«Алтын күз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алтын күз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз туралы жалпыланған түсініктерін қалыптастыру. Бұл материал мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін тәрбиешілерге өте қажет деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

4 Ұйымдастырылған оқу қызметі жоспары



Педагогтың аты-жөні

Муратова М.Д

Күні

23.09.2021ж

Тобы

14 топ

Білім беру саласы

«Таным»

Бөлім

Жаратылыстану

Тақырыбы

«Алтын күз» (қорытынды)

Мақсаты

Күз туралы жалпыланған түсініктерін қалыптастыру.

Сөздік жұмыс

күз, жыл мезгілі, өнім, киім.

Көптілді компонент

Күз-осень-аutumn, жапырақ-листь-mes, тал-дерева-tree 

Ресурстар

бояу қарындаштар, «Күз» тақырыбында кеспеқағаздар,

Барысы

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Тәрбиеленушінің әрекеті

Кіріспе бөлім

Жұмбақ жасырамын.

Қызыл, сары, кемелер,

Су бетінде қалқиды,

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады, толқиды.

Бұл не?




Жапырақ


Негізгі бөлім

М. Жылқайдаровтың «Күз» деген өлеңін оқу.

Алма өрікті қамбаларға,

Толтырды әкеп алтын күз,

Шәкірт болып парталарға,

Отырды кеп алтын күз.

Бұлт болып та Алатауға,

Байланыпты алтын күз,

Дастарқанда таба нанға,

Айналыпты алтын күз.

Қазір қай мезгіл?

Балалар күз нешеге бөлінеді?



Ал, балалар әрбіреуіне жеке тоқталып толықтырып айтып өтсек.














Ғажайып сәт:

Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?

Есік қағып «Алтын күз» кіреді.

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар бізге «Алтын күз» келіп қалыпты.

«Алтын күз»: Балалар көп уақыттан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды естіп асығып келіп қалдым. Менің сендерге дайындаған бір тапсырмам бар.

-Күзде құстардың бәрі бірдей ұшып кетеді ме

-Қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса, балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық. (Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін түсіндіру)

Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақта қыстайтын.

Құстар жүрсе жуықта,

Жем шашуды ұмытпа.

Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар

Біп – биік боп өседі.

- « Алтын күз»  сіздің тағы да тапсырмаңыз бар ма балаларға?

- « Алтын күз»: - Балалар, сіздерге арнаған бір ойыным бар.

Ойын: «Көкөніс пен жемістер»

Шарты: балалар көкөніс пен жеміс аттарын жаңылмай айтып шығуы тиіс.

«Төрт мезгіл» ертегісі.
Қимыл әрекетті мұқият бақылап ертегіні тыңдайды.
Ерте, ерте, ертеде атақты Жыл ақсақалдың Қыс, Күз дейтін екі ұлы, Көктем, Жаз дейтін екі қызы болыпты.
Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды шақырыпты.
- Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер?- деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты.
- Мен дайынмын!- дейді қызу қанды Қыс қабағымен сүзе қарап.
- Мен де,- депті көктем сұлу қасын керіп.
- Мен де,- депті көңілшек Күз аузын бұртитып.
- Мен де,- депті жадыраған Жаз.
Жыл ақсақал оларға риза болады.
- Ендеше, мен сендерге он екі Айды үш - үштен теңдей бөліп, енші бергім келіп отыр,- деп, Жыл ақсақал денесін тіктеп алады да,- мына ақ қағазға ай аттары жазылған. Әрқайсысың үш - үштен алатын болыңдар,- деп ораулы он екі қағазды шашып тастайды...




Балалар мұқият тыңдайды







Күз

Ерте күз, алтын күз, қара күз.


Ерте күз – күздің басталуы.

Алтын күзде жапырақтардың бәрі сарғайып, алтындай сары күйге енеді. Сондықтан күздің осы мезгілін «Алтын күз» атайды.

«Қара күз» деп атайтын себебіміз: ағаштардағы жапырақтардың барлығы түсіп, шөптердің бәрі қурап, жер қараяды. Сондықтан «Қара күз» деп аталады.






Балалар амандасады












Балалар тапсырманы орындайды













Балалар қимылмен көрсетеді






Қызығушылықпен ойын ойнайды











Балалар мұқият тыңдайды

Қорытынды бөлім

Сабақ соңында балалар табиғат аясына серуенге шығып, күздің негізгі белгілерімен, күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрімен танысып, алған білімдерін тиянақтады.

Әр бала өз ойларымен бөлісті



Тексерді:

Ескерту:

Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2021
399
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі