Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Алтын күз"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жоспар
1.Жүргізуші сөзі
2.Тақпақ 2 бала
3.Ән: «Күзгі вальс» Сөзі: А.Сапарғалиев
Әні: Б.Исабаев
4.Жүргізуші сөзі
5.Әуен күркірейді
6.Музыка әуенімен Қара бұлт Күзді қуып келеді
7.Жүргізуші сөзі
8.Сиқыр музыкасымен Күз оянады
9.Ән: «Алтын күз» Б.Бейсенова
10.Тақпақтар 9 бала
11.Жүргізуші сөзі
12.Күз ханшайымы
13.Жүргізуші сөзі
14. Би: «Қолшатыр»
15.Ән: «Жау-Жау Жаңбыр»
16. Ойын : «Кім жылдам»
17.Көрініс: «Алма»
18. Жүргізуші сөзі
19.Тақпақтар 6 бала
20. Диолог «Қайдан келдің бауырсақ»
21.Жүргізуші сөзі
22. Музыкалық көрініс «Қырманға кел Қалқатай»
23.Сиқырлы сәт
24.Жүргізуші сөзі
Тақырыбы: «Жомарт күз»
Мақсаты: Балалардың күз мерекесінің ерекшеліктерін сезіндіру;
Күз туралы өлең, би, тақпақтар арқылы грамматикалық түрде жеткізіп және байланыстырып сөйлеуге төселдіру; Әсемдікті көре білу, сезінуге тәрбиелеу.
Музыка залы: жеміс-жидектер, шардан бұлттар жасалған, күз бейнесінің жапырақтармен безендірілген.
Көрнекіліктері: орақ, алма ағашы, жапырақтар,қолшатыр, көкөністер макеті, балалардың қоян,аю,ит, қарға ,бауырсақ, кірпі киімдері.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар және тәрбиешілер! «Қарлығаш» тобының сүйкімді де, ақылды балаларымыздың дайындаған «Берекелі күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Балалар музыка әуенімен кіріп, билеп орындарына тұрады
Тақпақ:
1- бала: Мың бұралып , би билеп,
Ән салып, жыр жырлайық.
Рұқсат болса Сіздерден,
Мерекені бастайық.
2- бала: Бұл балалар мінеки,
Жомарт күздің іздері.
Мерекені бастауға,
Шақырады біздерді
Ән: « Күзгі вальс»
Сөзі:Сапарғалиев,Әні: Б.Исабаев.
Музыка
Жүргізуші: Балалар бұл не?
Біреу жылап тұрған сияқты. Өйткені күн суытып,жаңбыр жауып жатыр.
Жүргізуші: Күз мезгілінде қандай өзгерісті байқайсыңдар?
Балалар: Күн суытады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жапырақтар жерге түседі.
Ауа-райы бұзылып, жаңбыр жауады.
Жүргізуші: Біз көңілімізді түсірмейік. Күз мезгілі бізге тамаша молшылық береке әкеледі.Жеміс жидек,бау бақша піседі,астық қамбаға құйылады.
Әуен күркірейді:
Музыка әуенімен Қара бұлт Күзді қуып кіреді.
Күз ханшайымы:
Балалар мені құтқара көріңдер.
Қара бұлт:
Сені ешкімде құтқаралмайды.Мен сені сиқырлап ұйықтатып тастаймын.
Ақалай,мақалай
Ақалай,мақалай
Ұйықтасын күз ұйықтасын
(сиқыр музыкасымен Күз ұйықтап қалады)
Жүргізуші: Қап,мына Қарабұлтты қарашы,біздің ертеңгілігімізге кесірін тигізіп жатыр.
Балалар, оны қуып шығатын жолды біз білеміз,қане балалар Қара бұлтты ортаға алайық.
(шеңбердің ішінен Қара бұлтты қоршап «Ашулы бұлт» ән биі айтылады)
Балалар,жарайсыңдар!
Қане балалар,
мына бұлттың ұшып кетуіне көмектесейік. Қане, жел болып қатты
үрлейік.( Уф - уф - уф)
Қара бұлт айналып басы айналғандай шығып
кетеді.
