Материалдар / Алтын Күз

Алтын Күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым Тәрбиешілеріне сценарий Мектеп жасына дейінгі балаларды Алтын Күз мерекесін өткізіп тақпақтар,өлендер арқылы тілдерін дамытып,қызығушылықтарын ояту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Залдың іші мерекеге арналып әсем безендірілген. Ортаға әдемі киінген Алтын күз шығады.
Алтын күз: - Саламатсыздар ма құрметті қонақтар! Сіздерді «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын. Күз мерекесі мол қазына, ырыс алып келсін.
- Сіздер білесіздер ме? Бүгін менің туған күнім. Соған менің қонақтарым, достарым келу керек еді, соларды күтіп жүрмін. Мына жақтан дауыстар естіледі, мүмкін қонақтарым шығар келе жатқан.
(Әуен ойналып, залға қолдарында жапырақтары бар балалар кіріп, айнала тұрады)
1-жүргізуші: Саламатсың ба, Алтын Күз? Туылған күнің құтты болсын. Біз қонаққа құр қол келген жоқпыз. Өзіміздің ән, би, тақпақтарымызды ала келдік.

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
                         
Жасымыз бен кәріміз.
                           Қырдан кепті қыдырып,
                          Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
 Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (
Алтын күз)

(ендеше, Алтын күзге арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)

1.М.Сұлтан:

Қуандырып біздерді

Берекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз

2 Баянсұлу

Табиғат ол анамыз

Табиғатқа баламыз

Құшағында ойнаймыз

Шаттық әнге саламыз

 3. Анара: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң    

Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.

4. Лунара 

Көк майсалы көрікті, 
Алқаптағы көпегін. 
Бұл күндері киіпті, 
Сары жібек көйлегін. 
Ағаштардан жамырап, 

5.Сұлтан Б:  

Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды    

Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы айнала.

6Амир

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.


7Амина

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.
8Дарина

Күз келді, алақай!

Алтын келді далаға.

Дәні бітік бидайды,

Құйып жатыр қамбаға. 
9 Антон

Шөп сарғайып,

Ағаш қурап, Гүлдер де солады.

Жаңбыр жауып, жел соғады.

Бұзылады табиғат.
10
 С.Аяна

Жетті желмен Алтын Күз,

Жеміс жинау салтымыз. , Той жасайды халқымыз .

Жиып теріп болған соң

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз

11Медет

Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі



12 Сабрина

Сары ала тон жамылған

Күз атамыз секілді

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі

Жүргізуші:  Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)

4. Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

5. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар. (Мақта)

Ән: «Алтын күз»

 Жүргізуші:Сұлу қыздарымыздың биін тамашалайық.

Би: «Қолшатыр биі»

Жүргізуші:Балалар билерің қандай тамаша!Еңдеше балалар ойын ойнайық

Ойын: «Қолшатыр кімге тиеді?

Ойын шарты: 5 Қолшатыр,6 бала ортаға шығады,музыка қосылады балалар билеп,қолшатырды алуы қажет.



Жүргізуші:Алтын күз біздің балалар жемістер,көкіністер туралы тақпақтар біледі.

Тақпақтар

1Алма:Гаухар

Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайың.

Алмұрт: С.Зарина

Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
2Әңгелек: Сабина

Сары алтындай әңгелек,
Қандай тәтті әңгелек.
Дәмі аузыңнан кетпейді,
Барлығы оған жетпейді.
3Қарбыз: Сабрина

Теңбіл – теңбіл қарбызды
Тентек Серік жарғызды.
Сонан соң оны жеді,
Жеді де былай деді:
- Сүйек болмаса, еті
Неткен тәтті - деді.

4Құлпынай:И.Зарина

Піскен кезде құлпынай,
Қандай тәтті шіркін – ай.
Қарай бергің келеді,
Дүркін, дүркін, дүркін – ай

5Қызынақ:Санат

Бақшамызға көптеген,
Қызынақты өсірдік.
Күз болғанда шырынын
Дайындадық мол етіп.
Дәм татыңыз қып – қызыл,
Қызынақ деген мен болам.

6Қияр:Х.Даяна

Қияр деген мен болам,
Ерте пістім бақшада.
Салат жасап өзімнен,
Қуантамын бәріңді.

7Қырыққабат: Темірлан

Қабат-қабат тоным бар,
Капустаңыз мен болам.
Аспаз тәтей дәмді ғып,
Дайындайды әрдайым.
8Сәбіз:Айша

Бақтан атам бақшаға 
Әкелді сәбіз қаншама?
Сол сәбізден дәм татып,
Бойым өсті соншама.

- жүргізуші: Ал енді, Алтын күз, бәріміз ойын ойнайық.
Ойын: 1. «Кім жылдам»2. Ата – аналар жарысы.

Күз:, ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік Себетке алма салынады алмада әріптер салынған сол әріптер арқылы балаларымызды еркелетеміз.

Жүргізуші:. Ендеше, біздің балалардың әнін тамашалайық.
Ән: Күзгі жапырақтар

Алтын сары,қызыл көк


Жүргізуші: Алтын күз саған көп рахмет. Көкіністер мен жемістер туралы білдік.

Алтын күз саған біздің балаларымыздың әні,билері,тақпақтары ұнады ма?

Алтын күз:Ия балалар жарайсындар!маған өтте ұнады

Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет! Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!
Ән: «Алтын күз»

Жаз мезгілі тез өтті

Жүргізуші:

Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.

Би «Қазақ биі»

ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Ән: «Отан- ортақ үйіміз»

Тақпақтар:

Б.Сұлтан

Отанға арналған:

Күн өлкесі күлімдеген

Ел еркесі ұлым деген

Менің жерім туған жерім

Күн-сәулелі Қазақстан

Дильназ

Аялап ару ананы

Өсірген еркін баланы

Бесігім боп тербеткен

Отаным-Қазақстаным

Аңсар

Халқымның анасы

Асқар тау панасы

Көз жетпес көсілген

Қазақтын даласы

Жүргізуші:Жарайсындар балалар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын.Еліміз тыныш болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