақ Ақшақарды босат. 
Мыстан кемпір: Мен мерекеге қатысқым келеді. 
Жүргізуші:Жарайды біз келісеміз, қала ғой.Бізбен бірге көңілді ән шырқа.

«Ән: Жаңа жыл»

Мыстан кемпір аппақ киімге орап тастаған Қарақшыны алып келеді. 
- Міне сендердің Ақшақарларын. 
Жүргізуші:Ақшақар, сен неге сонша оранып алғансың. Дауысында өзгерген. 
Қарақшы: А - а мен қатты жел тұрғанда ауырып қалғанмын. 
- Оданда жұмбақ жауабын табындар. 
Жұмбақ: Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Қарақшы:дұрыс таптыңдар. 


Жүргізуші: Балалар мен таң қалып тұрмын Ақшақардың досы Мыстан кемпір ме? 
Қарақшы: Әрине жоқ...( Аузын жабады). Оданда билейік. 


«Ақшақар мен Мыстан кемпірдің биі»


Қарақшы би билеймін деп, ұмытып. Үстіндегі ақ киімін шешіп тастайды. 

Жүргізуші: Балалар қараңдар бұл Ақшақар емес қой! Қане екеуін байлап тастайық. 
Мыстан кемпір: Жоқ-жоқ кешіріңдер бізді. 

Жүргізуші: : А-а қорқып қалдыңдар ма. Айтыңдар Ақшақар қайда? 
Мыстан кемпір: Қазір біз алып келеміз. 
( Босатып жібереді) 

Жүргізуші:Балалар қане Ақшақарды дауыстап шақырайық, адасып кетіп жүрмесін. 
Балалар шақырады: Ақшақар - Ақшақар 
Ақшақар көңілсіз болып кіреді 
Жаңа жылдарыңмен 
Тәрбиеші: Не болды? Неге сен көңілсізсің? 
- Неге сен мұңайып тұрсың? 
- Енді не істейміз? 
- Балалар мүмкін тақпақ айтып, би билеп берерміз. 

«Жұппен би»
Ақшақар: Көңілім көтеріліп қалды, рахмет балалар!Бірақ біздің Аяз атамыз көрінбейді ғой.Қане, олай болса бәріміз қосылып, Аяз атаны шақырайық.
(алыстан аяз атанын дауысы естіледі) 

Аяз ата: Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар:Аяз ата!



Жүргізуші:Аяз ата!Қош келдіңіз! балалар өзіңізге арнаған әнін шырқап бермекші.

«Ән:Аяз ата»

Мыстан кемпір кіріп Аяз атаның таяқшасын алып кетеді. 

Аяз ата:Бәрекелді, жарайсыңдар балалар!Менің де сендерге дайындаған қызықты ойыным бар.Қане, бірге ойнайық.


«Ойын:Кім пиманы тез киеді?»


Ойын шарты:Ортаға екі бала шығады, музыка басталғанда екеуи жүгіріп пиманы бір аяқтарына киіп, шыршаны айналып келулері тиіс.Бірінші жеткен бала жеңімпаз атанады.

Жүргізуші:

Аяз ата!Біздің шыршаның шамдары жанбай тұр.

Қане қолыңыздағы таяқшамен жағып жіберіңізші. 

Шырша шамы жанады


Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.


Қане балалар, олай болса «Шырша» әнін бірге шырқайық.

«Ән:Шырша»

Аяз ата:Жарайсыңдар балалар!Олай болса, тағы да бір қызықты ойынға кезек берейік.

«Ойын:»



Аяз ата:Жарайсыңдар балалар!

Жүргізуші:

Ұлдардыңбиші аяғы

Би дегенлде тұра алмас

Алдарыңда би билесе

Қандай адам қуанбас


«Би:Пингвиндер»



Ақшақар: Аяз ата сіз сыйлықтарды беруді ұмыттыңыз. 
Аяз ата: Қазір таяғымды алып. Әй Мыстан кемпір! сен тағы өз өнеріне кірістің бе? 
(Мыстан кемпір Аяз атанын артына тығылып қалады.) 
- Балалар!Мыстан кемпір қайда? 
- А-а-а міне сен, қазір мен сені қатырып тастаймын 
.
Мыстан кемпір: Ой жоқ керегі жоқ деп, күлкілі қимылда қатып қалады.
Жүргізуші:Балалар қараңдар, Мыстан кемпір қатып қалды.

Аяз ата:Балалар, қане Мыстан кемпірге сиқырлы жылтырауық шашайық.Сонда ол жақсы істер жасайтын болады.
Аяз ата Мыстан кемпірді қалпына келтіреді. 
Мыстан кемпір: Ой не болды маған, мен бір жақсылық жасағым келіп түр. 
Аяз ата: Қандай жақсылық жасағын келеді? 
Мыстан кемпір: Сыйлықтар сыйлағым келеді. 
Аяз ата:Ал, олай болса балаларға сыйлықтар таратайық.


« Би:Жаңа жыл»

Аяз ата:Ал балалар, олай болса біз Ақшақар екеуміз қайтайық.

Қош сау болыңдар балалар!

Мыстан Кемпір:Иә балалар, бізге де қайту керек.Сау болыңдар балалар!





































КМҚК№ 33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы











«ЖАҢА ЖЫЛ»





















Музыка жетекшісі:Гиният Ф.С









2015 ж

Ахмет Жұбанов


Жұбанов Ахмет (1906-1968)- композитор, дирижер, музыкатанушы, этнограф, ҚазССР-нің халық артисі, өнертану ғылымының докторы, ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.1932 ж. Ленинград консерваториясының тарихи теориялық факультетін бітірген. 1932-1933 жж..- өнертану Академиясының аспиранты.

1934 ж. қазақтың халық аспаптары оркестрін ұйымдастырды (қазіргі Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі). Жұбанов Алматы мемлекеттік консерваториясын басқарды, оған Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясын ашу миссиясы жүктелді. Ол республикалық Ғылым Академиясының негізін салушылардың бірі, кейін М.О.Әуезов атындағы өнер мен әдебиет институтының құрамына енген өнертану секторын ұйымдастырды. Жұбановтың ұйымдастырушылық, шығармашылық, ғылыми, педагогикалық, қоғамдық қызметі Қазақстанның музыка мәдениетінің қалыптасу тарихында тұтас бір кезеңді қамтиды.

Ол кәсіби музыкалық білім берудің, музыкалық шығармашылық пен музыкалық ғылымның ірге тасын қалады. Академик- композитор Жұбановтың есімі қазақ музыка мәдениетінің негізін салушы тұлғалардың көш басында тұр. Ол Л.Хамидимен бірлесіп, “Абай” және “Төлеген Тоқтаров” операсын, “Құрманғазы туралы естелік маршын”, “Жез киік” симфониялық шығармаларын, қазақтың би сюитасын, “Саранжап”, “Көроғлы” фортепьяналық шығармаларын, хорлар, әндер, романстар, театр мен киноға арналған музыкалар, “XIXғ. мен XXғ. басындағы қазақ халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы”, “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұлбұлдары”, “Мұқан Төлебаев”, “Құрманғазы” этнографиялық зерттеулерін жазды. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз.






I ші кіші тобына арналған ертеңгілік құрылымы

Балалар музыканың ырғағымен кіріп, жартылай шеңбер құрып тұра қалады.


Жүргізуші:Армысыздар, ақ жаулықты аналар мен асыл әжелер!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі «Ана»деп соқса, бүгінгі мерекелік ертеңгілік де аналарға арналады.


Жүргізуші:Ендеше, біздің балалардың орындауында

«Айналайын ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.


Балалар орындарына жайғасады.


Жүргізуші:Балалар,естисіңдерме,бізге біреу келе жатқан сияқты.


Музыканың ырғағымен «Сайқымазақ» кіріп келеді.


Сайқымазақ:Сәлем, сәлем!барлықтарыңа сәлем!Мені таныдыңдар ма?

Мен-Сайқымазақпын!Жақын маңда өтіп бара жатыр едім, сендердің дауыстарыңды естіп, бірден осы жаққа қарай жол тарттым.


Жүргізуші: Иә, біздің балаларға қандай сыйлық әкелдің?


Сайқымазақ:Мен ба?Мен қазір сендерге би билеп беремін.Ал кеттік,

(Сайқымазақ биі)


Жүргізуші:Иә, Сайқымазақ!Биің жаман емес, бірақ біздің балалар сенен де жақсы билейді.


Сайқымазақ:Мынадай кішкентай ғана балапандар ма?Жоқ, сенбеймін.


Жүргізуші:Олай болса, қара.


Би: «Гүл шоқтарымен»

Сайқымазақ:Иә, хе хе хеее,,,, Тамаша билейді екенсіңдер.Ал тақпақ айту білесіңдер ме?


Жүргізуші:Әрине, біледі.Қазір балаларымыз өздерінің аналарына, әжелеріне деген тақпақтарын айтып береді.


Балалар тақпақтарын айтады

Сайқымазақ:Бәрекелді, жарайсыңдар!Ал енді менімен бірге ойын ойнауға дайынсыңдар ма?Бүгін қыздарымыздың да мерекесі болғаннан кейін,

«қыз қуу» ойынын ойнаймыз.Ортаға 2 қыз, 2 ұл шықсын.

КМҚК №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы



















«Анашым мерекеңмен»







Музыка жетекшісі:Гиният Ф.С









2016 ж

Өз білімін жетілдірудің жоспары



33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК 2015-2016 оқу жылы

Музыка жетекшісінің аты – жөні: Ғиният Фарида Серікқызы

Тақырыбы: Бала бойындағы музыкалық қабылетті дамыту.

Айлар

Балалар

Педагогтар

Ата - ана

Жинақ сандықша

Қыркүйек

Диагностика.

Балалардың меңгеру көрсеткіші



Диагностика

Қорытындысы

Қазан

«Алтын күз»

«Алтын күз» сценариін құру.

Осы жұмысқа ата –аналарды тарту.

«Алтын күз » ертеңгілік сценариі

Қараша

«Аңшы мен қояндар»

музыкалық – дидактикалық ойыны

Дидактикалық ойындар туралы түсінік беру.


Жинақ сандықшаны толтыру.

Желтоқсан

«Жаңа – жыл» ертеңгілігі

Ертеңгілік сценариін құру.

«Жаңа –жылға дайындық»

Дискілер мен бейнетаспалар-

ды жинау.

Қаңтар

«А.Жұбанов шығармашылығы»

Композитордың өмірбаянымен таныстыру.


А.Жұбанов шығармашылық жолы.

Ақпан

«Бөбегім» әнін үйрену.

Шығарма туралы түсінік беру.

Әннің сөзін жаттату.

Шығарма нотасы


Наурыз

«Анашым - мерекеңмен» ертеңгілігі

Аналар күніне арналған ертеңгіліктің сценариін құру.

Ертеңгілікке ата – аналарды қатыстыру.


Ертеңгілік сценариі


Сәуір

«Вальс» би қимылын үйрену.

Би туралы қысқаша мағлұмат беру.


Би қимылдары көрсетілген бейнежазбаны салу.




Мамыр



«Жеңіс күні»

ертеңгілік

«Жеңіс күні туралы» түсінік беру.

Сценариін құру.

«Жеңіс күні туралы» түсінік беру.

Ата –аналарды ертеңгілікке шақыру.




Ертеңгілік сценариі





































Тұрақты мәселе бойынша жеке жұмыс жоспары

Тақырып атауы: Бала бойындағы музыкалық қабылетті дамыту.

Мақсаты: Музыка өнері арқылы баланың өмірге деген көзқарасын, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз халқының өнерін, салт - дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу.

Міндеттері: Шығармашылық белсенділігін арттыру.

Балалардың қабылеттерін музыкалық – ырғақты қимылдар арқылы, ән айту, және музыкалық аспаптардың көмегімен жүзеге асыру.

Шығармашылық ойлау қабылеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Шығармашылық қабылеттерін дамыту, балалармен жүйелі жұмыс, шығарманы байыппен, түсініп тыңдауға үйренеді. Балалардың ынтасын дамыту, эстетикалық қабылеттерін дамыту.

Әр кезеңінің орындалу мерзімі:2015-2016 ж

Тақырып бойынша жұмыс барысында жүзеге асырылатын іс- әрекеттер мен іс – шаралар :Музыкалық – дидактикалық ойындар, ойын – сауық, ертеңгіліктер.

Атқарылған жұмыс нәтижесін көрсететін әдісі:Балалар музыка сабағында алған білімдерін ертеңгіліктерде, музыкалық сайыстарда, ойын - сауықтарда жақсы көрсете білуге талпынулары тиіс.

Атқарылған жұмыс туралы қорытынды есебі:Осы ескерілген мақсат пен міндет нәтижесінде мен музыка жетекшісі ретінде балаларға барынша мәлімет беруге, білмегендерін үйретуге тырыстым. Аспаптардың көмегімен, ән айту, би қимылдарын игеру барысында балалармен шығармашылық бағытта жұмыстар жүргізілді.Дарынды балалармен жеке жұмыстар, ата – аналармен костюм, балалармен қосымша дайындық туралы жұмыстар атқарылды.















Жалпы мәліметтер

1.Музыка жетекшісінің аты – жөні:Гиният Фарида Серікқызы

2.Туған жылы, күні, айы:09.08.1993 ж

3.Білімі:Жезқазған музыкалық колледжі, 2013 ж

4.Еңбек өтілі: 2 жыл, 7 ай.

5.Жұмыс орны: «№ 33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК

6.Лауазымы:Музыка жетекшісі






























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!