Сиқыр музыкасымен Күз оянады.
Күз ханшайымы:
Рахмет сендерге балалар.
Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Алтын күз деген мен болам
Жүргізуші: Қош келдің берекелі күз.Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол,балалардың өнерін тамашала.
Ән: « Алтын күз» Б.Бейсенова
Тақпақтар.
3 бала:
Ұнатамын күздің сұлу келбетін,
Алтынымен көмкеретін жер бетін.
Есіп өтсе бір мезетте тентек жел,
Тал басынан жапырағын төгетін.
4бала:
Берекелі,мерекелі
Келді жомарт алтын күз.
Қалада да, далада да,
Жанның бәрі жарқын жүз.
5бала:
Алтын күз, бірде шуақ,бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын.
Ағашта жапырақтар сылдырайды,
Төгілген алтын түсті бояулары.
6 бала:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
7бала:
Күз қызығын молайтып,
Шаттанайық бәріміз.
Алтын күзді тойлайық
Бізде құр қол қалмайық
8 бала:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді
9бала:
Наступила осень,
Пожелтел наш сад.
Листья на березе
Золотом горят.
10бала:
Дарит осеньчудеса,
Да еще какие!
Разнаряжены леса,
Вшапки золотые.
11бала:
Снова вгости к нам пришла
Осень золотая
Листья светочек летят
Ветерком играя.
Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалар байқайсындар ма жаңбыр жауып жатқан секілді.
Күз ханшайымы: Ия, жауын жауайын деп тұр.(Осы кезде күз ханшайымы аспанға қарап, қолын жайып жаңбырдың нөсерлеп жаууын сұрайды.
Жерге нөсер төгемін,
Өссін гүлдер, көп егін.
Гүл-гүл жайнап өсер көк,
Нөсерлетсең, нөсерлет!
Жүргізуші:Балалар тезірек қолшатырды алыңдар. Күзгі жаңбыр басталды.Енді нөсерлетіп жауатын болды.
Жауын жауса қуанып,
Көмекке келер қолшатыр.
Қолшатырды қолға алып
Би билейік шаттанып.
« Қолшатыр » биі (қолшатырмен қыздар,ұлдар билейді)
Ән:««Жау-Жау Жаңбыр»
Күз ханшайымы : Мен сендердің өнерлеріңді тамашаладым, енді мен сендермен ойнағым келіп тұр. Ортаға екі команданы шақырамын.Міне,мына көкөністер мен жемістерден,бір себетке көкөністер,екінші себетке жинайды.Кімдер бірінші жинаса солар жеңіске жетеді.
Ойын: «Кім жылдам»
Жүргізуші: Күз ханшайымы , ормандағы аңдарды көрейік олар не істеп жатыр екен?
Күз ханшайымы : Көрсек көрейік
Жүргізуші: Күз мезгілі еді. Алма ағаштың жапырақтары түсіп, жалғыз алма қалыпты.
Осы кезде орман аралап жүрген қоян алманы байқап қалады.
Бұны көрген шырша басында отырған қарға, қоянның қылығына күледі.
Қоян: Ей, қарға маған алманы үзіп берші.
Жүргізіуші : Қарға алманы тұмсығұмен үзіп қалғанда аузынан түсіп кетеді
Жоғарыдан түскен алма тоғай түбінде ұйықтап жатқан қасқырдың жанына түсіп, қасқыр оянып кетеді.
Кірпі: О, алма тауып алдым.
Қоян : Қасеке тоқтай тұрыңыз, ол менің алмам.
Кірпі: Жоқ ол менің алмам, өйткені ол менің қасыма келіп түсті.
Алманы ұстаған мен.
Қоян мен Қасқыр таласып жатқанда, қарға келіп қонады.
Қарға : Бұл алманы бірінші болып, мен үздім босқа таласпаңдар.
Алма менікі, алманы үзген мен.
Жүргізуші: Осы кезде орман іші айқай шу болады, бұл дауысты естіген аю да қастарына келеді.
Аю : Бұл не айғай шу, мазамды алдыңдар ғой.
Қоян : Аюжан сен осы ормандағы ең үлкен, әрі ақылдысың бізге алманы кімдікі екенін айтып берші.
Аю :
Ммм, Алманы кім тапты?
Алманы кім үзіп алды?
Жақсы ал алманы кім ұстап алды?
Алма бәріңдікі,алма бәріңе теңдей бөлінеді
Қоян,мынау саған бірінші көргенің үшін
Қарға,мынау саған үзгенің үшін
Қасқыр, мынау саған бірінші ұстап алғаның үшін
Кірпі:Аю,мынау саған бізді татуластырғаның үшін
Жүргізуші:
Мінекей,алма бәріңе теңдей бөлінді.Алма бәріңдікі, өйткені алма үшін бәрің еңбектендіңдер. «Береке басы бірлікте» деген осыдан қалған.
Балалар күз мезгілінде жемістер мен көкеністер піседі.Сонымен қатар,астық піседі.Оны диқандар орып,жинап алады. Дән анасы-нан,нан-біздің байлығымыз.
Тақпақтарын айтуға балаларды шақырамын.
12бала
Көктемде егін егетін,
Күзде жинап беретін.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
13бала:
Ал егінді жинайды,
Қырманға дән жинайды.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
14бала:
Нан анасы – бидаймын
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыйлаймын.
15бала:
Ерте тұрып ақ таңнаң
Қара жерге нәр құйған
Айналайын диқаннан
Егін егіп, дән жиған.
16бала:
Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді.
Қойным толды дәмдінанға
Тәттісі көп не түрлі.
Жүргізуші: Диалог «Қайдан келдің бауырсақ»
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрды қуыршақ.
Аружан (қуыршақ):
-Қайдан келдің, қыршақ?
Айару (бауырсақ):
-Дүкеннен келдім нан сатқан.
Аружан (қуыршақ):
-Дүкенге келдің қай жақтан?
Айару (бауырсақ):
-Наубайдан келдім нан жапқан.
Аружан (қуыршақ):
-Наубайға келдің қай жақтан?
Айару (бауырсақ):
-Дирменнен келдім ұн тартқан.
Аружан (қуыршақ):
-Дирменге келдің қай жақтан?
Айару (бауырсақ):
-Даладан келдім кең жатқан
Жер- анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Жүргізуші: Ендігі кезекте балалардың музыкалық көрінісін тамашалаңыздар!
Музыкалық көрініс: «Қырманға кел Қалқатай»
Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балалардың өнері сізге ұнады ма?
Күз ханшайымы : Әрине ұнады,балалар мен сендерге тосын сый жасағым келіп тұр,ол үшін мен сендермен ойын ойнауым керек,Қане.бәріміз көзімізді жұмайықта былай деп айтайық
Сиқырлы сәт
Беске дейін санайық
Сосын көзді ашайық
1,2.3,4,5!
(сол кезде Күз орамалдың астына бір баланы жасырады) Ал енді менің сиқырлы орамалымның астында кім отыр табайықшы! (осылай екі баланы жасырып ойнайды,соңғы рет Күз алып келген сыйын жасырады)Міне менің сендерге алып келген сыйым!
Жүргізуші: Рахмет саған Күз ханшайымы!
Күз ханшайымы:-Балалар сендерге көп рахмет,күз мезгілі жайлы көптеген өлең шумақтарын,ән билерді біледі екенсіңдер. Бұл жемістер сендерге денсаулық, шаттық, байлық әкелсін. Қазір топқа барғасын жерсіңдер. Ал менің жүретін уақытым болды.
Қош- сау болыңдар балалар!
Жүргізуші:
Тілегі аман болсын ел іргесі
Алтын күз қайта келді берекесі
Молшылықтың жаршысы бола білді
Алтын күз –ырыс береке ала келді.
-Құрметті ата- аналар,қонақтар,әріптестер күз
әрқашан да, өзінің молшылығымен келсін дей отыра. Әр отбасына
амандық тілейміз.біздің «Қарлығаш »тобының сіздерге арнаған
ертеңгілігі осымен аяқталды, келіп тамашалағандарыңыз үшін
рахмет!