Алтын күз

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күзгі Ханзада мен Ханшайым -2023ж

1-Жүргізуші:

Қайырлы күн достар! Күз патшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын, әрине күзге тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырды.

Армысыздар ағайын, құрбы – құрдас,

Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.

Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғайық! – дей келе, құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!



Жүргізуші:

Біздерде ойын сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады.

Қошеметтеп қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару.

Жүргізуші:

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,

Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.

Жан сұлуымен тән сұлуын тепе – тең ғып,

Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз

----------------------



Жүргізуші:

Әділ – қазы береді,

Өздеріңе сыйлықты.

Бізге айтып береді,

Кім өнерші, кім мықты? – деп, әділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік.



Әділ – қазылар мүшелері.

-------------------

Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,

Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.

Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,

Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.

Ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік



1 – тур: «Таныстыру» ( Сәлемдесу)

2 – тур: «Өз өнерін көрсету»

3 – тур: «Қолөнер сайысы» Ұлдар қолөнер жасау,қыздар тағам жасау )

4 – тур: «Сән үлгісі»



Сонымен алғашқы сайысымызды бастаймыз «Таныстыру» сайысы! Ортада 1 – ші жұп





Жүргізуші:

Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,

Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,

Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,

Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өз өнерін көрсету» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.

Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық.



Жүргізуші:

Модельер болу оңай ма?

Қиналып жатсаң мұңайма.

Әр мамандық өзгеше,

Өз мәнінде, шырайда, - деп келесі кезекте «Сән үлгісі» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында үйден түрлі күзгі киімдер дайындап келуі тиіс еді. Табиғи материалдар пайдалануына да болады.

Әр жұп дайындаған киімдерін киіп мода көрсетеді



Жүргізуші:

5 – тур: Көрме. Үздік сурет және «Икебана» байқауына көшейік. Бұл «Күзгі бал» сайысының ең соңғы қорытынды байқауы!



Жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,

Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен ұғатын.

«Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз! Ендігі кезек әділ қазыларда!

---------------------------------

Жүргізуші:

Осылайша «Күзгі бал» сайысы өз мәресіне жетті. «Күзгі бал - 2023» байқауының жеңімпаздары -- Бас жүлде:

«Күз ханзадасы»:

«Күз ханшайымы»:

Жүргізуші:

Тіршілік – арман, бәрімізге де орын бар,

Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.

Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,

Ұстауым менің, достарым менің

Бәрінде аман болыңдар!

Осымен «Күзгі бал» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2023
131
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі